«Дүниежүзі тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 10-сынып



бет1/12
Дата18.10.2022
өлшемі135,69 Kb.
#153576
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
10 Д.Тарих. ТЖБ. Жаратылыс-Матема Бағыт. 1 нұсқа
Переходные металлы



«Дүниежүзі тарихы» пәнінен
тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 10-сынып
(жаратылыстану-математикалық бағыт)

Нұр-Сұлтан, 2019 жыл


МАЗМҰНЫ


  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 3

  2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3

  3. Күтілетін нәтижелер 3

  4. Ойлау дағдыларының деңгейі 4

  5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу . 5 6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 6

  1. Модерация және балл қою 6

    1. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 7

    2. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 14

    3. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 21

    4. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 27
  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты


Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.


  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар


Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11- сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы


  1. Күтілетін нәтижелер

Білу:


    • өркениеттердің тарихи типтері мен олардың ошақтарын;

    • мемлекеттің тарихи түрлері мен мемлекеттік-құқықтық институттарының қалыптасуы мен даму кезеңдерін;

    • әлемдік тарих барысына ықпал еткен әскери-саяси оқиғаларды;

    • әлемдік мәдени-тарихи прогреске ықпал еткен әлемдік жаңалықтар және жетістіктерді;

    • қазіргі әлемдік мәдениеттің жағдайы мен тарихын;

    • адамның, қоғамның пайда болуы мен дамуына қатысты, әлем халықтары мен өркениеттерінің негізгі ғылыми теорияларын;

    • әлемдік қоғамдық ойдың дамуына елеулі үлес қосқан тарихи қайраткерлерді;

    • дүниежүзі тарихы бойынша негізгі жинақталған ғылыми еңбектерді біледі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет