Әбіш Кекілбайұлы



Дата07.02.2022
өлшемі2,51 Mb.
#84635
түріӨмірбаяны
Байланысты:
Әбіш Кекілбайұлы
Әбіш Кекілбайұлы

Әбіш Кекілбайұлы

Жоспар:

  • Өмірбаяны
  • Әдебиетке қосқан үлесі
  • «Үркер» романы

Кекілбайұлы әбіш 1939 жылы 6 желтоқсан күні маңғыстау облысы, маңғыстау ауданы (бұрыңғы гурьев облысы), оңды ауылының мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы жаңайұлы қожаназар қазақтар көшін маңғыстауға бастап келген топтан. Белгілі білікті, беделді, дәулетті адам. Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы жаманқұл немересі кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы оңдыда қайтыс болған. Әбіш Кекілбайұлының анасы Айсәуле Жұмабайқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген. 1936 жылы әуелі Оңдыда колхозшы, Таушықта 1942-45 жылдар аралығында стахановшы шахтер, 1945-62 жылдары «Екпінді» колхозында жұмыс істеді.  

6 желтоқсан 1939 жыл

Әбіш Кекілбайұлы 1957 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948-1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956-57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды. Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады. 1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі. «Қазақ әдебиетінен» кейін 1962-65 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді. 

Әдебиетке қосқан үлесі

Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді. Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» - Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ», 1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-93 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат» 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты.

 

«Үркер» романы

Үркер романы - қазақ елі басынан өткерген аса ауыр кезеңдерді, XVII-XVIII ғасырларда орын алған ірі-ірі оқиғаларды тарихи деректерге сүйеніп жазылған, көп қанатты, тарих шежіресін жырлайтын тамаша туынды. Роман мазмұны, ең басты, нағыз өзекті мәселесі – қазақ елінің өз жері, өз бостандығы, дербес ел болып қалыптасуы үшін талай жылдар бойы табан тіресіп жүргізген күресінің жайы, айбынды асулары. Шығармада талай тар жол, тайғақ кешулер арқылы өткен өткелдер жалпы алғанда дәлелді де, әділетті де айтылған.

Шығарманың басты кейіпкерлері – Тәуке, Әбілқайыр, Бөкенбай, Тевкелев немесе бірдің емес бүкіл елдің атынан сөйлеген билер: Қазыбек, Төле, Әйтеке. Бұл шығарманың басқа шығармалардан ерекше айырмашылығы мен артықшылығы – ол түгелдей өмірде болған оқиға желісінде жазылғандығы.

«Үркер» романы

 Қазақ хандықтарының Ресей империясына деген көзқарасы, бұған байланысты бұл мемлекетпен жақындасуға, мүмкін болса тіпті одақ жасауға бағытталған ниеттері мен әрекеттері әр жақты әңгімеленген. Бұл - тарихи шындыққа әбден жақын. Шығармада суреттелген шытырман жағдайларда, қазақ жері мен елінің тағдыры қыл үстінде тұрғанда, бостандығы мен дербестігінің сақталуы қауіпті жағдайда болып жатқанда, халық кемеңгерлігінің көрінісі керемет көрсетілген. Өмірлік мән бұл мәселелерде жан-жақты, орынды айтылған. Бұл арада ел ойы мен тілегі, замана талаптары тапқан Әбілқайыр ханның, оның толып жатқан жақтастарының әрекеттері жан-жақты талданып, барлық жақтарынан бірдей, қайшылықтарымен бірге баяндалған. Әбіш Кекілбаев алдымен кіші жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге қосылу жөніндегі антын әр жақты сипаттап, қазақ елінің Ресейдің қол астына қарау процесін сипаттайды. Бұл – нағыз өмір шындығы. Бұл роман қазақ елі өміріндегі аса қиын, асулы кезеңдерді қамтитын, әлеуметтік дамудың өзекті мәселелерін әңгіме ететін кең шығарма. Тарихи тақырыбы мен атқаратын идеялық рөлінің маңызы жағынан да, көркемдігі мен тіл тартымдылығы жағынан да "Үркер" романы қазақ әдебиетінің нағыз төрінен өзіне лайық орын алған құнды шығарма

06.12.1939 - 11.12.2015

 Әбіш Кекілбаев – адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілін шеберлікпен игерген жазушы. Оның бейнесі біздің есімізде мәңгігі қалады.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет