«Дүниежүзі тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 10-сынып



бет12/12
Дата18.10.2022
өлшемі135,69 Kb.
#153576
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
10 Д.Тарих. ТЖБ. Жаратылыс-Матема Бағыт. 1 нұсқа
Переходные металлы
Бөлімбойыншабалл

Мәдениеттің дамуы

10.4.1.4 Әлем халықтарының тарихи- мәдени мұрасын зерттеу және сақтап қалудағы мұражайлардың рөлін
түсіндіру

Жоғары деңгей дағдылары

1

1

ТЖ

7

5

30


10.4.2.1 Қоғамдағы өзгерістерді түсіну үшін «абстракционизм», «модернизм»,
«постмодернизм», «авангардизм»,
«футуризм», «кубизм», «сюрреализм»,
«экспрессионизм», «гиперреализм»,
«хайтек» терминдерін қолдану

Қолдану

1

2

ҚЖ

10

8

10.4.2.3 Әлем мәдениетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылық туындыларын талдап, олардың
ерекшеліктерін анықтау

Жоғары деңгей дағдылары

1

3

ТЖ

8

6

10.4.3.3 Қоғамның моральдық құндылықтарын қайта бағалауға септігін тигізген XX ғасырдың тарихи оқиғаларының ерекшеліктерін анықтау

Қолдану

1

4

ҚЖ

7

5

10.4.3.5 Жаһанданудың ұлттық-мәдени дамуға әсерін талдау

Жоғары деңгей дағдылары

1

5

ТЖ

8

6

БАРЛЫҒЫ:




-

5

-

-

40

30

30

Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен IV тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары





  1. Тұжырымдардың дұрыс немесе дұрыс еместігін анықтаңыз. Дұрыс болмаған жағдайда өз жауабыңызды көрсетіңіз.




Тұжырымдар

Келісемін

Келіспеймін

Өз жауабым

1.Еуропада алғаш рет мұражайдар XVI-XVIII
ғасырларда пайда болды










2.Қайталанбас өнер туындыларын тамашалу үшін халық ең көп жиналатын Францияның
ұлттық мұражайы-Лувр










3. АҚШ-тағы ең үлкен мұражайлардың бірі
Эрмитажға жылына 10 млн адам келеді










4. Мұражай негізгі бaғыты мен ерекшеліктеріне қарай бірнеше топтарға бөлінеді: тарихи мұражайлар, көркемөнер
мұражайы, жаратылыстану мұражайы










5. Каир мұражайын француз сәулетшісі Марсель Дюнонның жобасы бойынша 1900 жылы тұрғызылған. Мұражайда сонау Грек- Роман кезеңінен бергі өнер туындыларының
120000 үлгісі қойылған.










[5]



  1. Қоғамдағы өзгерістерді берілген терминдердің анықтамасын жазу барысында түсіндіріңіз.






Терминдер

анықтамасы

1

абстракционизм




2

модернизм




3

постмодернизм




4

авангардизм




5

кубизм




6

экспрессионизм




7

хайтек




8

гиперреализм




[8]



  1. Өнер туындыларының авторын анықтап, сурет арқылы автордың ойын талдаңыз, суреттің жанрын көрсетіңіз.




Суреттер

Суреттің атауы және авторы

Автор ойы

Суреттің ерекшеліктерін, жанрын
анықтаңыз

1-сурет











2-сурет













[6]



  1. Қоғамның моральдық құндылықтарын қайта бағалауға септігін тигізген XX ғасырдың тарихи оқиғалардың ерекшеліктерін кестеде анықтаңыз.

Рухани-адамгершілік құндылықтар саяси оқиғалардың әсерінен қалай өзгерді?

Рухани-адамгершілік құндылықтар экономикалық оқиғалардың әсерінен қалай өзгерді?

Мәдениет пен ҒТР-ның әсерінен рухани- адамгершілік құндылықтар қалай өзгерді?










Ортақ әсерін көрсетіңіз. 1.
2.

[5]



  1. Қазіргі заманда жаһанданудың ұлттық-мәдени дамуға әсері туралы сұрақтарға жауап беріңіз.

Жаһанданудың ұлттық-мәдени дамуға тигізетін екі оң әсерін анықтаңыз.

Жаһанданудың ұлттық-мәдени дамуға тигізетін екі теріс әсерін анықтаңыз.

Қорытынды ой

[6]

Балл қою кестесі


Тапсыр ма

Жауап

Балл

Қосым
ша мәлімет

1

Еуропада алғаш рет мұражайдар 16–18 ғасырларда пайда болды (Келісемін)

1




Қайталанбас өнер туындыларын тамашалу үшін халық ең көп
жиналатын Францияның ұлттық мұражайы-Лувр (Келісемін)

1

АҚШ-тағы ең үлкен мұражайлардың бірі Эрмитажға жылына
10 млн адам келеді (Келіспеймін) Өз жауабым: Эрмитаж мұражайы Ресейдің Санкт-Петербург қаласында орналасқан.

1


Мұражай негізгі бaғыты мен ерекшеліктеріне қарай бірнеше
топтарға бөлінеді: тарихи мұражайлар, көркемөнер мұражайы, жаратылыстану мұражайы (Келісемін)

1


Каир мұражайын француз сәулетшісі Марсель Дюнонның жобасы бойынша 1900 жылы тұрғызылған. Мұражайда сонау Грек-Роман кезеңінен бергі өнер туындыларының 120000 үлгісі қойылған. Мұражайлар ежелгі египет және антикалық
экспонаттардың көптігімен ерекшеленеді (Келісемін)

1

2


«абстракционизм»
Қазіргі заман өнеріндегі қоршаған ортаны бейнелеуде нақты қатарды ескермейтін ағым. Абстрактілі өнер шындықты тiкелей керсетпейтiндiктен, оны кейде «затсыздандырылған»
деп айтады

1

Мағына сы сәйкес жауапта р қабылда нады

«модернизм»
XX ғасыр басында рухани сана дағдарысы кезінде пайда болған философиялық-эстетикалық ағымдардың жиынтық атауы

1


«постмодернизм» әуелде сәулет өнері саласында қолданылған атау болып, мағынасы — "модерннен кейінгі", яғни "осы
заманнан кейінгі", "соңғы", "жаңа заман" дегенді білдіреді

1


«авангардизм»
қалыптасқан қағидалар мен дәстүрден, өмір бірқалыптылығынан алшақтай отырып, көркем мәдениетті
жаңғыртпақ болған мәдени ағым

1


«кубизм»
сурет нәрселерін ерекшеленген шартты геометриялы фигураларды қолдану арқылы стереометриялы қарапайымдылыққа бөлу, шытынауын көрсету. Кубизм суреттерінде басқа бейнелеу ағымдарындағыдай ашық түсті, қанық бояу қолданылмайды, солғын қоңырқай, көк-жасыл түстер қолданылады.

1


«экспрессионизм»
ХХ ғасырдың бірінші ширегінде өркениет жұтаңдығына қарсылық көрсету ретінде пайда болды

1


«хайтек»
ғылым, ақпарат және онымен байланысты жоғары технологиялар, оларға сәйкес білімнің қоғамның өркениеттік дамуы дәрежесін және оның ғаламдық қатынастарға
қаншалықты қатыстылығын анықтайтын қазіргі

1




технологиялардың және ғылыми өндірістердің қарқынды
дамуы







«гиперреализм»
бейнеленген заттың сырт көз аңғара бермейтін тұстарын сол қалпында суреттелуіне немесе әр адамның әр тал шашынан
бастап, әр қырына дейін айна-қатесіз сомдалуын талап ететін өнер түрі.

1

3


Суреттің аталуын және авторын анықтаңыз (1-сурет бойынша) 1-суретте «Герника» картинасы берілген. Авторы әйгілі испан
суретшісі Павло Пикассо. 1937 жылы салынған

1


Мағына сы сәйкес жауапта р қабылда нады

Автордың ойы (1- сурет бойынша) 1937 жылғы "Герника" атты еңбегінің салынуына солтүстік Испаниядағы соғыстан зардап шеккен қираған үйлердің көрінісі түрткі болыпты. Бұл суреті арқылы Пикассо сол кездегі күшейіп келе жатқан фашизмге наразылық білдіріп, Испанияның республикалық құрылыста өмір сүргенін жақтады. Болашақта туындауы мүмкін соғыс қаупіне алаңдаушылық білдіріп, әлемді бейбітшілікке
шақырды.

1


Суреттің жанрын (қай стильге жататынын) анықтаңыз (1-сурет бойынша) Герника суреті өнердегі кубизм стиліне жатады. Сурет әлемдегі халықтар мемлекеттерді бейбітшілікке, соғыспауға үндеуімен идеологиялық маңыздылығымен
ерекшеленеді.

1

Автордың ойы (2-сурет бойынша) 2-суретте берілген картинаның атауы «Айқай» (Крик) 1893-1910 жж аралығында үзілістермен салынған. Авторы норвег суретшісі Эдвард Мунк

1


Сурет арқылы автор нені айтқысы келіп отыр? (2- сурет бойынша) Қанды қызыл ымыртта екі қолымен басын ұстап айқайға салған адам бейнеленген. Суреттегі адамның бейнесінде қорқыныштың белгісі бар. Бұл арқылы автор келесі ғасырда болуы мүмкін соғыстар мен әлемдегі жантүршігерлік оқиғаларды болжап отыр. Автор капиталистік мемлекеттерді өзара түсінісушілік пен бейбіт өмір сүруге шақырды.

1


Суреттің жанрын (қай стильге жататынын) анықтаңыз. Сурет экспрессионизм жанрында салынған. Суреттің негізгі ерекшелігі адамдарды тату-тәтті өмір сүруге, бейбіт өмірге,
қақтығыстар мен соғыстарды болдырмауды насихаттауымен тәрбиелік маңыздылығы зор.

1

4


Рухани-адамгершілік құндылықтар саяси оқиғалардың әсерінен қалай өзгерді?
Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан және әлемде қалыптасқан жаңа әлемге ықпал ету бойынша «Қырғи- қабақ» соғыстың алдын алу мақсатында әлемде бейбітшілікті жақтайтын, зорлық-зомбылықты жоюға бағытталған, мемлекеттерді қарусыздануға шақырған, ұлттарды тату-тәтті өмір сүруге үндеген пацифистік көңіл күй өрістеді. Әлем халықтары отарсыздану деген үндеуге қосылып, отар халықтардың тәуелсіздікке қол жеткізуіне қосылды. Әйел адамдардың теңдігі мен қоғамдағы белсенділігі жолындағы
қозғалыс феминизм өрістеді.

1


Мағына сы сәйкес жауапта р қабылда нады




Рухани-адамгершілік құндылықтар экономикалық оқиғалардың әсерінен қалай өзгерді?
1929-1933 жж болған экономикалық дағдарыс, 70-жылдары орын алған мұнай дағдарысы әлем тұрғындарын азық-түлікті, қуат көздерін үнемдеуге итермеледі. Еуропада тұтынатын заттарды үнемдеу теледидарға насихатталып жатты. Отбасы құндылығына үлкен соққы тиіп, Батыс елдерінің азаматтары тұрмыс пен материалдық жағдайды басты орынға қойды, бұның салдары ауыр болып, Еуропада демография құлдырауға
ұшырады. Адамдар отбасы құрып, балалы болуға асықпайтын болды.

1




Мәдениет пен ҒТР-дың әсерінен рухани-адамгершілік құндылықтар қалай өзгерді?
Музыка мен киноиндустрия бұқаралық сипатқа ие болып, бұқараның жеңіл-желпі сұраныстарын орындады, мағыналы бейнелі кино музыка туындылары азайып кетті. Аға буын мен кіші буын арасындағы рухани құндылықтың өлшемі жер мен көктей болды. Ешбір талғамы жоқ, көпшіліктің ғана сұранысын өтеуге жарамды жеңіл-желпі туындылар жастардың тәрбиесіне теріс әсерін тигізіп отыр.

1





Оқушы өзінің қорытынды ой-түйінін жасайды

2

5


Жаһанданудың ұлттық-мәдени дамуға тигізетін екі оң әсері

  1. Әлем елдері арасында мәдени байланыстар орнатуға мүмкіндік береді, мәдени, білім, ғылым жолындағы даму даңғылында әлемдегі озық тәжірибелермен алмасуға таптырмас мүмкіндіктер береді.

  2. Әлемнің озық ойлы либералдық құндылықтарын (жауапты азаматтық позиция, адалдық, әділеттілік) қабылдауға болады Жаһанданудың ұлттық-мәдени дамуға тигізетін екі теріс әсерін дұрыс анықтайды

  1. Оларға нарықты билеу, өзімшілдік, материалдық байлықтың артынан дамылсыз қуу, руханисыздық, адамдарды және қоғамдық қатынастарды билеп-төстеуге құмарлық жатады.

  2. Қазіргі замаңғы батыс мәдениетінің көрінісі адамдыққа қарсы әрі әділетсіз сипат алып отыр. Аз санды әлсіз ұлттар күшті халықтардың арасына жұтылып, сіңіп кету қаупі туындап отыр

Өзіндік қорытынды

  1. Жаһандану барысында осы үдерістің жақсы тұстарын меңгеру ғылым мен білім саласындағы қатынастарды жандандыру қажет

  2. Аз санды халықтар өздерінің ұлттық біртектілігін сақтап қалу үшін жаһанданудың теріс тұстарына қарсы тұра білу керек, ұлттық сана мен рухани құндылықтарды жаңғырту қажет

6


Мағына сы сәйкес жауапта р қабылда нады

Барлығы

30





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет