Әдебиет тектері мен түрлері

бет1/6
Дата20.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#192404
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-24135
My Little Pony - Friendship is Magic 06 (rus), 1 10 сынып каз Бином үлестірім.

Әдебиет тектері мен түрлері

Әдеби жанр (фр. – тек, түр) термин ретінде шартты, екі мағынада қолданылады:

1) Әдебиеттің тектері – эпос, лирика, драма. 2) Әдеби шығарманың түрлері - әңгіме, роман, баллада, комедия, ода т.б.

Әдебиеттің тегі мен түрі әдебиет яғни сөз өнері эпос, лирика, драма дейтін негізгі үш салаға жіктеледі.

Эпос — әдебиеттің негізгі үш тегінің бірі, әдебиеттің баяндау жанрларының басын құрайды. Эпостық шығармада оқиға өз бетінше автордың еркінен тыс жүріп жатқандай әсер береді. Мұнда оқиғаны суреттеу тәсілінің бір ерекшелігі — сюжет желісінің тежелетіндігі. Эпостық жанрдағы шығармаларда негізгі әңгімеге қатыссыз “бөгде” бір нәрселер бейнеленетін секілді.

Болмысты бейнелеу, адам мен қоғам өмірін суреттеу эпос жанрында негізгі үш арнамен атқарылады. Ол жанрлар шағын көлемді (анекдот, мысал, әңгіме, новелла, әпсана-хикаят), орташа көлемді (поэма, повесть) және ірі көлемді (эпопея, роман) болып бөлінеді.

1. Шағын көлемді эпикалық шығармаларда өмір шындығы бір не бірнеше ықшам оқиға көлемінде алынып көрсетіледі.

1. Шағын көлемді эпикалық шығармаларда өмір шындығы бір не бірнеше ықшам оқиға көлемінде алынып көрсетіледі.

Түрлері:

а) Мифтабиғат құпияларын, адам не қоғам өмірінің сан алуан сырын қиял ғажайып оқиғаға айналдыра бейнелейтін фантастикалық баян.

ә) Аңыз - әсіре қиял аралас фантастикалық хикая. Мифтен айырмасы аңыздың негізінде шындыққа жанасымды, көбіне өмірде болған оқшау оқиға жатады. Тарихи адамдарға қатысты да шығарылады. Мысалы, Асан қайғы, Қорқыт туралы аңыздар.

б) Ертегі – адам өмірінде, не хайуанат дүниесінде болуға тиіс, әр алуан қызық, кейде тіпті ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып, өсіре әңгімелейтін көркем баян, әсерлі хикая. Өз ішінен қиял-ғажайып ертегілер, хайуанат жайындағы ертегілер, салт ертегілері болып бөлінеді.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6

©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет