Дуйсенбекова М. Л «Тіл білімінің философиялық мәселелері» пәнінен



бет1/16
Дата08.11.2023
өлшемі277,5 Kb.
#190431
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
05 Лекция ТБФМ
шар, Функцияның экстремумы, 8fd72771-9bd8-4d29-8a52-b155ffdb5f7d, «Ел рәміздері – еркіндік нышаны», 1, стандартты программалар , Компьютердің негізгі құрылғылар, желілік операциялық жүйе, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕР, Күрделі функцияның туындысы, Күрделі функцияның туындысы, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Санның үлесін, үлесі бойынша санды табу, работа


Дуйсенбекова М.Л


«Тіл білімінің философиялық мәселелері» пәнінен


ДӘРІС ЖИНАҒЫ

7М01711 – Шетел тілі:екі шетел тілі


Білім беру бағдарламасы үшін

Шымкент, 2022
Лекция 1


Лекция тақырыбы: Тіл анықтамасының онтологиялық және гносеологиялық аспектілері (жайлары).
Жоспар:
1. Лингвистиканың даму тенденциялары ғылым дамуының жалпы тенденцияларының көрінісі ретінде.
2. Тіл білімі және тіл философиясы
Әдебиеттер:

  1. Баранов А.Н. Введение в прикладную лингвистику. М., 2003.

  2. Гумбольдт В. о различии строения человеческих языков и его влиянии на духовное развитие человеческого рода (извлечения) // Звегинцев В.А. История языкознания xix-xx веков в очерках и извлечениях. М. – любое издание // http://destructioen.narod.ru/gumboldt_ctrojenye_jasykov.htm

  3. Засорина Л.Н. Введение в структурную лингвистику. http://www.alib.ru/bs.php4?uid=1097ec6e6a319f8a363c5c38b927b5eaaafb

  4. Кодухов В.И. Общее языкознание. http://shop.top-kniga.ru/books/item/in/355290/

  5. Колшанский Г.В. Соотношение субъективных и объективных факторов в языке http://urss.ru/cgi-bin/db.pl?lang=Ru&blang=ru&page=Book&id=30225&list=Series3

Қосымша әдебиеттер
1.Деррида Ж. Конец книги и начало письма. – В кн.: Интенциональность и текстуальность. Томск, 1988.
2.Хайдеггер М. Работы и размышления разных лет. М., 1993
3.Гадамер Х.-Г. Истина и метод. Основы философской герменевтики. М., 1988; Рикер, П. Конфликт интерпретаций. − М., 1995.

Лингвистиканың даму тенденциялары ғылым дамуының жалпы тенденцияларының көрінісі ретінде. Тіл білімі және тіл философиясы: ұқсастығы және айырмашылығы. Тілдің антиномиясы және тіл білімінің антиномиясы. Тіл, ойлау және тұрмыс. Лингвистикалық бағыттарға тәуелділігі және осы тәуелділіктің онтология, методология, эпистемология және қазақ тіл білімінің метатілде көрініс табуы. Тіл білімінің аксиологиялық мәселелері: философиялық-эстетикалық, онтологиялық, ұлттық, экологиялық мәселелері. Тіл және ойлау. Тіл білімінде философиялық категорияларды жасау: құрылым және жүйе; алаң және континуум; вариант және инвариант; валенттілік.


Ежелгі Грек философтарының тілге қатысты мәселелерден ерекше сөз еткендері - атаудың табиғаты, зат пен оның атауы арасында қандай байланыс болатыны, тілдің қайдан, қалай пайда болғаны және тілдің грамматикасы мен логика арасындағы қарым-қатынас жөніндегі мәселелер.
Заттың өз атауына қатысы жөніндегі мәселе Ежелгі Грецияда бірнеше ғасырға созылған және Грек философтарын екі топқа бөлген аса күрделі мәселе болған. Олардың Гераклит бастаған бір тобы - атау заттың табиғатына сәйкес жаратылыстан берілген, сөз табиғат туындысы десе, Демокрит бастаған екінші тобы оған қарсы - зат пен оның атауы арасында табиғи байланыс болмайды, ол екеуінің арасындағы байланыс - шартты, кездейсоқ байланыс деген тұжырым жасайды.
Грек философтары арасында болған бұл айтыс Платонның "Кратил" деп аталатын диалогі арқылы біздің дәуірге жетті. Демокрит атаулардың жаратылыстан берілген табиғи еместігіне төрт түрлі дәлел айтады. Олар тілдерде бір затты әр түрлі атаумен білдіретін синоним және атауы біркелкі бола тұра әр түрлі мағынаны білдіретін омоним сөздердің болуы, сондай-ақ, көптеген заттардың тілдік атауларының болмауы немесе зат атауларының кейде өзгеріп кететіні - осылардың барлығы атаудың зат табиғатына тән еместігін білдіреді деген дұрыс қорытынды жасайды.
Ежелгі Грек философтарының тілге байланысты сөз еткен екінші проблемасы - тілдің шығу жөніндегі мәселе. Бұл мәселеде де олар дұрыс шешімге келе алған жоқ. Олардың бір тобы тілді дыбысқа еліктеуінен шыққан десе, екінші бір тобы ертедегі адамдардың өзара келісуінен барып шыққан дегенді айтады. Тіл білімінде мұның алғашқысын дыбысқа еліктеу теориясы десе, соңғысы келісім теориясы деп аталады. Бұл екі тұжырымның екеуінің де ғылыми негізі жоқ.
Грек ғалымдары көтерген тағы бір проблема - грамматика мәселелері. Грамматиканы да алғашқыда философия, әсіресе логика ғылымына тәуелді, соның бір саласы ретінде, логикалық категориялардың көрсеткіші ретінде ғана қараған. Бұл саладағы алғашқы пікір Платон мен Аристотель еңбектерінде кездеседі. Платон тілдегі сөздерді есім, етістік деп екі топқа бөлсе, Аристотель алдыңғы екеуінің үстіне жалғауыш дегенді қосып, үш топқа бөледі. Аристотель - грамматика мен логика арасындағы қарым-қатынасты алғаш сөз еткен ғалым. Оның логика мен поэтика жөніндегі ілімі кейінгі заман оқымыстыларына да күшті ықпал жасады. Аристотель логиканы ұғым, пайымдау сияқты категорияларды зерттейтін ғылым деп анықтайды да, сөз табы деген - сөйлемнің элементтері, ал сөйлем - есім мен етістіктің байланысы, бұл екі категория арасында елеулі өзгешеліктер бар: етістік шақты білдіреді, предикативтік қызмет атқарады, ал есім септеледі, сөйлемде субъектілік қызмет атқарады дейді. Бірақ Платон да, Аристотель де сөздерді тапқа бөлгенде, біздің қазіргі түсінігіміздей тілдік категория ретінде емес, логикалық категория ретінде қарайды. Есім мен етістік - пайымдаудың мүшелері, бұлардан басқа сөздер осы екеуінің төңірегінде топталып, жалғауыштық қызметтер атқарады деп түсіндіреді. Соған қарамастан Аристотельдің лингвистикалық көзқарастары бұл ғылымның кейінгі замандардағы дамуына зор әсерін тигізді. Күні бүгінге дейін қолданылып жүрген грамматикалық категориялардың, терминдердің көпшілігі сол Аристотельден қалған.
Бұл елдегі тіл ғылымы өз дамуының ең биігіне Греция тарихында эллинизм деп аталатын дәуірде көтерілді. (Бұл - жыл санауымызға дейінгі III ғасыр мен біздің дәуірдің ІҮ ғасыры арасы). Тіл білімі тарихында грамматистердің Александрия мектебі деп аталатын бағыт та осы дәуірде қалыптасқан. Бұл кезең Греция тіл білімі тарихында филология дәуірі деп аталады. Оның басты бір ерекшелігі - грамматикалық ілімнің философияның, логиканың ықпалынан босанып, өз алдына дербес пән ретінде қаралуы еді. Грамматистердің Александриялық мектебін қалыптастырып, грамматика ілімін дамытушылар: Аристарх Самофракийский (б.д.д. 200-150 ж), оның шәкірттері Дионисий Фракийский, Аполлоний Дискол (біздің заманымыздың II ғасыры) болды. Аристарх тілдегі сөздерді есім, етістік, есімше, член (артикль), есімдік, предлог, үстеу, жалғаулық деп сегіз топқа бөлген. Дионисий Фракийский негізгі сөз таптарының көптеген грамматикалық категорияларын, Аполлоний Дискол синтаксис мәселелерін зерттейді. Дегенмен, Ежелгі Грецияда морфологияға қарағанда синтаксис, фонетика, лексикология аз зерттелген. Бұл дәуірдегі филология жазба ескерткіштерді жинау, зерттеу ісімен ерекше шұғылданған. Ежелгі Грек дәуірінен келе жатқан зат пен оның атауы арасындағы қарым-қатынас жөніндегі талас бұл дәуірде де болды. Бірақ бұл кездегі талас тілде белгілі бір заңдылық деген бола ма, жоқ па деген мәселе төңірегінде болды. Оны бар деушілер анологистер, жоқ деушілер аномалистер деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет