Әдебиет тектері мен түрлері

бет5/6
Дата20.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#192404
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-24135
My Little Pony - Friendship is Magic 06 (rus), 1 10 сынып каз Бином үлестірім.

Лириканың бұдан өзге түрлері көп. Мысалы, ой (әр тақырыптағы философиялық ойлар), канцонетта (баяғының серілік әуендерін мадақтайды), романс (жалт еткен бір жақсы сезімді, көбінесе сүюді жырлау), пастораль (малшы сазының бір түрі), эклога (идиллия сияқты селодағы сауық жырының бір түрі), элегия (бір мұң, бір сыр аралас өлең), эпиталама (жаңа қосылған жас жұбайлардың жарастығын құттықтайтын көне өлеңдердің бір түрі), эпитафия (дүниеден өткен әлдебір қадірлі кісі жайлы жоқтау), эпиграмма (жеке біреулерді мінеп, мысқылдайтын сынақ өлең.

Әдебиеттің үшінші тегі — драма. Мұнда оқиға көз алдында өтіп жатады. Кейіпкерлер бастарынан шиыршық атқан шым-шытырық оқиға кешеді. Бәрі әрекет үстінде. Жәй әрекет емес, тайталасқан күрес, айтыс-тартыс, қырқыс. Айлаға қарсы айла, әрекетке қарсы әрекет. Оны істейтін кейіпкерлердің характері. Бәрі соған байланысты: жақсылық та, жамандық та. Характер, мінезділік — адамның өзегі, алтын арқауы.

Трагедия –(гр. – текенің әні) – қайғылы, қатерлі жағдайларға құрылатын, бас қаһарманнның жан азасымен, өлімімен бітетін драма түрі. Эсхил, Софокл, Эврипид трагедииялары қазіргі сахнада әлі ойналады.

Трагедия –(гр. – текенің әні) – қайғылы, қатерлі жағдайларға құрылатын, бас қаһарманнның жан азасымен, өлімімен бітетін драма түрі. Эсхил, Софокл, Эврипид трагедииялары қазіргі сахнада әлі ойналады.

Комедия – ( гр. –күлкілі, қызық ән) - өмірдегі келеңсіз құбылыстарды, адам бойындағы қасиетсіздікті, мінездегі мінді сықақтап, келекеге айналдыратын күлдіргі пьеса. Мұнда да Дионис құдайына арналған мерекедегідей өлген «текенің» қайта тірілуін көне гректер енді комедиямен (комос –көңілді топ, одэ - ән), көңілді ән, қызық би, күлдіргі ойындармен құттықтаған. Комедияның атасы – Аристафан. Б.э.б. бесінші-төртінші ғасырларда өмір сүрген оның «Салтаттылар», «Бұлттар», «Бақалар» комедияларының бәрінде қоғамның саяси -әлеуметтік өміріндегі келеңсіз құбылыстар сыналған. Мольердің «Тартюфы», «Сараңы», Грибоедовтың «Ақылдан қайғысы», т.б. Комедия классицизм кезінде өте жоғары өрістеді. Комедия күші күлкіде, күлкінің күші шынайылықта жатады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6

©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет