«Дүниетану мен жаратылыстану» пәндерін оқытудың материалдық базасы. Жоспары



бет2/4
Дата22.12.2021
өлшемі27,12 Kb.
#127598
1   2   3   4
Байланысты:
1. Топтық жұмыстарда оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау 2. Топтық жұмысты бағалау ерекшеліктері, Практикалық жұмыс 9 (1), мотив, Тапсырма лгілері ж не балл ою кестесі 2-то сан бойынша жиынты
Тірі табиғат бұрышын жабдықтауға, оны алғаш ұйымдастырғаннан бастап, әкімшілік құрал-жабдықтарға (шарбақ, тор, аквариумдар, террариумдар т. б.) қаражат босатады. Тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру кезіндегі алға қойылатын негізгі міндет табиғатты оқып үйренуге байланысты өткізілетін сабақтарға қажетті қолда ұсталатын жануарлар мен өсімдіктерді таңдап алуболып табылады.

Жас натуралистер экскурсиядан жабайы өсімдіктерді алып келіп, кейін оларды өсіреді; одан басқа қажетті бөлме өсімдіктерін таңдап алады; жабайы өсімдіктерді өсетін жерлері бойынша — орман өсімдігі, құрғақ дала өсімдігі т. б. деп тірі бұрышқа топтастырады.

Тірі табиғат бұрышы жануарлармен балықтармен, насекомдармен, эюскурсиядан алып келген құстармен, кроликтерімен, тас-бақалармен т. б.) жүйелі түрде толықтырылып отырады.

Күзгі экскурсияларда жас натуралистер өсімдіктерді, құстардың тіршілігін, насекомдардың қыстап шығуын бақылау үшін материалдар, мысалы: көбелектер жұлдыз құрттарын қуыршақтарын, жұмыртқаларын жинайды. Бұлардан басқа жануарларды қолда ұстау және қыс кезіндегі жұмыстарды дайындауға қажетті материалдар қорын жасау үшін: мүктер, емен жаңғақтарын, қарағай мен шырша бүрлерін, құм, тас; құстарды азықтандыруға арналған қор — әр түрлі өсімдіктердің (шоңайна, қайын, жолжелек) тұқымдарын, ырғайдың, шетеннің жемістерін жинастырады.

Көктемгі экскурсия соңынан табиғат бұрышы едәуір толықтырылады. Балалар ағаш пен бұталардың бұтақтарын, алғашкы гүлдеген көктемгі өсімдіктерді алып келіп, оларды гүл өсіретінқыш құмыраға отырғызады.

Оқушылардың әрекеттерін сабақ кестесінен тыс жерде оқу бағдарламасына сәйкес, оның мақсаттары мен мазмұны бойынша ұйымдастыру жатады. Орындалатын тапсырманың көлемін мұғалім анықтайды. Тапсырмалар мұғалімнің басшылығымен немесе өзбетімен

орындалады. Оның қортындысын міндетті түрде сабақта белгілі бір формада тексеру қажет. Мұндай оқу формасына оқушылардың бақылау күнделіктеріндегі берілген тапсырма бойынша фенологиялық бақылауларын, қойған тәжірибелерін, мысалы бидай дәнін өсіру, пиязды стакандағы суға салу т.б. қосымша әдебиеттерді, хрестоматиядағы берілген қосымшаларды мұғалімнің ұсынысы бойынша оқу т.б

Сабақтан тыс оқу формасына үй тапсырмасын орындау да жатады. Үй тапсырмасы сабақта өтілген материалды мазмұны бойынша толыктырады. Үйде оқушы сабақта үлгермеген тапсырмаларды орындап, оқу материалын қайталайды, өткен сабақтағы материалдармен байланысын аныктап, келесі сабақка тірек білімін қалыптастырады.

Мұғалім сабакта үй тапсырмасының қалай орындалатынын түсіндіріп, ол бақылау болуы мүмкін, онда бақылауды калай жүргізу керектігі, табиғатқа зиян келтірмеу жақтары, бакылау нәтижелерін қалай жазу керектігі түсіндеріледі Оқулықтағы тапсырмалар болса, оларды орындау жүйелігі айтылады. Сабақтағы үй тапсырмасын беру кезенінін. мәні үлкен, оған арнайы уақыт бөлініп, тапсырманы калай, қайтіп орындау түсіндіріледі. Осы тапсырмаларды өз бетімен орындау аркылы оқушылар өздігінен жүмыс істеуге үйренеді, сабақта мұғалімнің айтып түсіндіргені мен окулықтағы материалдың арасындағы байланысты табады. Үйге кейбір кестелерді толтыру, суреттерді салу, сызбаларды сызу сиякты тапсырмалар да беріледі.

Үй тапсырмасының орындалу қорытындысын сабақта тексеріледі. Дұрыс ұйымдастырылған үй тапсырмасы сабақтағы оқу жұмысын жеңілдетеді.



Тірі табиғат бұрышын ұйымдастыра отырып мұғалім оқушылардың білімін толықтырады, тереңдете, сондай-ақ практикалық машық пен дағ-ды қалыптастырады. Ол жоғары сыныпта оқығанда қажеттілігіне жарай-ды, ары қарай дамиды.
Тірі табиғат мүйісін ұйымдастыру үлкен материалдық тұрғыда қаражатқа байланысты. Жетіспеген жағдайда сынып кабинетінде бөлме өсімдіктерінің түрлерін көбейту, аквариум, шағын террариум, құстар мен сүтқоректілердің ыңғайлы түрлерін ұстауға болады.
Сынып кабинетінде аквариум, шағын террариум орналастыруға болады. Аквариумде тұрғылықты және аквариум балықтарының өкілдерін, су өсімдіктерінің түрлерін, моллюскалар ұстауға мүмкіндік бар. Шыны арқылы су ішіндегі тіршілік әлемімен танысу барысында кез келген орта-да табиғат элементтері бір-бірімен тығыз байланысты екенін біледі. Балықтардың, былқылдақ денелілердің қозғалысымен танысады. Террариумде қосмекенділер түрлерін, бауырымен жорғалаушылардың мінез-құлықтарын, қоректену, бейімделу ерекшеліктерін танып біледі, жыл мезгіліне орай өзгерістерін бақылайды. Аквариумдегі суды уақтылы ауысты-рып тұру, балықтарды қоректендіру, қоректердің түрлерін таңдай білу, судың температурасын бақылау, өсімдіктердің, балықтардың жағдайын бақылап тұру сияқты жұмыстарды орындай отырып сауаттанады. Ауруға шалдыққанын дер кезінде байқап, емдік тәсілдерді қолдану сияқты жұмыстарды меңгереді. Аквариумде валлиснерия, бақа оты, су мүгі, қауырсын жапырақ, бұйра шылаң, мүйіз жапырақ, балық от, элодея сияқты су өсімдіктерінің түрлерімен, оларды өсіруді үйренеді. Балықтар түрі голец, табан балық, тұқы балық, қара балық, ақ қайран, уклейке және аквариум балықтарынан тіршілік жағдайын көп талғамайтындары барбустар, гуп-палар, семсершілер, алтын балықтың түрлі тұқымдары-кометалар, шілте құйрықтар, телескоптар т.б.
Оқушылар аквариумды күткенде суды уақтылы ауыстырып, ол үшін су құбырының тұнған суын немесе жаңбыр суын пайдалануы; өсімдіктер-ді жиі-жиі сиретіп балыққа орынды көбірек қалдыруы; аквариумнен жем-нің қалдығын және балықтардың зәрін тазартып отыруы; балықтарға белгілі уақытта дәл белгіленген мөлшерде жем беруі; судың температу-расының күрт өзгеруіне жол бермей, оны қадағалап отыруы; өсімдік-тердің күйін және балықтардың мінез-құлқын бақылап отыру керек (зауқының жоқтығы, селсоқтық, су бетінен ауаны қалтырап жұтуы аква-риумдегі жағдайдың жағымсыз немесе балықтың ауру екенін көрсетеді т.с.с.).
Аквариумдегі балықтар тіршілігін: шабақтардың бірте-бірте дамуын, температура мен коректенудің балықтардың өсуі мен дамуына әсерін, коректенуге байланысты шартты рефлекстің тууын (аквариумді ыдыспен тықылдату, шам жағу) және балықтардың ауа райын болжауын т.б. бақылауды ұйымдастаруға үлкен мүмкіндік береді.
Тірі табиғат мүйісі террариумында әр түрлі хайуанаттар: бақа, шөл, көл, бөген бақасы, жалды тритон, кәдімгі су жылан, дала тасбақасы, сер-гек және тірі туатын кесіретке ұстауға болады.
Қосмекенділер үшін террариумде шалшық және күн сәулесінен жа-сырынатын пана болуы керек. Бауырымен жорғалаушыларға террариум шалшықсыз жарай береді. Тритонға су ортасында аз уақыт тыныстайтын алаңы бар шағын аквариум болғаны дұрыс.
Егер тірі табиғат бұрышы жеке бөлмеде орналасса, ондай жағдайда құстар ұстауға болады. Бәрінен де шымшықтар, қараторғайлар, қызыл-бауыр шымшықтар, пайыз торғайлар жақсы көндігеді.
Тірі табиғат бұрышындағы әр тірі организмге жекелей талаптар орындалу керек. Ол талаптар арнайы кітаптарда жазылады, ең алдымен олармен мұқият танысып алу қажет.
Тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру шарасын мектептегі биолог мұ-ғалімдерімен бірлесе немесе кеңестер сұрап ұйымдастыруға болады.
Тірі табиғат мүйісін ұйымдастыру үлкен материалдық тұрғыда қара-жатқа байланысты. Жетіспеген жағдайда сынып кабинетінде бөлме өсімдіктерінің түрлерін көбейту, аквариум, шағын террариум, құстар мен сүтқоректілердің ыңғайлы түрлерін ұстауға болады.
Тірі табиғат бұрышын жасауға арнайы ауқымды орын болмаған жағдайда бөлме өсімдіктерін, жер шарының әр бұрышындағы өсімдіктер түрлерін өсіріп, оқушыларды сол өсімдіктердің ерекшеліктерімен, күту, оларды бақылау сияқты жұмыстарды ұйымдастыруға болады. Онда әр өсімдікте этикетка іліну керек, мұнда өсімдіктің аты, отаны, отырғызылған уақыты жазылады. Әр өсімдіктің жарыққа, ылғалға, температураға бай-ланыстылығын, гүлдеу мерзімдерін бақылайды. Мұғалімнің жетекшілігі-мен қарапайым тәжірибе жүргізеді, нәтижесінде өсімдіктерді ғылыми түр-де танып білу, зерттеу шарттары орындалады. Бұл білімдерін күнделікті тұрмыста да қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет