Әділханова жанна сайынқызы


 ХХ ғасырдың 1960-1990 жылдарындағы әдебиеттану ғылымы



Pdf көрінісі
бет2/17
Дата31.01.2023
өлшемі0,79 Mb.
#166958
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
annotation15841
Òà?ûðûï ¹ ?ëåóìåòòàíóëû? òåîðèÿëàðäû? äàìó êåçå?äåð³í òàëäàó. Òà, Презентация (1)
1. ХХ ғасырдың 1960-1990 жылдарындағы әдебиеттану ғылымы
және С. Сейітов зерттеулері 
Әлем әдебиетінен бастап, кез-келген ұлт әдебиетінің бастау алар
қайнар көзі, даму жолы, бағыт-бағдары, заманына қарай өзгеру, жаңару
жолдары бар. Қоғам өзгерген сайын, әдебиет те жаңа сипатқа ие болады. 
Адамдардың тыныс-тіршілігі, психологиясы әдебиет арқылы көрініс
табатыны белгілі. Қазақ әдебиеті де сан ғасырлық ұзақ тарихында түрлі
даму жолдарын басынан өткерді. «Жазба әдебиетіміз ХҮІІІ ғасырдан
басталады» деген пікір уақыт өте, ҮІІІ-ХҮ ғасырларға шегініп,
жыраулардан бергі дәуірді қамтып, зерттеле бастаған. Бірақ, қаза-қаза
ұлт әдебиетінің қайнар көзі – інжу-маржандары тым тереңге тамыр
жайғанын байқадық. Зерттеушілеріміз ұлттық құндылықтарымызды көне
дәуірден таратып, тасқа басқан бабалар мұрасы мен өсиетін бүгінгі
ұрпаққа таныта білді. Жетпіс жылды еншілеген Кеңес дәуірі әдебиеті де
талай асыл дүниелерді жарыққа шығарғанын жоққа шығара алмаймыз.
Әдебиетіміздегі ақтаңдақ беттерді қайта қарап, келешекке кемелдігін
көрсету де осы кезеңнің еншісіне бұйырды.
Әдебиет – әр халықтың рухани қазынасы, болмыс-бітімі, сана-сезімі,
ой-өрісі, жаны екенін талай ғұламалар дәлелдеп, қызыл сөздің құдіретін
танытып берген. Х. Досмұхамедов «Халықтың құлқы, мінезі, ойы
заманындағы әдебиеттерінен білінеді. Әдебиет– халықтың түрлі
қимылдарының айнасы»,– десе[3,14], М. Бахтин «Әдебиет – адамның жаны, 
оның ішкі әлемінің өзгеруі, санасының көркем бейнеленуі»,– деген[4. 21-
б.]. Әдебиеттану оның ғылыми сипатын танытатын тұсы. Заман көшімен
дамып, жетіліп, өзгеріп отыратын қағидалары бар зерттеу әдіс-тәсілдер
мен түрлі ағымдар көрінісі. Әдебиеттану – көркем әдебиеттің шығу тегі,
даму жолдары, өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін ғылым. Ол негізгі үш
саладан – әдебиет теориясы, әдебиет тарихы, әдебиет сынынан құралатын,
ауқымы үлкен, көтерер жүгі ауыр сала екенін әдебиетші қауым жақсы
біледі. Сөз өнерінің даму, жетілу процесі әлемдік ақыл-ой қазынасымен 
бірлікте жүзеге асатыны белгілі. Бүгінде сан алуан өркениеттік һәм 
мәдениеттік жүйенің түрлері баршылық. Бір жағынан алғанда олардың
бар болуы қаншалықты заңдылықты болса, сөзді танудың түрлі зерттеу
тәсілдерін ұстанатын әдеби бағыттардың болуы да соншалықты дұрыс
құбылыс. Қазақтың көркемсөзді қастерлеген ата-баба сөзі қашаннан
басталады? Қазақ әдебиеттануы деген ұғым қашан қалыптасты? Қазақ
ғалымдары төл тілімізді тануда, қолдануда, дамытуда қандай үлес



қосты? Міне, осы сауалдар төңірегіне шолу жасай отырып, қазақ сөз
өнеріне өзіндік еңбегін сіңірген С. Сейітовтің ғалымдық жолын, 
азаматтық тұлғасын айқындау – басты мақсатымыз болып табылады.
Руханиятымызды танып, оны зерттеу аясы кеңейе түскен сайын
ұлттық сөз өнері құндылықтарын жаңаша зерттеудің ғылыми қажеттілігі
артып отыр. Сол себепті аталған кезеңнің әдебиеттің теориясы, тарихы,
сыны заман көшімен өзгеріп, пікірлер мен көзқарастар қайшылығын
танытады. Кешегі кеңестік идеологияның шеңберінде айтылған ой бүгінгі
көзқарас тұрғысынан қарағанда басқаша болуы әбден заңды. Бұл әсіресе,
сексенінші жылдар соңындағы қайта құру серпілісі мен еркіндік, сөз
бостандығы тұсында айрықша көрініс тапты. Ұлттық әдебиеттану туралы
айтқанда мұнда ұтылғанымыздан ұтқанымыз көп. Кеңес кезі әдебиеті қай
жанрда болмасын адамгершілікті, достықты, жақсылықты насихаттауға
негізделгенмен, қайта құру кезеңіне дейін Алаш зиялылырының рухани
мұраларына халқымыздың қолы жетпей келді. Кезінде ауыздықталған 
саяси идеологияның құрбаны болған мол мұрамыз халық қазынасына
тәуелсіздік тұсында ғана оралып, қайтадан бажайлай зерттеуге мүмкіндік
алды. 1931-1937 жылдардағы репрессияға ұшыраған ұлттық ғылыми -
әдеби жәдігерлер арнайы зерттеу нысанына айналды. Абайға дейінгі
қазақ әдебиеті нақтыланып, ортағасырлық, ежелгі әдебиет үлгілері толық
зерттеле басталды. Қазақ әдебиеттану ғылымында ұлттық әдебиетті
дәуірлеу мәселелері А. Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» атты
еңбегінде айқындалғаны белгілі болды. Кеңес кезіндегі әдебиеттану
ғылымы сол дәуірден басталады, тек орыс әдебиетімен салыстырмалы
зерттеліп келген деген бір жақты пікірді ұстауға тырысты. Бұл мәселеге
батыл көзқарас танытып, қазақ әдебиетінің түп тамыры тереңнен тарту
алатынын алғашқылардың бірі болып айтқан ғалым Б. Кенжебаев болды. 
Кейін Х. Сүйіншәлиев, Р. Нұрғалиев, М. Мағауин, М. Жолдасбеков, А. 
Қыраубаева, Н. Келімбетов сынды ғалымдар нақтылай түсті. Дегенмен, 
1960-1990 жылдар аралығындағы кезең оның қалыптасу, даму дәуірін
көрсетеді. Қазақ әдебиеті шығармаларының мазмұндылығы, көркемдік
сапасы, тақырып таңдау, сыртқы форма жағынан да ілгерілеген кезеңі
осы тұс. Бітімі бөлек, қолтаңбасы елді елең еткізер құнды дүниелер осы
уақытта туды. Әдеби-теориялық, ғылыми-зерттеушілік және сыни-
эстетикалық көзқарас пен ой-пікірлер тереңдей бастады. Ғалым 
Е.Ысмайылов: “Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихына көз жіберсек,
оның негізгі екі кезеңін байқауға болады. Бірінші – үйрену, идеялық
творчестволық принциптерді игеру кезеңі. Бұл революцияның алғашқы
кезеңінен соғысқа дейінгі дәуірді қамтиды. Екіншісі – соғыстан кейінгі
дәуір, яғни қалыптасу, даму дәуірі”,– деп атап көрсетсе, [5,377] Профессор 
Т.Кәкішұлы әдебиеттану ғылымының дамуын сынмен байланыстыра
қарастырады: “Қазақ әдебиеті сыны мен ғылымының тарихи белестерінен
үш кезеңді анық байқаймыз. Бірінші кезең – қазақ әдебиеті сынының туу
дәуірі. Ол Қазан төңкерісіне дейін созылған. Екінші кезең – қазақ әдебиеті
сынының жанр ретінде қалыптасу және әдебиеттану ғылымының туу


10 
дәуірі. Бұл процесс 1917-1937 жылдардың арасын қамтиды. Үшінші кезең
– қазақ әдебиеті сынының өсіп-өркендеу және әдебиеттану ғылымының
қалыптасу дәуірі. Ол 1938-1985 жылдар аралығы”,– деп көрсетеді [6,410]. 
Кейінгі кезде жарық көрген «Әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері»
атты оқу құралында тереңірек тоқталады. Бұл екі пікірде алпысыншы
жылдардан бастап ұлттық әдебиетіміздің ғылыми сипаты, сыни
көзқарастардың қалыптасып, дами бастағанын аңғартады. Бірақ, ұлттық
әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу дәуірі ХХ ғасырда кеңестік 
идеологияның, “тұрпайы социологизмнің” шеңберінде айтылды. 
“Коммунистік идеологияны тарихи, мәдени мұраны жаңа қоғам мүддесіне
пайдалану идеясын сөз жүзінде мойындағанмен, іс жүзінде пайдаға
асырған жоқ. Ол ерте замандарда жасалған халықтық көркем
туындылардың өзін партиялық, таптық тұрғыдан түсіндіруге тырысты.
Содан барып, біздің ұлттық әдеби мұрамыздың көп бөлігі ескішіл,
феодалдық, кертартпа, ұлтшылдық идеологияны жақтайды деген 
сылтаумен қолданыстан шығып қалды. Саясаттан тыс жасалған халық
әдебиеті саясатқа бұра тартылды . Халықтың көне ұғымын діни жырлар
арқылы жеткізген фольклорлық үлгілер мен әдет-ғұрып, тұрмыс-салт
жырлары ұмытыла бастады. Мұндай көзқарас тарихи әдебиетті бағалауда
да кең өріс алды. «Абылайдың сарай ақыны» деп Бұқардан, Шортанбай, 
Мұрат, Дулат сияқты ақындардан “ұлтшыл” деп, Ахмет, Міржақып,
Сұлтанмахмұт, Мағжан, Жүсіпбек, Шәкәрім, Сәкен, Бейімбет, Ілиястан 
“халық жауы” деп ажырап қалдық. Көп ғасырлық әдебиеттен тек
Шоқан, Ыбырай, Абай аман қалды. Олардың өзін біржақты, орыс
мәдениетімен байланысты, шығармашылығының түпкі бұлағы халық
әдебиетінен сусындауы тереңдетіле сөз етілмеді. Ұлттық өнер, тіл, басқа
да рухани мәдениет салалары жете қарастырылмады,” – деп, жазған
академик С.Қирабаевтың пікірі заманның ащы шындығын ел
тәуелсіздікке қол жеткізіп, сөз бостандығына ие болған соң айтуға
мүмкінді туды. [7,21] Рас, Ұлы Октябрьді, Ленинді, Коммунистік
партияны жырлау сол кезеңдегі кез-келген шығарманың негізгі арқауы
болуға тиіс болды. Көркем әдебиетте шаруа мен кедейдің бейнесін биікке
көтеру жоғары дәріптелгені белгілі. Мырқымбайлар арқылы қазақтың
қолынан қой бағып қана жетістікке жету көріністері көркем әдебиетте
көбейіп кеткен еді. Тіпті, мектепті жаңа бітірген уыздай жас өрімдерді
жоғары оқуға екі жыл малшы боп келгеннен кейін жеңілдікпен
қабылдау туралы арнайы жарлықтар да жазылған болатын. Қазақ халқы
надандық пен қараңғылыққа қасақана итермелеген солақай саясаттың
құрбаны болғанын бүгінгі күні байқап, бармақ тістейміз. Қазіргі таңда
замана талабы мен идеология қыспағындағы қате теориялардағы
көзқарасқа (“пролеткультшылдық”, “тұрпайы социологизм”, “бірыңғай
ағым”) ұшыраған мақалалар мен зерттеулер де салғастырмалы және
салыстырмалы түрде саралануда. «ХХ ғасырдың соңы қоғамдағы
өзгерістер ұлт тарихына жаңаша қарауды, сондай-ақ, ұлттың мәдени-
рухани құндылықтарын тиісінше бағалауды қажет етіп отырғаны мәлім.


11 
Бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келе жатқан құндылықтарды
бағалаудың кезеңі қазақ зиялы қауымын алуан ізденістерге апарып отыр.
Негізінен алғанда, бұл кезеңді – ғылыми жағынан нәтижелі ізденістер
кезеңі деуден гөрі, жоғалтқанды табу, өшкенді тұтату, көмескіленгенді
айқындау – бір сөзбен айтқанда, ұлттың болмысын қалыптастыратын
рухани қазынаны түгендеу деуге болады» ,– деген зерттеуші Е. Тілешевтің
сөзі рас [8,231]. Сол арқылы ұлттық әдебиеттанудың бастауы, қайнар көзі
болған әдеби мұраны игеру процесін хронологиялық тұрғыда жүйелей
отырып, ізденістер мен іркілістерін саралап, қайта қарау қолға алынуда. 
Біздің әдебиетіміз – өмір бойы тәуелсіздікті, бостандықты, бірлікті
жырлаған әдебиет. Көшпелі тұрмыс жағдайының әркелкілігі, шекаралас
халықтардың отаршылдық саясаты, ішкі рушыл алауыздық біздің сөз
зергерлерінің еркіндікті, азаттықты үзбей жырлауға мәжбүр етті.
Халқымызбен бірге әдебиетіміз де «ұлтшыл» деген атқа ие болып, оңбай
таяқ та жеді. 
Қашан да халық әдебиет пен өнерді жоғары бағалайтыны
белгілі. Көркем шығармалар ой-санаға әсер етіп, рухани мәдениетті
жетілдіретін құдіретті құрал. Осы себептен де кеңес өкіметі әдебиет пен
өнер қызметкерлеріне барлық жағдайды жасай отырып, оларды халықты
қайта тәрбиелеуде партияның көмекшілері етті. «Кеңестік патриотизмнің»
қалыптасуына да үлкен үлес қосты. Дегенмен, жақсы жақтарымыз жоқ
деп те айта алмаймыз. Адам бойындағы адамгершілік қасиеттер, достық, 
әсемдік, адалдық, еңбексүйгіштік қасиеттер шығармаларымыздың негізі
тақырыптары болды. Эстетикалық талғамның өсуі – әдебиеттің
қаншалықты дамығандығының көрінісі бола алды. Оны жасаушы
адамның талғамы, яғни суреткердің көзқарасы, арманы, идеясы оны
әрқашан жаңартып, жетілдіріп отырады.
Пікірлер мен көзқарастар таласы әдебиеттану ғылымының
өркендеуіне жол ашады. Өткенді ой елегінен өткізіп, бүгінгіні байыптап,
болашағын бағдарламайынша, ешбір ел ертеңнің асуынан аса алмайтыны
белгілі. Осы ретте, ең алдымен, қай саланың болмасын ғылымның
атқаратын қызметі баға жеткісіз. Қоғамдық ғылымдардың ішінде рухани-
көркемдік дамуға үнемі сергек қарайтын ғылым – әдебиеттану ғылымы. 
Ең алдымен халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтауға іңкәр
әдебиеттанудың қоғамдық маңызы да содан туындайды. Адам баласы
дүниені ғылым арқылы танып біледі. Табиғат пен қоғам
құбылыстарының заңын ашатын, мәнін түсіндіретін нәрсе –ғылым. Адам
баласының көркемдік танымының нәтижесінде дүниеге келген өнердің
бір түрі болып табылатын көркем әдебиетті алуан қырынан саралай
қарастыратын ғылым әдебиеттану деп аталады [9,3]. Ол көркем әдебиетті,
көркем әдебиеттің түп-төркініні, мән-маңызы мен даму үрдісін зерттейтін
ғылым”,–деп К.Ахметов сипаттама берсе [10,4], әдебиетші ғалым Б. 
Ыбырайымов “әдебиеттану – халықтың рухани-әлеуметтік жоқшысы, 
толғаныс, тұжырымы”,–деп бағалайды. [11,3]. Халықтың тағдыр-талайы, 
ой-арманы, бітім-болмысы көркем әдебиетте қалай және қаншалықты


12 
деңгейде бейнеленді, халқымыздың рухани өміріне қалай әсер етіп отыр,
рухани есею жолында назар аударарлық – ашындыратын, яки
толғандыратын құбылыстар қандай деген мәселелерді зерттеу – сол
халықтың бітім-болмысын жан-жақты байыптауға бастайды. Ендеше
түптеп келгенде,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет