Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз


Дыбысты дұрыс айтуға және қабылдауға үйрету жұмыстарын сипаттаңыз



бет35/89
Дата05.06.2020
өлшемі341,08 Kb.
#72382
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   89
Байланысты:
каз т емтихан жауабыы

2.1.8 Дыбысты дұрыс айтуға және қабылдауға үйрету жұмыстарын сипаттаңыз

Балалардың тілін дамытудағы мақсаттары:


- Балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;
- Сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру;
- Ертегілерді әңгімелеуге, өлең, тақпақ, мақал - мәтелдер, жаңылтпаштарды айта білуге үйрету.
Осы мақсатты іске асыру нәтижесіндегі міндеттері:
- Бала тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу.
- Сөздегі грамматикалық дағдыларды қалыптастыру;
- Баланың сөздік қорын молайту;
- Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру;
- Балалардың ойын дамытып, тіл байлығын арттыру.
Сөздің дыбыстық жағын меңгерту
- Бала тілін зерттеп, қай дыбысты айта алмайтынын анықтау;
- Артикуляциялық аппаратты дайындау кезеңі
- Сөз, сөйлем, өлең, жұмбақ, жаңылтпаштарды айтқызып, дыбыстарды үйрету.

Балалардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту барысында қолданылатын әдістерге тоқталатын болсақ:


1. Сахна ойындары. Оның барысында қажетті дыбысқа байланысты сөздер, сөйлемдер бірнеше рет қолданылады. әр кейіпкерді сөйлете отырып, балаларға қайталату.
2. Бағдарлама бойынша өтілетін шығармалардан тіл ұстартуға қажетті шумағын алып пайдалану. Сол шумақ қай ертегіден, қай өлеңнен алынғанын сұрап, жауабын алу арқылы тіл дамытудан игерген білім дағдыларын бекітеді, әрі қайталайды.
3. Сөздің дыбыстық жағын анық айтуға жаттықтыруда шағын әңгіме, ертегілерді мәнерлеп оқып беруге болады.
4. Көркем сөз шеберлерінің таспаға жазылған үндерін, мәнерлі дауыс ырғағын тыңдату.
5. Дидактикалық жаттығулар жасау. «Ғажайып қалта» «Не өзгерді?» үстел үстінде ойнайтын ойындарды пайдаланып, әр дыбысқа байланысты суреттерді топтап алу.
6. Жұмбақ, мақал - мәтел, жаңылтпаштарды айтқызу арқылы қажетті дыбысты бекіту.
Жұмыстың осы түрлерін баланың жас кезінен бастап дер шағында қолға алса нәтижесі де ойдағыдай болады.
Оқушыларға білім беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері кешенді түрде іске асырылады. Мәселен, ән оқу іс - әрекетінде музыка үнімен бала сезіміне әсер етсе, тіл дамытуда оқылған әңгіме, ертегілер, біріншіден баланың ақыл - ойын, танымын кеңейтсе, екіншіден ана тілін жақсы білуге көмектеседі.
Мысалы: «З» дыбысын бекіту мақсатында А. Райымқұлованың «ауыл маңында» өлеңін айтқызу.
Ауыл маңы саз, саз - саз,
Жайылады қаз, қаз - қаз.
Тоймай қалса қаз, қаз - қаз,
Шашқан дәнің аз, аз - аз.
Дыбыстарды меңгерту барысында ассоциация әдісін қолданамын. Мысалы: «Қ» дыбысын бекіту мақсатында Қ – қарға, қолғап, қасқыр, қой, қарындаш
Ұрпақтан - ұрпаққа мұра болып келе жатқан ертегілер, мақал - мәтел, жұмбақтар, жаңылтпаш бала тілін дамытуда шешуші орын алады. Ертегінің мазмұнын толық қабылдау және тіл байлықтарын арттыру мақсатымен сахналап рольдерге бөліп ойнату. Мысалы: «Бауырсақ» «Шалқан» «Мақта қыз бен мысық» «Алдар көсе мен тоңғақ бай» «Күз түсті» ертегілері.
Түрлі ойын - жаттығулардың бала тіліне тигізер ықпалы мол. Мысалы: «Күз түсті» ертегісі бойынша ойын - жаттығу.
«Балалар тоғайға жеміс - жидек теруге барады. Барлығының қолдарында себет бар. Олар тоғайға келе жатса, бір сиыр жатыр екен. Сиыр балаларды көріп «мө - мө - мө» деп амандасады. Содан кейін «балалар, қайда барасыңдар?» дейді.
- Балалар: - Орманға жидек теруге бара жатырмыз
Деп жауап береді.
Орманға келіп ағаштың бұтағында тоқылдақтың отырғанын байқайды. Тоқылдақ балаларды көріп «тық - тық» деп амандасады. Сонан кейін торғайлар «шиқ - шиқ» деп дыбыстайды. Қарға болса «қар - қар» дейді. Көкек те қалыспай «көкек - көкек» деп қалыспайды.
Осы тәріздес ормандағы құстар, аңдар балалармен кездеседі. «Күз түсті» ертегісінің мазмұны бойынша жүргізілетін ойын - жаттығудың мақсаты ертегі мазмұны бойынша балаларды қызықтырып, дыбыстарды анық айтуға жаттықтыру. Ертегілерден басқа көркем әдеби шығармаларды балаларға оқып беріп, олардан әңгіменің мазмұнын сұраймын. Мысалы: «Екі дос пен қайыршы қария» әңгімесін оқып беріп, әңгіменің мазмұнын сұрау арқылы Венн диаграмма әдісін қолданып, балаларға Алдан мен Сауранның мінезін салыстырамын.
Халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы мақал - мәтелдер арқылы да беріледі.
Қазақты мақал - мәтелдері негізінен елдікті, ынтымақты, бірлікті, адамгершілікті, инабаттылықты қамтиды. Сондықтан, мен «Менің Қазақстаным» «Отбасы» «Менің ауылым» тақырыптарын өткенде:
• Туған жер – алтын бесік
• Өз үйім - өлең төсегім
• Отан – оттан да ыстық
Батырлық, ерлік туралы:
• Жауынмен жер көгереді, батамен ел көгереді
• Ер - елдің көркі, өсімдік жердің көркі
Білім туралы:
• Қына тасқа, білім басқа бітеді
Көп сөйлеген білімді емес, көп білген білімді – деген мақал - мәтелдерді
пайдаланамын.
Бала тілінің дамуына жұмбақтар үлкен роль атқарады. Әр оқу іс - әрекетінің тақырыбына сәйкес жұмбақ айтудан бастаймын.
• Кешкісін маздап жанады, таң атса сөніп қалады (Жұлдыз)
• Қырманнан көрдім, ырыздығы елдің (Дән)
• Басында аппақ шәлі, етегі елдің сәні (Тау)
Халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс, айқын сөйлеуге үйрететін, тілін жаттықтыруға бейімді жанр – жаңылтпаш. Жаңылтпаш арқылы сөздерді дұрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай дұрыс айтуға үйретеді.
• Көк кесе, көп кесе, Көп кесені әкелді кеше

Тіл дамытудың бұл бөлімі баланың сәби шағынан бастап біртіндеп


Дегенмен, кейбір балалардың, әсіресе бақшаға кешірек келгендердің сөз ішіндегі
Сөзді дұрыс естіп, тіл дыбыстарын өзгертпей қайталауға, сөйлегенде асып-саспай,
Бұл жұмыстар бар сабақтарда жүргізіледі. Логикалық жаттығу жұмыстарын орындағанда
Сөздің дыбысталу, естілу ерекшелігін (фонемалық) байқап, дұрыс айтуға, дыбыс
Балабақшаларда (сәбилер тобы) қазақша ауызекі сөйлеу тіліне үйрету балалардың
Тәрбиешілер балалардың сөзі анық болып шығуы үшін алғашқы сабақтарда-ақ
Балалардың айтуына қиын тиетін дыбыстар тіл қызметінің күрделілігіне
Қазақ тіліне тән дыбыстардың жасалуында ерін мен иектің қызметі
Иектің қозғалысы ауыздың кең және қысаң ашылып тұруына
Дегенмен, ескеретін жағдай – тіл дыбыстарының айтылуын үйрету –
«Балалар бақшасының тәрбие бағдарламасы» тілді үйрету жөніндегі арнаулы сабақтарда
Мектеп жасына дейінгі кезеңде баланың дүние танымын, ой-өрісін кеңейтіп,
Мектепке дейінгі сәбилердің әдеби шығармаларды өз бетінше оқуға қабілетті
Олар әдеби мұраларды шебер педагогтың шынайы өнері, тілінің мәнері
Сол себепті де «Балалар бақшасына тәрбие бағдарламасында» 2 жастан
Көркем шығармаларды тыңдауға бала сәби кезінен-ақ құмартып, қызығады

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың байланыстырып сөйлеуін дамытудың басты міндеті - монологтік және полилогтік тілін жетілдіру болып табылады. Балалар өзара қарым-қатынасты талдауды, адамдардың адамгершілік қырындағы қылықтарын дәлелді бағалай білудегі мәселелерін меңгере бастайды. Балалар диалогтік және полилогтік сөйлеу іскерліктерін меңгереді: қоршаған ортамен қуана тілдік қарым-қатынасқа түседі. Олар ұжымдық әңгімелесулерге қатысып, сыпайы түрде сөйлесудің қабылданған нормаларын: әңгімелесушіні мұқият тыңдау, сұрақты дұрыс қою, сұрақтарға жауап беру, балалардың жауабын тыңдау, ұжымдық әңгімелесулерге қатысу, ортақ әңгімені қолдау, әңгімелесушіні бұзбай кезекпен сөйлеуді қолдана алады.

Әңгімелесу барысында (тәрбиешінің көмегімен) қойылған сұрақтың сипатына қарай сөйлем түрлерін қолданады. Ересектер мен құрбыларына өтініш, алғыс, реніш, шағым түріндегі сыпайы қарым-қатынас үлгілерін үйренеді. Өзінің және құрбыларының тіліндегі қателер мен олқылықтарды анықтап, оларды түзей алады.

Сөздікті дамыту

Балалар тұрмыстық сөздікті, табиғат пен тұрмыстық заттардың атауларын, олардың қасиеттері мен сапаларын, құрылымын, материалы мен оның ерекшеліктерін білдіретін сөздерді дұрыс және нақты қолдануды белсенді меңгерулері тиіс. Нысанның пішіні, өлшемі мен басқа да белгілерін білдіретін сөздерді меңгеруді жалғастыруы керек.

Ересектер тобында (5-6 жас) балалар материалдардың неден жасалынғаны, олардың қасиеттері туралы көбірек білулері тиіс. Кейбір заттар мен бұйымдардың дайындалу үдерісін білу (пісіру, жасау, тігу, үтіктеу және т.б.). Алты жаста балалардың сөздігі заттардың материалы, қасиеті мен күйін жалпылайтын сөздермен толықтырылады.

Балалар өзіне таныс заттардың қасиеті мен сапасын анықтауға қажетті зерттеу әрекеттерін дербес қолданып, оларды атаулары тиіс (сипау, үрлеу, умаждау, қолында өлшеу, иіскеу және т.б.).

Ересек топтағы сөздік жұмыстардың жетекші мазмұны жалпылаудың тегі мен түрлерін, жалпылауды білдіретін сөздерді түсініп қолдану болып табылады.

Бұл жаста балалар заттарды салыстыруды, басты белгілерін табу, осылардың негізінде заттарды топтарға бөлу іскерліктерін меңгереді. Заттарды өздеріне тән белгілері бойынша біріктіру қабілеттерін меңгереді. Ыдыс-аяқ, жиһаз, киім, аяқ киім, көкөністер, жемістер, көлік және т.б. түсініктерді біледі.

Сөздердің ұғымдық мазмұнын меңгеру балаларға сөздердің ауыспалы. басқаша айтылған мағынадағы сөздерді түсініп, қолданудағы жаңа деңгейге өтуге мүмкіндік береді.

5-6 жастағы балалардың сөздігін толықтыру әлеуметтік өмірдің құбылыстары мен оқиғаларына, адамның ішкі дүниесі мен сыртқы қылықтарына қызығушылығының артуымен байланысты. Түрлі мамандықтағы адамдардың еңбегімен таныстыру барысында олардың сөздігі заттар мен еңбек құралдарының, жұмысқа қажетті техниканың, еңбек іс-әрекеттері және олардың орындалу сапасының атауларымен толықтырылады.

Сөйлеудің грамматикалық дұрыстығы

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар тілдің барлық негізгі грамматикалық түрлерін қолданулары тиіс. Балалар құрбыларының тіліндегі грамматикалық қателерді анықтауға және оларды жөндеуге, грамматикалық формаларды дербес қолдануға үйренеді.

Сөйлеу мәдениеті

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар дыбыстарды дұрыс айтуға және сөздерге дыбыстық талдау жасау іскерліктеріне үйретіледі. Олар ана тілінің барлық дыбыстарын анық, дұрыс айта білулері тиіс. Күнделікті сөйлесу барысында дыбыстарды дұрыс айта білуге жаттығады.

Өлеңдерді оқып, әдеби шығармаларды мазмұндау барысында балалар түрлі дауыс ырғағының құралдарымен қолдана білуі тиіс: сарын, сөйлеу ырғағы, қисынды екпін. Бұл құралмен балалар өзіне туған емес (орыс және ағылшын) тіліндеріндегі өлеңдерді оқу және әдеби шығармаларды мазмұндау барысында да қолданулары тиіс.

Монолог

Балалар алдына қойылған коммуникативтік жағдайға байланысты білімдік және тұрмыстық әрекеттерді айқындайтын тіл материалының әдістемелік құралына орай, алдын ала дайындықсыз ойындағысын жеткізуі тиіс.

Өзінің пікірін айтуда тілдік тұрғыдан дұрыс рәсімделген, мөлшері 3 сөз тіркесінен кем болмауы тиіс. Пікір айту сипаттамадан (сурет, бұйым, ертегілер кейіпкерлерінің әлпеті және т.б.), оқиғадан (дос, отбасы мүшесі, үй жануары және т.б.) тұруы мүмкін.

Бес жасар балалардың танымдық және сөйлеу мүмкіндіктері жоғары деңгейде артады. Ортаңғы топтағы балалардың әлеуметтік және табиғи жаратылысты меңгеруде әуестігі, белсенділігі, дербестігі жоғары болады.

Тілдердің үштұғырлығы бойынша жұмыстың орталық бағдары оқытудың монологтік түрі, бұл 4 жасар балаларды үлкендер мен құрдастары арасында тілдік қатысымға түсуде дербестік пен бастамашылдыққа тәрбиелеу болып табылады. Монологтік оқыту барысында балалар қатысымдық сөйлеу дағдысына ие болады, сөздік қорын арттырады және грамматикалық дұрыс сөйлеу қалыбын реттейді.

Оқыту мазмұнына өлеңдер, әндер, санамақтар, сондай-ақ мектепте оқыту жағдайларын айқындайтын тілдік құралдар кіреді. Тілдік материал көлемі 70 типтік сөйлеу үлгілерін құрайды, олардың 50-і сөйлеу үшін қолданылады. Сөздік бірліктер көлемінің – 150-і сөйлеу үшін және 200-і тыңдалым үшін.

Тілдің үштұғырлығы бойынша ұйымдастырылған оқу ісінің тақырыптық мазмұндылығы «Қатынас» білім беру саласының білім мазмұнының іріктеу талаптарының принциптері бойынша құралады.

Оқытудың негізгі принциптері: қызықтылық, жүйелілік, түйіндемелік, қолжетімділік, көрнекілік және шынайы қарым-қатынас болуы тиіс.

Тілдердің үштұғырлығының дамуы барысында келесі ерекшеліктерді ескеру қажет:

- оқытудағы тілдердің сөз әрекетін белсенді түсіну және айту процессі ретінде қалыптасуы керек;

- оқыту әдістемесі қызмет принципіне (қолда бар қызығушылық, қойылған мақсатқа сәйкес теңбе-тең тәсілдер мен мақсаттарды қолдану) негізделуі керек;

- қарапайым пікір айту машықтарын қалыптастыру үшін сөз таңдау, оның өзгеруі, сәйкес ойын жеткізу сөйлемдерін таңдау қажет;

- мектепке дейінгі жастағы балаларды сөйлеу жағдайындағы бағытталу машықтары және оқытылып жатқан тілдегі қарым-қатынасқа оқыту қажет.

Тіл үштұғырлығына кіретін тілдер ұйымдастырылған күрделі жүйені құрайды. Жаңа сөздерді сөйлеуде пайдалану кезінде оларды игеру және қарым-қатынас жасау тек белгілі сөздік қордың жинақталуы мен есте сақталу жағдайында ғана мүмкін.

Сөздік жұмыс тілдер үштұғырлығын оқытудың алғашқы кезеңінде басым болып табылады, себебі тілдерді тәжірибеде игеру алдын ала бейтарап сөздікті жинақтаусыз мүмкін емес. Белсенді сөздікке жаңа сөздерді енгізу: ойыншықтар, нақ пішін, табиғи заттар, сюжеттік суреттер, фотосурет, сызбаларға сүйене отырып, бейнелерді көру нәтижелі болып табылады. Жаңа сөздердің айтылуы мінсіз, айқын, ашық болуы тиіс. Меңгерудегі тілге енгізілетін жаңалықтар келесі кезеңдерден өту қажет: педагогтің үлгісіне сүйене отырып жаңадан естіген сөздерді елестетіп қалыптастыра білу; сөйлеу кезінде оларды тану және түсіну.

Оқытылу барысына жаңа сөздер мен сөз тіркесі қосылғанда өз ретімен енгізілуі қажет. Жаңа сөздер алғашқы рет енгізілсе, балалардың назарын оларға және ерекше айтылуына аудару қажет. Бірақ балалар жаңалықтарды шамадан тыс қабылдамауына көңіл бөлу керек.

Белсенді сөйлеуде пайдаланылатын сөздер біртіндеп енгізілуі керек және жүйелі түрде қайталанып тұру қажет. Белсенді сөздікті толықтыру фразалық сөйлеуді біртіндеп күрделендіру арқылы жүзеге асу қажет.

Мағыналы мәтінді, тақпақтар, өтірік өлеңдер, санамақтардың екпін мен мәнерлеп айтылуына аса назар аудару қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   89




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет