Әдістемелік кеңес №1


Әдістемелік кеңес төрайымы: Жылкыбаева К.О



бет17/17
Дата07.02.2022
өлшемі95,65 Kb.
#94774
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Әдістемелік кеңес төрайымы: Жылкыбаева К.О.


Хатшы: Бодыкова А


Әдістемелік кеңес №4


01 наурыз 2018 жыл





Қаралатын мәселелер

Өткізу формасы

Уақыты

Жауаптылар

наурыз №4
Әдістемелік кеңес тақырыбы: Құзіретті педагог-жаңа формация педагогы Жүргізілу түрі: пікірталас

1.



№3 әдістемелік кеңес шешімдерінің орындалуы.

әдіскер-Жылкыбаева К.О.

2.



Жаңа формация педагогы-құзыреттілігі қалыптасқан тұлға

әдіскер-Жылкыбаева К.О.

3.

Тәрбиеленушілер жетістігі-ізденімпаз ұстаз еңбегінің нәтижесі

тәрбиеші -С.Абдуллаева

4.

Педагогтер портфолиосын ресімдеу

әдістемелік бірлестік жетекшісі

5.

Өз бетімен білім алу-педагогтардың кәсіби біліктілігін қалыптастырудың құралы

Тәрбиеші – К.Муканова

6.

Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізудің әдістемелігімен таныстыру

әдіскер-Жылкыбаева К.О.

7.

Ағымдағы мәселелер.

әдіскер-Жылкыбаева К.О.

4 әдістемелік кеңеске педагогтардың қатысуын тіркеу




Тақырыбы: Құзіретті педагог-жаңа формация педагогы
Жүргізілу түрі: пікірталас
Күні: 01 наурыз 2018 жыл





Педагогтардың аты-жөні

Қызметі

Қолы

1.

Жылкыбаева К.О.

Әдіскер




2.

Серік Г. Б.

Тәрбиеші




3.

Куршибаева А. Б.

Тәрбиеші




4.

Умирзак П.

Тәрбиеші




5.

Толеубаева К.А.

Тәрбиеші




6.

Акишова С. О.

Тәрбиеші




7.

Муканова К. Н.

Тәрбиеші




8.

Абдуллаева С. Б.

Тәрбиеші




9.

Берлибаева А.

Ағылшын тілі мұғалімі




10.

Салауатова Г.

Музыкалық жетекші




11

Бодыкова А.К.

Тәрбиеші




12

Толегенова Б.Т.

Тәрбиеші






Әдістемелік кеңес отырысы
Хаттама №4


Күні: 01 наурыз 2018 жыл Қатысқаны: 10
Қатыспағаны: 2


Тақырыбы: Құзіретті педагог-жаңа формация педагогы
Жүргізілу түрі: пікірталас
Әдістемелік кеңес төрайымы: Жылкыбаева К.О
Хатшы: Бодыкова А.
Күн тәртібінде:

1.



№3 әдістемелік кеңес шешімдерінің орындалуы.

әдіскер-Жылкыбаева К.О.

2.



Жаңа формация педагогы-құзыреттілігі қалыптасқан тұлға

әдіскер-Жылкыбаева К.О.

3.

Тәрбиеленушілер жетістігі-ізденімпаз ұстаз еңбегінің нәтижесі

тәрбиеші -С.Абдуллаева

4.

Педагогтер портфолиосын ресімдеу

әдістемелік бірлестік жетекшісі

5.

Өз бетімен білім алу-педагогтардың кәсіби біліктілігін қалыптастырудың құралы

Тәрбиеші – К.Муканова

6.

Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізудің әдістемелігімен таныстыру

әдіскер-Жылкыбаева К.О.

7.

Ағымдағы мәселелер.

әдіскер-Жылкыбаева К.О.



1.Тыңдалды: №3 әдістемелік кеңес шешімдерінің орындалуы.
Сөйледі: Әдіскер К.О. Жылкыбаева мектепке дейінгі балаларды тәрбие мен оқытудың бағдарламасының және стандарт талаптарының орындалуы бойынша жұмыстар бақылауға алынып, балалардың сөздік қорын дамыту жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатқаны анықталды. Вариативтік компонент бағдарламалары күннің екінші жартысында кестеге сай жүргізілуде. «Ақбота» ересектер тобында ағылшын тілінде ертегіні айту, сахналау жұмыстары қолға алынып, вариативтік компонент барысында қайталауда. Мамыр айында өтетін балабақшамен қоштасу кешінде балалар ертегіні сахналап қойып беруге дайындалуда,-деді.
Шешім: Өткен әдістемелік бірлестік отырысының шешімі қанағаттанаралық деп танылсын.
2.Тыңдалды: Жаңа формация педагогы-құзыреттілігі қалыптасқан тұлға
Сөйледі: Әдіскер К.О. Жылкыбаева қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алудамыз. Білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас, басқаша қарым қатынас пайда болды. Баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына көңіл бөлінуде. Сондықтан қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеріп, жаңа формация мұғалімі болу- заман талабы. Жаңа формация педагогы деп кімді атаймыз?
1. Педагог үздіксіз ізденуші
2. Педагог дамушы шығармашыл тұлға
3. Педагог өз ісінің шебері
4. Педагог әділ, еңбекқор тәрбиеші
5. Маман-педагог
Бүгінгі таңда жаңа формация педагогіне қойылатын талап та жоғарылады. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация педагогы – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Құзіреттілік латын тілінен аударғанда «компетенс» яғни, өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады. Енді осы ұғымдардың мәнін тереңірек талдайтын болсақ, онда «құзыр» – тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы, ал «құзырлық»–адамның іс-әрекеті саласына сай құзырлықтарды меңгеруі. Құзырлылық белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді. Кәсіби құзіреттілік деп педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық-педагогикалық және теориялық білімінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады. Педагогтың кәсіби құзіреттілігі оның білімінің жан-жақтылығы, ұстаздық шеберлігі, оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияны меңгеруімен өлшенед,- деді.
Шешім: педагогтардың үздіксіз ізденіп, өздерін жан-жақты дамытуына әдістемелік көмек көрсету.
3.Тыңдалды: Тәрбиеленушілер жетістігі-ізденімпаз ұстаз еңбегінің нәтижесі Сөйледі: тәрбиеші С.Абдуллаева «Келер ұрпақтың алдында зор жауапкершілік арқалап келеміз» деген Елбасымыздың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді.  Сонымен қатар, ұстаз шәкірттерін де үнемі сайыстар мен байқауларға қатыстырып, жүлделі орындар алуға ұмтылу қажет. Бұл жағдайда ата-аналармен жұмысты күшейту керек. Бүгінгі таңда мектепте мұғалім көп, өкінішке орай ұстаз аз.Нәтижелі еңбегімен ұлағатты ұстаздардың қатарын толықтыратын мектебімізден осындай ұстаз шыққандығына мектеп қауымы біздер дән ризамыз. Ұстазға тек жалықпай , ізденісін тоқтатпай ұстаздықтың ұлы жолында ұлы абыройға кенеліп, шәкірт тәрбиелей беруге зор тілек білдіреміз,-деді
Шешім: Педагогтардың түрлі сайыстарға қатысуын бақылау.
4. Тыңдалды: Педагогтер портфолиосын ресімдеу
Сөйледі: әдістемелік бірлестік жетекшісі А.Куршибаева педагог портфолиосы – педагогтардың кәсіби деңгейін көрсетуші материалдарды тіркеп жинақтау және өзінің кәсіптік қызметінің міндетін шешу қабілеті болып табылады. Педагогтың портфолиосы арнайы папкада жинақталады. Портфолиода педагогтың жетістіктері, басылымға жіберілген мақалалар, ашық ұйымдастырылған оқу қызметтері мен презентациялар, өз білімін жетілдіру тақырыбы бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінде қолданылатын әдістер, технологиялар көрсетіледі. Портфолио жинақтаудың басты міндеті – әрбір педагог өзінің кәсіби құзіретін бағалау үшін практикалық қызметтің барынша маңызды нәтижелерін көрсету, орындалған жобалар, конкурстарға қатысу, педагогикалық жүргізген зерттеулер. Портфолио педагогтың жұмыс нәтижесін талдауға, жалпылауға, жүйелеуге, өз мүмкіндіктерін объективті түрде бағалауға және қиындықтардан шығу жолын табуға, жоғары нәтижелерге жету жолындағы іс-әрекеттерін жоспарлауға мүмкіндік береді, - деді.
Сөйлеген:
К.Жылкыбаева: әдістемелік бірлестік жетекшісі ретінде педагогтарға портфолио жинақтауда қандай көмек көрсетілуде?
А.Куршибаева: барлық педагогтарға портфолио жинақтаудың үлгісін беріп, түсіндіріп айттым. Қазір педагогтар портфолиоларын жинақтап, дайындап қойды.
Шешім: Педагогтардың портфолиоларын толықтырып, педагогикалық кеңеске дайындау.
5. Тыңдалды: Өз бетімен білім алу-педагогтардың кәсіби біліктілігін қалыптастырудың құралы
Сөйледі: тәрбиеші К.Муканова «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың еш нәрсені ұмытпайтын алғыр да, алғарымпаз, ақыл иесі, ... мейлінше шешен, өнер білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болу керек» - деген Әл-Фараби. Мұғалім әрдайым даму үстінде сондықтан өзінің еңбек жолының барлығында зерттеуші болып табылады. Әсіресе мұғалімнің кәсіби шеберлігін қалыптастыру барысында ғылыми-әдістемелік іс- әрекет үлкен әсерін тигізеді. Бұл іс-әрекет болжамы: білім саласында болып жатқан қазіргі кездегі өзгерістермен әрдайым танысу; өз әріптестерінің әртүрлі формадағы ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыру тәжірибесін оқып үйрену; жаңа білім тұжырымдамасымен, бағдарламаларымен т.б. танысу. Өзінің педагогикалық шеберлігін арттыру үшін педагог әртүрлі курстарға қатысады, сол сияқты өз білімін арттырумен шұғылданады. Өзіндік білім жетілдірдің мақсатының өзі оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін жетілдіру мақсатында жалпы педагогикалық және психологиялық білімді оқып-үйрену. Өз білімін арттыру педагогтың тұрақты іс-әрекеті болғандықтан, оған кіретіндер: белгілі мәселеге байланысты ғылыми зерттеу жұмысы; кітапханаға бару, ғылыми – әдістемелік және оқу кітаптарын оқу; педкеңеске, әртүрлі семинарларға қатысу; өз әріптестерінің ұйымдастырылған оқу қызметтеріне қатысу, ұйымдастырылған оқу қызметтерін жүйелі ұйымдастыру; қазіргі білім беру технологияларының негіздерін оқып-үйрену болып табылады. Бізде барлық педагогтар өзіндік білім жетілдіру папкаларын дайындап, өз тақырыптарына байланысты педагогикалық кеңестерде, әртүрлі сайыстарда баяндамаларымен бөлісіп келеді,-деді.
Сөйлегендер:
К.Жылкыбаева: Ожеговтың анықтамасы бойынша өз білімін арттыру дегеніміз «Басқаның көмегінсіз,өз бетімен дайындалу арқылы білімін арттыру, кәсіби-әдістемелік білім мен біліктілігін тереңдетуге және кеңейтуге, пәндік дайындық деңгейін көтеруге бағытталған». ҚР «Білім» туралы Заңының 51-бабының 5-тармағында «Мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігін, парасаттылығын, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға міндетті», - делінген. Педагогтың еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен, күрделілігімен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді, бұл оның терең және кәсіптік білімінің, білік-дағдыларының болуын қажет етеді. Өзіндік білім алудың шеңберінен тыс педагогтың тұлғалық және кәсіптік дамуы мүмкін емес. Қазіргі кезде кейбір педагогтарымыз өздерінің зейнеткерлікке жақын қалғандарын айтып көп сайыстарға қатысқысы келмейді. Сіздер қазір жұмыс істеп отырсыздар. Сондықтан жұмыстан кеткенше өз білімдеріңізді толықтырып, алдарыңыздағы тәрбиелеп отырған бүлдіршіндерге заман талабына сай білім мен тәрбие берулеріңіз керек. Сондықтан үнемі ізденіс үстінде болуларыңыз қажет,-деді.
Шешім: Педагогтардың өзіндік білім жетілдіру тақырыптары бойынша шығармашылық есеп дайындалсын.
6. Тыңдалды: Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізудің әдістемелігімен таныстыру Сөйледі: әдіскер К.Жылкыбаева 2018 жылдың ақпан айында мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізудің әдістемелігі шықты. Әдістемелікте кішкене өзгерістер баршылық. Мониторинг жүргізу бірінші кіші топтан басталады. Аталған топта Бастапқы бақылау үшін индикаторлар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған ерте жастағы топтың күтілетін нәтижелері болып табылады (1 қосымша). Басқа топтар (сыныптар) үшін Бастапқы бақылаудың индикаторлары алдыңғы жас топтарының күтілетін нәтижелері (II жартыжылдық) болып табылады. Педагог баланың біліктері мен дағдыларының даму деңгейі бойынша диагностика нәтижелерін Бақылау парағына енгізеді. Аралық бақылау І жартыжылдық қорытындысы бойынша жүргізіледі, ол әр баланың біліктері мен дағдыларының даму деңгейінің динамикасын анықтайды.Қорытынды бақылау ІІ жартыжылдық соңында өткізіледі, ол Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында анықталған балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейіне сәйкестілігін айқындауға мүмкіндік береді деп мониторинктегі өзгерістерге тоқталып өтті.
Шешім: тәрбиеленушілерден алынатын қорытынды мониторинг мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізудің әдістемелін негізге алып жүргізілсін.
7. Тыңдалды: Ағымдағы мәселелер.
Сөйледі: Әдіскер К.О. Жылкыбаева алда жасалатын жұмыстарға тоқталып өтті. Наурыз айында өтетін аналар мерекесі, наурыз мерекесіне байланысты құттықтаулар, көрмелер ата-аналар бұрышына уақытылы ілініп, мәліметтер берілуін және наурыз, сәуір айында жоспарланған ашық ұйымдастырылған оқу қызметтерінің уақытылы өтілуін, оған барлық педагог-тәрбиешілер қатысып, өзара ұйымдастырылған оқу қызметіне қатысу парағын толтырып отыруларын ажәне наурыз мерекесі қарсаңында өтетін «Аталар сайысына» дайындалу, ата-аналармен сөйлесіп, қатысушылардың мәліметін әдіскерге алдын ала ұсыну қажеттігін айтты. Әрбір өткізген іс-шараларды басылым беттеріне беріп отыру сіздердің портфолионы толықтыруларыңызға қажет,- деді.


Әдістемелік кеңес төрайымы: Жылкыбаева К.О.


Хатшы: Бодыкова А.


Әдістемелік кеңес №5


11 мамыр 2018 жыл





Қаралатын мәселелер

Өткізу формасы

Уақыты

Жауаптылар

Мамыр №5
Әдістемелік кеңес тақырыбы: Жылдық оқыту мен тәрбиелеу
Жүргізілу түрі: пікірталас

1.



№4 әдістемелік кеңес шешімдерінің орындалуы.

әдіскер-Жылкыбаева К.О.

2.



Жылдық оқу жоспары міндеттерінің орындалуы туралы қорытынды талдау

әдіскер-Жылкыбаева К.О.

3.

Оқу жылының жұмысы қорытындысы нәтижесінде мадақтауға ұсынатын педагог кандидатурасын қарау

әдістемелік бірлестік жетекшісі – Куршибаева А.

4.

Келесі оқу жылындағы мақсат-міндеттер

әдіскер-Жылкыбаева К.О.

5 әдістемелік кеңеске педагогтардың қатысуын тіркеу




Тақырыбы: Жылдық оқыту мен тәрбиелеу
Жүргізілу түрі: пікірталас
Күні: 11 мамыр 2018 жыл





Педагогтардың аты-жөні

Қызметі

Қолы

1.

Жылкыбаева К.О.

Әдіскер




2.

Серік Г. Б.

Тәрбиеші




3.

Куршибаева А. Б.

Тәрбиеші




4.

Умирзак П.

Тәрбиеші




5.

Толеубаева К.А.

Тәрбиеші




6.

Акишова С. О.

Тәрбиеші




7.

Муканова К. Н.

Тәрбиеші




8.

Абдуллаева С. Б.

Тәрбиеші




9.

Берлибаева А.

Ағылшын тілі мұғалімі




10.

Салауатова Г.

Музыкалық жетекші




11

Бодыкова А.К.

Тәрбиеші




12

Толегенова Б.Т.

Тәрбиеші






Әдістемелік кеңес отырысы
Хаттама №5


Күні: 11 мамыр 2018 жыл Қатысқаны: 10
Қатыспағаны: 2


Тақырыбы: Жылдық оқыту мен тәрбиелеу
Жүргізілу түрі: пікірталас
Әдістемелік кеңес төрайымы: Жылкыбаева К.О
Хатшы: Бодыкова А.
Күн тәртібінде:

1.



№4 әдістемелік кеңес шешімдерінің орындалуы.

әдіскер-Жылкыбаева К.О.

2.



Жылдық оқу жоспары міндеттерінің орындалуы туралы қорытынды талдау

әдіскер-Жылкыбаева К.О.

3.

Оқу жылының жұмысы қорытындысы нәтижесінде мадақтауға ұсынатын педагог кандидатурасын қарау

әдістемелік бірлестік жетекшісі – Куршибаева А.

4.

Келесі оқу жылындағы мақсат-міндеттер

әдіскер-Жылкыбаева К.О.



1.Тыңдалды: №4 әдістемелік кеңес шешімдерінің орындалуы.
Сөйледі: Әдіскер К.О. Жылкыбаева педагогтар өзіндік білім жетілдіру тақырыптары бойынша портфолиоларын дайындап, педагогикалық кеңесте қорғап шықты. Кейбір тәрбиешілерге толықтырулар қажеттілігі айтылды. Тәрбиешілердің әлі де өздігінен ізденіп, жаңа технологияларды меңгеру деңгейі төмендігі, әр түрлі сайыстарға қатыспайтыны туралы айтылып, ескертулер берілді,-деді.
Шешім: Өткен әдістемелік бірлестік отырысының шешімі қанағаттанаралық деп танылсын.
2.Тыңдалды: Жылдық оқу жоспары міндеттерінің орындалуы туралы қорытынды талдау
Сөйледі: Әдіскер К.О. Жылкыбаева елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазіргі заман талабына сай, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі отбасының, балабақшаның, барша елдің, халықтың міндеті» деген болатын. Иә, елбасымыз айтқандай жас жеткіншектерді тәрбиелеу жұмысының негізі ең алдымен отбасында қаланып, сонан соң балабақшада жалғасатыны белгілі. Бүгінгі жас ұрпақ болашағының ірге тасының берік қалануы үшін, балабақшада берілетін білім мен тәрбиені дұрыс қалыптастыру өз қолымызда. Біздің басты мақсатымыз: Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру стандартының негізгі ережелері мен талаптарын басшылыққа ала отырып, білім салаларында білім алу құзіреттіліктерін қалыптастыру. Сапалы білім беру жүйесінің ең алғашқы сатысы-мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу болса, баланың алғашқы құрылым институты отбасы болып саналады. Отбасы тәрбиесінің басты ерекшелігі балаға байланысты ең ерекше эмоциалық қатынасты қалыптастырады, өзіне деген сенімділігін арттырады. Ата-ананың көрсеткен үлгісі, жеке тұлғалық дамуы отбасы тәрбиесінің нәтижесіне әсер етеді, баланы жан-жақты дамыту жүйесінде балабақша мен отбасының өзара байланысын анықтайды. Бөбекжайда қазіргі таңда 96 бүлдіршін тәрбиеленіп, білім алуда. Тәрбиеленушілерге тәлім-тәрбие беру жолында арнаулы және жоғары білімді педагогтар жұмыс істейді. Балабақшадағы оқу тәрбие жұмысы негізінен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Жалпыға міндетті білім беру стандарты, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік» бағдарламасымен жұмыс істейді. Қазіргі уақытта 5 топ мемлекеттік тілде жұмыс істейді. Әрбір топтағы тәрбие, білім беру өнегелі әдептерге үйретудегі жаңа технология әдіс-тәсілдерімен ойын түрлері арқылы жүргізілген тәрбие жұмыстары нәтижесін беруде. Бөбекжай оқу-тәрбие жұмыстарының жоспарын жасап, бекітіп, сол бойынша біршама жұмыстар атқарды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы топтарда жүзеге асырылуда. Бес білім беру саласымен жұмыс жасау елеулі нәтижелер берді. Бөбекжайда оқу-тәрбие жұмысын жақсартуда педагогикалық кеңестер, тәрбиешілерге және жас мамандарға арналған кеңестер жүргізілді. Әрбір топтағы тәрбие, білім беру-өнегелі әдептерге үйретуде қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдер мен ойын түрлері арқылы жүргізілетін тәрбие жұмыстары нәтижесін беруде. Педагогтардың кәсіби құзіреттілігін, танымдық қажеттіліктерін, тәрбиелеумен оқыту үрдісін ұйымдастыру іс-әрекеті барысында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануларын қамтамасыз ету, өз бетімен ізденулеріне қолдау көрсету мақсатында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары» тақырыбында пактикум-кеңес, «Баланың шығармашылық қабілетін жетілдіруде эстетикалық тәрбиенің рольі» диалог-кеңес, «Бөбекжайда педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуды өздігінен білім алу жағдайында іске асыру», «Ұрпақ тәрбиесі-ел болашағы» 
тақырыптарында семинар өтті. Онда педагогтар өзара іс-тәжірибелерімен бөлісіп, әдістемелік көмек алды. Оқу жылында педагогикалық ұжыммен «Педагогикалық ұжымының педагогикалық ғылыми жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибелерін тәрбиелеу мен оқыту жұмыстарына қолдану», «Педагогтардың өздігінен кәсіби дағдыларының жүзеге асуының қалыптасуы», «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» және «Әдістемелік жұмыстардың барысын қорытындылау» тақырыптарында педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогтар инновациялық технологиялармен, жаңа бағдарламалармен танысты. Өздерінің теориялық білімдерін жыл бойы балалардың жан-жақты дамуына мақсатты түрде бағыттап, түрлі әдіс-тәсілдерді практикалық тұрғыда қолдана білді. Дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді балалардың тілдік дамыту жұмыстарында қолданып, соның нәтижесінде суреттер бойынша әңгіме құраудың, мазмұндаудың жаңа сызбасын әзірледі. 2017-2018 оқу жылында жылдық оқу жоспарына сай жұмыстар жүргізілді,- деді.
Шешім: жылдық оқу жоспарының орындалуы қанағаттанарлық деп танылсын.
3.Тыңдалды: Оқу жылының жұмысы қорытындысы нәтижесінде мадақтауға ұсынатын педагог кандидатурасын қарау.
Сөйледі: әдістемелік бірлестік жетекшісі А.Куршибаева 2017-2018 оқу жылында әртүрлі сайыстарға қатысып өздерін жан-жақты көрсете білген педагогтарды атап оларды, жаңа оқу жылында мұғалімдер күні қарсаңында мадақтауға ұсынды. Олар тәрбиешілер Асел Бодыкова, Саркыт Орымбековна, Света Абдуллаевалар, Перизат Умирзак - деді.
Сөйлеген:
К.Жылкыбаева: Былтырғы оқу жылында балабақшада жұмыс жасайтын 13 педагогтың 4-5-і ғана әртүрлі сайыстарға белсенді қатысып, өздерін жан-жақты дамытып отырды. Қалған педагогтар келесі жылы бұл жағдай қайталанбай, өз-өздеріңізді дамытып, сайыстарға қатысып отырыңыздар,-деді.
Шешім: Ұсынылған педагогтар тізімі №1 педагогикалық кеңесте қарауға дайындалсын..
4. Тыңдалды: Келесі оқу жылындағы мақсат-міндеттер
Сөйледі: Әдіскер К.О.Жылкыбаева келесі оқу жылында педагогтардың өзіндік білім жетілдіру жұмыстарын жандандыру арқылы тәрбиеленушілерге заман талабына сай білім мен тәрбие беру, өзіндік білім жетілдіре отырып, оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін жетілдіру мақсатында жалпы педагогикалық және психологиялық білімді оқып-үйрену, жаңаша білім мазмұнына сай құжаттарды толық толтыруды үйрену, тамыз кеңесіне баяндама оқитын педагогтар баяндамаларына дайындық жұмыстарын қарастырып, тақырыптарын бекітсін, - деді.


Әдістемелік кеңес төрайымы: Жылкыбаева К.О.


Хатшы: Бодыкова А.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет