Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романындағы диалект сөздердің қолданысы: Бес күн бойы қарсы алдынан тандырдың



бет7/13
Дата03.07.2020
өлшемі35,89 Kb.
#74861
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
диалектология готов
1. Дидактикалық материалдар. Қосымша 2. Нұсқа 2., Айтыс мақала, Абай шығырмашылығындағы эстетикалық көзқарас
Ашамай (Семей,Абай) жауыр түйеге арнап жасалған ер сияқты ағаш [Диалектологиялық сөздік, 97-б].

  1. Шарапқа аямай тойып алған сыптығыр қараның ұзын мойыны едірең мұрттының зіл жұдырығына төтеп бере алмай , көк есектің мойынына таққан қоңыраудай әрлі-берлі бұлғаңдай береді (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 159 б).

Сыптығыр (МХР) арықша, ашаң [Диалектологиялық сөздік, 606-б].

  1. Тағзым еткен күйі жұп-жұмыр бөксесіне сарғыш шытыра көйлектің етегін бүлк-бүлк тепкілетіп, тек әйел ғана ойлап таба алатын бір әдемі әзәзіл жүріспен есікке жылысты(Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 163 б).

Шытыра (Көкш., Қ.ту, Жез.) кимешектің айналасына қадайтын күміс [Диалектологиялық сөздік, 758-б].

  1. Әлгі бір жан-жақтан дікеңдеп қоя берген көп оспадар сауалдар да табан астында жым болып, әлдеқайда жым-жылас жоғалып кеткендей (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 166 б).

Оспадар (Көкш., Щуч.) сотқар адам [Диалектологиялық сөздік, 541-б].

  1. Тұла бойы тұңғышының сол қылығы есіне түскенде бұның асқар таудай көңілі күрт жығылып, бір түрлі шөжіп қалады (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 166 б).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет