Ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі36,86 Kb.
#85969
1   2   3   4   5
Байланысты:
Домбыра
Документ (1), Документ (1), Документ (1), Документ (1), Документ (1), Документ (1), Документ (1), Документ (1), Документ (1), Документ (1), Қыздар күні
[Көп ішекті домбыралар
Қазақтың музыка мәдениетін зерттеушілер күні кешеге дейін өткен ғасырдағы этнографтардың көп ішекті домбыралар жайында жазып қалдырған еңбектеріне жөнді мән бермей келген еді. Ал Семей облысынан үш ішекті аспаптар мен үш дауысты бірегей күйлер кездескеннен кейін ғалымдар бұл мәселедегі көзқарастарын өзгерте бастады. Қазақтарда бұрын өзінің қүрылысы жағынан үш ішекті көне шертерге ұқсас көп ішекті домбыра болғаны жайында бұл күнде қосымша деректер табылып отыр.
Бұрынғы кезде көп ішекті домбыралар Қазақстанның түрлі облыстарында болыпты. Мұны А. Алекторовтыңу Д. Исаевтың, П. Юдиннің және басқа этнографтардық мәліметтерінен көреміз. Осындай мақалалардың бірінен мынадай жолдарды кездестірдік.
«Қырғыздардың музыкалық аспаптары қызығарлықтай емес. Олардың бар болғаны бубен, джибизги және думбралар (думбра — үш немесе төрт ішекті аспап, біздің балалайкаға ұқсайды)».
Үш ішекті, кейде шанағының ішінде тартылған қосымша ішектері тағы бар, өте көне домбыралар Семей облысының Абай, Шұбартау және Жақа Семей аудандарында жиі кездесетін.
Семей облысында үш ішекті домбыра тартудың тамаша шеберлері көп болған. Солардың бірі Тілеулі Мамырбековтың репертуарында ондаған күйлер болыпты. Ол кісі, мысалы, «Боз айғыр», «Қара жорға», «Қара атты», «Көк атты», «Боз жігіт», «Асан Қайғы», «Қорқыт» сияқты күйлерді нәшіне келтіре орындаған. Ұлы Абайдың баласы Ақылбай мен немересі Исраил үш ішекті домбыраны шебер тартқан екен. Исраилдің өзі де бірнеше күй шығарған, бірақ өкініштісі, ол күйлер бізге жетпеді. Қазір Семейдегі республикалық әдеби-мемориалдық Абай музейінде үш ішекті домбыра сақтаулы:

  • Олардың бірі Исраилдің домбырасы. Ол тұтас ағашты ойып жасалған. Бет қақпағы ағаш шегелермен бекітілген, оған тарамыс перне байланған.

  • Екінші домбыраның шанағы бөлек-бөлек тақтайдан құрастырылған. Жоғарғы және төменгі қақпақтары фанерден жасалған. Он екі пернесі бар.

  • Үшінші домбыраны ұлы ақын-ағартушы Абай Құнанбаев пен оның досы Н. Долгополов Семей өлкетану музейіне 1885 жылы тапсырыпты. Ол да тұтас ағаштан ойып жасалған. Ағаш шегелермен бекітілген бет қақпақта үш шағын ойық бар. Жоғарғы тиек жоқ. Мойынға бес перне байланған.

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының аға ғылми қызметкері А. Серікбаева басқарған фольклорлық экспедиция 1965 жылы жазда Семей облысы Абай ауданындағы М. Әуезов атындағы совхозда болды. Экспедиция мүшелері үш ішекті домбырада М. Әзімханов орындаған жеті бірегей күйді жазып алған. Олардың ішінде: «Қалмақтың би күйі», «Панкратов», «Қазақтың би күйі», «Сары өзен», Ағашаяқтың екі күйі және «Сылқылдақ» бар.
Кейін консерваторияның фольклор кабинетіне осы ауданнан үш ішекті домбыра келіп түсті. Бұл домбыраның шанағының ішіне даусын күшейту үшін квартаға келтіріліп екі металл қосымша ішек тартылған. Аспап тұтас ағашты ойып жасалынған. Ағаш пернелері қозғалмайды. Тиектің ішек үшін жасалған үш кертігі бар. Бұл оны сақтау үшін істелген. Аспап квинта мен квартаға келтіріліп бұралады.
Көп ішекті және екі ішекті домбыралардың құрылысында ұқсастық көп. Көп ішекті домбыралардың мойны қысқа, пернелері жылжымалы болған. Шығыс облыстарда кездесетін екі ішекті домбыралардың да мойны нақ осындай. Екі қосалқы ішегі бар екі ішекті домбыралар да кездеседі. Кейбір домбыраға сым ішек тағыла бастайды. Кейін жылжымалы пернелер тұрақты мыс пернелермен алмастырылды. Қосақталған екі сым ішекті және пернелері тұрақты бірегей домбыра 1967 жылы Талдықорған облысының Панфилов ауданынан табылды. Ол бұл күнде автордың музыкалық коллекциясында сақтаулы.
Екі ішегі аспаптың шанағының және мойнының ішінен өтетін домбыралар да бар. Оларда төрт немесе екі құлақ болады. Құлақ екеу болғанда ішектер мынадай ретпен тағылады: екі ішектің ұштары мойынға шалынады да мойынның ішіне жіберіледі, одан әрі шанақтың төменгі бөлігіндегі ролик арқылы сыртқа шығарылады, одан соң сырттан керіліп екі құлаққа бекітіледі. Міне, осы себепті құлақты бұрағанда ішкі және сыртқы ішектер бір мезгілде күйге келтіріледі. Дина Нүрпейісова атындағы халық аспаптары оркестріне қатысушы Қапар Темірәлиев 1960 жылы жасаған домбырада төрт ішек бар. Олардың екеуі шанақ пен мойынының ішінен өтеді. Төрт құлақ болуы арқасында әр ішек жеке күйге келтіріледі. Ішкі ішектер сыртқылармен унисон түрінде күйге келтіріледі де, аспаптың даусын күшейте түседі. Мойынның сағасының бір бөлігі ашық қалдырылады, ол ішек үзілген кезде жаңасымен ауыстыру ыңғайлы болуы үшін қажет.
Домбыраға қосалқы ішек тағылуы және ішекті қос-қостан тағу ол кездегі музыкант орындаушылардың аспаптың үнін жетілдіруді мақсат етіп, үнемі ізденіс үстінде болғанын көрсетеді. Қостанай облысының Боровское ауданында шанағының ішіне қоңыраушалар ілінгек домбыралар да кездесті. Мұндай домбыра жасаушы шебердің бірі — Саубай Ахметов екен. Таулы Алтай автономиялы облысының Қосағаш ауданында бұрын халық композиторы Бейсен деген кісі тұрған екен, ол үш дауысты күй шығарыпты.
Үш дауысты күйлерді алғаш зерттеп көргеннің өзінде-ақ олардың өзгеше әуезділігі байқалады. Музыка зерттеушісі Л. Тарасова үш дауысты «Сылқылдақ» күйікің ладо-тональдық, метрикалық, құрылымдық және басқа сипаттарын талдай келіп: «бұл күй бізге бұған дейін: белгілі күйлердің бәрінен мүлде өзгеше екен. Бүған «кінәлі» оның үш дауыстылығы, осы үш дауыстың нәтижесінде өте бір ерекше комплекстер, қазақ музыкасы үшін мүлде өзгеше әрі жаңа әуендер өмірге келген».
Көп ішекті домбыраларды тарту мәнері Қазақстанның, шығыс облыстарындағы домбырашылардың тартысына ұқсайды. Яғни күйлер ішектерді жеке-жеке шертіп ойнау тәсілімен орындалады. мұндай тәсіл республикамыздың бұл аймақтарында үш ішекті домбыраның сақталуына себепші болған. Үш ішекті домбырада орындалатын күйлер өзгеше естіледі және олардың орындалу тәсілі де басқаша.
Екі ішекті және үш ішекті домбыралардың көп ішекті жетігенмен және үш ішекті шертермен үқсастығы да жоқ емес. Үш ішекті домбыра тартудың қалыптасқан дәстүрін қазақтың аспаптық творчествосы дамуының неғүрлым ертеректегі кезеңіне жатқызуға болады. Домбыраның жетілдірілуі аспаптық музыканың дамуымен тығыз байланыста жүріп отырған. Бірі-біріне ұқсамайтын орындаушылық екі дәстүрдің орын алуын құрылысы және сыртқы түрі жағынан басқа-басқа екі түрлі домбыра жасалуына себепші болды. Осының бәрі қазақ халқының музыка мүрасын байыта түсті. Қазақстанның орталық, оңтүстік және шығыс облыстарының орындаушылық дәстүрі әлі күнге дейін жете зерттелінбей отырғанын айта кету керек.
Советтік заманда Қазақстанның аспаптық музыкасы дамытылуына байланысты екі ішекті домбыра жетілдіріліп қайта жасалды да оны тарту шеберлігі биік сатыға көтерілді. 1943 жылы Құрманғазы атындағы Қазақтың халық аспаптары оркестрі ұйымдастырылған шақта домбыраның бірнеше түрі бірден жасалынған-ды. Оркестрге әр жылдары жетекшілік еткен А. Жұбанов, Л. Хамиди, Л. Шаргородский, Ш. Қажғалиев, сондай-ақ музыка аспаптарын жасаушы шеберлер И. Романенко мен Қ. Қасымов домбыраны жетілдіру және домбыраның мүлде жаңа үлгілерін жасау жолында қажымай-талмай көп еңбек сіңірді. Домбыра мен қобыз Осакаровка музыкалық аспаптар фабрикасында және Алматыдағы мебель фирмасының музыкалық аспаптар цехында жасалынуда. Ал оларда жасалынып шығып жатқан аспаптардын, саны да, сапасы да аспапқа қойылатын талаптан көп төмен. Аспаптарды көптен шығару ісінің жолға қойылмай отырғаны, яғни сапалы аспаптың тапшылығы көркемөнерпаздар үйірмесінің кең қанат жайып дамуына, жас музыканттарды тәрбиелеп баулуға кедергі болып отыр.
Қазақ ССР Министрлер Советі музыкалық аспаптарды шығару және сапаларын жақсарту жөнінде 1968 жылы 27 февральда қаулы қабылдаған болатын. Осы қаулыға сәйкес аспаптардың қолданылып жүрген түрлерін қайта жасауды және көне аспаптарды қалпына келтіруді қолға алған эксперименттік лабораториялар жұмыс істей бастады. бұл кезеңде ағаштың физикалық-механикалық және акустикалық қасиетін зерттеп анықтау барысында біраз жұмыстар атқарылды. Аспаптарды жобалау қазақ аспаптарының көне үлгілерін, сондай-ақ халық шеберлерінің тәжірибелері мен дәстүрлерін, этнографиялық материалды зерттеп-игеру негізінде жүргізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет