Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі



бет26/30
Дата05.02.2022
өлшемі2,57 Mb.
#1879
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
6.2. Ою-өрнек – мәдениет айнасы
Ою-өрнек (латын тілінен аударғанда әсемдеу сәндеу) - әр түрлі заттарды, архитектуралық ғимараттарды әшекейлеуге арналған жүйелі ырғақ пен қайталанып отыратын әр үйлесімділікке құрылған өрнек – нақыштар. Ұлттық ою - өрнек өзіне тән белгілерінің жүйелерін қазақ халқының қалыптасуымен әрі республиканың қазіргі аумағын мекендеген Азияның басқа да халықтары мәдениетімен тығыз байланыста дамыды. Бұл ортағасырлық архитектуралық ғимараттардағы көгеріс және геометриялық ою-орнектерден (Айша-бибі, Ахмет Яссауи кесенесі) айқын көрінеді.Ою-өрнектің дәстүрлі тоқыма өнері үлгісінде, кестеде, ағаш, мүйіз, сүйек, металл мен теріге өрнек салу мейлінше жетілдіре түсті.
Ою - өрнек ісі тым ерте заманнан бастап – ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып,кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Қазақ көбінесе бір өрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын, сондай – ақ барлық қошқар мүйіз өрнектерін де ою дейді. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес.Сондықтан, ою - өрнек деп қосарланып айтылады.
Қазақтың өрнекті әшекеймен істелетін қолөнердің түрлері де, атаулары да өте көп. Солардың ішінде халық арасына көбірек тарағаны – ою өрнек. Ою - өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді.
Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Қазақ көбінесе бір өрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын, сондай-ақ барлық қошқар мүйіз өрнектерін де ою дейді. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді.
Ою-өрнектің біздің заманымыздан мыңдаған жылдар бұрынғы халықтарда да соншалық ескі дәуірден бері келе жатқан халықтық өнердің бір түрінен саналады. Біз осы еңбегімізде бұрын-соңды әдебиеттерде жазылып, өмірде күні бүгінге дейін жиі кездесетін мұралар мен қазіргі шеберлердің іс үлгілерін зерттеу нәтижесінде анықталған ою-өрнектердің 200-ден астам түрімен таныстырамыз. Бірақ - осынша көне әрі тың да жауапты мәселені әңгімелес бұрын кейбір ғылыми деректерге біраз тоқталып өтейік.
Қазақ ұлттық ою-өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар. Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып дамып келе жатқан өнер түрі.
Біздің жыл санауымыздан бұрынғы V-IIIғ. Аралығында Алтай өңірінен, Қара теңіз төскейіне дейінгі сайын даланы қоныстанған түркі халықтарының түп аталары – байырғы сақтар әлем мәдениетінде өнердің өшпес асыл мұраларын өнер жарықтарын қалдырған.
Аталмыш өнер кезеңінде академик Әлкей Марғұлан «Аң табы мәнері» деп ат берген. Есік обасынан, Шығыс Қазақстаннан қазылып алынған Алтын адам киімі осы аң мәнерінде жасалған өрнек.
Халқымыз молшылықты – дарияға, теңізге, бәйтерекке теңесе, батырды – арыстанға, қыран бүркітке теңеді. Сұлуды – ай мен күнге, хош иісті гүлге, құралайдың лағына, аққудың көркіне, тұрымтайдың көзіне теңеді. Сол сұлулықты ою-өрнекке түсірді, дамытты. Өнертанушылардың бірі, отызыншы жылдарда «Қазақ халқының өнері туралы» деген зерттеу мақала жариялаған В.Чепелевтің: Қазақтар тек ою-өрнек әлемінде өмір сүретін секілді деп, көшпелілер әлеміне тебірене көз тастағаны бар екен. Айтса айтқандай табиғаттың өзіндей сан алуан түсі бар ою- өрнектер көшпелі халықтың тәні мен рухына ажырағысыздай берік сіңісіп кеткен. Қазақ сахарасының ежелдегі қорымдарынан табылған алтынмен апталып, күміспен күптелген, жақұтпен зерленген қымбат бағалы бұйымдар мен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман – Шолпан», «Қобыланды батыр»жырларындағы суреттелетін көшкен ауылдың сансыз байлығы,ақ шаңқан киіз үйлер,алтынмен тігілген киім – кешек, бәрі де тарихи дәстүрлі сабақтастықтың қылау түспей ғасырлар бойына жалғасқанын айғақтайды.
Қазақ халқы ежелгі замандардан бастап, ұрпақтан-ұрпаққа өзіндік тарихымен, әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрімен өркениет әлеміне өзіндік ерекшелігімен мәдениетімен және қолөнерімен танымал болып келді.
Ұлттық мәдениеттің айрықша саласы – қолөнер, соның ішінде ою-өрнек болғандықтан, өнер шеберлерінің талабын зерттеу – болашақ жас ғалымдардың ісі. Қолөнер - баға жетпес асыл мұра, оны қорғай да, қолдай да білуіміз керек.
Ою-өрнек – халқымыздың қолданбалы өнерінің ең биік жетістіктерінің бірі. Бүгінгі күнге дейін өмір сүріп келген ою-өрнектер талай ұрпақтың ақыл-ойы мен шеберлігінің ізденіс жемісі.
Біздің мақсат – ата-бабалардан мирас болып келе жатырған дәстүрлі ою-өрнектерді ұмытпай, келесі ұрпаққа жеткізу.
Халқымыздың ғасырлар бойы өмір өткелінен өтіп, қилы-қилы кезеңдерде бір құлап, бір тұрумен келе жатса да, бар өнеге-өсиетін, әдет-ғұрпын, рәміздерін сақтап қалуға ұмтылып баққан халқымыздың қабақтары енді ашылып, жарқырады. Ел егемендігін алғаннан кейін қанымызға сінген салт-дәстүрімізді қайта жаңғыртуға көп көңіл бөліне бастады. Өмірге қайта орала бастаған ұлттық үрдістеріміз бен салт-дәстүріміздің көбеюі – соның айғағы.
Қарастырылған қолөнер түрлерінің қайсысын алсақ та, әрқайсысында өзіндік ерекшеліктің орын алатынын байқаймыз. Бұл ерекшеліктер ең алдымен халқымыздың басқа елдермен қарым-қатынаста, мәдениет саласында тигізетін әсеріне, қалыптасқан өнер дәстүріне байланысты демекпін.
Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. Ол мемлекеттік маңызы зор жұмысты іс. Дені сау, сезімі сергек, ақыл-ойы жетілген, сегіз қырлы, бір сырлы абзал азамат өсіру ісі халқымыздың ғасырлар бойғы арманы. Осы арман дене, ақыл-ой, адамгершілік, кәсіптік және эстетикалық тәрбиенің дәстүрлі қазақ мәдениетінің түрлері арқылы ұрпақтан-ұрпаққа заманалар бойы халықтың салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарында марапатталып, сіңіріліп, іске асырылып отырды.
Адамзаттың әр ұрпағы келесі ұрпағына лайықты түрде мәдени мұра қалдыруы парыз. Егер ол өз өмірінде, іздену жұмысында, артына өз дәрежесіне лайық із қалдырса, соны мақсат тұтса, сол адам ғана мәдениетті адам болып саналмақ.
Әлемдік мәдениеттің үздіксіз дамуының бір себепшісі болған қазақ ұлттық қолөнерінің ұлттық мәдениетте алар орны ерекше. Болашақ жастарды тәрбиелеуде дәстүрлі ұлттық қолөнердің көркемдік, әсемдік, қызығушылықты тудырары сөзсіз. Бұл ұлттық өнерді, ұлттық мәдениетті бағалауға баулиды. Ал ұлттық қолөнер, ұлттық мәдениет – болашақтың күн шуағы, тілі, ділі, рухани байлығы.
Шығыс халықтырының ою-өрнектеріндегі айшықтардың, мүйізге, жапыраққа, геометриялық тұлғаларға ұқсас сынық сызықтар, қатар сызықтар, дөңгелек және бұрышты сызықтар (үш бұрыш, төрт бұрыш, ромб тәрізді өрнектер) т.б. қайдан шықты екен дей келіп, біреулері кәдімгі геометриялық пішіндес құрылыстарын пішіндес құрылыстардан шықса керек десе, кейбіреулері жан-жануарлардың ішкі-тысқы көріністерінен, сүйек бітімдерінен шықса керек десті. Тағы біреулер өсімдіктердің әр түрлі көріністерінен (мысалы, сынып жатқан ши, ағаш бұталардың, сүүйеулі тұрған сырықтардың бұрыш көріністерінен) шықса керек деседі. Ал енді біреулер геометриялық түрлердің шыға бастауы өрнек жасаушылардың өнерлерінің өрістей түсуіне байланысты, олардың ойлап, қиялдауынан туған дейді. Демек ою-өрнектердің шығу тарихы олардың сюжеттік мазмұны мен атаулары туралы мәселе әлі де болса көп зерттеуді талап етеді.
Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Біз сол ою-өрнектердің 200 шамалы түрлерімен жұртшылықты кеңірек таныстырып және және ою-өрнектердің кейбір заттық ұғымдарын еске салып, олардың кейінгі жастар үшін де түсінікті болу жағын қарастырдық.
Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа, бір шебердің ұсталық, іскерлік мәнерінен екінші біреуге үнемі ауысып отырғындықтын осы күні кейбір облыстардағы қошқар мүйіз өрнегі бастапқы бейнесінен өзгеріп кеткен. “Ырғақ”, “сағат бау”, “түйе табан”, “жүрекше”, “қаз табан” деп аталатын әдемі өрнектер де кейбір облыс шеберлерінің орындауында олпы-солпы шығып жүр. Ертеден келе жатқан халықтық мұраны екшеп, тазартуды ойласақ, ең алдымен осындай бұрмалаушылықтын арылтып, оны әдемілігіне жеткізе жаңа түр, жаңа мазмұн бере дамытуымыз керек.
Омардың, Айшабибінің мазарларындағы өрнектер - өз заманында жасалған сәулет өнеріндегі асқан шеберліктің тамаша үлгісі. Сонымен қатар ауыз әдебиетінде сақталып келген өлең-жырларда, археологиялық қазындыларда, ескі кітаптардың мұқабаларында, тарауларында және бөлім аралықтарында кездесетін өрнектер мен суреттер, жұлдызшалар мен айшықтар, батырлардың қару-жарақтарында кездесетін кейбір жеке белгілер, таңбалар, әшекей әріптер де халықтық тарихи этнограйиялық мұралар. Мұндай халықтың ою-өрнектердің ішінде, олардың экспозиция құрамында әр түрлі ендер мен таңбалардың, ру таңбаларының элементтері жиі ұшырайды. Осыларды егежей-тегежей лі зерттей келіп қазақтың ұлттық ою-өрнегі үш түрлі ұғым негізінде туған деген қорытындының дұрыс екеніне көз жеткізуге әбден болады.
Қазақтың осы күнгі ою-өрнектерін қарт шеберлер екіге бөліп қарайды. Біріншісі, қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатқан ұлттық оюлары. Екіншісі, басқа халықтардан ауысқан жаңа, интернационалдық ою-өрнектер. Бізідңше бұл топшылау да орынды сияқты. Шынында да осы күнгі көп жапырақты гүлдер мен геометриялық өрнектер, жазу-сызуды бейнелеген өрнектеу, крестеп тігу әдісі, өрнектеп шәлтер тоқу, өрнектеп тескен үлгі бойынша торлай тігіп әсемдеу сияқты қолөнердің көптеген жақсы үлгілері қазақтың ою-өрнек өнерін байыта түскендігі белгілі. Сонымен қатар қазақ халқының әлеуметтік салт-санасы өсіп, мәдени-тұрмыс дәрежесі, дүниеге көзқарасы, ойлау, ұғыну қабілеті де бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде дамыды. Осындай тарихи өзгерістің нәтижесінде халық шеберлерінің творчестволық ізденуі мен қабілеті де шыңдалып жетілді.
Қазақ халқында басқа халықтар сияқты өзіндік, ұлттық мәдениет, сәндік ою-өрнек өнері бар. Ою-өрнекті киім-кешек пен, қыздар киетін камзол, тақия, ертұрман, белбеу, кілем, текемет, білезік, шашбау, сәукелеге т.б. қолданған. Бұл аталғандардың бәріне қазақтың ұлттық оюлары салынып, белбеу, ержүген, құйысқанды күміспен өрнектеген. Бұл өрнектерде қазақтың дүниетанымы өнер арқылы бейнеленген.
Қазақ өнеріндегі ерекшелік – ол түрлі киінуге, үй ішін безендіруге, кілемді ашық түсті бояулармен әсемдеуге ұмтылуы. Қазақтың ою-өрнектерінен табиғатқа, қоршаған ортаға, жан-жануарларға, күнделікті қолданылып жүрген құрал-саймандарға еліктеу байқалады. Оюлар сол кездегі адамдардың қару-жарағын, қылышын бейнелеген.
Шеберлер іске кірісіп, төселе келе, өздерінің көрген ою үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай адамдарды «оюшы» деп атаған. Оюшылықты өз дәуірінде суретшілік өнеріндей күрделі өнер деп санады. Әрбір елде, әрбір руда атағы шыққан оюшылар болды.
Қазақ қолөнерінде өрімшіліктің неше түрі әдемі өрнектері бар. Жалпы өрнек атауларын мағынасына қарай мынадай топтарға жіктеуге болады:

  1. Ай, күн, жұлдыздарға – көк әлеміне байланысты өрнектер.

  2. Малға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер.

  3. Аңға, аңның денесіне, ізіне байланысты өрнектер.

  4. Құрт-құмырсқаларға байланысты өрнектер.

  5. Құстарға байланысты өрнектер.

  6. Жер-су, өсімдік, гүл, жапырақ бейнелі өрнектер.

  7. Қару-құралдарға байланысты өрнектер.

  8. Геометриялық тектес өрнектер. (фигуралар) (Өмірбекова М.Ш. Қазақтың ою-өрнегі. – Алматы: Кітап, 2003).

Ою-өрнектің тарихы ескі заман шежіресінен басталады. Ертедегі түркі тілдес халықтың ою-өрнектері де, тілі де ұқсас болады. Себеп халықтың көшпелі тіршілігі, мал шаруашылығы болғанын көрсетеді. Ертеде бұйымдарға зер жүргізу үлкен мәнге ие болды.
Түзу және ойқастыра тоқу тәсілдері көп қолданылады. Түркі халықтарының қолтаңбаларында өрнексіз заттың мәні жоқ. Жалпы қазақ халқы ою-өрнекті қадір тұтқан. Бас киімдегі ою-өрнекке қарап, қай ұлттың ұрпағы екенін таныған, кімнің қазақ, кімнің ұйғыр, татар екенін білген. Қырғыздарда «қошқар мүйіз», «тұмар», «теке мүйіз», ұйғырларда «бадам», «шәдә», өзбектерде «пахта гүл», «бадам» деп аталады. Қазақтардың оюын сипатына қарай теңдеме, жүздеме, сыңар ою деп үш топқа бөледі.
Қазақтар өздері жасаған ою-өрнектің атауын таба білген. Осы атауларды олар өз тіршілігіне лайықты қолдана түскен. Әрбір тарихи кезең өзіндік ою-өрнектермен ерекшеленген. Ескіден келе жатырған мешіт, күмбез ою-өрнексіз жүзеге аспаған. Қазақ ою-өрнегінің табиғаты халық өнерінің тарихын, өмір тіршілігінің сұлулығын және әсемдігін айқындайды.
Қазақ даласында оюлар әр түрлі үлгіде дамыған. Еліміздің әрбір ай-мағының өзінің стильдік ерекшеліктері, үлгілері болған. Соған карамастан, барлық оюлардың бастапқы элементінің негізі — "мүйіз" тектес ою-өрнек болып саналады. Қазақ халқының түрмысында жиі қолданылатын: өру, тігу, тоқу, құрау, еріту, балқыту, қию арқылы үй жиһаздарын, құрал-саймандарды, киіз үйлерді, зергерлік бұйымдарды, кілем, алаша, сырмақ, терме алаша, қоржын, ыдыс-аяқтарды, киім-кешектерді ою-өрнектермен әшекейлеп, безендіріп отырған. Ғалымдардың пайымдауынша қазақ ұлттық ою-өрнектерінің, әзірше 230-дай түрі ғана анықталған. Біз солардың ішіндегі халық арасында ең көп тараған "мүйіз" тектес ою-өрнек туралы сөз етпекпіз.
"Мүйіз" оюы қазақ халқының ою-өрнегінің төркіні деуге болады, өйткені барлық жаңа элементтер соның негізінде жасалып, тек атаула­ры ғана өзгеріп отырған. Мысалы: "қошқармүйіз", "арқармүйіз", "бүғымүйіз", "қырықмүйіз", "қосмүйіз", "сыңармүйіз", "сынықмүйіз", "төртқұлақ", "түйетабан", "сыңарөкше", "қосалқа", "қүсқанаты", "қаз-табан". Қолөнер шеберлері осы элементтердің сан түрлі композициясын жасап, бүйымдарға ұтымды пайдаланып келеді.
Қазақ оюларының мазмұны мал өсіру, аңшылықты жер-су, көшіп-қону көріністерін, күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі заттардың сыртқы бейнесін тұспалдайды, бірақ қолөнер саласындағы қай бұйымды алсақ та, сол заттың бетінде түрлі нүсқада бейнеленген "мүйіз" элементін байқаймыз. Әрбір оюшы ою-өрнек жасап, оған ат беріп, оны тұрмыста қолданған. Сондықтан қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің ең басты мәнері, әртүрлі мәнер жасауда жиі қолданылатыны "мүйіз" тектес ою-өрнектер.
Мүйіз тектес ою-өрнектер кейде өте ұсақ, кейде өте ірі болып келеді. Ұсағы зергерлік, кесте тігу, ағаш, сүйек, мүйіз үқсату сияқты нәзік істерге қолданылса, ірісі кілем, алаша, терме алаша, текемет, сырмақ, ши орау, қоржын, киім-кешек, құрылысқа қолданылады. Халық шеберлері мүйіз өрнегінен сан қилы мәнерлермен құбылта, бір элементке екінші, үшінші элементтерді қосып, молықтырады да, қүлпырған әдемі де мазмұнды композиция жасайды. "Мүйіз" тектес ою-өрнектердің негізі қойдың, арқардың, ешкінің, сиырдың, бұланның, бұғының, қодастың, еліктің мүйіздерін түспалдаудан пайда болған.
Шеберлер жаңа ою-өрнектерді тұрмыс тіршілігіне өз дәуіріндегі заман ағымына қарай лайықтап пайдаланып келеді. Мысалы: халқымыздың көне бүйымдарындағы ою-өрнектер сәнділігімен қатар, сол бұйымдардың жеңіл әрі берік болу жағын қарастырған.
Ою-өрнек өнері қазақ халқында ертеден-ақ барлық түріне арқау бо-лып, ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып, оның материалдық және рухани игілігіне айналып келеді. Қазіргі кезде халқымыздың мәдени асыл қазынасының өзекті бір саласына айналған ою-өрнек қайта түлеп, бай мазмұнға, жаңа түрге ие болады.
Ою-өрнек үлгілерін жасаушылар ойлап тапқан сюжетінің сыр-сипатын өзінше танып, оның дәлме-дәлдігінен гөрі көркемдігіне баса назар аударады. Сондықтан қазіргі ою-өрнектерден композициялық жағынан нақты әрі мейлінше жетілдірілген "шаршы ою", "аралас өрнек" сияқты жаңа түрлерді жиі кездестіреміз.
Оның үстіне бұйымды көркемдеуде әрбір жануар мен аңның, құстың бойындағы қасиеттеріне қарай тақырыптық мағынасы, композициясы, симметриясы мен ассиметриясы, колориты мен ритмі, сондай-ақ оған ар-налған философиялық мәні де байқалуы тиіс.
Композиция — латынның ою-өрнекті бір заттың бетіне реттеп орналастыру деген сөзі. Мысалы, ою-өрнек кесеге салынатын болса, ол үлкен де, кіші де болмай, асқан дәлдікпен жарасым табу керек, сол себепті қолөнер шебері салынатын бұйымның бетіндегі жазықтықтың мөлшерін өлшеп алу керек.
Қазақ ою - өрнегінің дүниетанымдық түсінікпен байлынысы:

Каталог: upload -> Book
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Рухани-адамгершілік білімге байланысты әндер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет