Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз


Фонетиканы оқыту әдістемесін іріктеп және оны оқу үдерісінде пайдаланыңыз



бет27/89
Дата05.06.2020
өлшемі341,08 Kb.
#72382
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   89
Байланысты:
каз т емтихан жауабыы

Фонетиканы оқыту әдістемесін іріктеп және оны оқу үдерісінде пайдаланыңыз.

Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негізі мен олардың жасалуы тіл білімінің басты бір саласы – фонетика болып табылады. Мектепте дұрыс оқыту, дұрыс жаздыру әдістемесінің көптеген мәселелері фонетикаға негізделеді. Сауаттылыққа үйрету тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің арасындағы айырмашылықтар мен күрделі байланыстарды бірдей ескереген жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру – ең алдымен, тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғаты мен фонетика заңдарын жете білуді қажет етеді. Фонетика ғылым ретінде жалпы және жеке фонетика болып бөлінеді. Жалпы фонетика жалпы тіл білімінің бір саласы ретінде адамдардың сөйлеу аппаратының дыбыстық мүмкіндігін айқындайды, тіл дыбыстарының классификациясын, принциптерін белгілейді. Фонетикалық жаттығулардың міндеті — балалардың айтылған буындар мен дыбыстарды жақсы айыра алуын және оларды балалар дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз ету. Фонетикалық талдауда балалар дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады, жазылған сөздердегі дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сызып қояды, сөздің ауызша және жазбаша буын жігін, дыбыс құрамын ажыратады. Сөздердегі жеке-жеке дыбыстарды мүлтіксіз айыра білу арқылы әріп қалдырмай жазуға төселеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   89




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет