Дұрыс тамақтану дегеніміз не: заманауи көзқарас


Ас қорыту жолында тамақ қалай қорытылады



бет4/8
Дата08.09.2022
өлшемі170,93 Kb.
#148967
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Материалы (копия)

Ас қорыту жолында тамақ қалай қорытылады


Көрнекті неміс ойшылы Гете бірде «Өмірден өткеннен соң болар 300 жылдық атақты, жақсы ас қорытуға ойланбай айырбастар ем» деген екен. Тағам организмді қоректік заттармен қамтамасыз ету үшін қорытылады, бұл асқазан-ішек жолының маңызды қызметі. Әдетте, ас қорыту мүшелерінің мәселелері бізді мазаламаса, бұл процесс бізге байқалмайды. Біздің көпшілігіміз іш қатудан, іш өтуден, қыжылдан ауырсынудан зардап шегеміз.
Әрі қарай, біз асқазан-ішек жолдарының негізгі функцияларын, басынан аяғына дейін талқылайтын боламыз. Сонымен қатар, біз ас қорыту жүйесінің бұзылуына байланысты пайда болатын, тағамтану мәселелерін қарастырамыз.


Ауыз қуысы


Біз алдымен ең қарапайым, өзіміз сирек ойлайтын ауыз қуысынан бастайық. Тамақты қалай және не үшін жеп-шайнайтынымыз туралы сөйлесейік.
Ауыз қуысында тамақ ұсақталып, өте майдаланып, ылғалданады. Тағамға фермент әсер етеді, оны сілекей амилазасы деп атайды. Ол тамақ көмірсуларын қорытады. Бұл амилазаның ас қорыту ферменті дегенді білдіреді. Соңғы үш әріп –аза осы заттың фермент екенін көрсетеді. Ферменттердің қызметі – биологиялық процеске көмектесу. Бұл жағдайда амилАЗА тағамдағы көмірсуларды ыдыратуға көмектеседі.
Мұның қалай болатынын түсіну үшін, сізге шағын эксперимент жүргізуге болады. Сіз, бір үзім нанды аузыңызға салыңыз. Бұл жағдайда оны шайнаудың немесе жұтудың қажеті жоқ. Нанның бір үзімін аузыңызда неғүрлым ұзақ ұстасаңыз, ол соншалықты тәттірек болады. Мәселе, амилазаның арқасында нанның күрделі көмірсулары ұсақ көмірсуларға бөлінеді.
Тамақты жұтқаннан соң, ол бірнеше клапанның арқасында асқазан-ішек жолдары арқылы өтеді. Мұндай үлкен клапанның бірі – өңештің түбінде орналасқан түтік тәрізді бұлшықет органы. Бұл клапан өңеш сфинктері деп аталады. Ол тамақты бір бағытта – өңештен асқазанға өткізеді. Бұл клапан дұрыс жұмыс істемесе, гастроэзофагеальды рефлюкс деп аталатын ауру пайда болады. Көбінесе бұл қыжыл ретінде көрінеді.

Асқазан


Содан кейін тамақ асқазанға түседі, бұл маңызды және өте күрделі қуысты орган. Асқазанда ас қорытылып, тоқтық сезімі пайда болады. Бұл шайнаған тағам бөліктерінің асқзан сөлімен араласуына байланысты. Біздің көпшілігіміз қарнымыз ашқанда, асқазанымыздың шұрылдағанын сеземіз және бұл өте қатты естілуі мүмкін. Шындығында, асқазан сөлі осы уақытта тамақ күтіп тұрғанда шығарылады.
Сонымен қатар, асқазанның құрамы қышқыл орта. Көбінесе адамдар қышқыл дегенді, жаман нәрсемен байланыстырып жатады. Ал шын мәнінде, асқазан қышқылының, нақтырақ тұз қышқылының әсерінен, тамақ ұсақ компоненттерге дейін ыдырайды, яғни ас қорытуды жалғастырады. Бұл жағдайда, үлкен тамақ молекулалары қанға сіңуі үшін кішкентай молекулаларға бөлінеді. Сонымен қатар, асқазанда тамақпен бірге келетін бактериялар жойылады. Тұз қышқылының әсерінен, біздің организм белгілі бір дәрежеде, ауру тудырғыш бактериялардан қорғанады.
Сондықтан, асқазанның қышқылдығын төмендететін антацидтер деп аталатын дәрілерді қабылдар кезде, дұрыстап ойланып алу керек, өйткені бұл тағамның ас қорытуының бұзылуына ғана емес, сонымен қатар ауру тудырғыш бактериялардың организмге енуіне де себепкер болуы мүмкін. Сонымен бірге, асқазанның қышқыл ортасы тағамнан темір мен кейбір дәрумендерді, мысалы тиаминді (В₁ дәруменін) алуға көмектеседі, бұл оларды организмге сіңіруге мүмкіндік береді.
Асқазанға алаңдаудың қажеті жоқ. Оның ішкі қабырғасы арнайы шырышты қабықтың арқасында, асқазан қышқылының әсерінен жақсы қорғалған. Рас, асқазанның шырышты қабаты аспириннің және басқа стероидты емес, қабынуға қарсы дәрілердің, мысалы, ибупрофеннің әсерінен жойылуы мүмкін. Шырышты қабықты бұзу арқылы бұл препараттар, жараларды тудыруы мүмкін, себебі тұз қышқылы асқазан қабырғасының қалған бөлігін зақымдайды. Осыған байланысты темір мен кейбір дәрумендердің сіңуі бұзылады, бұл темір тапшылығы анемиясына және өзге де проблемаларға әкеледі.
Сонымен қатар, асқазанда ішкі фактор (intrinsic factor) синтезделеді. Бұл асқазанның париетальды жасушаларында болады. Ішкі фактордың рөлі –тағамнан В12 дәруменін шығаруға көмектесу. Ішкі фактор болмаған кезде, бұл дәруменнің сіңуі бұзылады – қатерлі анемия пайда болады. Атап айтқанда, бұл жағдай салмақ жоғалту үшін бариатикалық операция жасатқан адамдарда пайда болады, онда өңеш асқазанды айналып өтіп, ішекке қосылады. Осыған байланысты темір мен В12 дәруменінің сіңу процестері бұзылады және пациенттер анемияның дамуына жол бермеу үшін, оларды өмір бойы қабылдауға мәжбүр болады. Сонымен қатар, қауіпті анемия жасқа қарай дамуы мүмкін, бұл кезде ішкі фактор жеткіліксіз мөлшерде шығарылады және сәйкесінше В12 дәрумені аз сіңеді.
Асқазанда тоқтық сезімін белгілейтін механизмдер жұмыс істейді. Бұл калорияларды санау арқылы болмайды. Біз аш емес екенімізді ұғатын механизм, көлемді рецепторлармен байланысты. Яғни, тоқтық қабылданған калория санына емес, тамақ мөлшеріне байланысты болады.
Сондықтан, мысалы, жоғары калориялы, бірақ кішкене шоколад батончиктерін жегенде, тамақ энергиясының көп мөлшерін қабылдағанымызға қарамастан, біз өзімізді толық сезінбейміз. Яғни, калория мөлшері аз болған кезде, мұндай тығыз тамақ асқазанның көлемді рецепторларына әсер етпейді және ағзаға жеткілікті қуат түскенін, тамақтануды доғару қажеттігін білдірмейді.
Тоқтық сигналдарды ынталандыру үшін, көлемді тағамды қалай қамтамасыз етуге болады? Бұл көп мөлшерде су мен талшықтан тұратын көкөністер мен жемістерді жеу арқылы мүмкін. Сонымен қатар, ашытылған сүт өнімдерін тұтынуға болады. Бұлар асқазанды жеткілікті түрде созып, тоқтық сезімін және тамақтануды тоқтату қажеттілігін білдіретін, көлемді рецепторларды тітіркендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет