Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз


Әліппеде суреттер берудегі мақсатты анықтаңыз



бет31/89
Дата05.06.2020
өлшемі341,08 Kb.
#72382
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   89
Байланысты:
каз т емтихан жауабыы

Әліппеде суреттер берудегі мақсатты анықтаңыз.

Кеспе әліппенің қажеттілігін сипаттаңыз.

Сауат ашу кезеңіндегі ең негізгі басты құрал — «Әліппе» және «Әліппе серігі». Әліппенің бас жағындағы түрлі тақырыптарға салынған суреттер де оқушылармен жүргізілетін дайындық жұмыстары үшін ең қажетті көрнекі құрал болып есептеледі. Әліппеде әрбір жаңа әріпті үйрету барысында жекелеген заттардың суреттері және тақырыптық суреттер де беріледі. Сонымен қатар онда балалардың ойы мен тілін дамыту үшін сюжетті картинкалар, әңгімелер, жұмбақтар т. б. бар. Әліппеге қосымша көрнекі құрал — кеспе әліппе. Кеспе әліппеден олар буын, сөз, сөйлем құрайды және оларды талдап, оқып үйренеді.

Әріптерді естерінде жақсы сақтау үшін суретті алфавит қолданылады; онда әрбір әріптің суреті мен атауы және сол әріптен басталатынзаттың суреті салынады.

Әріптерді сақтауға арналған әріп кассасы жасалады. Әріп кассасының көлемі дәптердің ашып қойғандағы көлеміндей болады.

Қызыл, көк түсті төрт бұрыштар жасалады. Қызылы дауысты дыбысты, көгі дауыссыз дыбыстарды көрсетеді.

Бұл айтылғандардан басқа таблицалар да қолданылуы мүмкін. Мысалы дауысты, дауыссыз дыбыстарды өту барысында таблица қажет-ақ. Мұнда дауысты дыбыстың таңбасын қызыл түспен, дауыссыз дыбысты қара түспен ерекшелеуге болады.



Жазу үлгісін” пайдалану туралы сипаттаңыз.

1-сыныптағы жазу. "Жазу дәптерін" пайдалану тәртібі 1. Жазу дәптеріне қаламмен жаздырту. 2. Дәптердің сыртын толтыру. 3. Әр жазу жұмысының аралығына күн, ай аттарын жазбау. 4. Әр жазу сабағында жүргізілетін жазу жұмысының көлемі не жұмыс мөлшері дәптердің жиек сызығына созылған қызыл дөңгелек /о/ белгілерінің аралығы екенін аңғарту. 5. Әрбір жаңа әріпке байланысты берілген суреттерге әңгіме құрастырып және оның дыбыстың, буынның құрамын көрсететін сызбамен жұмыс жүргізу. 6. Әр әріптің жазба түрінің кіші және бас әріптерімен толық таныстыру барысында олардың өзара байланысына, жалғасуына назар аудару. Әріптің құрамы қанша элементтен тұратыны көрсетілген жолға жазғызбау, ашық қалдырту. 7. Тік төртбұрыш ішінде берілген заттар үлгісінің үстінен жүргізу. 8. Жазу жолының басында қара түспен әріптің жазу үлгісі көрсетілгенін, ал қызыл түспен берілген үлгілер, бастырып жазуға арналғанын ескерту. Жазуға жаттығудың кіріспе әңгімеден басталғаны көп. Мұғалім балаларды жазуға қызықтыра білуі қаж эт. Мәселен, А әрпін жазып үйренуге арналған сабақтың кіріспе әңгімесі шамамен былай болады: Оқу сабағында біз А әрпінің баспа түрімен таныстық. Қазір жазба түрімен танысамыз. Әрбір сауатты адам бұл әріпті әрі дұрыс, әрі әдемі жаза білуі керек. Егер оны дұрыс жазбасаңдар оның қандай әріп екенін тану өздеріне де, басқаға да қиынға соғады, ешкім сенің жазғаныңды оқи алмайды. Ол басқа әріптердің жанында тұрғанда да нашар көрінеді. Сендер жақында апа, ата, ана деп жазатын боласыңдар. Бұл сөздерде екі-екіден а әрпі бар, сондықтан өте жақсы жазуды үйренуіміз керек. Әріпті тану, әрі дұрыс жазу оңай емес. Әдемі жазу үшін, жақсы жазуға талаптану керек. Ол үшін әр әріптің қалай жазылатынын еске сақтау қажет. Қазір мен сіздерге а әрпі қалай жазылатынын көрсетемін, оны көріп, еске мұқият сақтап алыңдар. Мұнан соң оның жазба түрінің кіші және бас әріп үлгілері көрсетіліп, ол қандай элементтерден тұратыны түсіндіріледі де, ол элементтерден тұтас әріпті құрап жаздыртады. Оқушылардың жаңа әріпті жазуы оларды әріптің жазбаша үлгісімен таныстырып болған соң басталады. Оқушыларға әріп элементі көрсетілген бірінші жолды таптырады да, ондағы әріп элементінің жазылуына назар аудартады, жазу жолының қай тұсынан бастап жазу керектігін түсіндіреді. Қызыл түспен жазылған элементті құс тілінің бағыты бойынша бастырып жазу ұсынылады. Бастырып жазғанда жасалынған қол қимылын еске сақтай отырып, оны ауада жазып көрсету талап етіледі. Тағы да жазылуын еске түсіріп, әрі қарай сол элементті сол жолға жалғастырып жазу тапсырылады. Сонан соң балалар өздерінің жазғандарын дұрыс, бұрыстығын білу үшін, жол басындағы үлгімен салыстырып отырады. Мұғалім сыныпты аралап жүріп оқушылардың жіберген қателерін көрсетіп шығады. Әр оқушыға жазу жұмысының қорытындысына байланысты ескертулер жасап, баға береді. Біреулерін мақтаса, біреулерін көтермелейді, біреулеріне жіберген қателігін, не ескермеген жерлерін көрсетеді, ендігілеріне таза жазбайлап жазғанын ескертіп, ұқыпты жазу керектігін айтады. Әрбір жаңа жазылған әріп бұрынғы қатені жоюға ғана бағытталғанға саналмай, оны дұрыс жазуды әрі қарай жалғастыру деп білу керек. Екі-үш жол жазу жазылған соң, сергіту минуты жүргізіледі. Әріпті жазып үйренудің тәртібі төмендегіше: 1. Сөзге дыбыстық талдау жасату, жеке дыбыстау, сөз ішіндегі орнын анықтау; 2. Жазба әріптің жазу үлгісін тұтас көрсету /плакаттан, әліппеден, кеспе әліппеден/;3. Жаңа өріпті тақтаға жазып көрсету; 4. Жаңа әріп элементтерін дәптерге түсіру; 5. Жаңа әріпті тұтас жазу; 6. Жаңа әріпті басқа әріптермен жалғастырып жазу; 7. Сөйлем жазу; 8. Балалардың жұмысына талдау жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   89




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет