Әдебиет теориясы. Нұсқалық. «Фолиант» баспасы, 2003. 344 бет. «Әдебиет теориясы»



бет55/93
Дата22.12.2022
өлшемі1,48 Mb.
#163970
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   93
Байланысты:
äåáèåò òåîðèÿñû. Íñàëû. «Ôîëèàíò» áàñïàñû, 2003. 344 áåò. « 2
Математика ДК есебі 2019, P7.04 - kk - 10100602474786, 11-ДЖТ, Тема Законы, закономерности и принципы менеджмента-melimde.com
Х.Досмұхамедов
Халық әдебиетінің мазмұны

Қазақ әдебиетінің негізін халық әдебиеті құрайды. Қазақтың халық әдебиеті саны жағынан аса бай, мазмұны жағынан өте алуан түрлі. Қазақтың жеке өмірінің барлық сәттері – туғаннан бастап өмірден озғанға дейін, сондай-ақ тұтас халықтың немесе жеке рудың қоғамдық өміріндегі барлық оқиғалар халық әдебиетінде жырланады.


Сәбидің дүниеге келуі мен алғашқы жылдары халық поэзиясында шілдехана, бесік жыры (колыбельная песня) атты арнайы жырлар түрімен аталып өтеді.

Әуедегі жұлдыздай Көзімнің ағы-қарасы,


Суда жүзген құндыздай, Жүрегімнің парасы,
Өзім қалап сүйгендей, Дүние, қамды ойлатпас,
Ұжмақтағы қор қызындай, Көңілімнің данасы,
Әлди, балам, әлди.... Әлди, балам, әлди...

Баласын тербете отырып қазақ әйелі осылайша ән салады.


Сәбилік, бозбалалық және жастық шақ кезеңдері халық әдебиетінде ән айту мен ойын үстіндегі өлең-жырлардан көрінеді.
Қазақ баласының шыр етіп жерге түскеннен бастап кәмелетке толғанға дейінгі тыныс-тіршілігі ән-жырдың құшағында өтеді. Әдетте оның ең бірінші еститін үні – анасы айтқан бесік жырының әуені. Балалар ойындарының басым көпшілігінің үстінде түрлі тақпақтар қоса айтылса, ал бозбалалық шақтағы өмірі ғашықтық жырларға толы.
Қазақ баласын тәрбиелеуде дыбыстық ырғақтардың басты орынға шығуына, сірә, халық әдебиеті мен халық әндерінің кең таралып, дамуы және қазақтардың өмірдің кез келген жағдайында өлең шығарып, ән айтуы бір себеп болса керек.
Бала тілінің дамуы мен жеке адамның қалыптасуы мәселелеріне халық балалар әдебиетін зерттеудің көптеген малұмат беретіндігі сөзсіз, сондықтан да қазақ педагогтері бұған дұрыстап көңіл аударулары қажет.
Ғашықтық әдебиет (любовная литература) негізінен жастар өміріне қатысты және мазмұны жағынан өте бай, лиризмге толы. Ғашықтық әндерде махаббат, сүйіктісінің көрікті келбеті, онымен қосылам ба деген үміт, ол жоқ сәттегі сағыныш, т.б. тақырыптар жырланады.
Бұл әнде әсіресе жігіттің өзінің сүйіктісіне айтатын теңеулері алаун түрлі және ерекше таңқаларлық болып келеді. Оның бет-жүзі айға, ақша қарға, алтын мен шыныға теңестіріледі, ал тісі – маржан, меруертке, бетінің қызылы – қанға, шиеге, тұлабойы – тал шыбыққа, аузынан шыққан сөзі – шекер-балға, көзі – гауһарға, көзқарасы – күн сәулесіне, шамшыраққа, мойыны – қаздың, аққудың мойнына т.с.с. баланады.

Қара жерге қар жауар,


Қарды көр де етім көр
Қар үстіне қар тамар,
Қанды көр де бетім көр.

“Ер Тарғын”


Міне, халықтық ғашықтық жырда осылац жырланады.


Үйлену тойы, келін түсіру мен қыз ұзату халық әдебиетінде арнайы үйлену той жырлары (свадебные песни) деп аталатын үлгілерден көрінеді.
Бұл жырлар ғашықтық әдебиетпен тығыз ұштасып жатады, тіптен соның бір бөлігін құрайтын тәрізді. Үйлену той жырларының ауқымдылығы мен өзіне тән кейбір арнайы мазмұндық ерекшеліктерінің болуы оларды бөліп көрсетуді қажет етеді.
Үйлену той жырлары былайша жіктеледі:
1. Қалыңдықтың үйінде жігіттер мен қыздар тобының кезектесіп, көпшілік болып (хормен) айтатын жыры – жар-жар. Бұл жырларда ұзатылар қыз өз ата-анасының үйіндегі еркін тірлігін мадақтайды және ата-анасымен қоштасуға тура келгендіктен, болашақ қайын енесінің үйінде ащы өмір күтіп тұрғанына қайғырса, ал айналасындағылар оған басу айтып, жұбатады.

Мінген атың жиренше, бикем, жар-жар-ау!


Артқы түйең інгенше, бикем, жар-жар-ау!
Өксіп-өксіп, жылама, бикем, жар-жар-ау!
Әлдилеп бала сүйгенше, бикем, жар-жар-ау!

Жылап, ән салып аттанып кетіп бара жатқан қалыңдықты қыз-жігіттердің хоры былайша жұбатады:


Балшық па екен, су ма екен, шашыраған, жар-жар!


Ақ сүт беріп шешекем асыраған, жар-жар!
Ақ сүт берген шешеме не көрсеттім, жар-жар!
Жат кісінің баласын жолдас еттім, жар-жар!
2. Тойбастарда қалыңдық пен күйеу жігіт, олардың ата-анасы мен руластары мадақталады және жаңа үйленген жастарға бақыт пен ақ тілеу тіленеді.
Үйлену тойында тойбастарды халық көп жиналған жерде жолы бойынша белгілі бір рудың немесе атаның ақыны айтады. Тойбастар айтуға ие болу – ақын үшін үлкен құрмет. Әдетте, той бастаған ақынға келіннің ата-анасы өздерінің байлығы мен даңқына сай және жырдың мазмұнына байланысты ат, жібек шапан немесе ақшалай сый береді.
3. Үйлену той жырларының келесі түрі – беташар. Ұзатылған беті жабулы қыз күйеу жігіттің үйіне келгеннен кейін той үстінде беті ашылады, келін жиналғандармен, жиналғандар келінмен арнайы өлең арқылы таныстырылады. Бұл жырларда негізінен келінге қатысты әдептілік ережелері және қайын атаға, қайын енеге, күйеу жігіттің өзге де туыстарына мінездеме (кейде күлдіру үшін әзіл-қалжыңға сүйей) беріледі.

Келін келді көріңіз, Кеңеске салып ойын көр,


Көрімдігін беріңіз. Инені бер де ісін көр.
Ала-құла демеңіз, . . . . .
Атын атап қойыңыз. . . . . .
Бәленшеге бір сәлем! Жаңа келген келіннің,
Суға біткен құба тал, Бұл отырған жарандар,
Талды көр де бойын көр. Ашайын да, бетін көр!

Келіннің бетін ашқан сәтте осылайша жырланады.


Үйлену тойы және ғашықтық әдебиеттеріне халық әдебиетінің төменгі үш түрі етене жақын болып келеді:
Қоштасу (прощальная) жырлары ата-анадан, достарынан, сүйгенінен, қоғамдық мәні бар құрметті адамдарынан, ата жұртынан, туған руынан, сүйікті малынан, тіпті қадірлі затынан айырылып, жоғалтқанда жырланады. Қоштасу өлеңдерін тудыруға себепші болатын мынадай жағдайлар: болмай қоймайтын өлім, ұзатылған қыздың айрылысуы басқа ру, басқа жерге кету, жер аударылу, ұзаққа сапар шегу (қажыға бару, оқуға кету, т.б.), ата қонысты ауыстыру, т.с.с.
Үйлену тойына қатысты қоштасу жырлары әдетте сыңсу салтымен байланысты болып келеді, сыңсу кезінде ұзатылған қыз жылап, ән-жырмен туған-туыстарын аралап шығады, олармен қоштасады. Бұл жырлардан қазақ қаздарының өз үйіндегі және түскен жеріндегі жағдайының айырым-өзгешелігі, яғни басы бос, аялы алақандағы бойжеткеннің күйеуге шыққан соң ата-енесінің “қызметшісіне” айналатындығы анық байқалады.
Ғашықтық сарынындағы қоштасу жырларында әрдайым сүйініскендерді ажыратқан тағдырға реніш, жастардың қалыңмал төлеу арқылы үйлену жолына мойынсұну не қарсылығы көрініс тауып отырады.
Көрісу жырлары сүйіктісімен, туғандарымен, достарымен, қадірлі адамымен кездескенде, туған жерге оралғанда, аталастарымен қауышқанда және т.б. жағдайларда айтылады. Бұл өлең-жырларда қуаныш, ризашылық сезімдері мол болады, оларды мазмұны мен айтылатын сәттеріне қарай қоштасу жырларына қарама-қарсы қоюға болады. Ел ішінде көрісу жырларының, әсіресе, сүйіспеншілікке қатысты түрлері мол ұшырасады.
Сәлем, сәлемде жырлары (песни-поклоны) жазбаша не ауызша түрде, арнайы бір адам арқылы, нақтылы біреуге жолданады не болмаса көп жағдайда автор оны біреуге бағыштап шығарады, ал келесі жақ бұл сәлем жөнінде ұзын құлақтан естиді, не ол туралы мүлде білмеуі де ғажап емес. Бұл өлеңдерде ризашылық, сүйіспеншілік, өкініш сезімдері, келекелеу, т.б. болады, олардың арнайы бір ерекше мазмұны жоқ, ғашықтық, мадақ, қайғы, әзіл-әжуа, тіпті кейде сықақ сипатында ұшырасады.
Сәлем жырларының классикалық үлгісіне Мұрат ақынның 1880 жылы, “ұлы қояннан” кейін алыстағы өз руластарына айтқан сәлемін жатқызуға болады.
Қоштасу, көрісу, әсіресе, сәлем әдебиеті (жырлары) өзінің мазмұны жағынан әдебиеттің өзге де түрлерімен, әсіресе сыртқы көрінісі бойынша ерекшеленетін ғашықтық, үйлену той, мадақ, сықақ жырларымен тығыз байланысты.
Жерлеу жырлары (похоронные песни) жоқтау мен жылау болып жіктеледі.
Жылауды өлім үстінде, жерлеу кезінде, қырқында не асында марқұмның әйелі, апа-қарындастары, шешесі не өзге де әйел туыстары жекелей не қосыла (хормен) жылап-сықтап, дауыс шығарып айтады. Мазмұны жағынан бұл жырларда марқұмның қадір-қасиеті мадақталады, және артында қалғандардың қайғысы, азалануы мен орны толмас өкініші білдіріледі.

Жылайды деп сөкпеңіз, Жолдасын бермес қасынан.


Ғалам білген ерімді . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Жоқтаусыз қайтып тастайын. . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . .
Мен жыламай қайтейін, Қанатым менің қайырылды,
Отыз жастың ішінде Жүрегіме дақ түсіп,
Жесір де қалдым жастайын. Жасық пышақтай майырылды
Кешегі менің көкжалым, Асылзада сұңқарым,
Аруақ қонған жасынан. Өлгеніңді есітіп,
Мың сан кісі жау келсе, Адамзат бәрі қайғырды.
Әйелі өлген күйеуін осылайша жоқтайды.
Жоқтау болса қандай да бір жеке басының немесе қоғам алдында еңбегі сіңген адам қайтыс болған кезде айтылады. Жоқтауды әдетте ақындардың бірі шығарып, онда марқұмның тіріде істеген қызмет-істері мадақталады және көпшіліктің қайғысы бейнеленеді.
Өзінің мазмұны мен мәні жағынан жоқтау жылаудан жоғары тұрады. Жылау кез келген қайтыс болған адамға айтылса, ал жоқтау сирек, тек лайықты адамдарға ғана бағышталады.
Жоқтау өлімнен басқа себептерге байланысты да шығарылады. Жер аударылып кеткен адамды, алыс сапарға ұзақ уақытқа кетушіні не болмаса қадірлі атын, бүркітін, өтіп кеткен жастық шақты, артта қалған өмірінің көңілді шақтарын жоқтайды. Ұзақ уақытқа жолға шығушы не жер аударылғандар да туған жерін жоқтайды, т.б.
Поэзияның бұл түрі мазмұны жағынан өте бай және көбінше өзінің айрықша лирикалығымен көзге түседі.

Кенекем менің кеткен соң. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .


Заманым қалды тарылып. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Салтанатты хандардан Жаңбыр жаумай су болды,
Жетім қалдым айырылып. Пұлы қымбат манатым.
Екі бірдей қанатым Тасқа тимей кетілді,
Топшысынан сынды қайырылып. Балдағы алтын болатым.
Балдағы алтын ақ берен, Кенесары, Наурызбай
Тасқа тиді майырылып. Асып туған манабым
Кемшілік түсті басыма Қырғыздан біткен ұсайды,
Көрінгеннен қаймығып. Тағдырлы ажал сағаттың.

Халық ақыны Нысанбай белгілі Кенесары Қасымовты осылайша жоқтайды.


Ал мына бір түрінде бұрынғы еркін өмір жоқталады.

Нар еді неше жүздеп айдағаның,


Мың-мыңнан жылқы еді байлағаның,
Қора-қора қой өрбіп әр ауылдан,
Жал-жая, бал мен шырын шайнағаның.
Ешкіні сиырменен мал ма екен деп
Алдыңа келді қазақ ойлағаның
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . .
Бір күнде бозбалалар атқа мінді,
Белге қылыш, найзаны қолға ілді.
Қасқырдай түлкі алатын құмарланып,
Далада бозбалалар дәурен сүрді.
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   93




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет