Әдістемелік кеңес №1


Шешім: Әдістемелік бірлестіктің жұмысын жүйелеу. 3.Тыңдалды



бет2/17
Дата07.02.2022
өлшемі95,65 Kb.
#94774
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Шешім: Әдістемелік бірлестіктің жұмысын жүйелеу.
3.Тыңдалды: Өзара сабаққа қатынасу, тәжірибе алмасу – педагогтың кәсіби өсуінің факторларының бірі.
Сөйледі: Әдіскер К.О. Жылкыбаева өзара сабаққа қатынасу, тәжірибе алмасу – мұғалімнің кәсіби өсуінің факторларының бірі. Өзара сабаққа қатынасу, тәжірибе алмасу – педагогтың кәсіби өсуінің факторларының бірі.Ғаламдану заманында, әсіресе білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен түбегейлі жаңарулар дәуірінде педагог алдында тұрған мақсаттар мен міндеттердің салмағы орасан зор болып отыр. Педагог информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек. Педагогика, технология әлеміндегі жаңалықтарға үңілу, оны зерделей, зерттей отырып іс — тәжірибеге пайдалану, өзінің техногиясын қалыптастыру — заман талабы, заман ағымына ілесу де оңай емес. Кәсіби біліктілігі жоғары өзіндік позициялы, бағалы бейімділігі бар сапалы оқушы даярлау — бүгінгі өмір талабы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде: «Жаңа формацияға жаңа педагог қажет»- деп атап көрсетті. Жаңа формацияның жаңа педагогын қалыптастыру үшін жаңа кәсіби мазмұн, жаңа кәсіби даярлық технологиясы қажет, әрі даярлық сапасын арттыруға бірден — бір қызмет етуі керек. Мұғалім білімін, қабілетін, сенімін, ішкі мүмкіншіліктерін интеллектуалдық, психологиялық сапасын үнемі толықтырып, жаңартып отыру керек. Біліктілікті арттыру арқылы сіз өз біліміңіз жетілдіруді қамтамасыз ете аласыз. Әр педагог-тәрбиеші аптасына кем дегенде 3-4 ұйымдастырылған оқу қызметіне кіру керек. Әріптестеріңіздің әдіс-тәсілдерін үйрену арқылы өз-өзіңіздің тәжірибеңізді арттырасыз, көріп үйренесіз,-деді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет