Дмн3-22-1к Амангелді Гүлнұр 1 – нұсқа



Дата25.03.2023
өлшемі19,71 Kb.
#173011
Байланысты:
8e10a1195e6f739e60b0efbddbcb0b3a 1 (2)
үйде оқыту диангостикасы, Ойлау туралы түсінік, null (1), 1358405812318

ДМн3-22-1к
Амангелді Гүлнұр
1 – нұсқа
1-тапсырма:
Жеке өзіңіз, серіктестеріңіз, инвесторларыңыз немесе несиелік ұйымдар бизнесті бағалап, қажетті шешімдер қабылдай алатын қысқаша* бизнес-жоспар құрыңыз.
Бизнес-жоспардың үлгі схемасы:

  1. Түйіндеме

  2. Жоспардың мақсаты

  3. Қаржыға қажеттілік, олардың мақсаты (олар қандай мақсаттар үшін қажет):

  4. Бизнестің және оның мақсатты клиентінің қысқаша сипаттамасы;

  5. Сіздің бизнесіңізді басқа бәсекелестердің бизнесінен өзгеше ететін не;

  6. Сіздің бизнесіңізге деген сенімді нақты не тудыруы керек;

*Бизнес-жоспардың көлемі А4 форматындағы 2-3 беттен аспауы тиіс. Студент бизнес-жоспардың схемасын өзгерте алады. Интернеттен бірдей құрастырылған және жүктелген бизнес-жоспарлар бағаланбайды.
2-тапсырма:
«Серіктестік бизнесті жүзеге асыру тәсілі ретінде» тақырыбына эссе** (студенттің пікірі) жазыңыз.
* эссеге көлемі А4 форматындағы 1 беттен аспауы тиіс (200-250 сөз). Бірдей жазылған немесе көшірілген жұмыстар бағаланбайды. Эссе анплагиатқа тексеріледі.
1-тапсырма
Түйіндеме
Киім-бұл кез-келген санаттағы адамдар үшін, әсіресе әйелдер үшін өте маңызды өнім. Ерлерге қарағанда әйелдер киімге құмар келеді. Ал, заманау,ыңғайлы, киімді, үлкен ассортиментті жасау біздің міндет.
Мақсаты : Студенттерге, әйелдерге күнделікті киюге және офистік варианттағы, киімдерді, көйлектерді сату.
Қаржыға қажеттілік :Киім дүкеніне 4 000 000 қажет деп болжануда. Оны банктен 6%-дық несиемен алу көзделуде. Бастапқы қаржыландыру 4 000 000.
Ашуға кететін ақша:

Аты

Сумма

Дизайн

70 000тг

Ремонт

700 000 тг

Плакат

40 000 тг

Рекламалық материалдар

60 000 тг

Аренда

300 000 тг

Тағы басқа

30 000 тг

Барлығы

1 100 000

Персоналға кететін ақша:



Атауы

Саны

Айлығы

Кассир

2

80 000 оклад+30 000 премия+15 000 бонус=125 000 тг

Сатушы-консультант

2

80 000 оклад+30 000 премия+15 000 бонус=125 000 тг

Управляющий

1

200 000 тг

Барлығы




700 000 тг

Қажетті құрал-жабдықтар:

Атауы

Саны

Бағасы

Барлығы

Кассалық аппарат

2

100 000 тг

200 000 тг

Витрина

2

40 000 тг

80 000 тг

Кассалық стол

2

60 000 тг

120 000 тг

Стеллаж

8

10 000 тг

80 000 тг

Манекен

10

4 000 тг

40 000 тг

Стойка киімге

10

4 000 тг

40 000 тг

Айна

3

3 000 тг

9 000 тг

Киім бөлмесіне перде

4

4 500 тг

18 000 тг

Орындық

3

1 000 тг

3 000 тг

Компьютер

1

100 000 тг

100 000 тг

Шкаф

4

50 000 тг

200 000 тг










890 000 тг

Жалпы шығын:



Персонал жалақысы

700 000 тг

Құрал-жабдықтар

890 000 тг

Бастапқы шығын

1 100 000 тг

Тауарлар

750 000 тг

Барлығы

3 440 000 тг


Бизнестің және оның мақсатты клиенттерінің сипаттамасы. Әйелдерге және студенттерге ыңғайлы бағада және сапалы киім үлгілерін ұсыну. Күнделікті киюге, отырыстарға киюге арналған сәнді киімдерді сату.
Бәсекелестердің бизнесінен ерекшелігі. Киім дүкеніне жеке парақша ашып, жеткізу қызметін іске қосу(қала ішілік,аудан,ауыл аралық,ҚР ішінде) Сол арқылы киім аралауға қолы тимейтін кісілерге, немесе іште ұнатқан тауарының бар жоғын білуге ыңғайлы болады. Жұмыс уақыты 9:00-18:00 аралығында, үзіліссіз, демалыссыз болады. Аптаның жұма күні 20%-ға дейін скидка жасалады. Айдың соңында 2+1 акциясы өтеді.
Сіздің бизнесіңізге сенімді нақты не тудыруы керек. Бізде киімнің сапасы жағынан қандай да бір шағым келсе, не ұнамай қалып жатса қайтарым қарастырылған, киімді алғанда чек беріледі, және де іште бейнебақылау камералары орнатылады, управляющий жүреді.
2-тапсырма
Жалпы бизнесте серіктестіктің түрлері көп, олар мақсатына қарай мынау түрлерге бөлінеді: коммерциялық (тек ақшаға негізделген), коммерциялық емес (әлеуметтік, қайырымдылық ниетінде,мақсаты пайда табу емес, көмек көрсету үшін), толық серіктестік (барлық жауапкершілік екі жаққа да беріледі), шектеулі серіктестік (жауапкершілікті бөлісіп алған), стратегиялық (өзінің мақсатына жету үшін ғана серіктес болатындар). Осылардың ішінде тиімдісі коммерциялық деп ойлаймын, себебі керек кезде ғана ақшасын төлей отырып серіктес болып, керек емес кезде жеке болған дұрыс. Яғни, сөз жүзінде серіктес болады, бірақ ешқандай жауапкершілік алмайды, тек көрсеткен қызметі үшін ақшасын алып отырады. Коммерциялық емес серіктестік біздің бизнеске ыңғайсыз болады, себебі дүкеніме мынандай көмек керек еді қайырымдылық жасады деу біртүрлі шығар. Және ол да кез- келген нәрсеге емес, басқа бизнеске немесе ұйымға көмек береді, дүкенге қайырымдылық ретінде көмектесті дегенді естімеппін. Толық серіктестікті де көруге болар еді, алайда серіктесіңнің жіберген қателігі үшін мен жауап бергім келмейді. Менің тарапымнан да сондай мен жақтан кеткен қателікке серіктесім жауап бергісі келеді деп ойламаймын. Стратегиялық серіктестік коммерциялыққа ұқсас келеді, бірақ ол жауапкершілікті бөлісіп алады . Бұл да ыңғайлы деп ойлаймын, себебі бір адам бәріне үлгермейді, серіктесің болса бәрін бөлісіп алып өз жұмысыңды ғана тиянақты істесең болады. Бұл бір топтық жұмыс секілді болад бір жағынан, білмегеніңді сұрап, білгеніңді үйрете отырып етене араласып жақындай болып кеткен жағдайда ары қарай да серіктес болып кетеді. Кейбір серіктестер 10-15 жыл жұмыс жасайды, кейбірі 1-2 жыл ғана. Бәрі адамның өзіне, ойына, жұмысына байланысты деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет