Ә/Б отырысында: Келісемін : Бекітемін: қаралды :№ Бағдарлы оқыту жөніндегі Мектеп директоры



бет3/40
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#92855
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Күтілетін нәтіже:
-оқушылар таңдаған мамандығына жақын білім алуға мүмкіндігі болады;
-қиындық деңгейі жоғары есептерді шығаруға ұмтылады;


Пәнді меңгеру деңгейінің талаптары:

  • химиялық формулалары бойынша заттардың аталуын және сол бойынша жүргізілетін есептерді есептей білу;

  • периодтық жүйенің құрлымын түсіндіруі және сол тақырыпта есептерді шығара білу;;

  • бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының қасиеттерін сипаттауы;

  • белгісіз заттың формуласын табу әдістеріне арналған есептеулер жүргізе білу;

  • зат мөлшері бойынша заттың массасын есептеуді;

  • Авагадро заңы және одан шығатын салдарларды білу;

  • қышқылдар мен сілтілерді анықтау экспериментерін жасай білуі;

  • ерітінділердің концентрациясын есептей білу;

  • ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін есептей білу;

  • химиялық реакциялар теңдеулері бойынша есептей білу;

  • термохимиялық теңдеулер бойынша есептерді есептей білу;

  • химиялық реакцияның жылдамдығын есептей білу;

  • электролит ерітінділерінде жүретін құбылыстардың негізгі ережелерін білу;

  • тотығу-тотықсыздандыру реакцияларын теңестіру әдістерін білу;

  • электролиз кезінде электродтарда жүретін тотығу-тотықсыздану процестерін түсіндіре білу;



Түсінік хат

Химия сабақтарында оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға көп көңіл бөлу керек екенін іс-тәжірибеміз көрсетіп келе жатыр.Өйткені химия логикалық ойлауды талап ететін ғылым. Оқушыларда химияның теориялық бөлігімен қоса эксперіменттік және сандық есептерді шығара білу дағдыларын қалыптастыру керек. Сондықтан арнайы курста сандық есептердің шығарылу жолдарын меңгертуге көп көңіл бөлдім.


Мектеп бағдарламасы бойынша 11-сынып оқушыларына арналған , бұл бағдарлама негізінен бейорганикалық химия курсының есептерінен құралған. Сабақтың өту барысында мүмкіндігінше оқушылардың ойлау белсенділігін арттырып, оларда есептеуге деген үлкен қызығушылық тудыратындай жаттығулар орындатамын.
Теориялық материалдарда мектеп оқулығында қаралмаған жаңа материалдарды көбірек беруге тырыстым. Типтік есептерді шығару жолдарын көрсету арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, есептеу машығын қалыптастыруға көмектесемін.
Оқушылардың өздері орындауға арналған жаттығу жұмыстарында тестілеуде көп кездесетін есептермен қоса сол есептердің күрделі деңгейінің жоғары болуына көп көңіл бөлдім. Себебі курсты таңдаған оқушылар типтік есептерге дайындалумен шектелмей, пән олимпиадаларынада дайындалады.
Бағдарламаның практикалық бөлімінің негізгі мақсаты білім алушыларда алған білімдерін қолдану біліктілігін қалыптастырып, практикалық дағдысын жетілдіру және бекіту болып табылады. Әр тарау соңында оқушылар деңгейлік тапсырмаларды өздері орындап, алған білімдерін қолдана білетіндігін көрсетеді.
Менің алдыма қойып отырған негізгі мақсатым, оқушылардың теориялық білімінің жоғары болуына және пән олимпиадаларында жақсы нәтіже көрсетуіне қол жеткізу.

Бұл әдістемелік нұсқау мұғалімдерге арналған көмекші құрал.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет