Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі


Қазақ көркемөнеріндегі бейнелеудің орны



бет24/30
Дата05.02.2022
өлшемі2,57 Mb.
#1879
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30
5.2. Қазақ көркемөнеріндегі бейнелеудің орны
Көне дәуір адамдары өзін қоршаған орта, кеңістік суреттерін жартас беттерінде ғана бейнелеумен (сурет, таңба) қанағат тұтпаған. Қайта айналасындағы жан-жануарды аспан шырақтары - ай, күн, жұлдыздар бейнесін өздері жасаған әсем де көркем бұйымдарына түсіріп отырды. Сөйтіп, ерте дүние шеберлерінің ақыл-ой зейініне арқау болған табиғат сулулығы, олардың творчествосында өзінің жарқын суретін табады.
Қазақ мәдениетінің соның ішінде бейнелеу өнерінің ұлттық ерекшеліктері көне кезеңде бастап қалыптасқан. Оған тас дәуірінен қазіргі уақытқа дейін жеткен тарихи-мәдени мұраларымыз куә. Тас дәуірі және Андронов мәдениетінен жеткен мұраларды тарихи – мәдени мұраларды, сақ өнері мен орта ғасырлардағы түркі мәдениеті қалдырған ескерткіштерді, қазақ хандығы құрылған кезеңнен бергі мәдениет жәдігерлерін топтап, жіктеп және оның көркемдік белгілері мен мазмұндық мәніне талдау және салыстырмалы талдау, көркем теориялық және мәдени – философиялық анализ жасайтын болсақ, осы құбылыстарға тән жалпы ортақтықтарды байқар едік. Тарихы тереңде жатқан осы бір ортақ мұраның қазіргі жағдайы және дәстүрлі ұлттық мәдениетіміздің алдағы болашағы ұлтымыздың тағдырына бей-жай қарамайтын әр адамды толғандырмай қоймайды.
Қазақ халқының күнделікті тіршілікте өнерді табиғи күйінде асқан үйлесімділікпен пайдалана білуі аса маңызды болып табылады. Бұрынғы және қазіргі кезеңдегі жоғары шеберлікпен орындалған халықтың өрнекті, оның заттық әлеммен үйлесімді байланысын зерттеу және меңгеру біздің қазіргі жағдайларымыздағы қол өнері үшін көп нәрсе бере алады. Киіз үйдің ішіне кірген келушіні ондағы орын - орнына қойылған сәнді дүние мүліктер таңдай қаққызары анық. Солғын қоңыр өрнектелген киізбен жабылған көшпенділер үйінде ағаш керегесі мен уығы жұқа мата жолағымен керілген. Қабырғадағы киіз бен мата қоржындар, сырмақтар мен текеметтер, кілемдер, түсті сандықтардың әр түрлі жапқыштары, өрнекпен әшекейленген былғары құтылары, ағаштағы оюлары - осының барлығын киіз үйдің қоңыр салқын көлеңкесінен кездестіруге болады. Барлық жерде өрнек. Ол тұрмыспен, халық өміріндегі әрбір оқиғамен тығыз байланысты. Жас жұбайлардың отауына ірі өрнектері бар сырмақтар ілініп, ою - өрнектердің құбылуы бүтін үйдің ішін түрлендіріп жіберді. Өрнек тек қана үйді, оның ішкі жайын ғана емес, адамдардың киімдерін де әшекейлейді. Әйелдердің бас киіміндегі (сәукеле) кескінді күміс тәжілер өрнектелген кестемен үйлесімін тауыпты.
Өрнектер әлемінің әр тұсында шынайылық бейнелерін, нақты заттардың нышанын табасыз. «Кілемдердегі қайталанып келетін сәндік өрнектердің қосарланған ырғағында, былғары құтылардағы безендірілген көріністерде, қоңыр түспен өрнкетелген тоқылған алашаларда, сілемденген зергерлік бұйымдарда көшпелілердің халық шаруашылық қиялымен өңделген қоршаған шынайы әлемін көруге болады. Ол өрнектерде өзінше әуен үндестігін тапқан»,- деген суреттемеде суретшінің тақырып, сюжет және форма ізденістері үшін керемет ойлар жатқан жоқ па? (А.Х. Маргулан. Казахское народное прикладное искусство. Т.1. - Алма-Ата, изд-во "Өнер", 1986. - 123 б.
Бұл жай келтіре салған жолдар емес. Егер осы көрініске сол күйінде назар аударып, тереңнен қарастыратын болсақ, ұлттық өнердің өлмейтіні хақ . Жалпы айтқанда, бейнелеу өнерінің өткеніне зер салып, қазіргі таңдағы көрінісіне талдау жасасақ және оның болашағына көз жүгіртер болсақ, осы бейнелеу өнерінде қалыптасқан өзіміз білетін классикалық пікір мен қазақтың дәстүрлі шығармашылығы және осы шығармашылық негізінде пайда болған дәстүрлі халық өнері туындыларының өзіндік табиғатын, бейнелеу өнері мен дәстүрлі өнер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды, олардың өзара әсерлері мен жүйелі даму заңдылықтарын ескеруіміз керек. Ол үшін біз, бір жағынан, бейнелеу өнерінің бір аймағын қамтитын заңдылықтарға назар аударамыз. Оның реализм шеңберіндегі көріністері мен даму тарихында орын алған көркемдік, стильдік, жалпы халықтық сипаттағы бет – бейнесін анықтап алуға тиіспіз. Осы айтылған мәселенің екінші жағы бейнелеу өнерінің жалпы халықтық қасиеті мен бірге оның ұлттық ерекшелігі болатыны даусыз. Ал, ұлттық сипаттың қалыптасуы - өнердегі күрделі құбылыс.
Қазақстан суретшілері мен қол өнері шеберлерінің әр кезеңдегі түрлі дүниетанымдық тәжірибе мен көркемдік түйсіну дәрежесінде пайда болған өнер шығармаларына теориялық талдаулар жасаған уақытта бейнелеу өнерінің сан қилы тылсым сырларына үңілгеніміз жөн. Оған себеп қазір бейнелеу өнеріне және қол өнеріне көзқарас күн санап өзгеруде. Пластикалы, кеңістіктік әсемдік сипатына қарай заңды түрде қол өнері бейнелеу өнерінің бір саласы болып есептеледі.
Бұл живопись, графика және мүсін өнерінің бейнелеу саласы жағынан шындыққа жақындық қасиеттерін, яғни сурет өнерінің нақтылы нұсқаны дәл бейнелеу мүмкіндігіне ие екендігін баса айтып, оған екпінділік жасаған мен, егер суретші сомдаған бейне рационалды, ироционалды және интуитивті ақыл – оймен, адамның санасымен және сезімімен байланысты десек, халықтық дәстүрлі шығармашылық, соның ішінде қол өнері, ою - өрнек мүмкіндіктері бейнелеу өнері міндеттерін атқаратыны сөзсіз. Дегенмен дәстүрлі өнер – ғасырлар бойы сұрыпталып, нақышталып, тұрақты белгілері қалыптасқан өнер. Біз оның дәстүрлі мәдениетін тұтас қарастыра отырып, геобиологиялық, әлеуметтік жағдайлардың, діни – мифологиялық көзқарастың оның тарихи–табиғи қалыптасуында шешуші роль атқарғандығын, сөйтіп оның тұрақты белгілері осы жағдайларға байланыстықалыптасқандығын айтуымыз керек. Мұнда сәулет және қол өнері бұйымдарының өзіндік көркемдік пішіні, ою-өрнектің түзілімі мен пластикасы, бояу түсіне деген қатынасы, ауыз әдебиетінің көркемдік ерекшелігі мен ондағы кеңістіктің мифологиялық тұжырымдамасы біртұтас дүниетанымдық түсінікке, салт–жораға, философиялық категорияларға, тіршілік болмысына бағынған. Яғни дәстүрлі өнер шығармаларының өзіндік келбеті тұрақты белгілермен анықталады. Оның табиғаты реалистік, яғни бейнелеу үлгілерінен мүлдем бөлек.
Дәстүрлі өнердің реалистік бейнелеу өнерінен негізгі айырмашылығы халықтық өнерде көп жағдайларда тұрақты көркемөнер белгілері, яғни рәмізді белгілер қалыптасқан. Өзіндік канондық заңдылықтардан тұратын тұрақты белгілерде нақтылы нәрсенің бейнелері болмайды. Рәмізді бейне жеке нәрселерді бейнелемейтін, құбылыс категорияларын анықтайды.
Суретші Әбдірашид Сыдыханов айтқандай, «өнер ақылдан емес, жүректен жаратылады». Оның үстіне мұсылмандық дүниетанымда адам жаратушы емес, керісінше адамды да, бүкіл әлемді де жаратқан – жалғыз Алла. Мұхаммед пайғамбар: «Алла көрікті және сұлулықты ұнатады» - дейді. Дегенмен оның сұлулығын көзбен көруге мүмкіндік жоқ. Оны санамен, ақылмен, сезіммен, көңілмен түйсіне аламыз. Сондықтан да мұсылмандық түсінікте өнерді ақиқатты шын суретке және санмен анықталатын жалған суретке бөледі. Санмен анықталатын сурет өтпелі көңіл күймен байланысты. Ал оның ақиқаттық қасиеті санамен, ақылмен бағаланады. «Жүрегіңе сүңгі де түбін көзде; Сонан тапқан – шын асыл, тастай көрме» – деп Абай айтпақшы, суретші сыртқы көрініспен шектеле алмайды. Суретші және суретші жасап шығарған образды бағалайтын көрерменнің еншісіне субъекті бастаулардың танымы тиеді екен. Соған байланысты өнер индивидуальді сипат алады.
Дәстүрлі халықтық шығармашылықта өмір заңдылықтары үлкен масштабтарда ғарыштық биіктіктерден қарастырылғандай.
Адам баласы есін білгелі бері өнермен бірге өзін-өзі жетілдіріп, мәдени игіліктерін жасап келеді. Бізге белгісіз, бұлыңғыр ондаған мың жыл бұрын да өнердің бастапқы белгілері байқала бастаған. Атап айтсақ, тас дәуірінің алғашқы кезеңдерінің өзінде-ақ адамдар өнердің алғашқы нышандарын тудырып, ары қарай тудырып отырған, ары қарай дамытып отырған. Заттың әлемдік-тарихи практикасының негізінде, адамдардың еңбек әрекеті үдерісінде адамзат рухының байлығы қалыптасты, адамның эстетикалық сезімдері, оның әуезді құлағы, форма сұлулығын көретін көзі, сұлулықпен шабыттану қабілеттері дамыды. Өнер-мәдениеттің маңызды салаларының бірі. Сондықтан болар, «өнер мәдениеттің айнасы» деген қанатты сөздің қалыптасқандығы .
Таңбалы тастағы кескіндермен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмайсыз. Шынында да, өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі- оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылуы .
Сұлулық, әсемдік адамды ерекше бір жан ләззатына бөлейтін сезім тудырар қасиет. Соның нәтижесінде, өнер көңіл-күйді, сезімді білдіреді, соларға тікелей байланысты. Өнер адамды имандануға, жан дүниесімен біртұтас нұрлануға бастайды. Өнердің басты мақсаты - қандай да бір жетілу, кемелдену үлгісін, мұратын беру, әрі сол адамды талпындыру, құштар ету
Қазіргі өнерімізге келсек, ол алуан түрлі бағыттар мен нақыштарға толы. Оның түбегейлі мақсаты – шектеушіліктен бас тарту, өз шығармашылығын мейлінше толық түрде әйгілеу, жаңа пішін мен таным категорияларын пайымдау. Қазірге көркемдік кеңістікте оны бұрынғы кезеңдермен байланыстыратын және қазірдің өзінде болашақты болжайтын бағыттар да жеткілікті.
Қазақ этносына тән ұлттық ерекшеліктерді айқындайтын көркем туындылардан, суретшілердің қол таңбасынан философиялық ой толғанысымен мазмұндық мәнін іздейміз. Өйткені, өнер-эстетикалық қана емес, танымдық құрал. Дүниетаным –қазақ этносының эстетикалық түйсіну, мәдени-рухани дүниесіндегі айрықша құбылыстарының бірі. Мәдениеттің ұйтқысы болып саналатын түйсіну жүйесі ұлттық мәдениетті зерттеушілердің тарапынан жан-жақты қарастырылып келеді. Бейнелеу өнерінде, сезген кісі көнелік рухани болмыстың ғана емес, жаңа құндылықтар мен соны ізденістердің де өзіндік таңбасын көре алады.
Соңғы он жыл төңірегінде өнер авангардтық стильдің негізінде туындаған дәстүрлік элементтерге толы. Бүгінгі өнер дін, мифология, номадизмді, дәріптеуші, сопылық бағыт, суперматизм желістері, панк романтикалық немесе санадағы таңбалар бағытында өріс алған.
ХХ ғасыр бейнелеу өнері бағыттары мен ағымдарына толы болды. Мысалы: «экспрессионизм», «кубизм», «футуризм», «абстракционизм», «дадаизм», «сюррализм», «жаңа заттық», «риджионализм», «поп-арт», «оп-арт», «тот-арт», «ненонструктистік», «кинематикалық өнер», «қиялдық реализм», «кеңітік живописі» және «концептуальдық өнер». Бұл атаулардың дамуы, шығу тегі өнер шеберлерінің өзінің ішкі дүниесінің субъектік «Менін»айқындауға бағышталған. Осы өнерлердің барлығы «авангардтық» өнер аясына саяды. Авангардтық -өзіне дейінгі реалистік образдар дәстүрінен бас тартып, жаңа бір бейнелеу құрылымдарын, көркем шығарманың жаңа үлгідегі құрылысын іздеуде бағытталған көркемдік мәдениет саласы.
«Ою» галереясының өз атауын мағынасы тоқталатын болсақ, «ою сөзінің түп-төркіні - «ою - углублять», бірақ қазақта «ою» және «өрнек» деген сөз бірігіп латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Атына сай галерея иесі суретшілердің оюлы жұмыстарын ұйымдастырған. Қазақстан бейнелеу өнерінің соны кескіндемесі шығармаларынан өзіндік өрнектер табуға тырысады. «Ою» галереясының ерекшелігі – қазіргі кезеңдеі көркем шығармашылықтың өзаралығы мен қайталанбастығын ашып көрсетеді. Оған мысал, суретшілер мен мүсіншілердің ұйымдастырған көрмелері. Бұқаралық өндіріс дәуірінде тиражданбаушылықы өнердің маңызы құндылық критериіне айналды. Ұйымдастырып әр көрме арқылы талант дәлелденеді, өз бағасын алады. «Ою» галереясы кредосы – терістеу емес, адамзат өркениетінің үздік жетістіктерін аямай қордалау, яғни адамзаттың рухани, адамгершілік, мәдени құндылықтарын, өткен ұрпақтың уақыт талабымен, тәжірибесімен тексерілген қоғамның сакральді құндылықтарын қабылдау және сақтау жолы. Негізгі мақсаты – Қазақстан көркемөнер шығармашылық иелерін насихаттау және көмек көрсету барысында жұмыс істеу. Соның ішінде галереяның басты бағыты – реалистік жанрлар: живопись, графика, сонымен бірге бронза, ағаш мүсіндері, керамика көрмелер ұйымдастырды.
Қазіргі кезеңде Қазақстан көркемөнер туынгерлерінің әр буыны жалпы дүние жүзі өнері мен мәдениетіне өзінің баға жетпес жарқын үлестерін қосуда. Ұлтты өлтірмейтін - оның өзіндік қасиеті, төлтума мәдениеті, салт-дәстүрі, өнері. Оны жоғары бағалай білген халықтың дәрежесі жоғары болмақ. Олай болса, қазіргі замандағы қазақ көркемөнерінің даму процестеріндегі өзгешеліктер жөніндегі сөз қозғасақ, алдымен ауызға ілінер қазақ көркемөнерінің ғасырлар тоғысындағы тамаша туындыларын өмірге әкеліп жатқан бейнелеу өнерінің алатын орны ерекше.
«Рәмізді» живопиське тоқталайық. Бұл Қазақстан живописінде бұрын-соңды болмаған соны құбылыс. Оның шығармалары меңіреу құпиялыққа толы және сол терең сезімді құпиялылық керемет эмоцияға жетелейтіндей. Ә.Сыдыхановтың айтуынша, мұнда бірінші орында интуициялық кәсіптік тәжірибе тұр. Осы интуиция форма мен бояу түстері таңбаларының ішкі заңдылықтарына бағынған халықтық рухани бастаулармен тығыз байланысты.
Рәмізді живописі болғандықтан ол бір жағынан философиялық дүниетанымдық түсініктермен байланысты. Мұнда әрбір форма - белгі. Ал, ол белгі болғандықтан оның қалыптасқан тұрақты мағынасы бар. Мифопоэтикалық дүниетанымда затты, табиғатты олардың заңдылығы, ішкі мазмұны, даму жолдары арқылы қабылдауға, білуге ұмтылмайды. Бұл көзқарас бойынша, кез келген зат, құбылыс, табиғат – символ. Оның мазмұны заттың өзінен тыс жатыр\.
Екінші жағынан бұл логикаға бағынған концепциялық композиция емес. Ол жүректі жарып шыққан абстрациялы формалармен осы формаларды толықтыра түсетін бояу түстерінің Ә. Сыдыхановқа ғана тән ой – дүние құрауы. Мұнан бейнелі көрініс іздеп, оны крассворд секілді шешуге ұмтылсақ бос әурешілік болар еді.
Мұсылман мәдениетінде «батин-захир» деген түсінік бар. Ол ішкі және сыртқы бейненің сұлулықпен байланысты. Суретші жасаған бейне ішкі сана-сезіммен оқылғанда ғана толық. Көрерменнің міндеті сыртқы бейненің құпия, жұмбақ сырын білу. Формамен сомдалған образ өзінің терең мағынасымен ғана толық. Шын сұлулықты көрермен өзінің сана күшін жұмсай арқылы тани алады. Композиция құдіреті форма мен мазмұн үйлесімінде. Сондықтан Ә. Сыдыханов живописін бабалар рухы мен мұсылмандық дүниетанымның шын сұлулық жөніндегі категориялар бейнесі деп ұғуымыз керек. Бұл қазақ живописінің бүгінгі таңдағы ең биік сатыларының бірі десек еш артық айтпаған болар едік.
Осындай жалпылама рәміздік шығаршашылық арнасы арқылы Қазақстанның алдыңғы қатарлы суретшілерінің де шығармашылығы дами береді. Ә. Сыдыханов өзінің мифтік бейнелеу өнеріне қажетті ерекше код ретінде қазақтың рулық рәмізін, таңбалардың әр түрін ала отырып, оны бірте-бірте қошаған ортаны толықтыратын дүниеқүрылымдық ережелерге қарай түрлендіре алады. Дәуірдің астан-кеткенінен, стихияларынан, тарих дағдырынан өз тәртібін бейнелеп шығады. Оның бейнелеу шығармаларының қою материалдық туындысынан, ағымдағы өмірге тән таңба шоғырланады, сол арқылы түсінік, ой-сезім және сананың шағылысы пайда болады. Шарттылық, түстілік-фактуралық ізденіс Ә. Сыдыхановтың бейнелерінде өзіне ғана көзге көрінер дүниені бағындырады және оны өз заңдарына орай түрлендіреді.
Өнер, жым – жырт мұражай құшағынан сытылып шығып бүгінгі өмірге қауышуда, қазіргі қазақстандық қала интерьерінен өзіне лайық орын алуға ұмтылуда. Бұл енді ғасырлар беделінде аты белгісіз күйінде кеткен шеберлер сомдаған низами ою өнері емес, суреткердің жеке етене сыры, дүниетанымы, оның этникалық мәдениетті қалыпқа келтіру ісіндегі жеке үлесі. Қазіргі шеберлердің бірі ағаш ою, темір қию немесе зергерлік бұйымдар жасау сияқты байырғы қолөнер түрлерін жандандырып жатса (Д. Шоқпарұлы), бірі дәстүрлі кілемшілер, ши тоқушылар, киіз басушылар іске жаратқан материал мен техниканы пайдаланып қайталанбас өнер туындыларын сомдап жатыр. Бұл жердегі шеберлік, тек байырғы материал мен техниканы ғана емес, сондай – ақ дәстүрлі өнердің жекелеген элементтерін пайдаланудан да көрінеді. Алайда, аталмыш элементтер қайталанбас дара түйсік сүзгісінен өткізіледі. Бұрынғы қолданбалы мәнінен ажыратып алынған ою - өрнек элементтері қазіргі заманға сай сезім мен экспрецияға молыққан. Оңтүстік Қазақстандық шеберлер Жәңгір Үмбетов пен Амангүл Ихановалар әшекей жабдықтарын ғана дайындап қоймайды, сондай – ақ олар «құшкөн» деп аталатын жаңа қолданбалы өнер түрінің негізін қалады. Теріні өңдеуден бастап, бояп пішкенге дейінгі аралықтығы барлық технологиялық процесті көктей өткен авторлар қазіргі адамның бойында өшіп қалған, теріні сезіну, оның пластикасы мен қисапсыз бедерін көру, тосын символдық теңеулер табу қабілетін қайтадан оятады.
Олар өздерінің композицияларын аса нәзік көркемдік түйсікке сүйене отырып жасайды. Нәтижесінде адамды ойлануға, көргеніне шомуға, іштей етене тілдесуге шақыратын бірегей өнер туындылары пайда болады.
Бір көрген нәрсесінен мыңдаған мағына шығара алатын, жанымен тіл қатыса алатын бұндай қабілет – қазақтың бір басының ғана сипаты. Бұл өнер – қазақтың, сілтідей тұнған тыныштықта ғана бар көркімен қисапсыз сырымен танылатын күйді тыңдауына ұқсас құбылыс. Бұл асқақ, текті өнердің сырын әлем әлі тануға тиіс.
Жалпы шығыс мектебі суретшілері жанрлық картиналар салудың өзіндік қыр-сырын игеруге онша құлшыныс таныта қойған жоқ. Бұл кезең туындыларына ауыл өмірін поэтизациялау және кез-келген этнографиялық сюжетке символдық мағына беру тән болды. Қыл қалам шеберлері ұлттық болмысты тереңірек танытады ау деген мотив, сюжет, құбылыстарға баса назар аударды. Демек, бұл кезеңде, бейнелеу өнеріміз Қастеев көркем әлеміндегідей универсализмнен ажырады. Өз-өзіне сырт көзбен қарай білу арқылы суретшілер ұлттық тұрмыс—тіршіліктің еркше және қызықты сахналарын көркем бейнелеуге ғана емес, ұлттық діннің бастау көздерін тереңірек түсінуге, зерделеуге мүмкіндік алды. Жас көркем мектеп суретшілері адам мен табиғаттың бір тұтастығын, өмір заңдылықтарының мәңгілігін баяндайтын туындыларында, ежелгі мәдениетіміздің тәжірибесінде мықтап арқа сүйеді.
Ұлттық бейнелеу үлгілерінің (модельдерінің) рәміздік түсіндірмелерін беру құндылық бағдарлары енді қалыптасып келе жатқан елімізде мәдени тәрбие үдерісінде жан-жақты қолданыс таба алады. Ұлттық рәміздер мен дүниетанымдық ұстанымдарды игеру жас ұрпақты қазіргі өркениеттілік талаптарына сәйкес қалыптастыру ісінде де маңызды.
Қазіргі бейнелеу суреттемелерін және рәміздік бейнелерінен екі түрлі қорытынды шығаруға болады. Біріншіден, әрбір этномәдениеттің бейнелеу туралы түсіндірмесі оның ішкі құндылықтарымен айқындалады және өз дүниесінің мұраттары идеализацияланады. Екіншіден, этномәдениеттік бейнелеу суреттемелерінде оның сұхбатқа дайындығы көрініс табады. Бейнелеу суреттемелері туралы сөз қозғағанда мәдениеттің саяси астарын да ескеру қажет. Егер дәстүрлі мәдениеттегі бейнелеу суреттемелерінде рәміздік бейнелер басым болса, онда қазіргі саясаттандырылған бейнелеуде рәмізден саяси ұстанымдар басымдық танытады. Бұл жақсы ма, жоқ па? Күрделі мәселе.
Осы мәселені шешу үшін саясаттың моральдық және мәдени шектерін айқындап алған жөн. Егер саясат жақсылық пен жамандықты адами тұрғыдан ажырата біліп, жамандықты шектеуге бағытталса, онда бейнелеу суреттемелінде саяси сарындарды әдеп тұрғысынан бағалауға болады.
Семиотикалық мәдениеттануда рәміздің шарттылығына үлкен көңіл бөлінеді. Бұл жерде рәміз шарттылығы деп ондағы конвенционалдықты, көпмәнділікті, әр түрлі мәдени ая мен контекстіні атап өтуге болады. Мысалы, мұсылмандардың жасыл туы басқа өркениеттер мен мәдениеттерде бөлек символикалық мәнге ие болады. Белгі мен рәміздің айырмашылығын светофор мен тудағы қыранның өзгеше мағыналығынан көруге болады. Э.Кассирер атап өткендей, әркім өзінің символикалық дүниесінде өмір суреді. Басқаша айтқанда, рәміз мәдениеттанулық мәселе болып табылады. Адам мен бейнелеу дүниені білу арқасында дамиды. Жаратылыс жайлы біздің білімімізді толтыра отырып, дүние құбылысын ғылыми тұрғыдан танып түсінуге де біртабан жақындай отырып, жаратылыс жайлы білімімізді ғана байытып қоймай дүние келбетінің мәнін ашу керек.
ХХІ ғасырда басталған қазақ бейнелеуінің, оның құндылықтары, рәміздері, мұраттары мен ұстанымдарының шайқалуы ХХ ғасырдың басынан мүлдем ұлғайып кетті. Егер дәстүрлі қазақ мәдениетінің рәміздік тұлғаларына батыр мен би жатса, онда жаңа жағдаяттың рәміздік тұлғаларына типіне "пысық" айналады.
Ар-ұждан рәмізі қазіргі Қазақстан үшін де маңызды. Өйткені қазіргі реформа жүргізу сатыларының алғашқы кезендерінде халықтың мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ділі мен руханиятымен санаспайтын технократиялық ағымға негізделген саясат болып, оның қаншама теріс әсерін тигізгенін қазір ғана сезініп жатырмыз. Мен-мендік, қоғамдық пікірмен санаспаушылық, өткен тарихи сатыны толығынан терістеу, адамдардың бір-бірінен жаттануы, шен иелерінің жемқорлығы, екіжүзділік, тәкәппарлық т.с.с. келеңсіз құбылыстар тек адамгершілікке, ар-ұжданға негізделген саясат арқылы ғана жеңіледі. Оны естен шығармауымыз керек.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдардағы ұлттық санада саяси бағдарлар мен рәміздер басымдылық танытып бейнелеу өнер туындыларында өз іздерін қалдырды. Бұл түсінікті де. "Тәуелсіздік ауруы" деген құбылысты ТДМ-ның көптеген елдері бастарынан өткізді.
Жаңа жағдайдағы бейнелеу суреттемелерінде өркениеттілік пен ұлттық рәміздің арақатынасы ауқымды мәселеге жатады.
Адамның болмыстық бітімін айқындайтын мәдениет заман талаптарына сай өзіндік санасы мен дүниетанымдық бағдарламаларына ғылыми талдауды қажет етеді.
ХХІ ғасырдың табалдырығында тұрған қазақтың ұлттық мәдениеті үшін ғасырлар бойы жинақталған дәстүрлі үлгілерді сақтаумен қатар жаңа өркениеттілік құндылықтарын үйлесімді қабылдау келесі әрі өзекті міндетке жатады. Қазіргі бейнелеу суреттемелерінде ұлтсыздандырылған және тұлғасыздандырылған рәміздерден гөрі этномәдениеттердің төлтума белгілерін сақтайтын модель-үлгілер жоғары бағаланады. Зерттеудің көкейкестілігін "Бейнелеуді түсіну үшін алдымен өзіңді таны" деген ұстаным арқылы түсіндіруге мүмкіндік бар. Әрбір адам кұнды екендігін мойындау сол адамдарды тұтастандырып тұрған этномәдениеттің де кұндылығын мойындау болып табылады.
Бүгін Қазақстан Республикасында көп-ұлттық әлеумет жағдайында бақылаусыз, талғамсыз жүріп жатқан мәдени үдерістер жеңіл үрдісті, ұлт пен ұлыстың сана-сезімін уландыратын бөтен үлгілерге әкелуі мүмкін. Сол себепті бейнелеуді ұлттық рәміздер тұрғысынан суреттеу актуалды мәселеге жатады.
Қазіргі құндылықтары қайта қаралып жатқан қазақстандық қоғамдағы мәдени дағдарыстан өтіп, жаңа өркениеттілік талаптарына сай дүниетанымды қалыптастыру үшін қазақ мәдениетінің уақыттық кеңістіктік формаларында суреттелген бейнелеу бейнелері мен олардың рәміздік негіздерін зерттеу басты мақсаты болып табылады.
Ұлттық бейнелеу үлгілерінің (модельдерінің) рәміздік түсіндірмелерін беру құндылық бағдарлары енді қалыптасып келе жатқан елімізде мәдени тәрбие үдерісінде жан-жақты қолданыс таба алады. Ұлттық рәміздер мен дүниетанымдық ұстанымдарды игеру жас ұрпақты қазіргі өркениеттілік талаптарына сәйкес қалыптастыру ісінде де маңызды.
Бейнелеу өнері - дүниені көзбен көріп түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнері негізінен кескіндеме, мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы тиіс. Сондықтан шартты түрде оларды да бейнелеу өнері қатарына жатқызамыз. Сондай-ақ, театр, кино, теледидарға безендіруді, көркем дизайнды да бейнелеу өнері ретінде таниды. Бүл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болды. Бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл өнер танымдық, қүндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда бейнелеу өнерінде шектеулі, о л негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді. Суретші өз көзімен көріп,түйсінген шындығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары түптік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке композициясы, ырғақ жатады. Шығармалар заттық материалдан дайындалатындықтан оған пәндік, заттық болмыс пән. Бейнелеу өнерінің әр жанры қоршаған әлемнің бейнесін түрліше береді: кескіндеме түрлі түсті бояуды, графика түрі сызықтардың қиылысуын, көлеңке мен жарықтық астасуын, мүсін пластикалық үш өлшемдікті пайдаланады. Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы шығармалары мазмүнына қарай монументальді - сәндік және қондырмалы шығармалар негізінен музейлер, галереялар немесе үй интерьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады. Монументальді мүсін архитектура кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда, мекеме ғимараттарының қасбеті мен интерьерлерінде орналасады. Бейнелеу өнеріне тарихи даму процесі барысында қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ .
Қазақ халқының ежелден қалыптасқан, түп тамыры тереңнен тартылған тума төл мәдениеті бар, ол мәдениеттің өзіндік даму жолы, талай ғасырлар бойғы өз тарихы бар. Олай деуіміздің себебі, қазақ деген ел жер бетіндегі ең ежелгі елдердің бірі. Жеріміз қандай көне болса, халқымыз да сондай көне. Сонау ерте заманда-ақ өзіне тән мәдениеті, әлемдік келісіммен тығыз байланыса дамыған ќоғамы, өзіндік жазбасы, ерекше экономикасы, салт-дәстүрі, өнері, сан-салалы тіршілігі өркен жайған. Шығысы мен батысы Азия континентінің Еуропамен шектесетін тұсынан бастап Қытай шекарасына дейін, оңтүстігі мен солтүстігі Хантәңірі тауларынан бастап Солтүстік Мұзды мұхиттың бергі жағындағы Сібір тоғайларына дейін жарты жаһанды алып жатқан қазақ елі ешқашан да дүниежүзілік тарих сахнасынан түсіп көрген емес. Осынау орасан зор кең байтақ Ұлы Даланы мекендеген қазақ халқы өзінің екі жағындағы екі державаның оқымысты зиялыларының назарын үнемі аударып келген, әлі де аударуда.
Қазақ этносына тән ұлттық ерекшеліктерді айқындайтын көркем туындылардан, суретшілердің қол таңбасынан философиялық ой толғанысымен мазмұндық мәнін іздейміз. Өйткені, өнер - эстетикалық қана емес, танымдық құрал. Дүниетаным – қазақ этносының эстетикалық түйсіну, мәдени-рухани дүниесіндегі айрықша құбылыстарының бірі. Мәдениеттің ұйтқысы болып саналатын түйсіну жүйесі ұлттық мәдениетті зерттеушілердің тарапынан жан-жақты қарастырылып келеді. Бейнелеу өнерінде, сезген кісі көнелік рухани болмыстың ғана емес, жаңа құндылықтар мен соны ізденістердің де өзіндік таңбасын көре алады.
Соңғы он жыл төңірегінде өнер авангардтық стильдің негізінде туындаған дәстүрлік элементтерге толы. Бүгінгі өнер дін, мифология, номадизмді, дәріптеуші, сопылық бағыт, суперматизм желістері, панк романтикалық немесе санадағы таңбалар бағытында өріс алған.
ХХ ғасыр бейнелеу өнері бағыттары мен ағымдарына толы болды. Мысалы: «экспрессионизм», «кубизм», «футуризм», «абстракционизм», «дадаизм», «сюррализм», «жаңа заттық», «риджионализм», «поп-арт», «оп-арт», «тот-арт», «ненонструктистік», «кинематикалық өнер», «қиялдық реализм», «кеңітік живописі» және «концептуальдық өнер». Бұл атаулардың дамуы, шығу тегі өнер шеберлерінің өзінің ішкі дүниесінің субъектік «Менін»айқындауға бағышталған. Осы өнерлердің барлығы «авангардтық» өнер аясына саяды. Авангардтық -өзіне дейінгі реалистік образдар дәстүрінен бас тартып, жаңа бір бейнелеу құрылымдарын, көркем шығарманың жаңа үлгідегі құрылысын іздеуде бағытталған көркемдік мәдениет саласы.
Қазақ бейнелеу өнері бір адам ғұмырына ғана жетерлік өте аз мерзімде өзгеру, өсу кезеңінен халықаралық ілтипатқа бөлену шағына дейін бүкіл даму сатыларынан өтті. Түптеп келгенде, бұл ортаға тарихи тұрғыда тән емес көркем ойлаудың жаңаша үрдісі, жаңаша ұлттық мектебі жасалды. Бұл мәдени құбылыс әлде де зерттеліп, саралана жатар, дегенмен, оның пайда болуы Еуропа мен Шығыстың (Азияның) көркемдік дәстүрлерінің өзара байланысының нәтижесінде мүмкін болғаны күмән тудырмайы.
Жалпы, әлемдік мәдениеттегі бейнелеу өнерін алып, қарастыратын болсақ, ХІХ ғасырдың соңына дейінгі бейнелеу өнерін «классикалық типтегі реалистік өнер» деп айта аламыз. Олай дейтініміз бейнелеу өнері Иран, Жапон, Қытай, Үнді т.б. елдердің өнерінде және батыс Еуропадағы алғашқы қауымдық кезеңнен бастап, Ежелгі Шумер, Мысыр, Грекия, Рим, қайта өркендеу дәуірі, жаңа кезең өнеріндегі классицизм, барокко, роккоко, академизм, романтизм, имперссионизм, постимпрессионизм стильімен көркемдік бағыттарында реализмнің әртүрлі құбылыстық көріністері байқалады.
 ғасырда өнерге деген қатынас өзгерді. Әрине, ол, біріншіден, ғылыми-техникалық жетістіктермен байланысты болды. Екіншіден, өнердің көркем өмірдегі роліне жаңа көзқарас пайда болды.
Ол ХХ ғасырдың басында байқалған көркемдік дағдарыстарға байланысты деп айтуға болады. Сондықтан өнер құндылығы, жалпы алғанда уақыт талаптары қойып отырған позициялық критерийлерге байланысты бағаланады. Сөйтіп, өнер бұрынғы реалистік формаларын жоғалтады. Оның орнына таза бояу таңбалары, оның кенеп бетіндегі шашырандылары, геометриялық формалар үйлесімділігінде құралған композициялар келді. Ол ол ма? ХХ ғасырдың алғашқы он жылдықтарында күнделікті қолданылатын тұрмыстық заттардан бастап жыртылған, өртенген кенептер, кейінрек сыраның, пепси - коланың банкілері, көптеген шегелер тізбегі қағылған орындықтар мен музыкалық аспаптар, бірге - бір орындалған адам муляж көшірімдері тағы басқа кездейсоқ немесе көрмеге әдейі дайындалған нәрселер әкеліне бастады. Одан кейін бейнелеу өнері ашық табиғат аясына шықты. Суретшіге кей жағдайда кәсіби машықтылығын жетілдірудің өзі қажет болмай қалды. Себебі өнер қатты индивидуальді сипатқа ие болып, кәсіби машықтылықтың орнына, кей жағдайда, интеллектуализм жетекші орын алды. Бұлардың бәрі ХХ ғасырға тән көркем құбылыстар еді.
Үшіншіден, философия мен психология саласындағы жаңа теориялық тұжырымдар, рационалдық пен иррационалдық, санаға байланысыздық, астарлық, интуиция, тұрақсыздық, олардың философиялық, психологиялық теориялық негіздемелерінің пайда болуы қоршаған ортаға жаңаша көзқарас бейнелеу өнеріне соны бағыттар әкелді.
Енді суретші қоршаған ортаны меңгеруге емес, өзінің санасындағы болмысқа қатыссыз психологиялық шиеленіс формаларын ұғуға, оны өзінің астарлы дүниесімен байланыстырып бейнелеуге ұмтылды. Немесе қоршаған ортаны, нақтылы объектіні өзінің эстетикалық көзқарасына байланысты шешуге, өзгертуге бағыт алды.
Осы құбылыстың бүкіл формалары қазіргі Қазақстан кескіндемесінде, мүсін өнері, графикасы және қол өнерінде көрініс тапты. «Сымбатты өнер болмаған елде мағыналы тіршілік жоқ. Қандай қауым, қандай тапты алсақ та қаны мен жанының суретін өнер айнасына түсірмей отыра алмайды. Өнерден қуат алмаса, тіршілік шырағы өшеді» (Ауезов М.О. Казахстанское народное творчество и его поэтическая среда // Тамыр. - 2001. - № 1(3). – 65-83 с. с.).
Бейнелеу өнеріне қазіргі кезеңдегі әлемдік мәдениет тудырған әмбебапты категоиялармен бірге ұлттық сипаттағы дәстүрлі мәдениет те өз әсерін тигізді.
Нищшенің көркемдік құндылықтар жөніндегі философиялық тұжырымымен қорытындылайтын болсақ, ол өнердің аполлондық және дионисийлік сипаты жөнінде алғаш айтқан ойшыл болатын. Нищше пікірінше адамның ең ежелгі көркемдік инстинксінің бірі өмірдің ауыртпашылығына, қиыншылығына және келіссіз сәттеріне қарсылық ретінде қабылдап алынған «аполлондық» образ еді. Аполлондық суретке келістілік, жарасымдылық, тепе-теңділік, тұрақтылық тән. Ол – сұлулықтың идеалды бейнесі.
Дионисийлік көркем образ Ф.Нищше бойынша өміршеңдігімен ерекшеледі. Онда трагедиялық басым. Сонымен бірге ол даналыққа, тылсым сырға толы. Ол шындықтың бетін ашып аполлондық өнердегі жалғандықты әшкерлейді. Соған байланысты дионисийлік өнер адам үшін әруақыт жалғандықпен, жасандылықпен, декоративтілікпен күресуге, өміршең, шыншыл қуат алу үшін керек.
Лессинг пікірінше еліктегіш табиғаттың тура көшірмесі не оның әдемі баламасы болуға тиіс емес.
Гете табиғатқа еліктегіш суретшілер жөнінде былайша: «Егер суретші итті тура сол күйінде аудармай бейнелесе, онда тура сондай екніші иттің пайда болғанына қуануға болады. Бірақ бұл жерде жаңа өнер шығармасы жөнінде айту қиын»,-деп мысқылдайды.
ХХ ғасырдың ұлы суретшісі Пабло Пикассо африканың дәстүрлі өнерін, ХVІІ ғасыр Веласкес өнерін қайта қарап, жаңа варианттарын берді. Матисс, Поль Гоген, П.Кузнецов Шығыс мәдениетін, жабайы халықтардың мәдениетін жаңаша меңгеріп, өзіндік тілмен сөйлеуге ұмтылды.
Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, суретші Д.Әлиев Брейгель тілін қазіргі Алматы тұрмыс - тіршілігіне, жаңа өркениеттілік тудырған салт-дәстүрге қатысты пайдаланса, Ресей және Қырғыз Көркемсурет академиясының толық мүшесі, Қазақстанға еңбек сіңірген суретші Е.Төлепбаев өз композицияларында ХVІІ ғасыр майталмандарын Рембрандт, Рибера секілді өнер саңлақтарының композициясына ХХ ғасыр тудырған дүниетанымдық көзқарастарға сәйкес жаңаша мән береді. Жалпы алғанда, бұрынғы әлемдік мәдениетке өз көзқарасын жаңа кенептер арқылы білдіру көптеген суретшілерге тән құбылыс ретінде көрінді.
Суретші В.Кандинский өзінің «Өнердегі руханилық жөнінде» атты мақаласында қазіргі өнер сыртқы ұқсастықтарға ұмтылатын реалистік өнерден бөлек «ішкі қажеттіліктердің» көрінісі болуға тиіс деп жазды.
Адам рухының қозғалыстарына негізделген «ішкі қажеттіліктер» үш негізгі элементтен тұрады. Ол өз жан - дүниесін бейнелеуге ұмтылып тұратын жеке адам, заманының рухын білдіретін стиль, құндылықты өзінен ғана іздейтін өнер мәнін айқындайтын көркемдік сипат.
«Сыртқы ұқсастықпен шектелетін нысан жөнінде айтатын болсақ, ол нағыз суретшінің жиіркенішін туғызды. Ал өнер шығармашылықпен анықталуға тиіс. Ол сыртқы нысанға байланыссыз «пластикалық шындықты» сомдауға ұмтылды. Заттық негізден ажыраған өнер «еркін өнер». Мұндай өнер объективтілікті ішкі қажеттіліктер тудырған шекара аумағында ғана бейнелейді. Табиғи формалар өзіндік айту тіліне шек қояды. Сондықтан оны қорықпай ығыстырып тастау керек».
Иррационалдықты пір тұту, түсінікті формалардан ауытқу өнер туындысын көпшілік үшін түсініксіз етті. өнер бұл жағдайда өзін түсінетін зиялы аз топқа қана қызмет етсе, оның өзі көпшіліктің жұртшылық жаңа өнерді түсінуден бас тартты. Шындығында да жаңа өнер олар үшін абсурдты, түсініксіз болды. Ол шындықтан ауытқып, өнерден алшақ кетті. Бұл аз топқа арналғаг, негізінен суретшілердің өзіне ғана бағытталған «таза өнер» еді. Өнер өнер үшін жасалады.
Мұндай өнерді Ортега-ге-Гассет өз еңбектерінде өте жақсы сипаттап шықты. Ол адамдарды осындай өнерді түсінушілерге және түсінбеушілерге бөлді: «Әлеуметтік жағынан қарағанда, менің ойымша, жаңа өнер адамдарды түсінетіндерге және түсінбейтіндерге бөледі. Басқа сөзбен айтқанда біреулерге өнерді түсінуге бағытталған арнайы орган бар, екіншілерінде ол жоқ – бұл адамдардың екі түрлі тұқымы. Жаңа өнер, романтизм секілді барлық адамдар үшін жасалмаған сыңайлы. Ол басынан таңдаулы азшылыққа бағытталған. Өнерді түсінетін адамға өнер шығармасы ұнамаған кезде ол өзінің артықшылығын сезеді, егер өнер туындысы түсініксіз болған жағдайда адам түршігіп, өзін қорланғандай сезінеді. Осы жағдайда ол өзінің «толық» адам емес екендігін біледі. Сондықтан өнер шығармасының алдында өзін ақтап алуға тырысады».
Жаңа өнерде бұған қарама - қарсы объективті жағдайларға байланысты қалыптасқан басқа қағида да болды. Қоғамда техникалық ой - сананы пір тұтқан жаңа эстетикалық дүниетаным қалыптасты. Қоғамдық өмірдің рационализациялануы көркем шығарманы интеллектуализацияландырды. Рационалды бастауды сезімдік түсінуден жоғары қоятын көркем мәдениет қағидасы осылай қалыптасты. Ол эстетикалық сезімді интеллектульді сипатқа ендірді. Ішкі құндылықтардан жұрдай сабырлы суық, келбетсіз әсерді, адамның жан-жылуын бөтендейтін геометриялық бейтарап нәрселердің рухсыз сипатын бейнелеу жаңа көркем шындықты тудырғандай болды. Технократиялық өркениет әсерінен туған көп халықтың арасында жалғыздығын терең сезінген табиғаттан алшақтығын бейнелейтін «машиналық» эстетика жасалды. Осы эстетикалық дүниетаным бейнелеу өнерінің кубизм, суперматизм, футуризм бағыттарында жақсырақ ашылды
Кеңес дәуіріндегі бейнелеу өнеріндегі көркемдік проблемаларды былай қойып, тек қана Қазақстан суретшілерінің 1990 жылдардан бері қарайғы шығармашылық ізденістерін мысалға алып қарастыратын болсақ, онда бұл этаптар республика көлемінде ешқандай кезеңге бағынбағанмен образды шешімдердің бүкіл түрі көрініс тапты деп айтуға болады. Оған тек қана Алматының өзінде орналасқан әртүрлі галереялардағы көрмелерде орын алған көркем туындылар куә.
Бұл көріністердің өзіндік шығу көзі, табиғи өсу ортасы болған. Оны суретшілер өте жақсы түсінеді. Сондықтан көптеген суретшілер соқыр еліктеуден гөрі, осы ізденістердің философиялық мағынасын меңгеруге тырысады.
ХХ ғасырдың басында көптеген бағыттардың арасынан абстракционизмді бөліп алып қарауға болады. Абстракционизм пайда болысымен живопистің міндетіне бояу түсін әр түрлі лабораториялық жағдайда түрлендіру жолдары басталды. Оның архитектоникасы мен динамикасы басты орынға шығады. Абстракция өзіне дейінгі кубизм мен футуризмнен бөлектеніп, бояудың ойнақы әуендерін, соның әр түрлі қозғалыстарын тиімді етіп шешуге ұмтылды.
Абстракционизмнің атасы В.Кандинский болатын. Ол өзінің өнердегі руханилықпен байланысты еңбегін оған теориялық талдаулар береді. Кандинский абстракциялық өнерді: жаңа өмірді ашушы, мына өмірдің нақтылығынан гөрі суретшінің ішкі түйсігінің «ішкі әлемнің қажеттілігін (внутрений диктат) ішкі билігі» деп қараған.
Абстракциялық композициялар - иррационалды ойдың жемісі. Ми қатпарларына, не жүрек түкпіріне тереңірек бойлап, одан төл шығармашылық көздерін іздеу керек. Осы сапар барысында назарыңа ілінген құпияны көркемдік құрал-тәсілдермен бейнелеген кезде ғана нысанның табиғи тамырына жеткендей боласың. Сол кезде басым өзімдікі емес, ал қолым денемнен тыс басқа дүниенің құралы іспеттес әсер етеді. Сонымен қатар, реализм ешқашан суретшілерді қанағаттандырған емес деуге болмайды. Негізінен суретшілер бірдей болудан сақтанады.
Сондықтан З.Фрейд живописьті екіге бөледі: біріншісі қазіргі кезеңдегі «өз қалауың бойынша өмір сүру» және әлеуметтік талап «сыртқы қажеттілікке байланысты өмір сүру». Фрейдтен кейін суретшілер өз дүниесіне үңілген кезде интуитивті және иррационалды ой-сананың маңызына үңілді. Суретшілер дүниені образды сомдау және көрермендер (тұтынушылар) сол образды қабылдау барысында рационалды ой - санамен бірге, әсіресе, интуитивті және иррационалды ойға көңіл бөледі. Олар шектен тыс ұқсастық пен ешқандай өнер формуласына бағынбайтын абстракционизмге қарсы болды.
Рационалды өнер мен қазіргі живопись арасында романтиктер тұр. романтизм бірінші болып реалды живопистің тыныш ұйқысын бұзды деп есептеледі. Бірақ мұның бәрі Қазақстан суретшілері үшін өнер ізденістеріндегі бір жолы болатын. Осының өзін олар ұлттық өнердің өзіндік сипатын жоғалтпай пайдалану үшін жұмсады.
Қазақ халқының күнделікті тіршілікте өнерді табиғи күйінде асқан үйлесімділікпен пайдалана білуі аса маңызды болып табылады. Бұрынғы және қазіргі кезеңдегі жоғары шеберлікпен орындалған халықтың өрнекті, оның заттық әлеммен үйлесімді байланысын зерттеу және меңгеру біздің қазіргі жағдайларымыздағы қол өнері үшін көп нәрсе бере алады.
Кәсіпкер суретшілер халық шеберлерінен көп нәрсені үйрене алады. Бәрінен бұрын қоғамдық өмірге, мерекелерге, тұрмысқа өнерді енгізе білу маңызды. Өнер классиктері әр уақыт халықтық шығармашылықтан сусындап отырған.
Өрнектер әлемінің әр тұсында шынайылық бейнелерін, нақты заттардың нышанын табасыз. Кілемдердегі қайталанып келетін сәндік өрнектердің қосарланған ырғағында, былғары құтылардағы безендірілген көріністерде, қоңыр түспен өрнкетелген тоқылған алашаларда, сілемденген зергерлік бұйымдарда көшпелілердің халық шаруашылық қиялымен өңделген қоршаған шынайы әлемін көруге болады. Ол өрнектерде өзінше әуен үндестігін тапқан»,-деген суреттемеде суретшінің тақырып, сюжет және форма ізденістері үшін керемет ойлар жатқан жоқ па?
Бұл жай келтіре салған жолдар емес. Егер осы көрініске сол күйінде назар аударып, тереңнен қарастыратын болсақ, ұлттық өнердің өлмейтіні хақ. Жалпы айтқанда, бейнелеу өнерінің өткеніне зер салып, қазіргі таңдағы көрінісіне талдау жасасақ және оның болашағына көз жүгіртер болсақ, осы бейнелеу өнерінде қалыптасқан өзіміз білетін классикалық пікір мен қазақтың дәстүрлі шығармашылығы және осы шығармашылық негізінде пайда болған дәстүрлі халық өнері туындыларының өзіндік табиғатын, бейнелеу өнері мен дәстүрлі өнер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды, олардың өзара әсерлері мен жүйелі даму заңдылықтарын ескеруіміз керек.
Ол үшін біз, бір жағынан, бейнелеу өнерінің бір аймағын қамтитын заңдылықтарға назар аударамыз. Оның реализм шеңберіндегі көріністері мен даму тарихында орын алған көркемдік, стильдік, жалпы халықтық сипаттағы бет – бейнесін анықтап алуға тиіспіз.
Осы айтылған мәселенің екінші жағы бейнелеу өнерінің жалпы халықтық қасиеті мен бірге оның ұлттық ерекшелігі болатыны даусыз. Ал, ұлттық сипаттың қалыптасуы - өнердегі күрделі құбылыс.
Қазақстан суретшілері мен қол өнері шеберлерінің әр кезеңдегі түрлі дүниетанымдық тәжірибе мен көркемдік түйсіну дәрежесінде пайда болған өнер шығармаларына теориялық талдаулар жасаған уақытта бейнелеу өнерінің сан қилы тылсым сырларына үңілгеніміз жөн. Оған себеп қазір бейнелеу өнеріне және қол өнеріне көзқарас күн санап өзгеруде. Пластикалы, кеңістіктік әсемдік сипатына қарай заңды түрде қол өнері бейнелеу өнерінің бір саласы болып есептеледі.
Бұл живопись, графика және мүсін өнерінің бейнелеу саласы жағынан шындыққа жақындық қасиеттерін, яғни сурет өнерінің нақтылы нұсқаны дәл бейнелеу мүмкіндігіне ие екендігін баса айтып, оған екпінділік жасаған мен, егер суретші сомдаған бейне рационалды, ироционалды және интуитивті ақыл – оймен, адамның санасымен және сезімімен байланысты десек, халықтық дәстүрлі шығармашылық, соның ішінде қол өнері, ою - өрнек мүмкіндіктері бейнелеу өнері міндеттерін атқаратыны сөзсіз. Дегенмен дәстүрлі өнер – ғасырлар бойы сұрыпталып, нақышталып, тұрақты белгілері қалыптасқан өнер. Біз оның дәстүрлі мәдениетін тұтас қарастыра отырып, геобиологиялық, әлеуметтік жағдайлардың, діни – мифологиялық көзқарастың оның тарихи – табиғи қалыптасуында шешуші роль атқарғандығын, сөйтіп оның тұрақты белгілері осы жағдайларға байланыстықалыптасқандығын айтуымыз керек. Мұнда сәулет және қол өнері бұйымдарының өзіндік көркемдік пішіні, ою - өрнектіктің түзілімі мен пластикасы, бояу түсіне деген қатынасы, ауыз әдебиетінің көркемдік ерекшелігі мен ондағы кеңістіктің мифологиялық тұжырымдамасы біртұтас дүниетанымдық түсінікке, салт – жораға, философиялық категорияларға, тіршілік болмысына бағынған. Яғни дәстүрлі өнер шығармаларының өзіндік келбеті тұрақты белгілермен анықталады. Оның табиғаты реалистік, яғни бейнелеу үлгілерінен мүлдем бөлек.
Дәстүрлі өнердің реалистік бейнелеу өнерінен негізгі айырмашылығы халықтық өнерде көп жағдайларда тұрақты көркемөнер белгілері, яғни рәмізді белгілер қалыптасқан. Өзіндік канондық заңдылықтардан тұратын тұрақты белгілерде нақтылы нәрсенің бейнелері болмайды. «Рәмізді бейне жеке нәрселерді бейнелемейтін, құбылыс категорияларын анықтайды».
Бейнелеу өнері – көркем образ жасау барысында суретшінің бейнелеуші және айқындаушы құрал – тәсілдерді (бояу түсі, жағыс ерекшелігі, сызық, штрих, фактура, компазициялық кеңістіктің құрылым т.б) пайдалана отырып, жеке өзіне ғана тән қолтаңба сапасымен сөйлесу, яғни эмоционалды мазмұндық мәнді жеткізе білу әдісі.
Әрине, әр шығармаға нақты талдыу жасау мүмкін емес. Себебі шығармашылық көздері субъектиті бастаулардан нәр алады. Суретші Әбдірашид Сыдыханов айтқандай «өнер ақылдан емес, жүректен жаратылады». Оның үстіне мұсылмандық дүниетанымда адам жаратушы емес, керісінше адамды да, бүкіл әлемді де жаратқан – жалғыз Алла .
Мұхаммед пайғамбар: «Алла көрікті және сұлулықты ұнатады» - дейді. Дегенмен оның сұлулығын көзбен көруге мүмкіндік жоқ. Оны санамен, ақылмен, сезіммен, көңілмен түйсіне аламыз. Сондықтан да мұсылмандық түсінікте өнерді ақиқатты шын суретке және санмен анықталатын жалған суретке бөледі. Санмен анықталатын сурет өтпелі көңіл күймен байланысты. Ал оның ақиқаттық қасиеті санамен, ақылмен бағаланады. «Жүрегіңе сүңгі де түбін көзде; Сонан тапқан – шын асыл, тастай көрме» – деп Абай айтпақшы, суретші сыртқы көрініспен шектеле алмайды. Суретші және суретші жасап шығарған образды бағалайтын көрерменнің еншісіне субъекті бастаулардың танымы тиеді екен. Соған байланысты өнер индивидуальді сипат алады. Субъективті өнерге берілетін баға да субъективті.
Халықтың дәстүрлі өнердің тұрақты белгілерін меңгеру осы кезеңдегі талап – тілектерге арналған қол өнері бұйымдарының көркем шешімдеріндегі артитектоникалық және стильдік сипаттарынан да көрінеді.
Бейнелеу өнерінде дәстүрлі өнардің тұрақты канондық заңдылықтары бұзылғанмен халықтық өнердің керемет динамикалық ішкі энергиясы, үндестігі, философиялық ой – тәжірибесі реалистік өнер ұшін де маңызды.
Қазақ дәстүрлі шығармашылығында форманың, бояу түсінің, материалдық т.т. терең мазмұндық мәнге ие болуы немесе суретшілердің оларды сауатты пайдалана білуі арқылы компазицияның астарлы мағынасын, айтылатын ойдың идеясын күшейту көркем шығарманың табиғи сипатын арттыра түседі.
Ұлтты өлтірмейтін - оның өзіндік қасиеті, төлтума мәдениеті, салт-дәстүрі, өнері. Оны жоғары бағалай білген халықтың дәрежесі жоғары болмақ. Олай болса, қазіргі замандағы қазақ көркемөнерінің даму процестеріндегі өзгешеліктер жөніндегі сөз қозғасақ, алдымен ауызға ілінер қазақ көркемөнерінің ғасырлар тоғысындағы тамаша туындыларын өмірге әкеліп жатқан бейнелеу өнерінің алатын орны ерекше.
Еуразиялық кеңістіктің осы кезеңнің приоритеті оның абстрактілі облысында, рухани идеясында, анықталған заңдылықтары мен барға деге мағынасында, материалдығында, руханилықтан материалдықтың тәуелділігі адам әлемінің барлық таным баспалдақтарында мифологиядағыдай, дәстүрлі көзқарастағыдай, діндегідей (Тәңірліктен исламға дейінгі абстракті категориялары мен құдайылықтың көрінуінің басым болуы) сонымен қатар символикалыққа шарттылыққа, белгілікке Қазақстан өнеріндегі әр түрлі дискретті пласттардан басым орын беріледі.
Қазақстан мен Орталық Азиялық аймақтық өнеріне бұл процесс ғасырдың рухани сабағын игеруге әсер етпей қоймайды. Сонымен қатар, дәстүрлік этно-ұлттық көзқарастық негізге қайту жүзеге асырылды.
Дәстүрлі шығармашылық мүмкіндіктері реализм шеңберіне сия бермейді. Реализм көзге көрініп тұрған нұсқаны бейнелейді, ал халықтық өнерде таңбалар, ою - өрнектер мазмұндық мәнге және эмоциялы сезімге ие. Жасандылық әдемілікпен, сұлулықпен және сыртқы тиімділікпен шектеледі. Ал форманың табиғи сипаты өзінің терең мәнді идеялық мағынасымен энергиялық серпіліске ұштасады. Егер ол ұлттық рухани бастаулардан қоректенетін болса, оның табиғи сипаты да тереңдей түседі.
Өткен жолыңды қорытындылау, жете түсіну және бағалауға деген үмтылыс әр саналы түлғаға тән. Сондықтан, адамның осы қасиеті оның үлттық рухани түсінігінің жалпылама процестерін де анықтайды. Өнердің көркемдік кейіпкерлеріне дүниетанымының қандай идеялары, сезімдері мен принциптері жүзеге асырылатынын түсінуге бағытталған ұмтылыс, әсіресе дәуірлер тоғысында, мәдениет кезеңдері алмасар сәттерде ерекше орын алады. Сол себепті XXI ғасырдың табалдырығын аттар сәтте, біз өткен XX ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстанның көркем өнеріне не әкелгені, оған біздің қандай үлесіміздің бар екендігі туралы ойланбай тұра алмаймыз. Өткен жүзжылдықта түрлі инновациялармен қатар дербес мәдени феномен ретінде кәсіби көркемөнер мен мүсін өнерінің үлттық мектебі қалыптасты және өмірден өз орнын тапты.
Түрлі жағынан көріне отырып, осы дүниетанымдық принциптер дамудың бүгінгі күнгі сатысында да бейне өнерінің негізгі тірегі болып отыр және сол арқылы қазақтың бейнелеу өнерін жалпы дүниежүзілік мәдени кеңістікке үйлесімді түрде енгізуде. Осыған орай, бүгінгі күні бейнелеу және мүсін өнері қандай нысандар мен ерекшеліктерге ие болады деген сүрақ туады? Оның сарқылмас потенциалық қандай суретшілердің шығармашылығынан қандай ағымдарды пайда болуынан көре аламыз? Ата-бабаларымыздан қалған, ғасырлар бойы шындалған мұралармен байланысады, бүгінгі күні үлттық суретшілер мектебі кәсіби толысудың қай дәрежесіне жете алады?
Мәдениет әлеуметтік және саяси оқиғаларға тікелей және дәлме-дәл тәуелді болмағанмен, қоғамдық сананың нысандарының бірі болып табылады. Көркемсуретті нысандар өз тілімен үнемі адам сезіміндегі шамалы болсын өзгерістерді, оның рухани дүниесін көрсетіп отырады. Өнер өзінің мәнерлеу құралдары мен тәсілдері жүйесінде адам өміріндегі, оның ішкі дүниесіндегі өзгерістерді сөзсіз түрде көрсетеді, көп жағдайда оны ертерек сипаттайды, алдын алады, сол себепті әлеуметтік түлғаның даму динамикасын үйлестіреді және белгілі бір арнаға бағыттап отырады. Оның дамуының әр сатыларында алдыңғы қатарға түрлі басым идеялар шығады. Қазақтың кәсіби бейнелеу және мүсін өнеріндегі 80-90-шы жылдардың соңындағы қалыптастырудың ішкі логикасы айрықша талап еткен идея бейнелеу өнерін үлттық тұрғыдан дербес түрде сипаттау идеясы болды.
Келесі жайды айта кетуіміз керек, бейнелеу және мүсін өнері өз техникасы, техноголиясы, әлеуметтік қызметі тұрғысынан алғанда Батыстан әкелінген бейнелеу өнерінің жаңаболса да, оның бүкіл жолы, ежелгі қайнар булағы бар қазақ өнерінің қуатты діңгегінің жаңа көгерген бүлағы тәрізді үйлесе дамуға толы болды. Сюжеттер ғана емес, суретшілердің үлттық мінез-қүлқы, менталитеті, қоршаған ортаны түсіну және бейнелеу тәсілдері, тікелей немесе жанама түрде бейнелеу және мүсін өнерінің сырттан келген тәсілдерінің арасынан көп ғасырлық көшпелілік өмірге негізделген, өзіндік ерекшелігі бар үлттық сезімнің қайталанбас лебінің соғып түруына ықпал етті. Соңғы онжылдықтардағы өнердің ерекшеліктері үлттық сана сезімнің парасаттылық, философиялық дәрежесінің сапалық тұрғыдан алғанда өрлеуіне ықпал ететін, өнердің рухани толысуы мен жоғарғы кәсіби деңгейінің ұштасуы болды.
Қазақстанның XX ғасырдағы бейнелеушілік өнері 3-ші мыңжалдыққа парасаттылық және рухани толысқан түрде аяқ басты. Онда қазақтың көшпенділік мәдениетінің ежелгі тамырлары мәнін тапқан және түсіндірілген. Сол айтылған мәдениетке сай негізгі қаланған жалпы адамзаттық қүндылықтардың заман суретшілері дүниежүзі өнеріндегі әдептер және жаңа бағыттар арқылы, XX ғасырдың философия мен мәдениетіндегі ірі ағымдары арқылы өз шығармаларында ашып көрсетеді. Соның қорытындысы ретінде, инновациялар негізінде бір ғасыр бұрын пайда болған бүгінгі қазақ өнері рухани ерекшеліктерін жоғалтпау мен қатар, соған сай қайталанбас пластикалық өнер тілін қалыптастырды. Мүмкін сол себепті болар, нақты көріністердің сан алуан қырға ие болуымен бірге, Қазақстан өнері танымал қасиеттерімен де ерекшеленеді. Олар: түрмыстың әкзистенциалдық мәселелерін қатысты мүдделер; үйлесімділіктің адам мен табиғаттың бірлесе өмір сүруінің негізі; творчестволық көзқарастардың кең ауқымды болуы; үлттық мәдени әдет-ғұрыптар , мұраларының шектеулілігі; дүниежүзілік мәдени кеңістікке ерікті түрде енуі. XX ғасырдың соңғы онжылдығындағы және XXI ғасырдың басындағы Қазақстандағы бейнелеу өнері мен мүсіншілігін күнделікті өмірдің табиғатпен үйлесімділігі туралы асықпай айтылатын әңгіме, адам мен Универсумының үздіксіз байланысының философиялық жалпыламасының көркемсуреттік таңбаға айналуы деп түсінуге болады. Бүгінгі күн, суретшілерінің шығармаларында жүмбақтық метафоралары және мән мен толықтырылады және сол арқылы жанданады, адам мәдениетінің ежелгі ғарышын бүгінгі күндегі адам ой - санасының жаңа ағымдарымен байланыстыратын мәндер мен мазмүндар пайда болады, суретшінің өмірге деген махаббаты, оны түсінуге бағытталған мәңгілік үмтылысы да қайталанбас түрде өмірге қайта келеді.
Классикалық академиялық халықтың көпғасырлық тарихының өзіндік жылнамасын жасайды және менің ойымша, Қазақстан өнерінде ең маңызды орынға ие болды. Тарих пен мифологиялық сюжеттер, көшпенділердің өмірінен алынған фрагменнтер, далалық және таулы пейзаждар генетикалық есті бейнелі түрде жаңғыртуға, болмыстың мызғымас категорияларын үғынуға мүмкіндік береді. Бейнелердің байлығы, олардың мифологиялық мәні, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен салттардың тәжірибесі, дәстүрлі мәдениеттің трансляция талабына жауап береді және бейнелеу өнер құралдарымен ашып беруге мүмкіндіктер береді.
Реалдық әлемі дегеніміз? Әрине, мәдениеттігінің бәрі түтастай алғанда адам үшін, тарихи Адамзат тарихы реализмдық әлемі рухани көзге, естуге, түйсінуге арналған баршылық қана емес, сонымен қатар ішкі әлемімен игерілетін, адамның барлық қызметін басқаратын нәрсе екенін көрсетеді.
Қорыта айтқанда, суретші өзінің ойы мен сезімін толық таныту жолында, тек қана өзіне қажеттілерін екшеп алуда, яки толық қанды түтас образдарды жасау жолында ү_зақ дайындықтан өтті. Ол барлық бейнелеу әдіс - тәсілдерін жете меңгере отырып, кенепке немесе ақ қағазға салған әрбір бояудың түрін жігерлендіруші қуатты күшті айналдыра білді. Ол бір мезгілде өнердің міндете - көзге көрінген нәрсенің бәрін жазып ала бермей, ең алдымен -шындықты дұрыс және терең түсіну, зат пен қүбылыстың қүлшя сырларын жете ұғыну, сыртқы жалған көрініске құр еліктемей, оның ішкі әлемі, сезімін, ойын көре білу және оны бейнелеу өнерінің әр уақытта қолынан түспейтін, әркашанда қүлапта сақтайтын құралдармен дәл жеткізу қажеттігін жүрегімен ұғынды. Себебі, суретші алғашқы бояу жаққаннан-ақ, одан кейінгілерінде де салған суреттерін үнемі шындыққа жанаса ма және оған өзінің көзқарасы үйлесе ме деген жалғыз дара форманы тауып алғанға дейін кедергілергекездесе береді ғой. Әрине, бояу жағылған сайын формада жетіле береді, мазмұны да жақсара түседі. Суретшінің ойы мен сезімі заттың мәнісіне терең үңілген сайын, оның жеткен шегіне, сырт көрінісіне қанағаттануға тура келеді. Ал, егер салған туындысына көңілі толмай одан әрі іздене түссе, ілгері қарай жетілдіре берсе, тіпті жақсы, себебі іздену үстінде жоғын табады, машықтанады. Ал, болмысты творчестволық түрғыдан меңгере берудің тіпті де шегі жоқ қой. Басқалардың творчестосынан үнемі үйреніп және қадағалап отыру суретшінің өзін-өзі сезінуіне және өз еңбегіне сырт көзбен қарай білуіне көмектеседі. Сондай-ақ, суретші өз өнерін басқалардың творчествосымен салыстыра бақылап, оны суреткердің қоғамдық міндетімен, мән-мағына туралы жалпы ұғыммен байланыстыра қарай алуы қажет.
Кең мағыналы «реализм» ұғымының шексіз кеңістігінде еркін қалыптап жүрген Қазақстан өнерінің санқырлығын айқын танытатын осы ерекшеліктер 3-ші мыңжылдықтың басындағы Қазақстанның бейнелеу өнерінің шарықтауы туралы менің сенімімді қуаттайды. Бүгінгі танда Қазақстан өнері бірегей өркениетті ғарыш ретіндегі қазақ мәдениетініңсақталуы мен дамуындағы үлы жасампаз қызметі атқарады және әлемдік мәдени кеңістікке енуіне жол ашады.
Мемлекеттің негізгі мақсаты - ұлттық қауіпсіздікті сақтау дейміз. Ұлттық қауіпсіздікті сақтау - қорғаныс күштерін нығайтып, ел ішіне енген арам пиғылды адамдарды аңду ғана емес, ел азаматтарының бірлігін сақтау, рухы биік, өз ұлтының барлық асыл қазынасы мен асыл қасиеттерін бойына сіңіре білген, өз дәстүрі мен салт-санасын өзгеге айырбастамайтын саналы азаматтарды тәрбиелеп, қалыптастыру. Оның бірден-бір төте де сенімді жолы біреу-ақ, ол - жас үрпақты мәдениет арқылы тәрбиелеу. Мәдениет - көптеген тоғышарлардың түсінігіндей клубтар мен дискотекалар ғана емес, мәдениет - тіл, тарих, музыка, әдебиет, экран, телеэкран, т.б. Біз көп айта беретін үлттық идеология дегеніміздің өзі негізінен мәдениетке сүйенеді. Сондықтан біз шекараны қалай қорғасақ, мәдениетті де солай қорғауға тиіспіз. Қоғам мүшелерінің парасат деңгейі мен рухани биіктігі жоғары болған сайын мемлекет негізінің іргетасы да соғұрлым берік болмақ.
Осы қағиданы анық түсінгеннен кейін мемлекеттің алдынан мәдени дамудың бағытын таңдау, оны таңдағаннан соң сол дамудың стратегиялық концепциясын жасамай тұрып, мемлекеттік идеология туралы ойлаудың өзі жалаң идея, сөз жүзіндегі игі қана боп қалары даусыз. Қазақтың мәдениет және өнертану ғылыми-зерттеу институты осы концепцияны жүзеге асыру үшін арнайы бөлім ашып, іске кірісіп кетті.
Қазақстан - территориялық, экономикалық және геосаяси жағынан өзге мемлекеттерге үқсамайтын бірден-бір ерекше мемлекет. Оны қоршаған мемлекеттердің конфессиялық, экономикалық, саяси қүрылымдары мүлдем әр басқа. Бүған келіп, республиканың өз ішіндегі әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың тілдік және ментальдық әр алуандығын қоссақ, мәдени дамудың жалпы мемлекеттік стратегиясын жасап шығу оңайға соқпасы белгілі. Ол үшін әр түрлі тілдік, діндік және тарихи-мәдени ерекшеліктерді мен заң ғылымының өкілдері де белсене араласуы қажет .
Қазақстанның мыңжылдықтарихы бейне бір көз алдымызға Кіндік Азияның шетсіз-шексіз кеңісгігінде тіршілік кешіп жатқан адамдардың сандаған ұрпақтарының қолымен жасалған мәдени мұраны жайып салғандай. Бұрынғы және қазіргі кездегі қазақ шеберлерінің өнер шығармаларында айналадағы дүние турәлы адамның ең жарқын да асқақ ұғымдар санатындағы таным-түсініктері, әрбір шығарма иесінің ішкі әлемінде өмір сүретін бітім-болмыстың ең бастапқы үйлесімділігі жайлы оның армандары жүзеге асып жатады, сөйте келе бұл құбылыс оны тамаша өнер шығармаларын тудыруға шабыттандыра бермекші.

Каталог: upload -> Book
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Рухани-адамгершілік білімге байланысты әндер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет