Әділханова жанна сайынқызы


 С.Сейітов – әдебиетанушы



Pdf көрінісі
бет6/17
Дата31.01.2023
өлшемі0,79 Mb.
#166958
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
annotation15841
Òà?ûðûï ¹ ?ëåóìåòòàíóëû? òåîðèÿëàðäû? äàìó êåçå?äåð³í òàëäàó. Òà, Презентация (1)
1.2 С.Сейітов – әдебиетанушы 
 
Қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет сынының кадрларының
өсіп, әртүрлі бағытта, көптеген арналармен жедел дамып, қауырт
көтерілген ең жемісті дәуірі – алпысыншы жылдардың ортасы мен
сексенінші жылдардың аяғына, тоқсаныншы жылға барып тірелген кезең. 
Рас, баспасөз атаулы партияның қатаң бақылауында болып, онда үнемі
коммунистер саясаты мадақталды. Әдебиетке, өнерге таптық
пролетериаттық көзқарас таңылып отырғанын жасырын емес. Дей
тұрғанмен, осы кезде әдебиеттану ғылымы мен сын саласында біршама
іс тындырылды. Ғылым академиясының құрамындағы Әдебиет институты,


30 
ғылыми басылымдар, жоғары оқу орындары, газет-журналдар әдебиет
сыны мен ғылымының дамуына мұрындық болды. Жүздеген мақалалар,
ондаған жинақтар, диссертациялық еңбектер қорғалды. Съездерде, 
пленумдарда, түрлі конференцияларда, жыл қорытындыларында жеке
жанрларға, авторлардың жеке шығармаларына арналған әдеби
талқылаулар болып отырды. Міне, мұның барлығы көркем әдебиеттің
дамуына, көркемдік сапасының жоғарылауына негіз болып қана қоймай,
ұлттық әдебиетіміздің дамуына зор үлес болып қосылды. Сондай
ауқымды жүкті көтеруге бел шешіп кіріскен, бүкіл саналы өмірін қазақ
әдебиетінің дамуына арнаған дарынды қаламгерлердің алдыңғы легінде
әдебиет зерттеушісі, ғалым Сағынғали Сейітов те бар еді. Қазақ
әдебиетінің қалыптасу, даму, өркендеу уақыты сол соғыстан кейінгі
уақытқа тұспа – тұс келгендіктен С.Сейітов бұл істе де ауқымды, ауыз
толтырып айтатындай сүбелі еңбектер қалдырғанын жоғарыда атап өттік.
Ол өз қаламынан туған әдебиетіміздің поэзиясы, прозасы, сыны,
аудармасы туралы құнды-құнды еңбектер жазып, ұлттық сөз өнерінің
қорын өз еңбектерімен толықтырды. Әдебиетке, ғылымға қызығушылығы
ерте, студент болып, институт қабырғасында жүрген кезден-ақ байқалған
екен. Оны біз Ә. Нілібаевтің мақаласынан анық аңғарамыз : «Ол студент
кезінен-ақ әдебиет проблемасы мәселелеріне қызу атсалысып, өзіндік үн
танытты. Оның 1940 жылғы 15 октябрьде «Социалистік Қазақстан» 
газетінде «Абай – еңбек жыршысы», 1941 жылы «Әдебиет және
искусство» журналының 4 нөмірінде «Жазушы өз дәуірінің қайраткері
болу керек» деген мақалалары жарық көріп, жұрт назарын өзіне бірден
аударды. Осы тұста Ғабит Мүсірепов, Қалижан Бекхожин және Сағынғали 
Сейітов үшеуінің авторлығымен қазақ әдебиетінің оқулығы жарық көрді. 
Осылай басталған ғылыми, сыншылдық жұмыстарын соғыс үзіп кетті де,
соғыстан жеңіспен оралған жас офицер қаруын қаламмен
ауыстырды»[31]. Міне, оның өмір жолына куә болған азаматтар осылай
дейді. Содан басталған әдеби ізденушілік еңбегі қаламгердің өмірінің
соңына дейін жалықтырмаған, қайта жас ұлғайған сайын қызығы мен
жаңалығына тереңдей берген сүйікті ісіне айналды. С. Сейітов жас
кезінен беделді басылымдарға қатысып, білікті ғалым ретінде көзге
түсті. Ол Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Тайыр Жароков туралы сын-
библиографиялық зерттеу еңбектерін жазды. Ғылымға адал болды. Көзі
жетпеген нәрсені тұспалдап жаза салу С. Сейітов мінезіне тән емес еді.
Мысалы, Ғ. Мүсірепов туралы 1992 жылы жазған бір мақаласында ғалым
былай дейді: «Менің мұрағатымда жарты ғасырдан астам уақыт бойы
мұқият сақталып келе жатқан қадірлі бір құжат бар. Ол – ұлы
жазушымыз Ғ. Мүсіреповтың 1941 жылы сәуірдің 21-інде өз қолымен
жазып берген өмірбаяны. Жоқ, бұл әшейін қатардағы бір жай жазба
емес, әдебиетіміздің де, оның санаулы саңлақтарының бәрінің де басынан
өткен елеулі кезеңін сипаттайтын бағалы дүние. Мен мұны құн
жетпейтін қазынадай қабылдап, шаң жуытпай сақтап келемін. Орта
мектептің Х класына лайықталған оқу құралының Ғ. Мүсіреповке


31 
арналған тарауын жазу маған жүктеліп, тапсырылған жұмысқа
кіріскенімде оның өмірбаяны жайындағы бұрынғы деректерде шым-
шытырық жайттар барын байқадым... Қазақ әдебиетінің классигінің өскен
ортасы, шығармашылық тәжірибесі, өмір құбылыстарын пайымдауы мен
түйсінуі туралы мәселелер де назардан тыс қалыпты. Міне, осының бәрі
көңіліме алаң туғызып, Мүсіреповтың өзіне жүгінуіме мәжбүр етті. 
Қысыла-қымтырыла, имене-ұяла жүріп, күндердің бір күнінде мен ол
кісінің үйіне барып, тілегімді жеткіздім...»[32]. Осы жолдардан С. 
Сейітовтің кісілік келбеті мен адамгершілік қасиеттері, ұқыптылығы мен
болашақ ұрпақ үшін еткен еңбектің тазалығы анық аңғарылады. Ғылым
салғырттықты көтермейді. Егер мыңдаған ұрпақ оқып, білім алатын
оқулыққа дүдәмал деректер жазылып, тұманды ойлар берілсе, ертең
оның білімсіз болып шығатыны белгілі. Оның обал-сауабы кімге? Қазақ
өзінен бұрын ертеңгі ұрпағын ойлаған халық қой. Әдебиетіміздің ақ-
қарасын айыруда адалдық келешек ұрпақ үшін керегі осыдан келіп
шығады.
Ол әдеби зерттеу, сын саласында да жемісті қызметтер атқарды. 
Әсіресе, өз тұстастары Асқар Тоқмамағанбетов, Жұбан Молдағалиев, 
Жәрдем Тілеков, Абдолла Жұмағалиев, Қайнекей Жармағанбетов, 
Әлжаппар Әбішев, Хамит Ерғалиев, Сағи Жиенбаев сынды бірқатар 
замандастарының шығармалары туралы көптеген сын мақалалар жазды . 
Қазақ әдебиетінің қай тұлғасы туралы сөз қозғалса да ғалым парасат
пайымын, терең білім иесі екенін танытып отырады. Ақиқатқа жүгінеді.
Нақты дерекке сүйеніп, өзі терең білетін мәселелерді жан-жақты
салыстыра сипаттап, оқырманға ол туралы толық мәлімет беруді өзіне
мақсат етеді. Өзі иықтаса бірге жүрген, көзі көріп, куә болған мәселелер
төңірегінде жазуы оның туралығын танытатын тұстары. Мысалы, 
«Ақырын жүріп анық басқан»[33] деп аталатын қарымды қаламгер С. 
Омаров туралы мақаласы немесе «Жалын жастық жалауын
желбіреткен»[34] деген А. Жұмағалиев туралы мақалаларын алып,
қарайық: «Мен Сейтжан ағадан он жас кіші екенмін. Сөйте тұра табаны
күректей қырық жеті жыл бойы әріптес, қаламдас жолдас ретінде қатар
өмір сүріппін. Ол мені жазушылардың қалалық жиналыстарына талай
ертіп апарған: мұраға, соның ішінде ауыз әдебиетінің нұсқаларына
сүйсініп шығарма жазу мәселелеріне, поэзия ахуалына байланысты 
мәжілістің бәріне қатысуыма қамқорлық жасаған. Сәкең екеуміз соғыста
да ажыраған емеспіз...»– деп, ағынан жарылса, ақын Абдолла туралы, – « 
...имандай сырымды ағымнан жарыла айтар болсам, мен оның есімін де,
қыршынынан қиылған өмірін де тіл үйірер тебіреніспен еске аламын. 
Оны алуан күйде көрген, күйініш-сүйініштеріне куә болған, сөзін,
өлеңін тыңдаған, аға-іні ретінде сырласқан сәттерім маржандай тізіліп,
көз алдыма келіп тұра қалады. Қазыналы Қазақстанның туысқан
республикалармен терезесі тең елге айналғанын мақтан ететін өлеңдерін
оқи жөнелетін...»,– деген жолдары қаламгердің шынайылығын танытады.
Ғалымның тек эссе, мақалалары ғана емес, зерттеушілік еңбектері де


32 
баспасөз беттерінде өз заманында жиі жарық көріп, қоғамдық ортаға
өзінің ой-пікірін білдіріп отыруды өзіне парыз санаған. Еліміздің рухани
өмірі оны ешқашан бей-жай қалдырған емес. Әдеби-мәдени мәселелер
төңірегінде уақыт мінбесінен сөз қозғап, кейінгі ұрпаққа сара жол салып
беруде өзінің азаматтық борышын дөп таныған. Оның қаламынан туған
«Дүдәмәлсіз деректер», «Қашанға дейін бұрмалай бермекпіз?» немесе «Ән
дегенде мейіріңді қандырған», «Дарабоз тұлға» деген мақалалары осының
айғағы бола алады. Бұл жазбалар қазақ әні және қазақтың біртуар
саңлағы, күміс көмей әнші Мұхит туралы нақты деректерді қамтитын
маңызды мақалалар болып табылады: «... Әнші, күйші Әжігерей 
Дүйсеғұловпен 1947 жылы Совет Армиясы қатарынан босап қайтқан
уақытта кездескен едім. Мен ол кісімен таныса келе, оның кезінде
Мұхиттың әндерін тыңдағын, сан рет жиын-тойларда бірге болған адам
екенін аңғардым. Одан Мұхиттың қандай адам болғанын сұрадым. 
«Айтайын балам, айтайын. Мұхит бабамыз қапсағайлау келген, аққұба,
ат жақты, үлкен көзді, от жанарлы, маңдайы жарты қарыс, қара мұртты
кісі еді. Бойы ортадан ұзынға бейім дерліктей...Мұхит еш уақытта темекі
тартып, насыбай атып көрмеген. Былапыт сөйлеуді, кісіні сөгіп-
балағаттауды жаратпайтын...»»[35]. Осы деректерден атақты «Айнамкөз», 
«Зәуреш» әндерін тыңдап қана қоймайсың, оны дүниеге әкелген иесін
көз алдыңа келтіріп, сонымен сырласқандай, талантына табынып қарсы
алдында тұрғандай күй кешесің. Оның Шашубай туралы ғұмырбаяндық
эссесі де танымдық деңгейі жоғары, алар өнегесі мол дүниелер. Яғни,
кейінгі ұрпаққа аңыз болған адамдар туралы нақты дерекке негізделген
жазбалар арқылы ол кісілердің өмірде болғанын ғана емес, іс-әрекеттері,
мінез-құлықтары, портреттері туралы толық танып, ақиқатқа көз
жеткіземіз.
С. Сейітов қазақ әдебиетінің келелі мәселелеріне дер кезінде үн
қосып отырды дедік. Оның әдебиеттану ғылымына қосқан зерттеу
еңбектерін шартты түрде былайша топтастыруға болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет