Еббқ бар балалардың ата-аналарымен жұмыс



Дата08.02.2022
өлшемі1,12 Mb.
#119789
Байланысты:
1508-29a Жұмаева Н.
ТЕСТЫ (1)!!!!!!!!!!, 1256 zara almasymdyly 1179 negizderi TEST SPETsIFIKATsIYaSY, 1256 zara almasymdyly 1179 negizderi TEST SPETsIFIKATsIYaSY, торлы құрылым, конспект созжасам

ЕББҚ бар балалардың ата-аналарымен жұмыс


Тобы: 1508-29a
Орындаған: Жұмаева Н.

Инклюзивтік білім беру – барлық балалардың ерекшелік құндылықтарын тану, дамуында проблемалары бар балалардың ғана емес, сондай-ақ жынысына, жасына, қандай да бір әлеуметтік шығу тегіне қарамастан түрлі этникалық топтағы балалардың қажеттіліктері мен олардың білімге деген қабілетін ескеретін икемді жүйе. Бала оқыту жүйесіне емес, оқыту жүйесі балаға қарай ыңғайластырылады. Қандай да бір ерекше топтар емес, барлық балалар артықшылыққа ие болады, білім берудің жаңа тәсілдері пайдаланылады, білім мен тәрбие берудің вариативтік білім нысандары мен әдістері қолданылады, ерекшеліктері бар балалар сүйемелдеу және дербес оқыту жоспары арқылы білім ала отырып, топта толық немесе жартылай күн ішінде бола алады.

Инклюзивтік білім беру – барлық балалардың ерекшелік құндылықтарын тану, дамуында проблемалары бар балалардың ғана емес, сондай-ақ жынысына, жасына, қандай да бір әлеуметтік шығу тегіне қарамастан түрлі этникалық топтағы балалардың қажеттіліктері мен олардың білімге деген қабілетін ескеретін икемді жүйе. Бала оқыту жүйесіне емес, оқыту жүйесі балаға қарай ыңғайластырылады. Қандай да бір ерекше топтар емес, барлық балалар артықшылыққа ие болады, білім берудің жаңа тәсілдері пайдаланылады, білім мен тәрбие берудің вариативтік білім нысандары мен әдістері қолданылады, ерекшеліктері бар балалар сүйемелдеу және дербес оқыту жоспары арқылы білім ала отырып, топта толық немесе жартылай күн ішінде бола алады.

Міндеттері:

барлық балалар үшін жайлы және қолайлы кеңістік құру;

жеке тұлғаның үйлесімді дамуына ықпал ететін орта құру;

балалардың, ата-аналардың, қызметкерлер мен әлеуметтік ортаның төзімді қауымдастығын қалыптастыру;

білім беру үдерісін ұйымдастыратын пәнаралық мамандар командасын жасақтау.

МДҰ-да инклюзивтік білімді ұйымдастыру үшін ерекше жағдайлар жасау және түзеу педагогикасы тұрғысынан алып қарағанда сауатты сүйемелдеуді қамтамсыз ету қажет. Оның негізін қалаушы қағида – баланың мүддесін сақтау болып табылады.

ДМШ балалардың ата-аналарымен

Көптеген ата-аналар педагог немесе тәрбиеші уақыттарын үнемі «ерекше» балаларға жұмсайтындықтан, денсаулығы бар балаларға жеткіліксіз назар аударады деп уайымдайды. Алайда кәдімгі топтарға ерекше қажеттіліктері бар 2–3 баладан артық қосылмайды және педагог денсаулығы бар балаларға қанша уақыт бөлсе, оларға да сондай уақытын бөледі. Егер интеллекті толық сақталған мүгедек балалар туралы сөз болса, олар әдетте, оқыту барысында педагогты барлық қалған балалар тобын тоқтатып қоюға мәжбүрлейтіндей ешқандай қосымша қажеттіліктерді талап етпейді.

Қажеттіліктері шектеулі балалар үшін, жалпы негізде алған мектепке дейінгі білімі – бұл мүгедек балалардың көпшілігі амалсыздан тап болатын әлеуметтік-психологиялық сипаттағы көптеген қиындықтан құтылудың нақты мүмкіндігі.

Барлық мамандардың баланың ата-аналарымен тығыз байланысты ұйымдастыру – ДМШ балалардың МДҰ-ның жалпы дамыту тобында инклюзивтік білім алуының тиімді шарттарының бірі болып табылады. Инклюзивтік топтарда ата-аналар оқыту мен тәрбиелеудің тікелей үдерісіне тартылады, олар баланы дербес түзете-дамыту қызметінің белсенді қатысушылары.

Мамандар ата-аналарды өз баласымен ынтымақтастықтың психологиялық-педагогикалық технологияларына, оны түзете оқытудың және тәрбиелеудің тәсілдері мен әдістеріне үйретеді, сондай ақ оларға психологиялық қолдау көрсетеді.


Ата-аналар балаларды дербес дамыту бағдарламаларын іске асыруға қатысады, мамандардың тапсырмаларын орындайды, зерделенген материалдарды үй жағдайларында бекітеді, дамуында бұзушылық бар балаларды қажетті түзеу көмегімен қамтамасыз етеді. Психологтың ата-аналармен жұмысының негізгі мақсаты, олардың өз баласының ерекшелігін сезінуі және оларды тәрбиелеу үдерісі мен түзеу-дамыту жұмыстарына белсенді қатыстыру. .
ДМШ тәрбиеленушілердің ата-аналарымен жұмыс бірнеше кезеңнен тұрады
Ата-аналардың ПДТ (психикалық дамуы тежелген) балаларды мамандандырылған емес, жалпы дамыту топтарында оқыту пайдасына таңдау жасаулары балаларды отбасында тәрбиелеу мен дамытудың белгілі бір жағдайларын жасау және қамтамасыз ету бойынша қосымша міндеттемелерінің болуын көздейтінін түсінгендері жөн. Ата-аналарға педагогтармен және мамандармен тұрақты, белсенді байланыс жасау, баламен үнемі және толыққанды араласудың дамытушы микро әлеуметтік тұрмыстық ортасын құру жөніндегі барлық тапсырмалар мен ұсынымдарды орындау, қажетті түзеу көмегін қамтамасыз ету жауапкершіліктері жүктеледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет