Әбдісәмет Диана жхм-912 Тақырыптың негігі сұрақтары: Батыс елдерінің отбасы, халық санының өсуі мен тууы саласындағы әлеуметтік демографиялық саясаты Аз және көп халық



бет4/11
Дата07.02.2022
өлшемі457,57 Kb.
#91408
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Әбдісәмет Д семинар9
Әбдісәмет Д(БӨЖ -9апта ) (2)
Өлім-жітімнің азаюы


Демографиялық ауысуға дейінгі кезеңде өлім-жітімнің негізгі себебі
азық-түліктің жеткіліксіздігінен болды. Нақты аштықтан қайтыс болғандар көп болмағанымен, үнемі асқа жарымау, ауруға шалдығу қаупін
күшейтетін. Мәселе - 1700 жылдан бастап оң шешімін тапты. XX ғасырдың
басына дейін Солтүстік және Оңтүстік Америкада дақылдардың жаңа
сорттарын (әсіресе жүгері және картоп) өсіру, ауыл шаруашылығының
тың әдістері мен құралдарын қолданысқа енгізу, сонымен бірге сауда-саттықтың артуы Еуропа мен АҚШ-та тамақтануды жақсартты. Екіншіден,
өлім-жігімнің азаюына өмір сүру деңгейінің жақсаруы себеп болды.
Баспанасы жайлы әрі киімі бүтін адамдардың денсаулығы да түзеліп,
ауру-сырқауға төтеп бере алатын болды. Жұқпалы аурулардың алдын
алу, әсіресе жас нәрестелерді іш сүзегі мен іш өтуден сақтау мақсатында
гигиенаны өзгерту маңызды қадам болды (Кіріе 1993).
XIX ғасырдың аяғына қарай ендірілген санитарлық техника таза
ауыз сумен қамту және ағын суларды тазарту арқылы жұқпалы аурулардың таралуын азайта түсті. Мысалы, 1900-1970 жылдар аралығында орташа өмір сүру ұзақтығы «ақ» америкалықтарда 47 жастан 72
жасқа дейін, ал афроамерикалықтарда 33 жастан 64 жасқа дейін үлғайды (U.S. Bureau of the Census 1975, 2006). Осылайша, өмір сүру ұзақтығы
шамамен 1600 жылдан бастап артқанымен, оның күрт көтерілуі XX ғасырдың алғашқы онжылдықтарына сәйкес келді. Медициналық саланың дамуы жалпы өмір сүру ұзақтығының алтыдан бір бөлігіне ғана
ықпал етті (Bunker, Frazier, & Mosteller, 1994). Денсаулық сақтау шараларына қарағанда, бұл ретте тамақтанудыц жақсаруы мен өмір сүру
деңгейінің жоғарылауы маңызды рөл атқарды (McKinlay & McKinlay 1977;
Weitz, 2010). Қызықты жайт - елдегі өмір сүру деңгейі жан басына шаққан дағы табыс белгілі бір межеге - шамамен 6 400 долларға жеткеннен кейін өмір жасының ұзаруы бай мен кедейдің арасындағы айырмашылықтың қысқаруына байланысты болады (Wilkinson, 1996). Міне, сондықтан кубалықтардың өмір жасының ұзақтығы америкалықтармен бірдей болса, шведтер америкалықтардан да ұзақ өмір сүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет