Дуйсенбекова М. Л «Тіл білімінің философиялық мәселелері» пәнінен



бет2/16
Дата08.11.2023
өлшемі277,5 Kb.
#190431
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
05 Лекция ТБФМ
шар, Функцияның экстремумы, 8fd72771-9bd8-4d29-8a52-b155ffdb5f7d, «Ел рәміздері – еркіндік нышаны», 1, стандартты программалар , Компьютердің негізгі құрылғылар, желілік операциялық жүйе, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕР, Күрделі функцияның туындысы, Күрделі функцияның туындысы, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Санның үлесін, үлесі бойынша санды табу, работа
Лекция 2


Лекция тақырыбы: Тіл білімінің дамуындағы үдерістер ғылым дамуының жалпы үдерістерінің көріністері ретінде.
Жоспар:
1.Тіл – лингвистиканың нысаны. Тілдің қызметтері.
2. Тіл – жүйе. Тілдің ішкі құрылымы. Тіл қабаттары, оның негізгі бірліктері. Тіл және ойлау.
Әдебиеттер:
1. Баранов А.Н. Введение в прикладную лингвистику. М., 2003.
2. Гумбольдт В. о различии строения человеческих языков и его влиянии на духовное развитие человеческого рода (извлечения) // Звегинцев В.А. История языкознания xix-xx веков в очерках и извлечениях. М. – любое издание
3. Засорина Л.Н. Введение в структурную лингвистику.
4. Кодухов В.И. Общее языкознание.


Қосымша әдебиеттер
1. Лосев А.Ф. Имя. СПб, 1997; Лосев А.Ф. Философия имени. М.: Изд. МГУ, 1990.
2.Бибихин В.В. Язык философии. М., 1993
3. Соссюр Ф. де. Труды по языкознанию. М., 1977
4.Гумбольдт В. фон. Избранные работы по языкознанию. М., 1984
5.Булгаков С. Первообраз и образ. Сочинения в двух томах, т. 2. Философия имени. СПб, 1999
6.Кассирер Э. Познание и действительность. СПб, 1912

Лингвистикалық және экстралингвистикалық фактілер жөніндегі мәселелер. Ассоциативті-психологиялық ұғым және феноменология. Тіл – лингвистиканың нысаны. Тілдің қызметтері. Тіл – жүйе. Тілдің ішкі құрылымы. Тіл қабаттары, оның негізгі бірліктері. Тіл және ойлау. Таңбалық ситуация және оның құрамдас бөліктері. Таңбаның түрлері (индекс, символ, иконалық таңбалар). Логикалық семиотика бөлімдері: синтактика, семантика, прагматика. Тіл және мәдениет. Тіл және тұлға. Тілдің дамуы.


Орта ғасыр - адамзат қоғамы дамуының он шақты ғасырын қамтитын және прогресс тұрғысынан алғанда әр тектес болып келетін күрделі де шытырманы көп дәуір. Еуропа тарихы тұрғысынан қарағанда бұл мезгілді үш кезеңге бөлуге болады: а) III-Ү ғасырлар арасы. Бұл - құлдық дәуірінің ыдырап, феодалдық қоғамның құрыла бастаған кезеңі; ә) ҮІ-Х ғасырлар аралығы. Бұл - феодалдық қатынастың әбден орнығып, гүлденген заманы; б) ХІ-ХУІ ғасырлар аралығы. Бұл - феодалдық қатынастың ыдырап, капиталистік қоғамның туа бастаған, тарихта "қайта өркендеу дәуірі" деп аталатын кезең.
Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі - әр түрлі діндердің туып, әлемдік діндерге айналуы. Ондай діндер қатарына будда, ислам, христиан діндерін жатқызуға болады.
Дүние жүзілік діндердің тарауымен қатар сол діндердің сүндет-парызын, шариғатын уағыздайтын жазбалар да тарады. Ол жазбалар тілі киелі, қасиетті тіл, пайғамбарлар тілі деп жарияланды. Жергілікті халықтар ол тілде жазылған аят-хадистарды мағынасын, тілін түсінбесе де жатқа біліп, құдайға құлшылық ететін дұға ретінде айтуға міндетті болды. Бұл тіл -тіл ғылымында канондық тіл деп аталады. Сөйтіп, дін тараған аймақтардағы халықтар өз ана тілімен қатар канондық тілді де қолданды. Канондық тіл бірден-бір дұрыс тіл деп жарияланды да, әр халықтың өз ана тілі, сөйлеу тілі, теріс тіл, пендешілік тілі деп есептелді. Жазба тіл, әдеби тіл деп саналатын да канондық тіл болды. Мысалы, түркі халықтары, сондай-ақ қазақ халқы үшін де канондық тіл араб тілі, исламның ең қасиетті, киелі кітабы - Құранның тілі болды. Араб тілі оқу пәні болды. Оны молдалар, дін иелері оқытты. Оқытудың I-сатысында әліпби, екінші сатысында иманшарт, үшінші сатысында әптиек, одан кейін Құран оқытылды. Еуропа халықтары үшін канондық тіл - латын тілі. Олар латын тілін жазу тілі, ғылым ретінде пайдаланды. Бүкіл оқу орындарында ғылыми пән ретінде оқытылатын да латын тілі грамматикасы болды. Жеке тілдер грамматикасы латын тілі грамматикасы негізінде сөз болып, соның үлгісіне түсірілді. Латын тілі грамматикасы барлық тілдерге бірдей дәрежеде қолдануға болатын ортақ құрал деп есептелінеді. Солай бола тұрса да, орта ғасырдағы грамматикалық ой-пікірдің бір мәнді жағы бар: ол кейінгі заман жалпы тіл ғылымының сол орта ғасыр топырағында тамырлана бастауы еді. Әлем халықтарының бүкіл рухани мәдениетіне ұлы өзгерістер енгізген "Қайта өркендеу дәуірінің" өзі де орта ғасыр топырағында көктей бастаған болатын. Сондықтан кейбір мәселеде кері тартпалығына, діни қарсылықтарына қарамастан, орта ғасырды прогресс үшін, ғылым үшін құралақан болды деу жөн емес.
Зерттеудің өзіндік жаңа жүйесін жасай алмағандарымен, қолтума еңбектер бермегендерімен, филологиялық, грамматикалық мәселелермен орта ғасырда шұғылданушылар да аз болған жоқ. Олардың баса назар аударған бір мәселесі - көне канондық жазбалар тілінің өзіндік нормасын өзгеріссіз сақтау, кейінгі заман жазба тілін көне канондық тілмен үйлестіру, олардың арасындағы алалықтарды бір ізге салу сияқты нормалаушылық жұмыстар болды. Бұл жұмыстарында олар антикалық қоғам қалдырған грамматикалық, поэтикалық, риторикалық, логикалық тұжырымдарға сүйенеді, соларды басшылыққа алады.
Канондық жазбалармен қатар біраз елдерде жазба жұмысы мен әдебиет едәуір дамыды. Жергілікті тілдерді зерттеу, нормалау, олардың грамматикаларын жазу талабы күн тәртібіне қойылды. Сөйтіп, ҮІІ-ХҮ ғасырлар аралығында иран, исланд, француз, испан, итальян, түркі, ағылшын, т.б. тілдердің грамматикалары жарық көреді.
Грамматика мәселелерімен қатар ежелгі дәуірден келе жатқан зат атауларының табиғаты жөніндегі мәселе де ескерусіз қалмады. Оны сөз етушілер бұл дәуірде де екі топқа бөлінді. Оның бірі - реалистік, екіншісі - номиналистер деп аталады. Реалистер заттар жөніндегі жалпы ұғым - ақиқат, ол алғашқы, зат соңғы деген идеалистік бағытты ұсынады. Номиналистер керісінше, зат болмаса, ол туралы ұғым да болмайды, сондықтан ақиқат нәрсе - зат, ол алғашқы, ал зат туралы ұғым соңғы деген материалистік бағытты уағыздайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет