Дұрыс тамақтану дегеніміз не: заманауи көзқарас



бет5/8
Дата08.09.2022
өлшемі170,93 Kb.
#148967
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Материалы (копия)

Ұлтабар


Асқазанның соңында асқазан сфинктері деп аталатын, тағы бір клапан орналасқан. Ол асқазаннан аш ішекке, дәлірек айтқанда ұлтабарға тағамның түсуіне жауап береді. Мұнда басқа маңызды ферменттер әрекет ете бастайды, олар көмірсулар, майлар мен тамақ нәруыздарын ыдыратады. Оларды макронутриенттер деп атайды.
Аш ішекте тамақ майлары эмульсияға айналады. Бұл процеске өт қатысады, ол бауырдан өт жолдары арқылы ұлтабарға енеді. Өт майлардың сумен араласуына көмектеседі, бұл ішек ферменттеріне тағамдық майларға тікелей шабуыл жасауға және ыдыратуға мүмкіндік береді.
Айта кеткен жөн, біздің өт 70 пайыз холестериннен тұрады. Ол тамақ ішекке ене салысымен шығарылады. Өз жұмысын аяқтағаннан кейін, өт холестеринмен бірге бауырға оралады. Яғни, ол қайта өңделеді. Сұлы майы сияқты, талшыққа бай тағамдарды жегенде, өт бауырға оралмай, ішек арқылы шығарылады. Өтпен бірге холестерин организмнен шығарылады.
Тамақты қорытуды жалғастыру үшін, организмге қосымша өт қажет болады, өйткені тамақ майларын өңдеп, эмульсияға айналдыру керек. Өт 70 пайызға холестериннен тұруы керек болғандықтан, біздің организм бұл холестеринді қаннан шығаруға мәжбүр.
Бұл талшыққа бай тағамдардың, қандағы холестерин деңгейін қалай төмендететінін түсіндіреді. Талшық өтпен байланысады және оны ағзадан шығарады, содан кейін қандағы холестеринді тартып, жаңа өт шығаруға мәжбүр болады. Сондықтан, жүрек-тамыр аурулары үшін, талшыққа бай тағам ұсынылады, ол қандағы холестеринді төмендетеді. Сонымен қатар, мұндай тамақ іштің қатуын жеңуге көмектеседі.

Ұйқы безі


Ас қорытудың «нағыз жұмыскері» – ұйқы безі. Ол липаза, амилаза, протеаза сияқты ас қорыту үшін маңызды ферменттерді шығарады. Оларды шығару арқылы, ұйқы безі экзокриндік функцияны орындайды. Сонымен бірге, ол маңызды эндокриндік функцияны орындайды. Бұл оның гормондар шығаратынын білдіреді. Ұйқы безінің ең маңызды гормоны – инсулин. Бұл организмнің жұмыс істеуі үшін өте маңызды.
Инсулин ұйқы безінің бета жасушаларын жасайды. Ол қоректік заттарды қаннан жасушаларға тасымалдауға жауап береді. Инсулин анаболикалық гормон деп аталады. Бұл құрушы, жасаушы дегенді білдіреді. Кейде бұл жақсы, ал кейде қажет емес.
Адам физиологиясы антиподтардың болуын қамтамасыз етеді. Сонымен, инсулиннің антиподы ұйқы безінің тағы бір гормоны – глюкагон. Егер инсулин құрушы болса, глюкагон керісінше, бұзушы. Сондықтан оны катаболикалық гормон деп атайды. Егер біз артық салмақтан арылғымыз келсе, жасушалардың ішіндегі молекулаларды ыдыратып, оларды энергия көзі ретінде пайдалану үшін, дененің басқа бөліктеріне жіберуіміз керек. Бұл функцияны глюкагон орындайды.
Инсулин мен глюкагон балансының бұзылуы қант диабетіне әкеледі. Қант диабетінің екі түрі бар: 1-ші типті және 2-ті типті қант диабеті. Бірінші типте ұйқы безінің бета жасушалары жойылады. Осыған байланысты денеде инсулин жеткіліксіз шығарылады. Қант диабетінің бұл түрі балаларда жиі кездеседі. Бұл әдетте аутоиммунды, яғни иммундық жүйемен байланысты ауру.
Қант диабетінің екінші түрінде инсулин жеткілікті мөлшерде шығарылады. Бірақ, организм оны қабылдай алмайды. Инсулинге қажеттілік артады, ол аштық сезімімен байқалады. Ол жеткілікті мөлшерде өндірілгенімен, организм инсулинді қабылдамайтындығына байланысты қанағаттандырылмайды. Бұл жағдайды «молшылықтағы аштық» десе болады. Дәрігерлер оны инсулинге төзімділік деп атайды. Бұл көбінесе артық салмақ пен организмдегі түрлі бұзылуларға әкеледі.
Соңғы уақытта глюкагонды имитациялайтын молекулалар (пептидтер) – Glucagon-Like Peptide 1 (GLP-1) үлкен қызығушылық тудырып отыр. GLP-1 негізінде қант диабетімен және семіздікпен тиімді күресуге көмектесетін дәрілер жасалған. Қант диабеті мен семіздіктің дамуындағы инсулин мен қоректік факторлардың маңыздылығы жайлы толығырақ алтыншы тараудан, осы аурулар туралы тиісті бөлімдерден оқыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет