Дєрістер (ќысќаша конспект)


Практикалық сабақ 5, 6 – Мұнай мен мұнай өнімдеріндегі механикалық қоспаларды анықтау



бет23/27
Дата06.02.2022
өлшемі3,94 Mb.
#78625
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Практикалық сабақ 5, 6 – Мұнай мен мұнай өнімдеріндегі механикалық қоспаларды анықтау
Жұмыс мақсаты: Мұнай мен мұнай өнімдеріндегі механикалық қоспаларды анықтау
Жұмысты жасау: Ыдыстың 3/4 бөлігіне толтырылған мұнай өнімінің сынамасын 5 мин араластырып, сілкілейді.
Қағаз немесе шыны фильтрді тәжірибеде қолданылған еріткішпен жуады. Қағаз фильтрді таза бюкске салады. Шыны фильтрді немесе фильтрі бар бюксті, қақпағын ашып кептіргіш шкафта (105±2)0С температурада 45 минутқа қояды. Содан кейін бюксті қақпағымен жауып, эксикаторда 30 минуттай суытып, массаны өлшеу қателігі 0,0002 г-нан аспағанша өлшейді.
Бюксті кептіріп, өлшейді. Екі өлшеудің айырмашылығы 0,0004 г-нан аспау керек.
Көлемі 600 немесе 1000 мл стаканға зерттелетін өнімнің дайындалған сынамасын енгізіп, оны кестеге сәйкес қыздырылған еріткішпен (бензинмен) сұйылтады.
Кесте 1

Үлгі сипаттамасы

Сынама массасы, г

Өлшеу қателігі

Еріткіш көлемінің сынама массасына қатынасы

Мұнай өнімі,1000 С кезіндегі тұтқырлығы
20мм2/с-тан көп емес
20мм2/с-тан жоғары

100
50

0,05
0,01

2-ден аса
4-ке дейін

Мұнай, құрамындағы механикалық қоспалардың массалық үлесі 1 %-тен көп емес

50


0,01


5-10


Жанғыш отын, құрамындағы механикалық қоспалардың массалық үлесі
1 %-тен көп емес
1 %-тен жоғары

25
10



0,01
0,01



5-10
15-ке дейін



Присадкалар

10

0,01

15-ке дейін

Мұнай, тазартылмаған қара мұнай өнімдерінде, жоғары сілтілік санымен смазкалық майларда және присадкалардағы механикалық қоспаларды анықтау кезінде еріткіш ретінде толуолды қолдануға рұқсат. Зерттелетін өнімдердің сынамаларын еріту үшін қолданатын бензинді және толуолды су моншасында қыздырады. Стакандағы ерітіндіні штативке бекітілген шыны воронкаға салынған қағаз немесе шыны фильтр арқылы фильтрлейді. Ерітіндіні шыны таяқшаның көмегімен фильтрге құяды. Ерітіндіні шыны таяқшаның көмегімен фильтрге құйып, воронканын ¾ бөлігін ерітіндімен толтырады. Стакандағы қалдықты таза бензин (немесе толуол) ерітіндісімен шаяды. Шаюды фильтр қағазына тамызылған фильтрат тамшысы кебу кезінде майлы дақ қалдырмаған кезде, тоқтатады.


Стакан қабырғаларында тұрып қалған мұнай өнімінің қалдықтарын немесе қатты қоспаларды шыны таяқшамен алып, оны фильтрде ыстық таза бензинмен жуады.
Фильтрлеуден кейін тұнбаны жуғыш арқылы қыздырылған бензинмен жуады. Жууды фильтрде мұнай өнімдерінің ізі қалмағанда және еріткіш түссіз және мөлдір болғанда тоқтатады.
Жууды аяқтаған соң тұнбаны фильтрмен таза фильтр кептірілген, қақпағы ашық бюкске ауыстырып, кептіргіш шкафта (105±2)0С температурада 45 минуттай кептіреді. Бюксті қақпақпен жауып, эксикаторда 30 мин кептіріп, массаны өлшеу қателігі 0,0002 г-нан аспағанша өлшейді.
Жұмыс нәтижесін өндеу
Механикалық қоспалардың массалық үлесін (Х) келесі формула арқылы есептейді:
Х= m1 –m2 * 100
m3
мұндағы, m1 – қағаз фильтрі және механикалық қоспалары бар бюкс массасы немесе механикалық қоспалары бар шыны фильтр массасы, г;
m2 – дайындалған ақ қағаз фильтрі бар бюкс массасы немесе дайындалған шыны фильтр массасы, г;
m3 сынама массасы, г.
Зерттеу нәтижесі ретінде екі параллель анықтаудың орташа арифметикалық мәнін алады.
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Механикалық қоспаларды қандай әдіспен анықтауға болады?

  2. Механикалық қоспалардың мұнай өнімдеріне әсері қандай?

  3. Механикалық қоспалардың қайсысы ең зиянды болып табылады?




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет