Әдісін қолдану А. Н. Рахым *1



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата12.12.2023
өлшемі445,5 Kb.
#196702
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Нәтижелер
″Lesson study″ әдісін «Дүние жүзі тарихы» 
сабағында жүргіздік. Тарих мұғалім-
дерінің командасы құрылды. Команда мү-
шелері «мектептегі ″Lesson study″ коучин-
гіне қатысып, әлемдік қауымдастықтың 
құрметті Бас хатшысы Пит Дадлидің әді-
стемелік нұсқаулығымен және Интер-
нет-ресурстардың материалдарымен та-
нысты. Топ мүшелері арасында рөлдер 
бөлінді: модератор, сабақ беретін мұғалім, 
АВС оқушыларының назарын бақыла-
ушылар, хатшы және оператор. Зерттеу 
үшін 10 сынып таңдалынып, ″Lesson study″ 
процесін өткізу жоспары, сабақтарды өт-
кізу кестесі жасалды.
Мұғалімдер тобы сауалнама жүргізу 
нәтижелерін, оқушылармен және олар-
дың ата-аналарымен әңгімелесу, пән 
мұғалімінің бақылауларын талдай оты-
рып, келесі қорытындылар жасады: пән-
ге деген төмен мотивация оқушылардың 
сөйлеуіндегі кедергілерден, өз ойларын 
айта алмауынан, контекстпен терең жұ-
мыс істей алмауынан, әлсіз сөздік қо-
рынан туындайды.
Сабаққа деген қызығушылықты қалай арт-
тыруға болады, оқушылардың білім алуға 
деген ұмтылысын қалай оятуға болады? 
Мұғалімдер тобының бірлескен талқыла-
уы кезінде осы мәселелерді шешу тарих 
сабақтарында сыни ойлау әдістері мен 
стратегияларын қолдану болды.
Осылайша, ″Lesson study″ зерттеуінің не-
гізгі тақырыбы «Сыни ойлаудың әдістері 
мен стратегияларын қолдана отырып, 
оқушылардың сөйлеу әрекетін қалай да-
мытуға болады?»
Мұғалімдер тобының іс-әрекетіне бағыт-
талған мақсат: үш сабақты жоспарлау 
және талқылау дағдыларын жетілдіру, 
АВС оқушыларының іс-әрекеттерін бақы-
лай білу, рефлексия және деректер жи-
нау негізінде зерттелетін сыныпты оқыту-
дағы мәселелерді шешу.
Оқушылардың іс-әрекетіне байланысты 
мақсат: сыни тұрғыдан ойлаудың тиімді 


94
БІЛІМ • ОБРАЗОВАНИЕ • EDUCATION, ISSN 1607-2790 
UBA.EDU.KZ 
№1 (104) 2023
2. ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
әдістері мен стратегияларын қолдана 
отырып, оқушылардың сөйлеу әрекетін 
дамыту.
Мұғалімдер тобының одан әрі жұмысы 
алгоритм бойынша құрылды:
1 кезең: сабақты бірлесіп жоспарлау-зерт-
теу;
2 кезең: сабақ өткізу – зерттеу және са-
бақты бақылау;
3 кезең: оқушылардың сауалнамасы;
4 кезең: сабақты талқылау – зерттеу және 
келесі сабақты бастапқы жоспарлау-
зерттеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет