«Дизайн, текстиль және киім технологиялары» факультеті


Ж а й б і р ж а қ т ы қатпарлар



бет7/11
Дата02.04.2022
өлшемі4,18 Mb.
#137654
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
9апта ОТШИ
аймак экономикасы принцепі, Төтенше жағдайлар кезіндегі ластану деңгейін шектеу шараларыыы, 7. Силлабус студенттер шін, презентация Мажилис 04.03.2013 каз, Кванттық оптика, Агл.Unit 5,6, Агл.Unit 5,6, Агл.Unit 5,6, Агл.Unit 5,6, тотыгу тотықсыздану реакциясы презентация, тотыгу тотықсыздану реакциясы презентация, тотыгу тотықсыздану реакциясы презентация, тотыгу тотықсыздану реакциясы презентация, тотыгу тотықсыздану реакциясы презентация, СРСП Композиция и история орнаманта
Ж а й б і р ж а қ т ы қатпарлар — беткі жағындағы барлық бүкпелері бір жаққа, ал ішкі жағындағы бүкпелері екінші жаққа бағытталған қатпарлар. Әрбір қатпарды ішкі жақтан үш сызықпен–ортаңғы (ішкі бүкпе сызығы), бүйір (сыртқы бүкпе сызығы) және сырып тігу соңын анықтайтын сызықпен белгілеп қояды. Қатпар енімодельге байланысты болады. Егер бөлшекте қатпар біреу болса,онда оның тереңдігі 4-тен 8 см дейін болады. Бөлшектерді пішу кезінде қатпардың екі еселенген еніне тең қосымша жасайды.Мысалы, қатпардың ені 4 см-ге тең болса, онда қосымша 8 смболуы тиіс.
Бөлшекті белгіленген ортаңғы сызық бойымен беткі жағын ішкеқаратып бүктейді де, арнайы машинада сирек тігіммен (1 смде 2-3инешаншым) немесе ұзындығы 1...2 см түзу көктейтінинешаншымдармен бүйір сызық бойымен көктейді, одан соң сырыптігеді. Тігімді түзу не доғал сызық бойымен көлденең бағытт аяқтайды. Одан кейін бөлшекті үстелге беткі жағын төмен қаратып жайып қояды. Қатпар сырып тігілген бөліктекөктеген тігімді алып тастайды; қатпарды бір немесе екінші жаққа бүктейді де (модельге қарай), үтіктейді. Қатпар біріктіру тігісінен модельмен көзделген арақашықтықта беткі жағынан тігіммен әрленуі мүмкін. Қатпарды арнайы сызғыштың көмегімен салады.
Жай қатпарлар:

а — бір жақыт жөрмеу; б — бір жақты біріктіру; в — қарсы (екі жақты) жөрмеу; г


— қарсы қатпар бүкпелерін көлденең тігіммен бекіту; д — қарсы қатпар бүкпелерін бүкпелерге параллель екі тігіммен бекіту; е — қарсы (екі жақты) біріктіру; ж —қарсы (екі жақты) біріктіру (ішкі жағынан көрінісі); з — бантты жөрмеу; и —бантты біріктіру
Жөрмеу тігісі болған жағдайда қатпардың жиегі беткі жағынан ашық болуы мүмкін. Бұл жағдайда қатпарды белгіленген сызыққа дейін ішкі жақтан көктейді, бүктейді, бүгіп көктейді, үтіктейді және беткі жағынан жөрмеу тігімімен бекітеді. Қайым және бүкпе тігімдерді беткі жағынан алып тастайды да, қатпарды үтік арқылы ішкі жағынан үтіктейді.Бір жақты қатпар екі бөліктен тұратын бөлшектерге де жасалу мүмкін .. Бұл жағдайда бір жақты қатпар сонымен қоса біріктіру орны болып табылады. Бұйым бөлшектерінің бірінде ішкі жағынан көмекші лекало бойымен не сызғышпен бүйір сызықты (сыртқы бүкпе сызығын) және сырып тігу соңын анықтайтын сызықты белгілейді. Бөлшектің екі бөлігін беткі жақтарын ішке қаратып салады, қиықтарды теңестіреді, бөлшектің бүкіл ұзындық бойымен белгіленген сызық бойынша көктейді және тігімді қатпар қосымшасына көлденең етіп аяқтау арқылы сырып тігеді. Қатпар қосымшаларының шеттерін пальто мен костюмдер үшін бүкпеден 1 см арақашықтықта және көйлектер мен блузкалар үшін 1,2...1,5 см арақашықтықта сырып тігеді, одан кейін арнайы машинада жиектеп торлайды. Арнайы машина болған жағдайда сырып тігуді қиықтарды бір мезетте жиектей отырып жүзеге асырады. Бөлшекті үстелге беткі жағын төмен қаратып жайып қояды, сырып тігілетін бөліктегі көктейтін тігімді алып тастайды.
Ол қатпар тарқайтын жерлерде ғана қалады. Қатпар қосымшасын жанға түреді, бүгіп көктейді және ішкі жағынан үтікпен үтіктейді. Ашық қиықты қатпарда жөрмеу тігісі болған жағдайда өңдеу реттілігі өзгереді. Қатпарды арнайы машинада немесе қолмен көктейді. Қатпар әдібін жанға түреді, бүгіп көктейді және үтіктейді. Жөрмеу тігісін бағыттауыш сызғыштың көмегімен модельге сәйкес арақашықтықта қатпардың беткі жағына салады. Қатпар әдібінің қиықтарын сырып тігеді және жиектейді. Жөрмеу тігімінің бөлігіндегі көктеу және бүгіп көктеу жіптерін алып тастайды да,қатпарды үтіктейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет