Ә. Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі,орыс тілі,ағылшын тілі


-2019 оқу жылының жұмысына талдау



бет6/9
Дата11.12.2021
өлшемі67,01 Kb.
#78992
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ӘБ Қазақ тілі,орыс тілі,ағылшын тілі
ҚТ ТЖБ 5-сынып
2018-2019 оқу жылының жұмысына талдау

Оқу жылы бойы жетекшілік, бақылау сұрақтары, әдістемелік – ұйымдастырушылық сұрақтары қаралған бес әдістеме бірлестік отырысы өткізілді. Отырыста мындай сұрақтар қаралды:

- қазақ тілі мен әдебиеті,орыс тілі,ағылшын тілі пәндері бойынша білім сапасын көтеру;

- қазақ тілі,орыс тілі,ағылшын тілі сабағында жаңа технологияны қолдану және одан әрі дамыту;

- мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;

- бірлестік онкүндігін өткізу;

- мектепішілік пән олимпиадасын өткізу;

- 9- сынып оқушыларының ОЖСБ-ға дайындығы;

- 11- сынып оқушыларының ҰБТ-ге дайындығы;

- дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс;

- оқу кабинеттерімен жұмыс;

Оқу жылының басында қазақ тілі мен әдебиеті,орыс тілі мен әдебиеті,ағылшын пәндері бойынша күнтізбелік жоспар құрылып, әдістемелік бірлестік отырысында қаралып, бекітілді. Басқару-бақылау жұмыстары бойынша ІІ санатты мұғалімге жоғары санатты, санаты жоқ мұғалімге ІІ санатты мұғалім тәлімгер етіп бекітілді.. Бірлестік мұғалімдері тәжірибе алмасу арқылы жұмысты нәтижелі жүргізуге тырысты.

2018-2019 оқу жылында бірлестікте 11 мұғалім қызмет етті.

Оқу жылының басында 22 қыркүйек ҚР Тілдер күніне орай онкүндік өткізілді. Онкүндік декадаға мектептегі барлық оқушылар қамтылып, олар әр түрлі сайыстар мен

іс-шараларға қатысты.

Қазан айында 3 -11 сыныптар арасында мектепішілік пән олимпиадасы өткізілді. Олимпиада екі турдан тұрды. Жеңімпаз оқушылар марапатталды.

Қазан айында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің онкүндігі жоспарлы түрде өткізілді.

Желтоқсан айында орыс тілі мен ағылшын тілі пән мұғалімдері апталық өткізді.

Пән мұғалімдері әр түрлі аудандық, облыстық семинарларға қатысып, пікір және тәжірибе алмасып тұрды және байқауларға, олимпиадаларға қатысты. 11 -сынып оқушылары қазақ тілінен ҰБТ тапсыруға дайындалып,апта сайын қосымша сабақ өткізілді. Пән мұғалімдері дарынды оқушылармен жұмыс жоспарын құрып, жыл бойы жұмыс жүргізді. Нәтижесінде олар мектепішілік, аудандық,облыстық байқауларға қатысып, өз білімдерін көрсетті. 11- сынып оқушысы Нұрлыбеқызы Аида аудандық пән олимпиадасына қатысып бірінші орынды иемденіп,олыстық олимпиададан ІІІ орынды алып келді. Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жоспары құрылып, жұмыс жүргізілді. Оқушылар түрлі байқауларға қатысып,жүлделі орындарға ие болып отырды.

Жыл бойы ақылы пән кабинеті жұмыс жасады. Ауданға дер кезінде есептер беріліп отырды. Кітапханамен тығыз байланыс жасалып ,ақын –жазушылырдың мерейтойлары мектепте аталып өтілді.Әдістемелік бірлестік мұғалімдері жыл бойы қазақ тілін дамытуда және білім сапасын көтеруде белсене жұмыс жасап, өз үлестерін қосты.


Әдістемелік бірлестік жетекшісі:  Г.Қойлыбаева



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет