Әдістемелік конференция материалдары түркістан, 20 ақпан 2017



бет6/14
Дата02.05.2018
өлшемі11,96 Mb.
#40395
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Өмірбаев Ержан


Ф.ғ.к., доцент м.а.

Усенбаева Шынар магистр, оқытушы

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Түркістан, Қазақстан

«ӘДІЛ СҰЛТАН» ЖЫРЫНДАҒЫ СӨЗЖАСАМДЫҚ ТӘСІЛДЕР ТУРАЛЫ


«Әділ сұлтан» эпикалық жыры Ресейдегі Санкт-Петербург университеті ғылыми кітапханасының Шығыс бөлімінде №493 болып тізімделген қолжазба кітаптың орта ғасырлардағы жыраулар, айтыскер және әншілер шығармаларының ана тілімізде топтастырылған бізге жеткен жинағы екені анықталды. Қолжазба 65 парақтан немесе 130 беттен тұрады. Беттері түгел, қағазы ақаусыз, өте жақсы сақталған. Ескі дәстүрмен, әрбір парақтың соңында келесі парақтағы басқы сөз жазылып отырады. Қолжазбаны құрастырушы шығармаларды қалауынша көшіріп, жинаққа түсірген. Қолжазба кітап тақырыпсыз, бірінші парақтың екінші бетінен бірден жырмен ашылған. Ішкі тақырыптар есебіндегі жырларды тізімдеу сөздері шығармалар мәтіндерін бөліп, қызыл түсті сиямен жазылған. Жырлар сегізінші парақта аяқталған соң, 8–13-парақтарда тақырыбы көрсетілмей «Әділ сұлтан» эпикалық жыры келтірілген. Бұл жыр орта ғасырлық шығарманың қазақ топырағында жасалған жинақтағы нұсқасы – біздің заманға жеткен бірден-бір жыр бөлігі. Шығармада Әділ сұлтанның зайыбының көрген түсін баяндаумен және оны жорумен ашылып, Әділ сұлтанның қапаста өмір қызығымен қоштасқан жырымен аяқталады.

Әр дәуірде жазылған сөзжасамдық нұсқаларда айырмашылықтар болатыны белгілі. Бұл әрине, қазақ тілінің тарихи кезеңдерге байланысты аз да болса, өзгеріп отыратыны айдан анық. Көне және ортағасыр жазба ескерткіштер тілінде сөзжасамның морфологиялық тәсілі болды, бірақ әр сөз табының сөз тудырушы жұрнақтары санаулы ғана. Қазіргі сөзжасам мен көне және ортағасыр жазба ескерткіштерінің сөзжасам жүйесін салыстырғанда, қазіргі қазақ тіл жұрнаққа өте бай. Арада бірнеше ғасыр өтсе де, олардың әр кезеңінің тілдің сөзжасам жүйесінің қалыптасуына да, сөздік қордың баюына да үлес қосқандығы байқалады. Тілдің сөзжасамдық жүйесінің толығып, отыруы, сөзжасамдық заңдылықтардың тілде орнығып қалыптасуы баяу болса да, тіл дамуында үнемі болып отыратын құбылыс екені даусыз.

«Әділ сұлтан»эпикалық жырының қазақ халқының тарихы мен тілін зерттеуде алатын орны ерекше. Біз өз зерттеуімізде осы еңбектерді пайдалана отырып, олардағы сөздердің жасалу табиғатын, даму сипатын және сөзжасам процесін зерттеуге арқау еттік. Жазба ескерткіштер тіліндегі сөзжасам қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасам процесімен салыстырыла қаралады.

Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған сөзжасамдық тұлғалар. Жазба ескерткіштердесөз тудырушы амалдардың синтетикалық, аналитикалық және лексикасемантикалық тәсілімен жасалу жолдары кездеседі. Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі қосымшалы тіл болғандықтан, синтетикалық тәсіл туынды сөз жасауда үлкен қызмет атқарды. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды түбірлердің мағынасы оның құрамындағы негіз сөзге байланысты. Негізгі морфеманың мағынасы туынды түбірдің мағынасына арқау болады. Сондықтан оның мағынасы мен туынды лексикалық мағына байланысты болады.

Синтетикалық жолменесімдерден есім сөз жасайтын жұрнақтарды топтасақ, төмендегіше беруге болады:



  1. -Лық//-лік//-лұқ//-лүк//-луқ, -лығ//-лүг//-луғ; Бұл жұрнақ түркі тілдерінің барлығында да өнімді жұрнақ саналады. Ғалымдар оны түрліше этимологиялайды: біреулер ілетістігінен, ал көп зерттеушілер «лық толы» дегендегі лықсөзінен шығарады. Сөзжасамдық бұл формант әсіресе, туа түбір зат есім атауларына көбірек жалғанады. Э.В.Севортянның көрсетуінше, бұл пікірді алғаш рет өзінің «Ұйғыр тілінің грамматикасы» деген еңбегінде А.Боровков ұсынады да, кейін «Башқұрт тілінің грамматикасы» деген еңбегінде Н.К.Дмитриев қайталайды. «Дәл осы «толы» мағынасында армян тілінде де лықтұлғалы сын есімнің болуы мәселені қиындата түседі және лық сөзінің сөз тудырушы -лигжұрнағына қатысын ашу үшін әлі де болса қосымша деректер керек сияқты», дейді Э.В.Севортян. Жазба ескерткіштерде бұл жұрнақтың фонологиялық варианттары негізінен, есім түбірге үстемеленетін 1) дерексіз мәнді атауыштық ұғым берген; 2) қатысты сындық ұғым; 3) іс-әрекет атауын, кәсіп иесін; 4) белгілі бір жерге, мекенге қатыстылықты; 5) заттың неге арналғанын білдіреді «Әділ сұлтан» эпикалық жырында бірде есімшеге, бірде туынды есім сөзге жалғанады: Әділ сұлтан жауға түшіп қалғанлықларындан хабар берділер [...] мен өзім жарлылықтан көремін… (Әділ сұлтанның жау қолына түсіп қалғанын хабарлады [...] мен өзім жарлылықтан (кедейліктен) көремін...) [1,11].

ХІV ғасырда жазылған ескерткіштерде -лық жұрнағы негізгі түбірлерге жалғанумен қатар, туынды түбірлерге жалғанып да жаңа сөздер жасайды. Яғни -чы формалы зат есімге, -лы және -сыз формалы сын есімге, сондай-ақ -мақ формалы етістікке жалғанып, -чы-лық,-лы-лық, -сыз-лық, -мақ-лық формасында әртүрлі ұғымда жұмсалатын туынды зат есімдер жасайды. Сол секілді -чылық жұрнағының тарихи фонологиялық өзгеріске ұшыраған -шылық формасы Абай мәтіндерінде көптеп қолданылған. Р.Сыздықованың пікірінше, бұл жұрнақ екі күйде кездеседі. Мұнда да жаман-шылық, әуре-шілік сияқты көптеген сөздерге жалғанғанда, екіге ажыратылмайтын тұтас жұрнақ болып келеді және Абай бұл тәрізді жұрнақтарды актив қолданған.

Қазіргі қазақ тілінде қазақ даласындағы ел басқару жүйесінің өзіндік ерекшелігіне сәйкес туған лауазым атаулары бар. Олар да осы -лық//-лік, -дық//-дік, -тық//-тік жұрнағы мен туа түбір зат есімдердің бірігуінен жасалған туынды зат есім түрінде кездесіп отырады: хандық, патшалық, сұлтандық, бектік жәнет.б.

Осы -лық//-лік, -дық//-дік, -тық//-тік аффикстерінің қазіргі қазақ тілінде сын есімнен туынды зат есім жасау процесінде –лы-лық//-лілік, -дылық//-ділік, -тылық//-тілік түрінде күрделеніп жұмсалған фактілері кездеседі. Мысалы: айқындылық, көркемділік, өжеттілік және т.б. [2,116]. Сонымен қатар, жазба ескерткіште кездеседі, мыс.: Әділім ғарқ олжалы болғанда ер шырағы [...] ат мініп жасаулы жау қаруын сайлады… (Әділім қарқ-олжалы болғанда ер шырағы [...] ат мініп, жау қаруын сайлады...) [1,44]. Қазіргі түркі тілінде жекежеке, әр басқа функцияда қолданылатын -лығ пен -лы жұрнақтарының ХІ-ХІІ ғғ. әдеби ескерткіштерінде атқаратын қызметі мен білдіретін мағынасында өзара алмасу, яғни бірінің орнына екіншісінің қолда-нылып келу реттері жиі байқалатындықтан, біз қарастырып отырған жазба ескерткіш тіліндегі бұл жұрнақтың өте көне аффикс деп түйіндейміз


  1. -Сыз//-сіз: Сөзжасамдық бұл жұрнақтың шығу тегі, тарихтық жағы тіл білімінде жалпы түрліше түсіндіріледі. Сол ретте оның привативтік мәнде, -лы жұрнағына қарамақарсы мағынада жұмсалатыны да жиі сөз болады. Ол өзінің басқа сөзге жалғанымдық мүмкіндігінің кеңдігіне қарамастан, семантикалық реңкі жағынан түркі тілдерінде жалпы шектеулі жұрнақтар қатарында қаралады. Көбінесе бірыңғай мәнде келіп отырады. Осы арада көңіл аударатын нәрсе: -сыз//-сіз форманты бір өзінде әрі етістік, әрі есім сипаты – екеуі бірдей сақталған етістік негізді есіммен, есептік сан есіммен, сын есіммен сөзжасамдық қатынасқа түсе алмайды. Ол тек белгілі бір нақты затты және грамматикалық жақтан таза зат сипатындағы құбылысты білдіретін есімдерге ғана жалғанып жаңа сын есім жасайды [3,346].

«Әділ сұлтан» жырында: Турылқысыз қара үйге ту көтермек не керек…(Туырлықсыз қара үйге ту көтермек не керек...) [1,12].

Бұл аффикс ескі қыпшақ жазба ескерткіштерінде -сыз//-сіз,-суз//-сүз: тәңір ішісіз «тәңір ісіңсіз», еч йамансыз «еш жаман-сыз», арық «таза, күнадан арылған» – арықсуз «таза емес, арылмаған» формасында қолданылады [3,27].

-Сыз жұрнағының табиғаты жайында Э.В.Севортян былай дейді: «-сыз аффиксі өте ертеден келе жатқан өнімді көрсеткіш», олай бола тұрса да тіліміздегі қазіргі қолданысы шектеле бастады. Бұл жұрнақ кейде өзінен кейін басқа да қосымшаларды қабылдай береді [2,122]. Ә.Керімұлының пікірінше, -сыз жұрнағы көне түркі тіліндегі -сыра жұрнағымен мағыналас болып келеді. Мысалы, қаған-сыра «қағансыз қалу», уруғ-сыра «ұрықсыз қалу». «-Сыра состоит из словообразовательного именного аффикса -сыр = -сыз с отрицательным привативным значением и глаголообразующего аффикса -а», деген Р.Радловтың пікірі дәлелді [4,55]. ХІ-ХІІ ғғ. жазба ескерткіштер тілінде -сыз//-сіз жұрнағы

– қатыстық сын есім жасауда өнімді қызмет атқаратын жұрнақтардың бірі. Бұл аффикс -лы//-лі аффиксіне мағыналық жағынан қарама-қарсы, яғни бұлар зат, құбылыс бойында белгінің жоқтығын, болмайтындығын білдіреді. Бұл туралы қазақ тіл біліміндегі болымдылық-болымсыздық категориясын зерттеуші ғалым Т.Әбдіғалиева болымсыздық белгі қатыстық сын есімдер арқылы да берілетінін, «бұл ретте -сыз//сіз жұрнағының қызметі кең» екендігін атап көрсетеді [4,11].

Ұқсату, салыстыру, теңдестіру мағынасында «Әділ сұлтан» эпикалық жырында -дай//-дей, -тай//-тей жұрнағы өзгеріссіз қолданылған, мыс: ...қобағы мұрын қиғаш қас бетін айдай балқытып көзін судай толқытып…(...қобағы мұрын, қиғаш қас, бетін айдай балқытып, көзін судай толқытып...) [1,15].

-Дай//-дей аффиксі үстеу сөз табын жасауда кеңінен қолданылады. Зат есім, сын есім, сан есім және есімдік түбірлі сөздерге қосылып, әр мәнді үстеулерді жасауға қатынасады. Осы аффикстің шығуы жайында түркология ғылымында әртүрлі пікір бар. Мәселен, Н.К.Дмитриев мұны дек формасымен байланыстырады. Ал А.Н.Кононов бұл жұрнақтың негізін көмектес септігі-нің формасынан іздестіреді. Сонымен қатар, Ж.Денидің осы аффикстің тенг//денг (тен) сөзінен шықты деген пікірін қуаттайды. Шынында да, осы соңғы пікір дұрыс тәрізді, өйткені -дай//-дей жұрнағының жалғанған сөзімен беретін мағынасы бір нәрсемен теңестіру, салғастыра айту болса, мұның о бастағы негізі тең сөзінен шыққандығы шындыққа жанасады. -дай//-дей жұрнағы түбір сөзден кейін араға басқа бір тұлғаны салып барып жалғанады: Онда жігіттерді бүгінгідей доктор қарамайтын (М.Әуезов). Қазіргі қазақ тілінде бұл жұрнақ кейде -дайын//-дейін түрінде де қолданылады. Бұл өте көне құбылыс тәрізді: Жаздай көрмедім // жаздайын көрмедім.

Соңғы қолданыс көбінесе ауызекі тілге тән болып келеді. Бұл жайды А.Н.Кононов арнайы көрсеткен болатын. Қарайым тілінің заңдылығы бойынша осындай қолданысты К.Мұсаев та көрсетеді [2,332].

Қазіргі қазақ тілінде -дай көрсеткіші осылайша жалаң аффикс түрінде қолданылады: қыстай, бүтіндей, ақшалай және т.б.



Етістіктен етістік жасайтын жұрнақтар. Ескі қазақ тілінде жазылған ескерткіштерде қолданылған етістіктен етістік сөз жасайтын жұрнақтар қазіргі қазақ тіліндегі етіс категориясы ретінде қарастыруға болады. Өйткені бұл жұрнақтардың ескерткіштердегі қолданымы қазіргі қазақ тілімен бірдей болып келеді. Оларды жазба ескерткіштердегі қолданымы мынадай:

1. -Л, -ыл//-іл//-ұл//-ул жұрнағы қазіргі қазақ тіліндегідей ырықсыз етіс жұрнағы ретінде кездеседі. Бұл жұрнақ өзі жалғанатын етістік негізінің мағынасына істің істелетінін, бірақ, оны кім істейтінін білдірмейтінін, демек, оны жүзеге асырушы адамның (субъектінің) көрінбейтінін аңғартатын мән үстейді:...ер шырағы екі көз жұмылыңқы көрінді... (...ер шырағы екі көз жұмылыңқы көрінді...) [1,51].

2.-Ын//-ін жұрнағы өзі жалғанатын етістік негізінің мағынасына амалдың (істің) шарпуы я нәтижесі субъектінің (істеушінің) өзіне тиетінін, демек, субъект өзі үшін жүзеге асыратынын білдіретін мән жамайды [5,250]. Ол қазіргі қазақ тіліндегідей өздік етіс жұрнағы ретінде кездеседі, мысалы: ...қара шекмен жабынған қу ағашқа табынған мінген атын матаған атасының атауына шошқа сойып атаған... (...қара шекпен табынған, қу ағашқа табынған, мінген атын матаған, атасының асына шошқа сойып атаған...) [1,54].

Қазіргі қазақ тіліндегі өздік және ырықсыз етістердің аффикстері ретінде -н, -ын//інжәне -л, -ыл//-ілжұрнақтары танылады. Әдетте осылардың алдыңғылары өздік, соңғылары ырықсыз етістерге жатқызылады. Соған қарамай, олардың бірі-біріне омоформа болып келетін жағдайы да жоқ емес. Яғни, -н, -ын//-інаффикстілер ырықсыз, -л, -ыл // -ілаффикстері – өздік етіс қызметін атқаратын кездері болады [3,280]. Бұлай болудың себебі түпкі негіздердің тұлғалық ерекшеліктерінен келіп шығады. Мысалы, ал, бөл, сондай-ақ, байла, майла, т.б. негіздерінде лдыбысы бар сөздерге жоғарғы екі етістің -н, -ын//-інжұрнақтары қосылады. Ал-ын, бөл-ін, байла-н, майла-н жәнет.б. ретіне қарай өздік те, ырықсыз да етіс болып қолданылады.



  1. -Ш, -ұш//-үш//-ыш//-іш; -c, -ыc//-іc//-ұc//-үcжұрнағы әрі есімнен етістік тудыратын, әрі етістіктен етістік тудыратын бір омоним форма. Ортақ етіс -c, -ыc//-іc жұрнағы арқылы негізгі етіс формасынан (етістік негізінен) жасалады. Бұл жұрнақ негізгі етістікке амалды (істі) кемі екі я онан да аса субъекті қатысып жүзеге асыратындықты білдіретін мән үстейді, демек, бірнеше субъектінің қатысы арқылы жүзеге асатын амалды білдіреді [4,289]. Жазба ескерткіште негізгі етістіктерге жалғанып ортақ етіс жасайды, мыс.:...омырауын салқытып иісін жұфар аңқытып сыбыр сыбыр сөйлесіп сыңқылдасып күлішіп... (...омырауын салқытып, иісін жұпар аңқытып, сыбыр сыбыр сөйлесіп, сыңқылдасып күлісіп...) [1,161].

Қазіргі қазақ тілінде -c, -ыс//-іcжұрнағы ортақ етіс тұлғасы ретінде танылады. 10 томдық «Қазақ тілі түсіндірме сөздіктерінде» де солай белгіленіп жүр. Шынында, оның негіздері сабақты етістік болып келетін сабақты етістіктердің бұл жұрнақтармен айтылуы мен қолданылуы салт етістік негіздерден өзгеше. Сөйле мен сөйле-с, төбеле мен төбеле-с, құшақта мен құшақта-с, сүй мен сүй-іс және тағы басқаларды жүгір-іс, күл-іс тәрізділермен салыстырса да, мағына айырмашылықтары айқын танылады. етісжұрнағы жалғанып тұрып, не ортақ, не көмектес, тіпті көптік мәннің өзін де бермейтін етістіктер бар. Мысалы: жайла-с-ып отырды; көңлі жайла-с-ты дегендердегі жайла-с мағынасы жағынан жайла-н екеуі – синонимдер.

  1. -Тыр//-тұр, -дыр//-дұр, -кіз//-күз, -т жұрнақтары жазба ескерткіште өзгелік етіс жасайтын жұрнақтар болып келеді, мыс.: ...шүлдір шүлдір сөйлеген сөйлегенін адам білмеген атқа амал үйреткен ат артына арба сүйреткен... [...] бетін айдай балқытып, көзін судай толқытып, омырауын салқытып иісін жұфар аңқытып сыбыр сыбыр сөйлесіп сыңқылдасып күлішіп... (...шүлдір шүлдір сөйлеген, сөйлегенін адам білмеген, атқа амал үйреткен, ат артына арба сүйреткен... [...] бетін айдай балқытып, көзін судай толқытып, омырауын салқытып, иісін жұпар аңқытып, сыбыр сыбыр сөйлесіп, сыңқылдасып күлісіп...) [1,54-61].

Қазіргі қазақ тіліндегі өзгелік етіс жасайтын жұрнақтар – әртүрлі. Біріншіден, -ғыз//гіз, -қыз//-кізбен -дыр//-дір, -тыр//-тір жұрнақтары жиі қолданылады. Екіншіден, кезкелген етістік түбіріне жалғана беретін бұл жұрнақтар ал-дыр, ал-ғыз, жаз-дыр, жаз-ғыз сияқтанып, бірінің орнына екіншісі жалғана береді. Үшіншіден, бұл екеуінен өзгелері түбір талғап жалғанады. Соған қарамай, түрлі жұрнақты өзгелік етіс тұлғалы етістіктер сол өзінің сабақты етістік мәнін сақтайды, объектілері де сол қалпында қалады. Өзгеріс субъектілер тұрғысынан туындайды. Мысалы: кітап оқы, хат жаз тәрізділерде: ол кітап оқыды делініп, субъекті бастауыш ол сөзі арқылы, объектісі кітап (-ты) деген тура толықтауыш болып беріліп, әрқайсысы өз нақтылығында грамматикалық көрініс табады. Түбір етістіктердің оқы-т, жаз-дыр немесе жаз-ғыз болып өзгелік етіске ауысуы іс-әрекет пен субъектілік қатынаста, әсіресе бұлардың грамматикалық берілуінде көрсететін өзгерісіне сай жаңалық барын білдіреді. Оқы деген тәрізді оқы-т, етістіктерінде омонимдер тобына жатады. Дұға оқы, өмірден оқы т.б. мағыналары болуына сәйкес, алдыңғы екеуі соңғы екеуінен ерекшелігі бар. Оқы- өзгелік етістігі де сол ерекшеліктерді сақтай отырып: газет оқы-т-пады немесе газет оқы-т-ады дегендер мен ұстаздар оқыт-ады т.б. салыстырып та мағыналық қана емес, сөйлем құрылымындағы, сондай-ақ субъекті-объекті арқылы қатынастырып, ұқсастығы мен айырмашылығын аңғаруға болады.Қазақ тілінің тарихы мен қазіргі дамуы жағдайында етістіктер маңызды орын алады. Бұл жайында ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында түркітанушы ғалымдардың еңбектері жарық көре бастады [4,8].

Сан есімдердің көнелігіне байланысты тілдегі барлық сан атауларының қалай жасалғаны анық көріне бермейді. В.В.Виноградов орыс тіліндегі сан атаулары зат есім мен сын есімнен бөлініп шыққан, - дейді. Түркологтарда да осы пікір кездеседі, Н.А.Баскаков: «Сан есімдер – есімдерден бөлініп шыққан сөз табы, олар сын есім, үстеу сияқты белгі мағынасын білдіреді», - деген. Сан есім құрамында кездесетін көне қосымшалар -ыз/-із (сегіз, тоғыз), -ты/-ті (алты, жеті). Бұл морфемалардың этимологиясы белгісіз. Қосымша сөзде жиі кездесетін элемент, бірақ ол басқа сандарда қайталанбайды. Ал сан есім сөздердің құрамында кездесетін басқа жымдасқан морфемалардың түп негізі белгілі сөзге барып тіреледі. Н.К.Дмитриев кейбір жеке сөздердің этимологиясына келсек, алтмыш (алпыс), етмеш сөздері алт, ете (жеті) сөздерінен -мыш, -меш жұрнақтары арқылы жасалған, ол алғаш он дегенді білдірген болу керек. К.Мұсаев кейбір сан атаулары этимологиясы тұрғысынан күрделі сан есімдерден шыққан, мысалы: алты-мыш, йет (и) – миш, сексен (секиз он), тохсан (тоғуз он) дейді. Ә.Хасенов осы пікірді қуаттай отырып былай дейді: «мыш-міш формаларын айқындауда еске алынуға тиісті бір жағдай бар. Ол қазіргі чуваш тіліндегі реттік сан аффиксі –меш. Мәселен чуваштарда бірінші, оныншы сияқты формалар перемеш, вунамеш түрінде қолданылады. Бұл түрік тілдерінің басқа ешбіреуінде жоқ. -мыш аффиксі өте көне аффикс» [6,23].

Есептік сандар нақтылы сандық ұғымды білдіреді, нақтылы сандық ұғымдарды атайды. Сан есім сөз табының негізін есептік сандар құрастырады. Олар сан есімнің басқа семантикалық топтарының жасалуына да негіз болады. Есептік сандар ішкі құрылысы жағынан сан алуан. Есептік сандарда көзге түсетін ерекшелік олардағы сандық қатарлар. Сандық қатарлар сандардың белгілі дәрежесіне байланысты. Мысалға бірлік, ондық, жүздік, мыңдық, миллион, миллиардтар сияқты сандық қатарларды көрсетуге болады. «Әділ сұлтан» эпикалық жырында бірліктер мен ондықтардың қатары орын алған.

Есептік сандардың қатарының аттары – тілде ертеден келе жатқан сандық атаулар. Олардың жасалу ізі бірлі-жарым жағдайда ғана диахрондық аспектіде байқалғаны болмаса, қазір олар негізгі түбір ретінде танылып жүр. Есептік санның сөзжасамында нақтылы сандардың аты жасалады. Нақтылы санның аты жасалу – тек есептік сандарға ғана тән ерекшелік. Сан есімнің басқа семантикалық топтарында нақтылы сан атаулары жасалмайды. Сан есімнің семантикалық топтарында үстеме мағына қосылады [6,35].

Қазақ тілінде, сол сияқты басқа түркі тілдерінде болжалдық сан ғана жасайтын арнайы өзіндік аффикс жоқ. Болжалдық сан есім жасауда есептік сан есімге -дап, -деп, -тап, -теп, -лап, -леп аффиксі қосылып, одан болжалдық сан есім жасайды. Бұл тәсіл арқылы жасалатын болжалдық сан есімге сандардың қайсысы болсын, негіз бола береді [6,92]. Жазба ескерткіште алпыстап сақтау жаратты. Жетпістеп сақтау жаратты. Алпыстап, жетпістеп яғни -тап, -теп аффикстері арқылы жасалған.

Есім сөздерден қимыл атауын жасайтын аффикстер. «Әділ сұлтан» эпикалық жырында туынды түбір етістіктердің басым көпшілігі түбір морфемаларға жұрнақтар жалғануы арқылы жасалады. Тегіне қарай есім негізділер деп топтап, оларды етістік негізділерден бұрын сипаттау қажет болады.

Туынды түбір етістікке негіз болатын есімдердің ішінде зат есімнің орны ерекше. Зат есімнен басқа сан есім, сын есім, үстеу және есімдіктерден де етістік жасалады. Ескі қазақ жазба үлгілеріндегі қолданылған жұрнақтардың құрамын төмендегіше көрсетуге болады:



1. -Ла//-лежұрнағы жазба ескерткіштер тілінде 1) іс-әрекет немен, қандай құралмен іске асатынын білдіретін туынды етістіктер жасайды: Aлты жасқа келгенде алтмыслап сақтау айыртты, жеті жасқа келгенде жетмістеп сақтау айыртты... (Алты жасқа келгенде алпыстап нөкер ертті, жеті жасқа келгенде жетпістеп нөкер ертті...) [1,53-54].

-Ла//-ле жұрнағының фонетикалық варианты. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен бастап, ол тек із, ал, үн сөздерімен ғана тіркеседі де, басқа уақыттың бәрінде де -ла//-ле формантымен алмасып келеді. Осы сияқты басқа сөздермен, яғни әрі бір буынды, әрі ұяң з дыбысына аяқталатын басқа түбірлердің өзімен де -да//-де емес, -ла//-ле формасы тіркеседі: сөз – сөзле, тез – тезле және т.б.

Ескі қыпшақ жазба ескерткіштерінде -ла//-ле жұрнағыерік «и» – ерікле «иле», ес «ес» – есле «есле ал», хор «қор» – хорла «қорла», хормат«құрмет» – хорматла «ұрметте», ховат «қуат» – ховатла «қуатта», йай «жаз» – йайла «жайла», қыш – қышла «қыста», балуқ «балық» – балуқла «балық аула» және т.б. есім сөздеріне болсын, етістік түбірлерге болсын ең көп жалғанатын өнімді жұрнақ болып табылады. Хұсрау-Шырын ескерткішінде ат деген түбірге -ла жұрнағының жалғануы арқылы жасалған атла сөзі «атқа мініп сапар шегу», және «бір жаққа аттану» мағынасында қолданылған.

Қазіргі қазақ тілінде соңы з дыбысты «сөз», «жаз» түбірлерінен -ле аффиксі арқылы жасалған сөйле-,жайла- сияқты етістіктерді атауға болады. Мұндай қазіргі қазақ тілі морфонологиясына үйлеспейтін тарихи дәстүр: а) соңғы дыбыстары түсіріліп: қозықозда-, ұры-ұрла-; ә)соңына дәнекер дыбыс үстеліп барып: ер-ертте-, зер-зертте- және т.б. варианттарында кездеседі.

Осы топтағы туынды түбір етістіктер Н.К.Дмитриев «...үнемі сабақты етістік болады», – дегеніне келе бермейді. Бұл аффикстердің грамматикалық қызметі, яғни септіктердің меңгерілуі немесе салт етістік мәнінде жұмсалуы «олар сабақты етістік те, салт етістік те бола береді», – деген Н.Катановтың пікіріне сәйкес келеді.



Мысалы, Б.Юнусалиев пен А.Зайончковский т.б. ғалымдардың пікірінше, қазіргі қазақ тіліндегі бау-ла мен бай-ла формаларының ілкі түбірі ба-тарихи тұрғыдан түбірлес те, тұлғалас та болатын етістіктер қазақ тілінде әрқайсысы өз алдына дербес сөздер болып табылады. Біз бұлардың жалпытүркілік архетипін бағсөзі ретінде қарауымызға болады. Нольдік көрсеткіштер ғ – у – й (тағ – тау, сигир – сиыр, мүгіз –мүйіз), сондай-ақ й – д – з ( аяқ – азақ – адақ, құй – құдық, жаз – жай және т.б.) фонемалары көне тілдердің халық, ұлт тілдері болып саралана дамып тармақталуында өзара қандай қатынаста екендігі көне және ортағасыр тіл фактілерінен белгілі. Осы екі түбір -лааффиксімен бау-лажәне байлаболып, екеуі де сабақты етістіктерге айналады. Қыпшақ-бұлғар тілдерінде бұлар түбірлес те тұлғалас болуына қарамай, әрі қарай мағыналық дамуында да, аффикстермен қосылып, көптеген жаңа сөз жасауда ерекше кең қолданыс табады. Өзге туыс тілдерді қойып, қазақ тілінің өзіне ғана жүгінгенде, бауламен байла-ның одан арғы сөзжасамнан орын алуларын бір ғана түбірмен нақты көрсетуге болады. Қазіргі қазақ тілінде бай- (байла) болып түпкі ортақ түбірі ба- дегеннен өрбіген сөздердің саны жетпістен асады. Бір көзден шығып жатқан қайнар бұлақ іспеттес ба-түбірі мен жұрнақты түрлерінде бай-, бау- негіздері арқылы екі арна жасайды. Үндестік заңына сәйкес екеуіне де -лажұрнағы қосылып, бай-ла және бау-ла деген тұлғалас етістікке айналады [2,257]. ХІ-ХІІ ғасырлардағы жазба ескерткіштерінде есім сөзден етістік жасайтын -лан//-лен, -ла//-ле жұрнақтары белсенді қолданыста болған. Туынды түбір етістіктің көпшілігі есімге етістік қосымшаларының синтетикалық тәсілі арқылы жасалған [4,8].

  1. -Лаш//-леш, -лас//-лес, -дас//-десжұрнақтарымен келген сөздер екі немесе одан да көп субъектінің ортақ іс-әрекетін білдірген. Бұл жұрнақтар -ла-ш//-ле-ш, -да-ш//-де-ш аффикстерінен құралған құранды жұрнақтар болса керек. Мысалы: ...шынашақдан алтын йүзік алышып мұңынбірдей мұңдашып, сырын бірдей сырлашып әуелгідей ғалтақ күн біз енді сұлуны құшар ме екенміз. (...шынашақтан алтын жүзік алысып, мұңын бірдей мұңдасып, сырын бірдей сырласып, әуелгідей еркін күн, біз енді сұлуды құшар ма екенбіз.)[1,61].

Қазіргі қазақ тіліндегі -лас//-лес жұрнағы -ла және құрамды күрделілігіне қарамай, осы тұтас қалпында есімдерден етістік жасалатындарды қамтиды. Мысалы, ақыл-да, доста деген сөздердің ілкі етістіктері жоқ. Жау-ласлексемасының жау-латүрі бар. Сондықтан да бұл лексеманы (жау-ла-с)туындыетістіктен жасалған етістік деп тануға тиіспіз. Алдыңғы аталған жұрнақтардың да жасалу жолы – осы сияқты. Бірақ олар қазіргі қазақ тілінде сол түбірлерден -лас//-лес қалпында бір тұтастыққа айналған.

  1. -Ал, -ай, -аржұрнағы зат есімнен етістік жасайды. Бұл жұрнақ жазба ескерткіштердегі кейбір сөздерге жалғанып, субъектінің сапалық өзгерісін, қимылға ауысуын білдіріп, салт етістік жасаған, мыс.: ...өлеріңні білімге қартайғанда менім қарағым қараңғыда алдымдалаулап жанған... (өлеріңді білмеген, қартайғанда менің қарағым, қараңғыда алдымда лаулап жанған.....) [1,55].

А.Ысқақовтың пікірінше, -ай (-ей, -й) жұрнағы //қосымшасы іспеттес. Қазіргі қазақ тілінде бұл жұрнақ арқылы жасалған кеңей, мұңай, қартай, қарай және т.б. етістіктермен қатар, оның көне екендігіне айғақ болатын ұлы(ы)ғ-ай (ұлғай), сары(ы)ғ-ай (сарғай) сияқты байырғыланып кеткен етістіктер бар. -Р, -ар//-ер жұрнағы да – көне, мардымсыз қосымша. Оған: жас-ар, жақс (ы) -ар сияқты үйреншікті сөздермен бірге, қосымшаның көнелігіне айғақ боларлық: ұз-ар (ұз-ын, ұз-ақ), қыз-ар (қыз-ыл, қыз-ғылт) секілді сөздер де бар [5,245].

-Ай мен -ал жұрнақтары төркіндес болса керек. -Ад, -ал, -ай аффикстерінің мағыналық жақындығы, А.Есенқұлов -ад аффиксінің«ет» сөзінен қалыптасқандығын (құтад-құт ет, йоқад-йоқ ет) айтады [6,198].

Қимыл атауынан зат атауын жасайтын жұрнақтар. жұрнағы арқылы жасалған есімдер де өте сирек. «Әділ сұлтан» эпикалық жырында жұрнағы арқылы жасалған есімдер де өте сирек, мысалы: ...ат мініп жасаулы жау қаруын сайлады…(...атқа мініп, жасаулы жау қаруын сайлады...) [1,53].

Қазіргі қазақ тілінде -у тұлғалы таза зат есімдік сипаттағылар, терминдік, атаулық тиянақтылығы бар: тұсау, қадау, сұрау, қыстау жәнет.б. Қазіргі тіліміздегі қимыл есім мен (-у) -шы//-ші жұрнағынан түзілген байырғы туынды зат есімдерге қарағанда, кейінгі, жаңа мәнді термин зат есімдердің әлдеқайда көп болуы кеңес дәуірінде ой-пікірдің, ғылымның, өндіріс пен өнеркәсіптің, мәдениеттің, өнер-білімнің өркен жаюына орай олардың жұрнақ қабылдамдық қабілеті, яғни сөзжасамдық қатынасқа түсу мүмкіндігі арта түскендігін көрсетеді: оқушы, жүргізуші, қанаушы т.б. [2,175].



жұрнағымен қатар есім сөз жасайтын -мақ//-мек жұрнағы да кездеседі, мысалы: ...турылықсыз қара үйге ту көтермек не керек, туғаны жоқ жалғызға сопайып жалғыс шапмақ не керек…(...туырлықсыз қара үйге ту көтермек не керек, туғаны жоқ жалғызға сопайып шапмақ не керек...) [1,42].

ХІ ғасырдағы түркі тілінде, ХІІІ-ХІV ғғ. қыпшақ жазба ескерткіштер тілінде -мақ//мек жұрнағы арқылы жасалған етістік инфинитиф қызметін атқарса [5,3], одан кейінгі ескі қазақ жқ тілінде -у тұлғасы қимыл атауын білдіретін өнімді жұрнаққа айналған.

Ескі қыпшақ жазба ескерткіштерінде етістіктің тұйық рай формасы түбір сөзге -мақ//-мек жұрнағы жалғану арқылы жасалады: ағрымақ немесе ағырмақ «ауру», ағырғамақ «ашырқану», алдамақ «алдау», йарашмақ «жарасу», йашырмық «жасыру» т.б. Кейде бұл жұрнақ мақсатты келер шақ мағынасын да білдіреді, мыс.: Мені көрмеке аз қалды (мені көрмекке аз қалды). Тейішлі едік тас болмаға (Құрып кетуге тиісті едік), Керті көңіл біле өз йазуқын айтмаға (Шын көңілмен өз жазығын айтпаққа керек). Жұрнақ соңындағы қдыбысы армян колониясының тілінде х дыбысымен алмасып айтылады. Мақсатты келер шақ формасында жұмсалғанда ол дыбыс кейде айтылмай немесе жазылмай түсіп қалып та отырады [3,221].

Қазіргі қазақ тілінде (-у) -ыл//-іл, -л тұлғалығы арқылы қимыл есімнен қалыптасқан зат есімдер мағыналары жағынан нақталы атаулық мән алған, терминдік деңгейдегі сөздер болып келеді: тосқауыл, шабуыл, жортуыл, торуыл жәнет.б.



-Ңкі, -іңкі//-ыңқы, жұрнақтары «Әділ сұлтан» эпикалық жырында қазіргі қазақ тіліндегідей қолданылған. Бұл жұрнақ етістіктерге жалғанып, олардан сол сөздердің негізгі лексикалық мағыналарымен байланысты туынды сын есімдер жасайды, мыс.: ...торының құйрықы ту түбінден кесіліңкі көрінді…садақ толған сай кез оқ шашылыңқы көрінді…(...торының құйрығы ту түбінен кесіліңкі көрінді... садақ толған сай кез оқ шашылыңқы көрінді...) [1,59].

Қорыта айтқанда, «Әділ сұлтан» эпикалық жырының сөзжасам жүйесінде әр сөз табының сөз тудырушы жұрнақтары аз кездеседі. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен «Әділ сұлтан» эпикалық жырының сөзжасам жүйесін салыстырғанда, синтетикалық (морфологиялық) тәсілдің мейлінше зор қызмет атқарғандығын көруге болады. «Әділ сұлтан» эпикалық жырында тілдік деңгейлерді барынша қарастыруға тырыстық. «Әділ сұлтан» эпикалық жыры зерттелмеген тақырып болғандықтан, оны барынша терең зерттеу келешектің үлесі деп ойлаймыз.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Исин А.И. «Әділ сұлтан» эпикалық жыры, Алматы, 2001.

  2. Керімұлы Ә. Ескі түркі ескерткіштері тіліндегі сөз жасайтын жұрнақтар (ХІҮ ғ.), Түркістан, 2005.

  3. ҚССР Тіл білімі институты. «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі», Алматы, 1989.

  4. Ескеева М. «Көне түркі және қазіргі қыпшақ тілдерінің моносиллабтық негізі», Алматы, 2007.

  5. Оралбаева Н. «Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі», Алматы, 1988.

  6. Есенқұлов А. «Көне түркі жазба ескерткішіндегі қосымшалар» Алматы, 1976.

Д.Балтабаева, Р.Адилбеков


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНДАҒЫ БАЛАҒА БАЙЛАНЫСТЫ НАНЫМ-СЕНІМДЕР


Бала тәрбиесінде қолданылатын тыйымдардың да сүннеттен туындайтынын көруге болады. Халқымызда қалыптасқан бала тәрбиесі жайлы Д. Кішібеков былай дейді: «Қазақ халқы бала тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берген. Баланы оның тек ат-анасы ғана емес бүкіл ауыл болып тәрбиелеген. Ертедегі қазақ халқының тұрмысы қазіргідей болмағаны белгілі. Қолы бос ақсақалдар ойнап жүрген баланы сырттай шамалап, байқап отырған. Олар балаға ақыл айтқанда: «көкті жұлма», «құстардың ұясын бұзба», «құдыққа түкірме», «ант ішпе», «малды теппе», «басына ұрма», «жұрт ішінде абайлап сөйле», «қарқылдап күлме», «үйге қарай жүгірме», «түнде тырнағыңды алма», «алып- тай болсаң да әлсіз құмырсқаға күш көрсетпе», «қиянат жасама», «үлкен кісінің жолын кеспе, сөзін бөлме», «аз сөйлеп, көп тыңда» деп үйреткен»[1]. Бұл айтылған тыйымдардың баланы тәрбиелеуде маңызы зор. Себебі, бала жеке тұлға болып кемелденіп, жетілуі үшін адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп, әлеуметтік өмірдің қыры мен сырынан хабардар болып, қоғаммен тығыз қарым-қатынаста өсуі қажет. Баланы дұрыс тәрбиелеудегі әдептерге оның жан-жануарлармен танысуы да жатады. Жануарлардың адамзат өмірінде ерекше маңызы бар. Оларды біз азық үшін ғана емес, сонымен қатар бала жастанадам бойында мейірім, рақым, сүйіспеншілік қасиеттердің қалыптасуына да әсері бар екенін көреміз. Сол себепті де ырымдар халық арасында өз алдына белгілі-бір жақсылықтың немесе жамандықтың болуынан сақтану мақсатында қолданылады. Нанымдарды бүгінгі таңда киелі санап сенетіндер де сенбейтіндер де барлышылық. Халық арасында түрлі нанымдар бар, олар сан ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, мәдениеттің бір бөлігі іспеттес. Нанымдар тәжірибемен адамгершіліктің көріністерін өсиеттейтін көрініс болып табылады. Біздің қолға алға нанымдарымыз балалар жайында болмақ.

Бесік сақтау ырымы- отбасына жаңадан келін келгенде көпбалалы туыстарының бесігін алып, оны біраз уақыт құрметті орынға, төрге қойып бағалау жақсы ырым санаған.

Бала бесігінің бос күйінде тербетілуі жаман ырым- бос бесікті тербету ұрпағының жоқ екендігін сомдаған.

Жаңа туылған нәрестені қырық күн үйден шығармай қорғаған.

Нәрестені бесікке саларда жаман зұлым күштерден қорғау мақсатында бесікті адыраспанмен немесе сіріңкемен аластап жатқызады.

Түнде бала ұйқыда кезінде бетіне ай сәулесінің түсуінен қорғаған.

Нәрестенің жуылған киімдерін сыртқа жаймайды.

Балалардың жуылған киімдері күннің батқан сәті мен түнде жайылмауына аса зор назар аударған.

Нәресте туылғаннан кейін 40 күндігінен шығарады, кей ырымдарға сәйкес ұл баланы 38-39 күнде, ал қыз баланы 42-44 күнде шығарса ұл баланың қалыңдығына төлнйтін малы аса қиын болмайды, ал қыз балаға жасау көптеп берілетіндіктеріне сенген[2].

Нәрестенің тезірек жүріп кетуі үшін ала жіппен үлкен беделді кісілердің жолын берсін деп айтулы кісілерге тұсауын кестірген.

Нәрестенің тілі кеш шығып жатса, нағашылары бір қой сойып оның ішек-қарнымен балының белін буады. Біраз уақыт өте сөйлеп кететініне сенген.

Меңі немесе қалы үлкейіп кетпесін деген мақсатта нәрестелерге Қалдыбай, Қалдықыз, Қалдыкүл, Меңдігүл т.с.с

Анар бар болып туылған нәрестенің есімін Анар, Анарбай, Анарбек, Анара, Анаргүл т.с.с

Егер ұл баланың басында екі орай болса –кемінде екі рет үйленеді, қыз бала болса – екінші рет тұрмысқа шығады.

Сәбиді көз тиюден сақтау үшін оның бесігіне немесе киімдеріне көз моншақ, үкінің қауырсынын тағады.

Нәрестеге көз тимесін деп күйе жағып қояды.

Сәбиді үш кемпірдің аяғының арасынан өткізіп алса, оны өмірдегі барлық сәтсіздік пен бақытсыздықтардан қорғайды деп сенген.

Егер бала піскен сүттің қаспағын жейтін болса тойында қар жауады деп сенген.

Егер бала үйге кіріп келе жатып табалдырыққа сүрініп қалса, көп ұзамай үйге бақыт пен береке енеді.

Бала еңкейіп жол қараса үйге қонақ келеді деп сенген.

Біреу сөйлеп тұрған кезінде бала түшкірсе тыңдаушы сөйлеушінің сөзін шындыққа балайды.

Шала туылған баланың есімін біраз уақытқа дейін Шалабай, Шалабек, Лекер деп атайды.

Баланы сыпырғымен ұрма оларға жаманшылық келеді, баланы ожаумен ұру оны болашаөтағы несібесінен айыру.

Шөбересінің қолынан су ішкен адам өлген соң о дүниеде жұмаққа барады деп сенген.

Дастарханға отырған кезде алғаш желінген асты «Бисмиллахи разман рахим» деп жеу керек деп сенеді, өйтпеген жағдайда аспен бірге жын шайтан ішке кіріп кететіндеріне сенген.

Тамақ немесе ас жегенде, ішкенде оң қолмен жеу керек. Сол қолмен шайтандар жейдімыс

Ысты шай немесе тамақты үрлеп ішуге болмайды.

Шай құйылған ыдыстың бетіне көбік, сама шықса ақша, олжа келеді деп сенген.

Бала ас үстінде шашалып қалса – «май қап!» дейді.

Сойылған қойдың немесе малдың басын әкесі тірі бала ұстамайды.

Сойылған қойдың немесе малдың тілі мен таңдайын жеген бала сөзге шешен болатынына сенеді.

Үстел басында нанды бір нәрсемен салыстырып жамандауға болмайды, мысалы «Масқара мына нан тастай гой! т.с.с» наным бойынша бұлай деген адам келешекте кедейшілікпен нанға зар болып өтеді.

Үстел басында қарны тойған баланың «керегі жоқ тойдым! немесе «қарным тоқ!»деуге болмайды «Рахмет, қанағат» деп айтуы керек.

Үстел басында үзілген, тістелген нанды немесе құйылған асты тауыспай қоюжаман ырым.

Үстел үстінде отырғанда тағамға қарап түшкіру немесе жөтелу жаман ырым.

Тамақтанып болған соң үйдің үлкендері дастарханға баа қайырмай басқалардың тұрып кетуге болмайды.

Табалдырықта тұру жаман әдет, әдетте дұшпан келген кезде үйге кіргізбеу үшін табалдырықты бөгейді.

Жастықты басқа жастайды онымен ойнап таптауға болмайды.

Жанып жатқан оттан аттауға болмайды.

Үй ішінде ысқыруға, жүгіруге болмайды.

Үлкендердің көзінше керіліп, созылуға болмайды.

7 жасқа толмаған бала қайтыс болатын болса ол жұмаққа барады.

Бейсенбі, жұма күндері шаш алу, тырнақ алу жаман ырым.

Тізе құшақтап отыруға болмайды, ұрпақсыз қалғандар ғана солай жасайды сенген.

Тізесін немесе табан тарту өзіне ауруды шақырады.

Саусағын аузына салу, тырнағын тістелеу әдепсіздік.

Нағашылар жиенін ұрса қолы қалтырап қалады деп сенген.

Оң көзін тартса қуагыш жақсы хабар, ал сол көзін тартса жамандықтың белгісі.

Оң алақан қышыса ақша аласың немесе біреумен амандасасың.

Кеш бата үйге жүгіріп кірме.

Қорыта айтқанда, қазақ халқының наным сенімдері түрлі тақырыптарда айтылған. Соның ішінен болашағымыздың тірегі бала туралы ырымдарды қарастырдық. Бұл нанымдар адамдарға өмірлік ақыл кеңестер мен ескертулер, ырымшылдық шынайы өсиеттер, қуанышты немесе жағымсыз оөиғалардың хабаршысы. Қазақ халқының наным сенімдерін педагогика ғылымының докторы С.Қалиев[3] А.Құралұлы, Ж.Саурықованың, белгілі журналист доцент А.Құралұлы, Ж.Саурықованың еңбектерінде мысалдар берілген[4]. Аталған ғалымдардың пікірінше қазақ халқының ырымдары мен нанымдарының негізгі міндеті әсіресе жастармен тәжірибесі аздар жаманшылық пен өмірқиындықтарынан сақтандыру, қорғау оларды адами ізгілік дәстүрімен тәрбиелеуде үлкен роль атқарады.



Пайдаланылған әдебитеттер:

1. Д. Кішібеков, Ұ. Сыздықов, Қазақ менталитеті. Алматы НҮРкітап, 2002, 263б.

2.А.Қалыбекова. Қазақ халық тәрбиесінің мұрасы.Алматы. Баур, 2011.-362б.

3. С.Қалиев. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негізері мен тарихы. Алматы, Рауан,1998-128 б.

4.А.Құралұлы, Ж.Саурықова. ұлттық дүниетаным.3-сыныпқа арналған оқу құралы.Алматы: Өнер. 1997-80б.

док. Ахмет КЫЙМАЗ


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан

ҰСТАЗДАРДЫҢ ҰСТАЗЫ ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ


Сегіз ғасырдан бері тек Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан секілді Орта Азия елдерінде ғана емес, Анадолы мен Балқан елдерінде де аты аңызға айналып, ерекше құрметке бөленген Қожа Ахмет Ясауи шамамен ХІ. ғасырдың аяғына таман Түркістан қаласына жақын маңда орналасқан Сайрам елді-мекенінде дүниеге келіп (шамамен 1093жылы), ХІІ. ғасырдың соңында (шамамен 11944 жылы) Түркістанда дүниеден озған. Қожа Ахмет Ясауидің әкесі – Ибрагим, ал арғы тегі – Хаз. Алидің ұрпақтарынан Мұхаммед бин Ханефи. Яғни Ахмет Ясауи пайғамбарымыздың тікелей ұрпағы болып саналады.

Жастайынан әке-шешесінен айырылып, жетім қалған Қожа Ахмет Ясауи Яссы қаласына барып, Арыстан Бабқа шәкірт болады. Ұстазы Арыстан Баб дүниеден өткен соң, сол кездегі ғылым мен мәдениет ошақтарының бірі болған Бұхараға аттанады. Ол жерде Юсуф Хамадани секілді ұлы ұстаз әрі ғалымдардан тәлім-тәрбие ала жүріп, Абулхалук Гуждувани секілді кең жүректі тұлғалармен танысып, дос болады. Білім нәрімен сусындаған Қожа Ахмет Ясауи туған жері Түркістанға оралады.

Қожа Ахмет Ясауи білімге құштар, шыншыл, парасатты, саналы жастарды тәрбиелеп өсіруге жіті көңіл бөліп, сол шәкірттерін әлемнің көптеген еліне қызмет ету үшін жіберіп отырған. Ахмет Ясауидің атаң-даңқы өз ілімі, парасаты, кемелділігі және шәкірттерінің білімділігінің арқасында қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстан елдеріне кеңінен таралған. Захири және батини ілімдердің жілігін шағып, майын ішкен А. Ясауи ғибадат пен зікірден қолы қалт еткен уақытында ағаштан қасық жасап сатып, өз ризығын табатын болған.

Ислам дінін құран және сүннет аясында үйретіп жаюды өзіне басты ұстаным еткен ұстаздардың ұстазы Ахмет Ясауидің шәкірттерінің барған жерлерінің бірі - Анадолы жері. Анадолыға барған шәкірттері Анадолы халқының ислам дінін дұрыс қабылдауында үлкен рөл атқарды.

Мансұр Ата, Абдумәлік Ата, Сүлеймен Хәкім Ата, Мұхаммед Данышменд,

Мұхаммед Бұхари (Сары Салтұқ), Зеңгі Ата, Гейіклі Баб, Абдал Мұса, Пір Деде секілді Анадолы жеріндегі ислам ғалымдары – Ахмет Ясауидің Анадолыға жіберген шәкірттерінің кейбірі ғана. Ясауидің осы шәкірттері Түркияда аттары кеңінен танымал болған Таптук Әміре, Жүніс Әміре, Ахи Евран, Қажы Бекташ Уәли, Баба Ильяс, Қажы Мұрат Уәли секілді ислам ғұламаларының шыңдалуына себепші болған. Осы ғалымғұлама, данышпандарың барлығы да Анадолы мен Балқан елдерінде түркілік пен исламның кеңінен тарауында үлкен рөл атқарған. Бәріне Алланың нұры жаусын!

Қожа Ахмет Ясауи араппарсы тілдерін жетік меңгерсе де, сұхбаттарын түркі тілінде жүргізіп, «Хикмет» атты өлеңдерінде түркі тілінде айтатын болған. Осы себептен де түркі әлемінде басқа ислам ғұламаларына қарағанда көбірек қошеметке ие болған. Қожа Ахмет Ясауи «шариғат», «тариқат», «мағрифат» және «хақиқат» ұғымдарынан тұратындоктрина қалыптастырған. Бұл доктрина «Төрт қақпа» деп аталады.

Исламнан бұрынғы мәдени өмірімізде «төрт» саны символикалық тұрғыдан айрықша маңызға ие болған. «Батыс», «шығыс», «солтүстік» және «оңтүстік» секілді сөздердің орнына «көк», «ақ», «қара» және «қызыл» түстерқолданылған. Мұнымен қатар ғалам мен адамның негізін құрайтын элементтер саны да төртеу: Топырақ, су, от және ауа.

Қожа Ахмет Ясауи ислам дінін әсерлі әрі дұрыс жеткізу үшін көне түркісимволдары мен мотивтерін қолданып отырған. Қажы Бекташ Уәли де Ясауидің салған жолымен жүріп, «Төрт қақпа» доктринасын еш өзгертпестен жалғастырып, тек әр «қақпаға» «он мақам» қосып, бұл ілімді «Төрт қақпа қырық мақам» еткен.

Енді 2012 жылдың қараша айының үшінші аптасында бір топ жора-жолдасыммен Өзбекстанға жасаған саяхатым жайында баяндап өтейін.

14 қараша күні сағат 19:15-те ұшағымыз Стамбул әуежайынан көкке көтерілді. Бес сағаттық жолдан кейін Өзбекстан сағаты бойынша таңғы 04:00-те Ташкенттің «Миран» қонақ үйіне келдік. 15 қараша күні біраз тынығып, таңғы асымызды ішкен соң, түске қарай Ташкенттің біраз жерін аралап көру мүмкіндігіне ие болдық. 16қараша күні таңғы сағат 05:00-те тұрып, автобусқа міндік. 45 минуттық жолдан кейін шекараға да келіп жеттік. Нөсер жауын астында шамамен бір шақырымдай жолды жаяу жүріп өттік. Өзбекстан кеденінен өтіп, 300 метр жердегі Қазақстан кеденіне келдік. Құжаттарымызды тексеріп болған соң, 08:30-да Қазақстан бағытына жалдамалы автобусқа отырып, жобамен алты сағаттан кейін Түркістан топырағына табан тіредік.

Қожа Ахмет Ясауидің туып-өскен жерін өз көзімізбен көріп, қабірін зиярат етудің тебіреніс-толғанысы мен сыйлар бақыты нөсер жауын мен жол азабын бір сәтте ұмыттырып жіберді. «ТҮРКІСТАН» деген жазбаны көргенде, автобус ішіндешыбын ызыңы естілердей ұзақ үнсіздік орнады.

Атажұртымыздың кіндігі қасиетті Түркістанға кіріп келеміз. Жолсерігіміз «Ана алыстан мен мұндалап тұрған биік ғимарат – Ахмет Ясауи кесенесі!» деген кезде, қандай рухани сезімге бөленгенімізді тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Көзіме толған жастың сырғып ағуын тыюға әрекеттеніп жатып, «басқалар көріп қоймасын» деген оймен жүзімді терезе жаққа қарай бұрдым. Ахмет Ясауидің қабірі орналасқан қасиетті кесененің сұлбасы анық көріне бастаған сайын, жүрегімнің соғысы да жиілеп, дүрсілдеп бара жатқанын сезіп отырдым. Жолсерігіміздің «Алдымен тамақтанып, сосын кесенені зиярат етеміз» деген хабарламасынан кейін өз-өзіме келдім.

Университетті сол күні алғаш рет көрдім. Университеттің қонақ үйінде түскі асымызды ішкен соң, дәретімізді алып, бесін намазын оқыдық. Намаздан кейін топ-топ болып, жаяулатып Ахмет Ясауи кесенесіне де келдік.

Әмір Темір тарапынан 1389-1405 жылдар аралығында салынған Ахмет Ясауи кесенесіне5 жақындаған сайынкесененің көркемдігі бірте-бірте анық байқала бастады. Не деген ғажап сәулет өнері! Сайраған құстарзиярат ете келген біздерді құдды әндете қарсы алып тұрғандай көрінді!

Ұстаздардың ұстазы Ахмет Ясауидің қабірінде тобымыздың ақсақалы Юсуф Алпдүндар мырза «Ясин» сүресін оқып, бүкіл түркі-ислам әлемі үшін дұға жасады. Біз де бетімізді сипап, «Әумин!» дестік. Зиярат ете келген басқа да бауырларымызбен сөйлесіп, бір-бірімізді құшақтаған кезде, қазақ, өзбек немесе Түркиялық түріктер болсын арамызда біршама тілдік айырмашылық болмаса, басқа ешқандай айырмашылығымыздың жоқ екенін түсіндік.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне 100-150метрдей жерде орналасқан «Қылует» жерасты мешітін де аралап көрдік. Ұстаздардың ұстазы Ясауи 63 жасқа келген соң, «Пайғамбарымыз 63 жасында дүниеден өтті. Маған күн көзін көру – харам.» деп, қалған өмірін өткізген бөлмелерін де көрдік.

Кесене ішіндегі намаз бөлмесінде жамағат болып екінді намазын оқып, дұға жасасқан соң, Ясауи бабамызбен қоштастық. Кешке Өзбекстанға қайта жол жүретін болғандықтан, қалған азғантай уақытымызда университеттің кей кафедралары мен аудиторияларын аралап, студенттермен қысқаша әңгімелестік. Алған кереметтей әсерімізбен сағат 18:00-да Өзбекстанға қайту үшін автобусымызға міндік.

Уақытымыз шектеулі болғандықтан, Ахмет Ясауидің ұстазы Арыстан Баб кесенесін зиярат ете алмағаныма іштей қынжылған едім. Бірақ, арадан төрт жыл өткен соң, яғни төрт ай бұрын, екінші мәрте қасиетті Түркістанға келіп, өзімді бақытты сезінгенімді де айта кеткім келеді. Түркі әлемінің қасиетті жеріне төрт жыл бұрын келіп, зиярат ете алмаған қасиетті жерлерім– ОтырардағыАрыстан Баб пен басқа да әулие-әнбиелерді зиярат етіп, рухтарына тағзым ету мүмкіндігіне бұл жолы қол жеткізгенім үшін өзімді шексіз бақытты санаймын.

Түркістанға бұл жолы тек зиярат ете келмедім. Алдымен Алланың қалауымен және мемлекетімнің берген мүмкіндігінің арқасында Ахмет Ясауидің ізбасарларын тәрбиелеп шығаруға өз үлесімді қосуға келдім.

Университет басшылығының қолдауымен және қымбатты әріптестерімнің жемісті еңбектері мен қажымас қайраттарының арқасында шәкірттерімізден Ахмет Ясауилерді тәрбиелеп шығару– ең басты тілегім. Мұнымен қатар «сабыр, еңбек, шүкіршілік» деген ұғымдарды саналарына құйып өскен шәкірттеріміздің келешектің көшбасшылары болғанын және800 жыл бұрын Қожа Ахмет Ясауи ошағында тұтанған оттың алаулап жанғанын көру де – бастытілегім!

Оқу ордамызда білім алып жатқан шәкірттерімізЯсауидің ізбасарлары ретінде алдағы ширек ғасырда Қазақстан, Түркия және басқа да бауырлас елдердің экономикасына, саясатына, білім-ғылымына, мәдениетіне және өнеріне өзіндік үлестерін қосып, елімізді әлемнің көшбасшы елдері қатарына шығаратындарына кәміл сенемін және бұдан үмітімді үзбей тілеулес болып өтемін.

Қожа Ахмет Ясауи:

«Кәпір де болса, ешкімді ренжітпе. Себебі, біреуді ренжіту–Жаратушыны ренжітумен пара-пар. Жаны жаралы мүсәпір біреуді көрсең, көңілін аулап, досы бол, жәрдемшісі бол.» дейді.

Қаншама ғасыр бұрын бізге осында өсиет қалдырып кеткен Қожа Ахмет Ясауи менбар ғұмырын түркі әлемінің өркендеп өсуіне арнағанБілге Қаған, Сұлтан Алпарслан, Фатих Сұлтан Мехмет, Әмір Темір, Али Құсшы, Ұлық Бек, Ибн Сина, Әлихан Бөкейхан, Абай Құнанбайұлы, Мұхтар Әуезов, Шыңғыс Айтматов, Құрманжан Датқа, Абдулла Тоқай, Махтұмқұлы, Имам Бухари, Әлішер Науаи, Исмаил Гаспыралы, Алия Иззет Бегович, Мехмет Эмин Ресулзаде, Бахтияр ВахапзадежәнеАтатүрік секілдіалып тұлғаларымыздың рухтарына тағзым етіп, басымды иемін.Рухтары разы болып, жандары жаннатта болсын!


И.Учар, М.Масадикова


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ӨСІМДІК АТАУЛАРЫНЫҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы зор.Ерте кезден бастап-ақ атабабаларымыз өсімдіктерді зерттеп,танып-біліп,ат қойып олардың жемісін,дәндерін азық етіп, ал жапырақ сабақ,гүл,тамырын дәрі –дәрмекке түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Бертін келе адам өсімдіктердің ішіндегі бастыларын қолдан өсіретін болды.Бүгінде олардан көптеген азық-түліктік қорлар,әр түрлі өндірістік шикізаттар аламыз.Өсімдіксіз өмір жоқ. Зерттеу барысында тілімізде өсімдіктің күрделі атаулары көп екендігі байқалады. Өсімдіктің атауларын жасауда белсенді сыңарлардың барлығы көрінеді. Өсімдіктің күрделі атаулары – күрделі сөзге жататын лексикалық бірлік. Өсімдік атауларын жасауда сол өсімдіктің пішіні, түсі, белгісі, қызметі, қасиеті, т.б. сол сияқты ерекшеліктері өсімдік атауларының қалыптасуына негіз болған.

Сөзжасамның аналитикалық тәсілімен байланысты, сөзқосым тәсілімен жасалған күрделі сөздер мен синтаксистік тәсілмен байланысып тіркесу тәсілі арқылы жасалған күрделі сөздер бірге жазылады.

Сөзжасамның аналитикалық тәсілімен байланысып, тіркесу тәсілі арқылы жасалған күрделі сөздер бірге жазылады. 19

Бұдан күрделі зат есімдерін өзі (оның ішінде біріккен) екі түрі жолмен жасалатынын көреміз. Біріншісі сөзжасамның аналитикалық тәсілі арқылы жасалған біріккен сөздер. Сөзжасамның аналитикалық тәсілі арқылы жасалған біріккен сөздер семантикалық байланыста тұрады, сондықтан әрдайым дайын тұрған тұлға ретінде бірігіп жазылады десе, синтаксистік тәсіл арқылы жасалған біріккен сөздер, әуелі, грамматикалық жақтан байланысып, тілдік қатынаста жұмсалу жиілігіне қарай біріккен сөздерге ұласады. Ендеше, сөзжасамның аналитикалық тәсіліне тек тіркесті зат есімдер, тіркесті сын есімдер, тіркесті сан есімдер сияқты күрделі сөздер ғана жатпайды, семантикалық жақтан байланысқан біріккен сөздер де жатады екен. Зерттеуші “Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі тұлғалар” атты мақаласында сөзжасамның аналитикалық тәсілі арқылы жасалған күрделі сөздер туралы былай дейді: “ күрделі сөз болып құраған екі сөз жеке тұлғадағы параллель жатқан мағыналарының ешқандай қатысы жоқ. Бұлар сөздің сыртқы дыбысталуын, түрін өзгертпей, сол заттардың түрінің, белгісінің ұқсастығына қарай жаңа мағынаға ие болған.

Күрделі сөздердің бірге және бөлек жазылуын арнайы зерттеген ғалым К.Күдеринова тілдік қолданыста әр түрлі жазылып жүрген біраз күрделі сөздерге тоқтала келіп, мынадай сөздерді бірге жазуды ұсынады. Мысалы: айғыржуа, ақсаңырауқұлақ, сиырбұршақ, түйежаңғақ, сарымия, көкқарға, көкпияз т.б. Бұл сөздердің бірге жазылуын былайша дәлелдейді. Бұл қатардағы атаулардың екінші компоненті тура мағынасында қолданылып отырады. Мысалы, көкпияз- “жаңадан көгеріп, өсіп келе жатқан пияздың асқа қататын сабағы”; бірге жазылады. Оның себебін ғалым қолданыста қайталана келе жайылған ұғым белгілі бір қалыпқа, формаға түсуге ұмтыла бастайды. Бірақ ол форма бүкіл сол ұғымның мағынасын бойына жинақтап тұруы шарт. Сондықтан мұндай сөздерде жалпылық мағына басым болады. бұлар екі сыңар да экстралингвистикалық мәнділіктің өзін көрсетеді, екі сыңар да тура, нақты мағынасында тұр. Тілде айырқұйрық, аюқұлақ сияқты сөздердің мағынасы сыңарларының мағынасынан тумайтын біріккен сөздер бар. Қ.Күдеринова оларды экзоцентрлі біріккен сөздер деп атайды. Оларды іштей бірнеше топқа бөледі [1]. Атап айтқанда

1-топ мағына ауысуының метонимиялық түрінен келіп шығады. Тілдік метонимияда бір сөздің дифференциалды семасы келесі сөздің негізгі семантикалық компоненті болып қаланады. Осы негізде қарғатұяқ, атқұлақ, ботақұлақ, мысыққұйрық, атқұлақ, аютабан, биеемшек, биеқарын, ботатабан, қоянқұлақ, итқұлақ, үйректұмсық, итқұйрық, жылантіл, т.т.

Біріккен сөздердің жиі кездесетін бір түріне итмұрын, бұзаубас, қоянтобық, түйетабан тәрізді сөздер жатады. Мәселен, итмұрын, затында, өсімдіктің белгілі бір түріне берілген атау, сыртқы формасы иттің тұмсығына ұқсас болғандықтан, соған орайлас аталған. Затында оның итке де, мұрынға да ешбір қатысы жоқ. Мысалы, Балалар шуласып-уласып итмұрын теріп жүр. Олардың арасынан Қаламүшті де байқап қаласың

[ 2].


Көркем мәтінде кездесетін тағы бір біріккен сөз – мысыққұйрық. Бұл шөптің белгілі бір түріне берілген атау, формасы мысықтың құйрығына ұқсас болғандықтан, соған орайлас аталған. Осылар тәрізді егеуқұйрық, бұзаубас, қоянқұйрық, биеқарын, текесақал, қарғатұяқ т.б. Алуан түрлі атаулар да осылайша ұқсас заттарының атауларынан пайда болған.

Жануар атулары мен дене мүшелердің қосындасынан ортаға шыққан өсімдік атаулары:



атбас бұршақ, атқұлақ арыстанауыз, арыстантабаны аютабан аю жүн, аю құлақ бақаауыз балықкөз биеқарын биеемшек, ботақұлақ ботатабан бөрікөз бөріаяқ бөріқұлақ бұзаубас

ешкіқұйрық итқұлақ итмұрын иттабан жыланкөз мысыққұйрық қазтабан қарғакөз қарғатұяқ қозықұлақ, қозықұйрық құланқұйрық қоянсүйек қоянтобық құсаяқ лағоты өгізтіл

өгізкөз,

сиырқұйрық танакөз тайтұяқ тауықбас тауықкөз текесақал торғайбас түйеқарын түйеқұйрық түйесүйек түйетабан түлкіқұйрық тышқанқұйрық үйректұмсық шаянмойын шыбынбас



2-топ наминацияның екінші дәрежелі атау сипатынан шығады, ол тілдерде троптар(метафора, метонимия) аффиксация және синтаксистік құрылымдар арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: ақбас, ақбас беде, ақбас жонышқа ақбас капуста, ақбас қурай т.с. сияқты атаулардан тұратын күрделі сөздер метафоралық қатынасқа түскендіктен бірге жазылып тұр. жануар мен өсімдік

айғыржуа аққугүл аққуоты аюбадам атбұршақ аюоты бақажапырақ бақаоты балықоты биебау борсықжүн бөденешөп бөрібұршақ бөріқарақат бөріжидек доңызоты доңызқоға

елікшөп есекшөп есекмия ешкібұршақ ешкі мия, ешкісабақ, ешкішөп, ешкітал жыланшөп итбадам итжидек итбадам итжуа итмия итжүзім иттікен

жылқышөп


жылантамыр киікоты киікшөп кенедән көбелекгүл қазжуа қазоты қандалашөп қасқыржидек қасқырмасақ қозыгүл қойжуа қойқарақат қойоты қоянбеде қоянжоңышқа қояншөп




қояноты құмайшөп құртшөп лақоты маралоты маралтамыр мысықоты сиырбұршақ

сиырбүлдірген сиыржонышка сиыржуа сыирқарақат суыроты торғайжем торғайоты тырнашөп

түйежапырақ түйетікен түйетікен түлкімасақ тышқанқұйрық. шаянот шыбынот, шіркейот

Біріккен сөздер бас-аяғы бүтін бір тұлға болатындықтан, сөйлем ішінде де ажырамай, сол тұтасқан қалпында бір ғана мүше болады.

Сөйлем құрамындағы сөздер бірбірімен қалай болса солай тіркесе салмайды. Олард ың тіркесуінде белгілі бірзаңдылықтар болады. Ол, біріншіден, сөздердің грамматикалық сипаты негізіндегі сәйкестігі ақылы, екіншіден, мағынажақындықтарына, мағына үйлесім ділігіне орай тіркесу заңдылығы болса, үшіншіден, грамматикалық сәйкестіктері менмағы насы жағынан орайлас жатқан сөздердің белгілі бір дәнекерлер, тәсілдер арқылы байланыс қа ену заңдылығы еді.

Фразеологизмдер бағыныңқы сыңарда басыңқымен аналитикалық және синтетикал ық тәсілмен байланысады.

Аналитикалык тәсіл арқылы екі я онан да көп сөзден кұралып, бір лексикалық мағына беретін сөздер күрделі сөздер деп аталады. Күрделі сөздер қанша сөзден құралса да, бір сөз болып саналады, бір сөздің қызметін аткарады. Көбінесе олар екі сөзден тұрады, яғни күрделі сөздің құрамында екі сыңар болады. Алайда екіден көп сөзден де құрала береді.

Қазақ тілінде күрделі сөздер кең орын алады. Күрделі сөздер барлық сөз таптарында бар. Күрделі сөздердің барлық сөз табынан орын алуы оның тілге кең таралғанының көрсеткіші болып табылады, яғни тіліміз күрделі сөздерге өте бай. Бұлжалғыз қазақ тілінің ерекшелігі емес, дүние жүзі тілдеріне тән жалпы құбылыс. Рас, күрделі сөздің қолданылуы әр тілде бірдей деп қарауға болмайды. Бұл - осы тілдерде сөзжасамның аналитикалық тәсілінің көне замандардан бастап, күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқанының белгісі [ 3].

Қорыта келгенде, жұмыста күрделі өсімдік атауларын мағынасына қарай топтастырдық. Күрделі сөздердің сыңарлары қалай болса солай, кез келген сөзден жасала бермейді, олардың өзіндік зандылықтары бар. Күрделі сөздің құрамындағы сыңарлар мағыналық қатысы бір-біріне байланысты сөздерден құралады. Сонымен қатар күрделі сөздердің сыңарлары толық мағыналы сөздерден болады. Күрделі сөздің мағынасын жасайтын оның сыңары толық мағыналы дербес сөздер болуы керек. Тілде кейбір сөз тіркестері бірте-бірте мағыналық дамуға ұшырап, құрамындағы сыңарларының мағынасы бірлесе келе, кірігіп бір мағынаға көшкен. Олардың сыңарлары өзінің алғашқы мағынасынан алыстап, өзінің дербестігінен айрылған, сыңарлардын, мағынасының бірбірімен кірігуінің нәтижесінде олар біртұтас сөзге айналып, белгілі бір ұғымды білдіретін күрделі сөз болып қалыптасқан. Сондықтан күрделі сөздің мағынасы берілу үшін, күрделі сөздің құрамы, құрамындағы сыңарлардың орын тәртібі ол қалыптасқан кездегі қалып сақталуы қажет. Күрделі сөз өзінің сыңарларының мағынасының біртұтас мағынаға кірігіп, бір сөзге көшуінен бастап, бір сөз болып танылатындықтан, ол тілдегі басқа сөздер сияқгы дайын тұрған лексемалар болып саналады да, сөйлемге сол дайын тұрған қалпында кіреді. Демек, күрделі сөздер сөйлемге дайын тұрған қалпында алынатын лексикалық бірліктер болғандықтан, ол сөйлемде бір сөздің қызметін атқарады, сөйлемнің бір мүшесі болады, белгілі-бір сұраққа жауап береді. Тілде пайда болып жатқан күрделі сөздердің орны ерекше.Күрделі сөздердің қалыптасу ерекшелігіне қарай бірнеше түрлері бар.Олар сөзжасам жүйесінде синтетикалық тәсілдерден кейін,негізінен,аналитикалық тәсілімен жасалатын сөздер кең орын алады.Біз сол аналитикалық тәсілмен жасалған өсімдік атауларына арнайы тоқталмақпыз.Ғасырлар бойы қолданып келген, халық тілінде әбден қалыптасқан өсімдік атауларын былай топтастыруға болады.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Қ.Күдеринова, Емлесі қиын сөздер. (8-11 сынып оқушыларына арналған анықтамалық сөздік)2001 ж. -320 б.



  1. Қалиев Б. Қазақ тіліндегі өсімдік атаулары - Алматы : Ғылым, 1988.

  2. Ахтанов Т. Бес томдық шығармалар жинағы. Т.-Алматы: Жазушы, 1983- 468 б. нер, 2006. - 76 б. - (Ұлттық дүниетаным)

ӘОЖ :811.512.122:004

Малик Майра Маликқызы


2 курс докторанты

Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Алматы, Қазақстан

ПІКІР: СӨЙЛЕУ АКТІЛЕРІНІҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ФАКТОРЫ


Әлеуметтік желідегі тұлғааралылық қарым-қатынас саласы, сондай-ақ әр түрлі интернет қарым-қатынастар коммуникативтік актіге қатысушылардың негізгі ерекшелігі болып табылатын диалогтық, монологтық, полиглоттық қарым-қатынас формаларының нысандарын көрсетеді.

Тұлғалық ақпарат алмасу жанрларының жүйесі күрделі және гетерогенді, әрбір жанр ерекше прагматикалық мақсат мүддеге негізделеді және әлеуметтік желідегі қарымқатынасқа қатысушылардың коммуникативтік рөлдерінің әр түрлілігімен ерекшеленеді.

Оған: адресант (мәтін жіберуші); адресат (ақпарат қабылдаушы); бақылаушы (қарым-қатынастың енжар қатысушысы). Адресат пен адресант коммуникативтік үдерістің басты мүшелері, алайда адресат немесе адресант тілдік іс-әрекетіне пікір білдіре отырып, қарым-қатынастың толық мүшесі болатын енжар қатысушының қарым-қатынаста болуы полилогикалық байланыс нысандарына әкеліп, әлеуметтік желідегі қарым-қатынас «құбылысының интерактивті сипатын анықтайды.

Л.Ю.Щипицин «интерактивность как одновременная активность нескольких коммуникантов находит свое лингвистическое преломление в множественности авторов, диалогическом/полилогическом типе речевой деятельности а также в повышении активности читатели при восприятии монологического текста массовой ориентации» екенін атап өтеді [1, 195 б.].

Ақпарат алмасушылар арасындағы жазбаша (мәтіндік) өзара іс-қимыл жүйелерін қамту жағынан және коммуникативтік іс-әрекет ережесі мен дискурстық талдау тұрғысынан қарастырылуы мүмкін. В.А.Митягин коммуникативтік іс-әрекет түрі интернет-жанрларды ақпараттың процедуралық (яғни кезеңдік) бірлігі ретінде зерттеу керектігін ұсынып өтті [2, 191 б.].

В.И.Карасик ақпараттық мағынаны: «который может передаваться вербально и невербально в соответствии с культурными сценариями, усвоенными представителями соответствующего коммуникативного общества»,- анықталған жанрлардың дискурсында жүзеге асырылатын коммуникативтік мінез-құлық бірлігі ретінде қарастырады. Сондай-ақ В.И.Карасик: «транслируемый смысл соотносится с индивидуальным смыслом как фактом сознания, культурой как системой коллективных смыслов в концентрированном виде значений языковых единиц», -деп атап өтеді [3, 78-86 б.]. Коммуникативті іс-әрекетте әлемеуттік-мәдени туындаған, лингвомәдени жаңартылған мағына бар екенін нұсқайтын бұл пікір В.А.Митягиннің көзқарасында да көрінеді [4, 67 б.].

Ақпарат алмасушылардың желідегі ерекшеліктері мінез-құлыққа және коммуниканттардың интернет-пікір жанрында сөйлеу мен ойлау қызметтері ықпалы ерекше байқалады, сондай-ақ интерактивтілік анықтаушы прагматикалық фактор ретінде қызмет етеді. Интернет-пікірлердің астарында біз көпшіліктің алдында өзінің пікірін, бағасын (интернетте жарияланған мақалаға пікір, тұлғаға тура және жанама қатысты ақпаратты тарату, пікір білдіруде бейвербалды құралдарды пайдалану – LIKE/DISLIKE) ашық жеткізе алатын тұлғаның коммуникативті іс-әрекетін вербальді анықтайтын мәтінді қарастыруды ұсынамыз.

Интернет-пікір – бұл ақпарат алмасушылардың ерекше коммуникативтік жанры ашық немесе астыртын түрде (қарым-қатынас қажеттілігін қанағаттандыру мен осы қажеттілікті міндетті формадан еркін жүзеге асыру), таныстыру түрде (тілдік тұлғаның өзіндік, дәстүрлі-коммуникативтік форма ережелерінен ықпалын еркін жүзеге асыру) болуы мүмкін. Себебі көздеген мақсат, ішкі ой, ішкі сөзге бағытталғандығынан аңғаруға болады.

Интернет-пікірлердің нәтижесі прагматикалық параметрлерді оқытуда ұсынады (қатысушылардың қатысым сипаттамасын, қатысымның мақсаттары мен аяларын) медиялық параметрлерін (интерфейс сипаттамасын, гипермәтіндік белгісін, мультимедиялық, мерзімді/мерзімсіз, сондай-ақ коммуниканттардың саны мен эксплицидтілігі), құрылымдық-семантикалық параметрлерін (талқыланатын мәселелер, мәтін ауқымының құрылымы, мәтіндік бірліктер), сондай-ақ лингвостилистикалық параметрлерін (автордың қатысымдық әрекеттерін орындауда қандай тілдік бірліктер қамтамасыз етіледі), туындаған, негізгі образбен, тұлғаның коммуникативтік әрекеттерімен көрінеді. Интернет-пікір жанры жеке-жалпы тілдік тұлғаның бейнесін хабарлайды, оның жеке-жалпы тілдік тұлғаның детерминиленген жеке блок жанрынан басты айырмашылығы осында. Бұл ерекшелік желіде ұсынылған тұлғаның типіне негізделеді, жеке блок, ең алдымен, жеке қатынас, әр түрлі оқиғаларды және әлеуметтік мәселелердің трактовкасын, интернет-пікір жанры, өз кезегінде өзге тілдік тұлғаның коммуникативті іс-әрекетінен жауап алуға және өз пікірін ашық жариялауға қалыптасады. Интернет-пікір жанрындағы тілдік тұлға, анықталған әлеуметтік ұйым мүшесі ретінде анықталған тұлғалық позиция әлеуметтік пікірді қалыптастырады және осы ұйымның өзге мүшелерінің іс-әрекетіне қозғау салады. Интернет-пікір жанрының прагматикалық параметрлеріне тоқталып өтсек:

Адресант (мәтін жіберуші) – бұл жеке/жалпы белгілі талқылауға немесе дискуссияға (блоктар, веб-желілер, әлеуметтік желілер, ғылыми ұйымдар, т.б) қатысуға мүмкіндік беретін интернет-ресурстарда тіркелген тілдік-тұлға.

Адресат(ақпаратты қабылдаушы) – бұл сондай-ақ адресант сияқты интернетресурстарда тіркелген тілдік тұлға (жалпы, жеке/жалпы, жеке немесе жалпы/жеке). Интернет-пікірлердің адресаты – бұл бірінші дәрежелі әрекеттен туындаған – интернетоқырмандардан жауап алу үшін мақалалар, суреттер, аудио, видео, т.б. сілтемелер немесе белгілерді орналастырудағы екіншілік номинация.

Интернет-пікір жанры үшін адресант рөлінде бола алатын (пікір жазу) бақылаушы (енжар қатысушы) болуы тән және бейтарап қалыпта да кездеседі. Бақылаушының (қонақтар - тіркелмеген қолданушылар) бар екендігі туралы болжам блок және басқа да ресурстардың көрулер статистикасынан дәлелденеді.



Мақсат (ішкі ой, сөз) – автор блогының әр түрлі әрекеттеріне қатысты әлеуметтік желілерде тұлғалық позицияны реттеу және өзіндік таныту.

Интернет-қолданушылар–бұл әлеуметтік желі көмегімен виртуальды дисскурстың қатысушылары болатын тілдік тұлғалар. Тыңдаушының тікелей жауабының болмауы және белгісіздік виртуалдық тұлғаны тудыруға анықталған фактор болады. Виртуалды ақпарат алмасу кезінде шынайы тұлғаны тану мүмкін емес: қарым-қатынас өзгереді, адам мүлдем өзгеше эмоционалды стильдік қарым-қатынас форматын қолдана алады. Тіпті, адам туралы анықталған ақпарат берілсе де (тіркелу үшін қажет анкета ) олардың шынайылығында толық сенім жоқ, көп жағдайда кері процесс бақыланады – ақпараттың жасырын болуы немесе жалған мәліметтің берілуі. Дегенмен, түрлі жанр форматтарында қолданушыға курсормен оның атына немесе графикалық бейнесіне басқанда ол туралы қосымша ақпарат алуына мүмкіндік беретін қызметі болады, бұл факт тек интернетсервистердің гипермедиялық және ақпараттық толықтық дәрежесін күшейтеді).

Интернет-пікірлердегі қатысымдық әрекеттер өте маңызды рамалық параметрлерді алады, қолданушының есімі көрсетілуінде жүзеге асырылатын вербалдылық. Идентификация формасы мен тілдік тұлғаның пікірге қатысу міндеті желідегі коммуникативтік іс-әрекет үшін маңызды, сондықтан қолданушыны таныстырудағы тәсілдердің әр түрлі болуы белгіленеді. Ол өзі немесе басқа есімді таңдауы мүмкін (жасырын ат, лақап есім). Көп жағдайда төмендегілер ник ретінде қолданылады:


  1. Шынайы өзінің аты болатын өзіндік есімі немесе ойдан шығарылған (төре жігіт,

ару, Иван, Karа, Jakе,т.б.);

  1. Прецедентті есімдер (azil nот самый, брат брата, Павел Смирного, т.б.

  2. Зоонимдер (Cat, VoronaInc, Korshun_199, A piranha sebertи т.б)

  3. Есім-мінездеме (Lunohod, Pan_Ohotnik, Podshipnik, Sedayaboroda, Faith Bunker, Brad Wheeler, т.б.)

  4. Оқу үшін қиын әріптер мен сандардан тұратын құрылымдық белгілер (w@rriOR, ASAP Ralphy, pazcehb, opvolga81, mishajp, owk4, LADY, GAGA, megapixel09 т.б.)

Қолданушылардың никнейм таңдаудағы нұсқалары шексіз: күн сайын жаңа никтер пайда болуда, олардың құрамына жоғарыдағы есімдер ғана кірмейді, бұдан басқа да әр түрлі символдар бар.

Интернет-пікір жанрының интерфейсі өте қарапайым: пікірлерді қарайтын вебпарақшада шрифтін өзгертетін, сурет, видеофайл немесе қызықты ресурсқа гиперсілтемелер қоса алатын мәтін теруге арналған құралдар панелінің блогы, сондай-ақ пікір жазуға арналған жол бар.

Гипермәтіндік интернет-пікір жанрының негізгі ерекшелігі ретінде пікірлерді нақты талқыланатын тақырыпқа қатысты тізімге қосу блогында көрініс табады, кейбір ресурстарда (мысалы, LiveJournal) пікірлер өзгеріске түсе алады. Әрбір пікірде автор туралы ақпарат (есім, аноним), аватар, жарияланымның уақыты, мерзімі жазылатын жол міндетті түрде болады Пікір орналастыруды тек мәтіндік форматта ғана емес, сурет форматында (BMP, JPEG, PNG) және видео (AVI, MPEG, WMV) түрінде бере алады.

Интерактивтілік интернет қолданушыларға көпшілікпен қатынас тудыру мүмкіндігін ұсынады – кез келген оқырман талқылауға қосыла алады.

Еліміздегі 3 миллионнан астам интернет пайдаланушылардың қатарына әлеуметтік желілер контингентін қоссақ, бұл үлкен әлеуетті танытады. Иә, виртуалдық медиада қоғамдық пікірді қалыптастыра алатын лидерлер көп. Дегенмен, азаматтардың түрлі медиа алаңдар арқылы қоғамдық үн қатуы мен қатысуын зерттейтін уақыт келді. Интернет қоғам, әлеумет, бизнес үштағанын біріктіріп отырған үлкен саяси индустрия. Электронды демократия, электронды коммерция, электронды мода сияқты өмірге батыл енді. Әлеуметтік желідегі «пікір туғызушылардың» ықпалды күш екенін құптаған Данияр Әшімбаев өкінішке қарай, таяқтың екі ұшы барын ашына айтты: «Әлеуметтік желіде, интернетте халықтық "эксперттер" көбейді. Кемшілігі, олар қоғамның барлық саласы туралы білсін-білмесін пікір айтуға құмар. Мәтінді әдемі құрастыра білсе болды, халық оны жақсы тұтынатын болды. Белгілі қоғам қайраткері Айдос Сарым болса, тек желіде пікір туғызушылардың посттарына иек арта бермей, шынайы өмірде мәселені шешудің тетіктерін көбірек қарастыру керек деген ойын бүкпесіз айтты: «Әлеуметтік желіге шектен тыс құмартушылық мәселені шешпейді. Толғақты мәселе көтерілсе, халық оған лайк басады, бөліседі, комментарий (пікір) жазады. Болды, бітті. Мәселе осылай ұмытылады, шешілмей қалуы мүмкін. Қоғамдық мәселені шешуге ықпал ету үшін онлайн емес, оффлайн тетіктер де керек [5]. Бұдан шығатын қорытынды, нтернет-пікір жанры асинхрондық жанрлар қатарына кіреді, блогеррдің қызықты белгілеріне кез келген уақытта пікір білдіруге мүмкіндік береді: барлық жазбалар кез келген блог архивінде сақталады, жарияланған уақытына қарамастан белгілерді немесе мақалаларды оқу және пікір білдіру қол жетімді.

Интернет-пікір жанрының қарым-қатынас қатысушыларының саны мен эксплецивтілігі топтық, қоғам алдына талқыға, сынға, көзқарас, пікірге түседі. Сонымен қатар әңгімелесуге өте көп тіркелген қолданушылар қосыла алады, ал талқыланатын тақырып орнатылған блогермен тоқтатылады.



Әдебиеттер тізімі:

  1. Л.Ю.Щипицина. Компьютерно-опосредованная коммуникация: Лингвистический аспект анализа.-М., 2010, с.195.

  2. В.А.Митягина. Интернет –комментарий как коммуникативное действие. Межвуз. Сб.науч.тр. Вып.10.-с.191.

  3. В.И.Карасик. Дискурсивная персонология\ Язык, коммуникация и социальная среда.- ВГПУ.-Вып.5, 2007, с.78-86 .

  4. В.А.Митягина. Социокультурные характеристики коммуникативного действия: монография. –Волгоград, 2007, с.67.

  5. http://bnews.kz/kz/redesign/analysis/analytics/aleumettik_zhelide_pikir_tugizushilar_ne mese_kimnin_sozi_otimdi

Айтбаева Айман Ералықызы


ф.ғ.к., доцент

Жүзеев Серикхан оқу магистрі

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан

Қ.МҰХАМБЕТҚАЛИҰЛЫНЫҢ «ТАР КЕЗЕҢ» РОМАНЫНДАҒЫ ЕЛ МЕН

ЖЕР ТАҒДЫРЫ


Қазіргі таңда қазақ елі сан ғасырлар ата-бабамыз аңсаған азаттыққа қол жеткізіп, тәуелсіздіктің көк туын желбіретуде. Соңғы ширек ғасырда қазақ деген ұлтты әлем таныды. Оған дейін мызғымас Кеңестер одағының құрамында болған Қазақстан республикасын шетел тани бермейтін елді. Жыл өткен сайын Қазақстан әлем таныған елдердің қатарынан орын алып келеді. Мұның бір жағы ел экономикасының түзеле бастағандығында жатса, екінші шеті елі мен жерін бейбітшілік жолда дамытуды көздеген Елбасының стратегиясында екені жасырын емес. Ел іргесі түзеле бастаған шақта ғылым мен білімнің де ілгері қарай дами бастайтындығы ақиқат.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2014 жылдың 25 тамызындағы Ринат Думанұлына берген «Ұлытау төріндегі сұхбатында»: «Менің арманым, ойым – Қазақстанның мәңгілік болуы. Сондықтан Мәңгілік Ел деген идеяны ұсындым. Мәңгілік ел болу үшін бәрін жасап жатырмыз... Қазақстанның болашағы өте жарқын! Біздің балаларымыз бен немерелеріміз бұдан да керемет елде өмір сүреді деп ойлаймын. Заман өтеді, уақыт алға жылжиды. Ұрпақтар бірінің жолын бірі жалғайды. Бірақ ата-бабамыздың жері осылай керемет болып қала береді. Осындай әулиелі жерден қуат алған халқымыз ата-бабалар жолымен жүреді деп санаймын. Ол жол – сара жол, Мәңгілік Елдің жолы!» [1.,3] – деген болатын.

ХІХ ғасырдың ортасында ұлттың рухани шешімдерінде бұрын білінбеген, жаңа бір нышандар пайда бола бастады. Қазақ руханиятының өзін-өзі туындатқан осынау күнделікті тыныс-тіршілігі ауық-ауық өзінің тұтастығын, өзінің дүниетанымы мен ұлттық бейнесін қару алып қорғау қажеттігімен алмасып отырады. Мұның өзі көбінесе рухани талаптан гөрі саяси себептерге негізделеді. Мәселен, Сырым Датов, Кенесары Қасымов және басқалар бастаған көтерілістер қазақтың ұлттық рухын орнықтыруға, ортақ жау – Ресей патшалығына қарсы күресте қазақтардың барлық күшін біріктіруге талпынған әрекеттер еді.

ХҮІІІ ғасырдағы Батыс Қазақстандағы тарихи оқиғалар негіз болған

Қ.Мұхамбетқалиұлының «Тар кезең» романында «Сырым батыр» жайындағы, Ғ.Мүсіреповтің «Болашаққа аманат» пьесасындағы бізге таныс батырдың бейнесі тарихи деректермен толығып, шешен, би, ойшыл, саясаткер, генерал Суворовтың өзі мойындаған батыр Сырым Датұлының сом тұлғасы жасалды. Аталған романдар бүгінгі тәуелсіздігіміздің сан ғасырға созылған кескілескен шайқаспен келгендігіне, көз алартқан жаулардан қазақтың дархан даласын қорғау барысында қаншама хандар мен сұлтандардың, батырлар мен сардарлардың билер мен шешендердің жан алып, жан бергеніне көзімізді жеткізді.

Тәуелсіздік тұсындағы қазақ прозасын тыңғылықты зерттеп жүрген әдебиеттанушы ғалым Г.Орда «Қазіргі қазақ романы» деген мақаласында тарихи романдар туралы: «Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз», З.Тілеужановтың «Қаракерей Қабанбай» романдарында ХVIII ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі тарихи оқиғалар бас қолбасшы Қабанбай батыр төңірегіндегі қанды шайқастармен баяндалса, Ұ.Доспанбетовтің «Қызыл жолбарыс», «Абылайдың ақ туы» атты төрт кітаптан тұратын роман-эпопеясына Қаратау мен Іле, Сырдария, Шу, Қаратал өзендерінің бойында осыдан үш ғасыр бұрын өткен, «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген атпен сақталған қазақ-қалмақ қақтығыстары көркем бейнеленді. Жазушылар елі мен жерін сыртқы жаудан қорғаудағы батырлардың жанкешті ерлігі, қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы сан ғасырлық күресі арқылы жауынгер қазақ халқының ерлік дәстүрлеріне жан бітіріп, романдардың негізгі лейтмотивіне (өзегіне) айналған адам, халық, ел, ұлт, мемлекет дербестігі туралы ұстанымдарын ұсынды» [2.,21], – деген болатын.

Жазушы Қ.Мұхаметқалиұлының романында сол тұстағы ел іші жағдайынан мол мағлұмат алуға болады. Романға негіз болған ең өзекті мәселе – ел мен жер тағдыры. Көшпенді халық үшін шалқыған жайлауы мен шұрайлы жерінен айрылу – өлім алдында тұяқты серпуге шамасы келмеумен барабар. Жерінен айырылса малдың жайлауы қоса кеткелі тұр. Малдан айырылдым дегенше аштан өлдім десейші. Мал шаруашылығымен айналысатын қазақ үшін басқа табыс көзі жоқ. Малын базарға айдап, жүн-жұрқасы мен төрт түліктің терісін күнделікті қажеттеріне айырбас жасайтын қазақтың жер дауы бүгінгі күнге дейін біткен емес.

Орынбордағы үлкен ұлық орнынан түсіп, Петербордан жаңа ұлық келгенше казакорыстардың қазақ ауылдарын шаппақ болған пиғылы онсыз да үреймен жүрмен қазақ халқын тығырыққа тіреді. «Орынбор мен Текенің казак-орысы қосылып, қазақты шабуға аттанғалы жатыр!» – деген хабар жеткенде қыс ауасында елдің күйі де жайы да кететіні белгілі еді. Алайда суық хабар келген соң, ел есі барда қамдануға кірісті. Он екі ата Байұлының ауылдары Жем, Сағыздың жоғары жағына қарай көштің бетін түзесе, Қобда мен Елек бойын жағалап отырған Жетіру Бестамақ пен Сағаға қарай үдерді.

Ел басына күн туған осындай қысылтаяң сәт ат үстіндегі азаматтарды сынға салды. «Қайда безіп барамыз осы біз? Ата-бабадан қалған құйқалы қоныс, қара жұртты тастай қашқанда, қайда барып ұшпаққа шықпақпыз? Басымызға зауал төнген екен деп, бір қатты қайырымға да келмей, кете береміз бе, осылай?! Өйтсек, шыр етіп дүниеге келген, кіндігің кесіліп, кірің жуылған мына жердің киесі кешер ме?! Енді қайттік! Қайтеміз енді, япырау?!», – деп ауыр ойдың құрсауына түскен Сырым би елді тығырықтан шығаратын амал іздеді. Жалғыздың үні шықпасын түсінген би Қарақамысқа бес Сұлтансиықтың белгілі кісілерін шақырып ту бие сойды. Жақсылар мен жайсаңдар бас қосқан осы жиында екі мың үйлі Байбақтыны алдымен көшіру керектігін Малайсары би ұсынды. Бидің көздегені ел аман, жұрт тынышта бала-шағаны жыраққа, тыныш жерге қоныстандырып қою болатын. Бала-шаға, от-орманының тыныштығына көзі жеткен жігіттердің көңіл күйі орнында болатынын түсінген би алдымен көшу керектігін ұсынған болатын. Бұл жиында көтерілген келесі мәселе – орыс шебіне ашық шабуылдап жүрген батырлардың сақ болуы. Себебі олардың аттары ел арасына жайылып, аттары мәлім болып қалғандығы.

Сырым бастаған халық қозғалысы бір жағынан сыртқы күшке бағытталса, екіншісі – қазақ билігіндегі әділетсіздікті жоюға деген тегеурінді ұмтылыс болады. 1875 жылы Сырымның қолы Орал бекінісінің төменгі жағында қазақтың байбақты, тама, табын руларының қазақтар басып алған жерлері үшін қиян-кескі соғыстар жүргізді. Бұл қозғалыс Жайық пен Ембі өзендері арасында көшіп-қонып жүрген руларды да қамтыды. Әрине, бір жағынан, хандық билікті сақтау жолындағы ықпалды топтардың өз мүддесін көздеп, ел ішінде іріткі салуы Сырым көтерілісінің кең қанат жаюына мүмкіндік бермеген. Азаттық күресінің нәтижесінде биліктің орнын ауыстырумен мәселе шешілмеді. Кіші жүз ханы Есім хан өлтірілген соң, Сырым Датұлы көтерілісті тоқтату туралы шешім қабылдап, өзі хандық кеңес құрамына кіргенімен, өзге сұлтандардың қудалауына ұшырап, Хиуа хандығына кетуге мәжбүр болған. Алайда сан жылдар бойы ел бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күресін тоқтатпаған батыр халық жадында рухы биік тұлға тұрғысында жатталған.

Романның үшінші тарауына негіз болған оқиғалардың негізі өзегі – ата-баба қонысы төңірегінде өрбісе, осы тараудың финалы Айшуақтың жеріне қатысты шабуыл болып табылады. Нұралы ханның інісі Айшуақ сұлтанның Салындылы, Түйемойын, Қырық арба, Сақарлы, Қазан кеткен қоныстары шекара сызығына жақын орналасқандықтан олардың жылқысы да осы төңірекке жайылатын. Алайда жас офицер Назаровтың жылқыларыңды шепке жақын жайлатып казактардың жылқыларын иемденесіңдер деген жаласымен Айшуақ сұлтанның өзі тұтқындалуы, Әбілхайырханның ұлы Апақтың осы шайқаста қаза табуы – жер үшін болған шешуші шайқастар болып көрініс тапқан. Айшуақтың тұқынға алынуы бұл тараудың шешуші оқиғасы болса, қазақ халқының жеңілісі отаршыл империяның отаршылдық әрекеттерінің көрінісі ретінде шынайылықпен бейнеленген.

Осы оқиғадан кейін елі мен жерін отаршылдардан құтқаруды көздеген Сырым батыр бастаған қолдың Таналықты алуын жазушы былай суреттейді: «Өн бойларын өрттей шарпыған намыс отынан ба, әлде тұсынан дұға оқып өткен әлгі Намазтаудың басындағы қасиетті аруақтар желеп-жебеді ме, әр нәрсенің жайын Алла біледі-дағы... әйтеуір, осы жолғы жорық – талай замандардан бері қазақ баласы табан тіресіп соғыса алмай жүрген орыспен қып-қызыл қырғын шайқасқа ұласса да, түбі қайырлы, сәтті жорық болды»3 (251б.)

Ел мен жер мәселесіне қатысты романдағы келесі оқиға – жаз жайлау мен қыс қыстаудың ру-руға бөлінетіндігі, әр рудың меншікті жеріне екінші біреудің қол салуға болмайтындығы.

Жазушы тығырыққа тірелген ханның мүшкіл халін оның түсімен ашуға тырысқан. Бір емес, бірнеше рет түсіне кіріп, өмірі шошып оянатын түсінен үріккен ол, оның шешімін таба алмай дал. Алтын табаққа салып алдына қойған бастан ауыз тиейін десе, қолынан жып етіп топыраққа түсіп кететін бастың қойдың емес, орыстың шошқасының басы болып шығатынын ол бір емес, бірнеше рет көріп, өз түсінен өзі шошынып, неге жорырын білмей жүрісі мынау. Жазушы кейіпкердің осы түсі арқылы көп жайттардан хабар беруге тырысқан. Алтын табаққа салынған бастың шошқанікі болуы – Нұралының қолындағы алтын табақтың аузы түкті кәпірдікі екенін байқатса, оның жерге түсіп кетуі патшаға қызмет жасап абырой таппайтындығын көрсетеді. Ойы он саққа бөлінген Нұралы ханның дел-сал күй кешуі өз ісіне сенімсіздігі мен дүдамал күй кешуі.

Оның ел ағаларын жинап ақсақалдардан ақыл сұраған екі сауалы мынау еді. Біріншісі – Қай жерді жаз жайлап, қыс қыстаса да Ханның өз еркі емес пе? Сұлтансиықтың балаларының қонысына қонсам, не айып шамы бар. Ел алдында абыройымды төкпесін, жайлауын босатып-ақ берейін осыған көмектесіңдер дегенге ойысса, екінші тілегі мүлде басқа еді. Ол Ханның сыртынын үш атаның билері бас қосып, жасасқан бәтуаларын орысқа жіберуі жөнінде.

Бірінші мәселе жөнінде Кердері Намаз би – Хан иеміздің бір жолғы ауыртпалығын біздің Кердері балалары көтерер! – деген шешім жасайды. Ал «Үш атаның бірқатар билері бас қосып, әлдеқандай бір бәтуа жасасыпты!» деп шала бүлініп, сол үшін орыстан әскер шақыртудың басы артық екенін баса айтып, «Орысқа сенсең, өкінумен өтесің; Суға сүйенсең, түбіне кетесің!» – деп бұрынғылар тегін айтпағанын тілге тиек етеді. Ханның Сұлтансиыққа тісі қайраулы екенін білген Алаша руының ақсақалы Сыпыра би «Сөз қуған – бәлеге жолығады!», «Үндемеген – үйдей бәледен құтылады!» дегенді ескертеді.

Осы жиын үстінде түшкірген Тай бай бірінші мүшелімде түшкіргенде анам өлді, екінші мүшелімде түшкіргенде әкем өлді, үшінші рет бесінші мүшелімде сіздің ордаңызда түшкіріп отырмын дейді. Тай байдың: «Асылы, тілеуіңіз теріске шыға ма деймін. Ел де, осы елдің ер-азаматтары да әлгі билерді айыптамақ түгілі, бәрі-бәрі Байбақты Сырымның соңына ілесіп кетпесе, неғылсын! Нышаны жаман мына түшкіріктің!»3 (374-б.), – деген дүдамалы шынға ұласады. Хан Сырымға қарсы қанша үгіттегенмен, халықтың Сырымның соңынан ергенін кеш түсінеді. Сондықтан да бұл отыз сегіз жыл бойы бір өзі билептөстеген хан Нұралы ордасында ел ағаларының соңғы рет бас қосуы еді. «Ханның қарашасымен» екенін жадынан шығарған Нұралы осылайша бүкіл елдің Сырымның соңынан еріп кеткенін өзі де білмей дал болды.

Романдағы ел мен жер тағдырына қатысты келесі мәселе Нұралы ханның губернатор Игельстромға жазған хатының төңірегінде өрбиді. н хбүкіл жұрттың ықыласы тіл табысу жағында екенін, ол үшін тұтқын айырбастауға қазақ жағы әзір екенін айтып хат жазса,

Нұралы хан керісінше, патша наместнигін, қазақ руларына қарсы айдап салуға тырысады. Оны жазушы былай суреттейді: «Сіздің мына жарлығыңызға – деп жазады Нұралы хан, – менің таңым бар...Талай ескертпеп пе едім мен: «бұл ұры-қары қазақтар Сіздің жоғары мәртебелі құзырыңызға қандай қарсы адамдар болса, маған да сондай қастас адамдар», – деп. Сондықтан, оларға адам жіберіп, әлгі тапсырмаларыңыздың орындалуын талап еткеніңмен, бұл басыбұзықтар менің айтқанымды тыңдамайды да, тұтқындарды қайтармайды да! Тіпті сөйлесуге барған кісілерімді өлтіріп тастаудан да жүзі жанбас! Сол, себепті, жоғары мәртебелі тақсыр, сізге бұрынғы айтқан кеңестерімді тағы да қайталауға мәжбүрмін: Егер Сіздер қамалға шапқан әлгі қарақшылардың ауылдарын қарақұрым қол жіберіп, Жаманқаладан бергі жерлерде, сондай-ақ Елек пен Жемнің бас жағында отырған елдерді естерінен кетпестей етіп ойрандамасаңыздар, олар мені Хан деп мойындамайды да, Сіздерге шапқыншылық жасаудан да бір тыйылмайды. Сондықтан осы хатты алған бойда, қалың әскермен қарымта қайтаруға аттанғандарың жөн!»3.

Сырым батырдың көздегені ел мен жерді басқыншылардан құтқару болса, қолындағы биліктен айырылмауды ойлаған Нұралының ойы басқа жақта. Бұл кезде губернатордың ел ішіндегі ахуалды түзеуге құлшына кіріскенінің арқасында Нұралының ойы жүзеге аспай қалады. Бірақ ол осы хаты арқылы өзінің түпкі мақсатын байқатып алғаны рас.

Қорыта айтқанда, «Тар кезең» тарихи романында жеке адамның өмірінен гөрі тұтас ұлттардың тағдыры алдыңғы планға шыққан. Ел мен елдің, белгілі топтардың арасындағы қайшылықтарға негізгі себеп жер екендігін еске алатын болсақ, қазақ халқы бүгінгі кең даламызды сақтап қалуда қаншама шапқыласқан ұрыстарды басынан өткергендігі белгілі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан –2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты тақырыппен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында сөйлеген сөзі. –3б

2.Н.Ә.Назарбаев. Тарих толқынында. Алматы: Атамұра.2003.-278б

3.Қазақ романы: Өткені мен бүгіні. Ұжымдық монография (Жалпы редакциясын басқарған: ҚР ҰҒА академигі, филол.ғ.д., проф., С.С.Қирабаев, жауапты шығарушы: филол.ғ.к. Г.Ж.Орда). – Алматы: «Алматы баспа үйі», 2009. – 21 б.

4.Орда Г. Қазіргі қазақ романы // «Тәуелсіздік дәуірі – ұлттық құндылықтар дәуірі» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдарының жинағы. – Алматы:

«Құс Жолы», 2016. – 21-33 б.

5.Мұқамбетқалиев Қ. Тар кезең.-Алматы: Қазығұрт,-2003.-395б


Абдулхак Диёра магистрант (Түркістан, ХҚТУ) Исаева Жазира Исақызы


Ф.ғ.к.,д.м.а.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,

Түркістан, Қазақстан


ЖАРНАМА МӘТІНІНДЕ ҰЛТ МӘДЕНИЕТІНІҢ КӨРІНІС БЕРУІ


Тіл тек ойды білдірудің құралы, я оның тікелей көрінісі ғана емес, ең әуелі сол ойды әр ұлттың өзіндік танымына ғана тән, мыңдаған жылдар бойы дарытқан этнопсихикалық, дүниетанымдық негізде құрап беруші құрал. Қазақ халқының руханимәдени құндылықтар жүйесі жалпы түркі халықтары ата-бабаларының дүниетанымымен, тарихымен, өмір тәжірибесімен үздіксіз жалғасып келе жатқан тұтас құбылыс. Басқаша айтқанда, ғаламды тану тәсілі мен оның біртұтас танымдық моделі тілдің терең құрылымдарынан бастау алады. Бұдан «Тіл мен ұлт біртұтас» деген қағида туып отыр



[1,28].

Жазу – адамзат ақыл-ойы дамуының жетістігін көрсететін мәдени құндылықтар қатарына жатады. Барлық халықтың өркениет әлеміне аяқ басуы жазба дәстүрдің қалыптасуынан басталады. Адам санасының жетілуі мен қоғамның мәдени өркендеуімен қатар жүретін жазба дәстүрдің дамуы сол жазуды қалыптастырып, дамытушы этностың рухани және қоғамдық қажеттілігінен туындайды. Ауызша тілдің адамдар арасындағы қоғамдық қарым-қатынасты толық қанағаттандыра алмауы, оның белгілі бір уақыт пен кеңістікке тәуелді болып келуі, қолданылу шеңберінің шектеулілігі жазбаша тілдің пайда болуына алып келді. Жазба тілдің қолданыс аясы кең, жазу таңбалары арқылы ойды, ақпаратты ұзақ мерзімге әрі кез-келген аумаққа жеткізуге болады. Белгілі ғалым И.Е.Гельб адамдардың ой мен сезімді жеткізудің уақыт пен кеңістікке тәуелсіз формасын ойлап табуға деген ұмтылысы, ақпаратты ұзақ уақытқа және алыс жерлерге жеткізуге деген мұқтаждығы қарым-қатынастың түрлі көру құралдары арқылы іске асатын түрінің дамуына алып келгендігін айтады [2, 252]. Саналы адамзаттың ерекше қырларының бірі өз пікірін білдіру және басқаның пікірін қабылдау арқылы өзара қарым-қатынасқа түсу. Коммуникация әрекетінде адамдар табиғи құралдарды да жасанды құралдарды да пайдаланатыны белгілі. Сурет, музыка басқа да өнер туындылары тәрізді адам әрекетінен пайда болған жазу да жасанды құралдар қатарына жатқанымен коммуникация процесіндегі маңызы ерекше. Қазіргі таңда ғылым мен техниканың дамуына байланысты адамзат қажеттілігін қамтамасыз ететін радио, теледидар т.б. дыбыс жазу құралдары тәрізді қарым-қатынас түрлері көбейгені белгілі. Ғылым мен техниканың осындай мүмкіндіктерге жетуінің өзі де, жалпы адамзат өркениетінің дамуы да жазба тілмен байланысты. Бұл жөнінде И.М.Дьяконов «Мәдениет тарихында жазу қосалқы қызмет атқаратындай болып көрінгенімен, жазусыз заманауи әлемді осындай деңгейге жеткізуге ықпал еткен, тас дәуірінен атом дәуіріне дейінгі уақытты қамтитын адамзаттың мәдени дамуының қарқынды жүруі мүмкін емес еді. Радио мен дыбыс жазу техникалары ойлап табылғанға дейін адамның ойлау шығармашылығынан туындаған ақпараттарды қашықтыққа жеткізіп және оны ғасырлар бойы сақтауға мүмкіндік берген жазу ғана болды. Қазіргі таңда да механикалық дыбыс жазуда қолданылатын мәтіндерді жинақтау барысында жазудың маңыздылығы, артықшылықтары айқын көрінеді» [3, 5] деген пікірін білдіреді.

Жазу бір қарағанда қосалқы қарым-қатынас құралдарының бірі ретінде ғана көрінуі мүмкін, шын мәнінде жазба тіл жалпы адамзат тілін бейнелейтін коммуникация құралы болып табылады. Бұл жөнінде жазу тарихымен және жазу теориясымен ұзақ жылдар бойы айналысқан ғалым В.А.Истрин «егер тіл - ойдың материалды бөлшегі, адамдар қарым-қатынасының негізгі құралы десек, онда жазу тілдің көмекші құралы қызметін ғана атқарады, графикалық таңбалар мен мен кескіндер арқылы тілдің белгілі бір элементтерін хабарлау болып шығады, ал тіл – сол тілде сөйлеуші халықтың сүзгіден өткізілген, өңделген сөздік қоры, лексикалық жүйесі, олардың тіркесім ережелері және грамматикалық құрылысы десек, онда жазу сол халықтың тілін бейнелейтін графикалық таңбалардың белгілі бір заңдылықтарға сәйкес түзілген кешені, белгілі дәрежеде тілмен тең келетін кешенді жүйе» [4, 18] деген ой айтады. Сондықтан әр дәуірде, әр халықта қолданылған жазба тіл өз кезеңіндегі ауызша тілдің құрылымдық ерекшеліктерін танытумен қатар сол тілде сөйлеуші халықтың дүниетанымының, дара болмысының көрсеткіші де бола алады.

Жазба тіл – жазу негізінде қалыптасқан, өзіндік дәстүрі бар тіл, ауызша сөйлеу тілінің белгілі бір орфографиялық заңдылықтарға бағына отырып, сол тілдің фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктерін сақтай отырып жазбаша көрініс табуы, хатталуы [5, 129]. Бұл жазба тілге синхрондық тұрғыдан, ұзақ уақыт даму жолынан өткен жүйелі тіл мен жетілген дыбыстық жазу негізінде берілген анықтама. Жазба тілдің ауызша тілге эквивалент ретінде қолданылуы кейінгі дәуірлердің жемісі екені белгілі. Жазба тіл ауызша тілден кейін қалыптасқанымен тілдің жүйелі құрылымға айналуына, тілдің барлық мүмкіндіктерін ашуға ықпал етеді. Сондықтан әрбір «жазылған дүниені сол тілдің жүйесі мен құрылымы ретінде тануға, қабылдауға, тілдің «өзі» деп түсіндіруге, түсінуге күмән қалмайды» [6, 8-9].

Ал жарнама тіліндегі тілдік тұлғаның орнын анықтайтын болсақ, алдымен біз тілдік тұлғаны ұлттық тілдік тұлға ретінде түсінеміз. Себебі тілдік тұлғаның табиғаты ұлттық мәдени сипатпен тікелей байланысты. Қандай да болсын жарнамада қолданысқа түскен тілдік тұлға лексика-семантикалық, грамматикалық деңгейде ғана сипатталып қоймай, сонымен қатар ол ұлттық менталитетті, ұлттық психологияны, тіпті ұлттық өмір сүру салтын танытады.

Тіл білімінде тіл мен мәдениеттің өзара байланысы мәселесін алғаш рет ғылымитеориялық деңгейде В.фон Гумбольдт зерттесе, одан кейін оның ізбасарлары Г.Штейнталь мен М.Лоцарус этностар психологиясының тілге әсерін қарастырса, ал В.Вундт тілдің әлеуметтік сипатын зерттеген. Белгілі ғалым А.Потебня тілдің халық мәдениетінің қайнар көзі екендігін дәлелдеген. Лингвист Ф.де Соссюрдің териясы бойынша халықтың мәдениеті, салт-дәстүрі мен менталитетінің тілге әсері мәселелері этнолингвистика пәні тұрғысынан зерттелген. Тіл мен мәдениет арақатынасы американдық ғалымдар Э.Сепир мен Б.Уорфтың лингвистикалық салыстырмалы болжам гипотезасында қарастырылса, бұл мәселе бүгінгі таңға дейін өз жалғасын тауып, біз өмір сүріп отырған қоғамда халықтың ұлттық материалды және рухани мәдениетін сипаттайтын жарнама тілінің сыртқы формасы мен ішкі мазмұнында тіл мәдениетінің сақталуы деген мәселені туғызып отыр.

Жарнама – қазіргі қоғамға, қоғамның мүшесіне қатысты мәдениеттің деңгейін көрсететін сала. Жарнама – мәдениетпен тығыз байланысты ұғым, яғни жарнама тілдік құралдар арқылы ұлттық мәдениеттің белгілерін көрсетуі қажет. Ал ұлттық мәдениеттің танылуы тілдің ұлттық белгілері( сөз қолдануы, грамматикалық заңдылығы, нормалар) игерілгенде көрінеді. «Жарнама мәтіні ұлт тілімен, ұлттық мәдениетпен байланыста қалыптасатын жағдайда ғана өзінің негізгі мақсатын атқара алады» [7,18].

Ұлт мәдениетінің басты сипаттарының жарнама түрінде берілуі, мәдениетіміздің жарнама мәтініндегі көрінісі ұлттық мәдениетімізге, этникамызға тән өзгешеліктері қазіргі уақыт пен нарықтық қоғам кеңістігінде жаңа сипаттағы жарнама тіліндегі сөйлеу әдебіне қатысты параметрлерде жинақталуы тиіс.

Ғылыми мұрасында тілдік дамудың уақыт пен кеңістікке қатысы туралы құнды деректер қалдырған профессор Қ. Жұбанов сөз мағыналарының дамуы, кеңеюі, өзгеруінің әр түрлі себептерін зерттеуге, зерделеуге үлкен көңіл бөлген. «Тіл элементтері жалпыхалықтық қолданысқа түскен кезде өзінің бастапқы тілдік нұсқасын бірте-бірте өзгертіп, жоғалтып, өшіріп алуы мүмкін. Демек, сөз және оның мағынасының дамуы әрбір қоғамдық даму кезеңдеріндегі дүниетанымдық көзқарастарға тікелей байланысты. Себебі, тіл адамзат тарихының қоймасы тәрізді» [8,28]. Сондықтан жарнама тілі ұлттың рухани мәдениеті мен сөйлеу әдебі, халық менталитетінен көрініс беретіндіктен бір затты әр түрлі мәдениеті бар, салт-дәстүрлері бар халықтардың арасында жарнамалаған уақытта, сол халықтың ұлттық психологиясын, ұлттық менталитетін, әрбір ұлттың өзінде қалыптасқан салт-дәстүрін ескеру қажет болады. Қазақ жарнамаларының көпшілігінің ықпал ету әсерінің төмендігі осы салт-дәстүр дәлдемесінің сақталмауына байланысты екендігі байқалды. Қазақ жарнамалары басқа халықтардың салт-дәстүрінен, мәдениетінен көшірілген, сондықтан оларға Қазақстан қоғамындағы тұтынушының танымдық, қызығушылық, назар аударушылық ықпалы төмен болады. Сонымен қоса кейбір жарнама тілінде қарапайым логиканың жоқтығы, ой алшақтығы байқалады.

Адам қоршаған ортаны ойлау арқылы танып біледі және ол адам санасында көрініс табады. Адамның шындық болмысты танып білуі ой арқылы жүзеге асса, тіл – ойды бейнелеу қызметінің нәтижесін бекітудің құралы ретінде қызмет етеді. Тіл мәдениетіне қатысты дұрыстық, дәлдік, логикалық тазалық, байлық, мәнерлегіштік, қисындылық деген сияқты сапалар жарнама тілінде басты назарға алынатын белгілер. Мысалға мына жарнаманы алайық:



  • Уау, сәлем, осыншама сенімділік қайдан пайда болған?

  • Кеше менің қожайыным «НСК-Авторитет» алған болатын.

  • «НСК-Авторитет» ?

  • Мұнай сақтандыру компаниясы. Естіп пе ең?

  • Жоқ.

  • Сен де айтады екенсің. Әр автокөлік мұны білуі тиіс. Тез және сапалы көмек, қызмет көрсетудің үлкен спектрі, әр клиентке жеке қатынас! Сенімділік береді... Өз қожайыныңа белгі таста. «НСК-Авторитет» - күн сайын сенімділік! (Радиожарнама)

Біріншіден, жарнама мәтінінде мағына мен қарапайым логика жоқ. Жарнама кейіпкерінің өзіне сенімділігін қожайынының «НСК-Авторитет» алуымен байланыстыру қандай принципке құрылған?

Екіншіден, жарнамадағы алғашқы сөйлемде «уау» сөзінің қолданылуы тіл тазалығының сақталмауын туындатып отыр, «уау» сөзі төл тіліміздегі одағайға жатпайды. Тіл мәдениетін зерттеген ғалым М.Балақаев: «Тіл мәдениеті дегеніміз – сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана еес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айту шеберлігі сауаттылық» ,- деп анықтама берсе, жарнама тілінің мәдениетін екі салаға бөліп қарастыруға болады: 1. Теле, радио жарнамалардағы сөйлеу мәдениеті; 2. Жарнама мәтінінде сөз қолдану мәдениеті.

Теле, радио арқылы берілген жарнамалардағы сөйлеу мәдениеті – ауызша сөйлеу мәдениетін сақтау дегенге сайып келеді, яғни сөйлеген кезде орфопия қағидаларын сақтап, мәнерлеп сөйлеумен байланысты.

Жарнама мәтінінде сөз қолдану мәдениеті дегеніміз әр сөзді орынды қолдану дегенді білдіреді. Себебі тіл мәдениетінің негізгі зерттейтін объектісі сөз, сөздің дұрыс айтылуы, дұрыс жазылуы, дұрыс қолданылуы. Ауызша сөйлеу мәдениетінің басты талабы тілдің фонетикалық заңдылығын сақтап, сөзді дұрыс дыбыстау болса, сөз тіркесіндегі сөздерді өзара үндестіріп, ритмикалық ырғағын үйлестіріп айту қазақ тілінің басты орфоэпиялық ерекшелігі екені белгілі. Орфоэпияның ең күрделі мәселесі – кітаби стильде сөйлеу дағдысы, басқаша айтқанда сөздерді өзара үйлестірмей, сірестіріп, жазылуына сәйкестендіріп айтуды болдырмау. Теле, радио жарнамаларда осы аталған орфоэпиялық заңдылықтардың сақталмауы жиі кездесіп жатады.

Сөз тіркестерін орнымен дұрыс жұмсау оның әр түрінің ішкі мағыналық, функциялық топтарын тілдік фактіге орай дәл тануға байланысты. Әр типтегі сөз тіркестері белгілі бір грамматикалық амал бойынша жасалады. Ал осы амал әр түрлі грамматикалық ортада мағынасын құбылтып жұмсалады. Тілдегі кейбір тұлғалардың сыртқы нысанының өзі ұлттық бітімді байқатып тұрады, ал кейбір жекелеген сөз, тіркес, фразаның нақты бір ұлтқа, ұлт мәдениетіне, менталитетіне тән белгі ретінде қолданысқа түскенде ғана айқындалады.

Жарнама тілінің әсерлі болмауының бірден-бір себебі тіліміздегі осы сөз саптау заңдылықтарының сақталмауында болып отыр. Сөздің жеке тұрғандағы дыбысталуы мен сөйлеу үстіндегі айтылуы әрдайым бірдей бола бермейді. Сол сияқты сөздердің жазылған түрі мен оқылуы да үнемі бірдей түсе бермейді. Сөйлеу үстінде немесе жазылғанды оқып беру процесінде сөздер бір-бірімен «тіл табысып», үндесіп, үйлесіп жатады. Сол үйлесімділік үшін сөздердің кейбіреулері бір-екі дыбысын «сындыруға», өзгертуге тіпті кейде жоғалтуға дейін барады. Мұндай үйлесімділік – қазақ тілінің ғасырлар бойы қалыптасқан табиғи заңдылықтары. Аталмыш заңдылықтардың жарнама тілінде сақталуы да міндетті. Өйткені қоғам өміріндегі өзгерістерге сай туындаған жарнама – тіл мәдениетінің бір бөлшегі.

Тіл өзіндік ерекшеліктері мен заңдылықтары тұрғысынан табиғат пен қоғамның қалыптасуына, дамуына әсер етеді. Тілдің өзіне ғана тән әлеуметтік, қоғамдық сипаты бола тұра ол жолын табиғи процестерден, табиғат пен қоғамнан тыс қарастырылмайды, қайта сол заңдылықтармен тығыз бірлікте қарастырылады. Бүгінгі жарнама тілі жаһандану жүйесімен тікелей байланыста бола тұра, бізлің қоғамдағы қазақ тілінің қалпын, ұлт мәдениеті мен өркениетінің бір қырын танытатын тілдік сала. Сонымен қоса, бұл саланың дамуы ел экономикасының бірден-бір көрсеткіші болумен қатар, ұлттың рухани мәдени байлығының айнасы.

Ұлт менталитетінің қалыптасуына, өмір сүруіне көптеген әлеуметтік құбылыстардың әсері бар. Солардың қатарына ұлттық мәдениет, дәстүр, салт-сана, бағыт-бағдарлар, құндылықтар жатады. Осы айтылған құндылықтар тек тіл арқылы жетіп, халық болмысын танытады. Ұлт менталитетінің қалыптасып, сол арқылы халық болмысының сақталуына нарықтық қоғамдағы жаңа саладағы тіл – жарнаманың әсері ерекше.

Ғасырлар тоғысындағы жаһандану – дүниежүзі халықтарына ортақ жүйе, ортақ модельге тоғыстыру үрдісі қазіргі заманда өмір сүріп отырған әр этностың ұлттық мәдениеті мен менталитетін, тіл ерекшеліктерін сақтап қалу мәселесін тудырып отыр. Осыған орай жаһандану жүйесінің жаңа тілдік қалып жарнамаға әсері айқындалып, ұлттық менталитетіміздің бұрмаланбау мәселесі қозғалуда. Сондай-ақ жарнамадағы вербалды емес құралдардың қолданылуы ұлттық мәдениет пен менталитетке тығыз байланысты.

Қазақ жарнамаларының вербалды емес құралдары ұлттық мәдениетке сай келгенде, яғни оларда ұлттық мәдениет белгілері сақталғанда ғана жоғары дәрежедегі прагматикалық функцияны атқара алады.

Тіліміздегі жарнамаларда вербалды емес құралдар арқылы ұлт менталитетінің көрінуі көрінуі төмендегілерге байланысты болып келеді:


  • шетел жарнамаларының вербалды емес құралдарының көшірмесі арқылы берілген жарнамаларда ұлттық менталитет белгілері сақталмайды;

  • қазақ тіліне аударылған жарнама сюжетінде (тележарнамаларда) еуропалық менталитетті адам қатысып, соның ішінде қазақ ұлты өкілі тек бірен-саран түпнұсқа жарнамаларда ғана кездеседі;

  • теледидар арқылы берілген жарнамаларда түпнұсқадағы ұлттық белгілері сақталады да, жарнама ұсынылған аудиторияның мәдениеті мен ұлттық менталитеті ескерілмейді.

Сюжетіндегі ұлттық менталитет белгілері назарға алынбаған жарнамаларды қоғамдық-әлеуметтік топтар әртүрлі қабылдайды және мұндай жарнамалар өзінің негізгі көздеген нысанасына жете алмайды. Жоғарыда сипатталған жарнамалар бір жағынан ұлттық мәдениеттен бөлек тұр, екінші жағынан қоғамға әлемдік мәдениеттің, өзге халықтар мәдениетінің қондырма түрінде ене бастағандығын көрсетеді. Мысалы, ит қорегі PEDIGREEді жарнамалау:

«Енді иттердің түсінде де дәм бар» деп берілген. Мәтінде батыс халқының мәдени белгісіндегі «собачьи сон» ұғымы ұлт менталитетін ескермей, көшірме түрінде берілген.

Сондай-ақ төмендегі «Алматы шай» тележарнамасына талдау жасайық:

Жас отбасында болған оқиға. Үй иесі әйел Алматы шайын сатып әкеледі де, жолдасымен және екі баласымен шай ішеді. Шайдың жоғары сапалы екенін көрсету үшін ерлі-зайыптылар балаларымен бірге қазіргі бидің түрін билейді. Бөлмеге бір қарт ер адам кіреді. Ол қабағы түнерген күйінде үн-түнсіз үстелдің үстіндегі шамды алып, өз бөлмесіне кетеді. Сол жерде жеке өзі шай ішеді де, шай ішкеннен кейін бір өзі бөлмеде билей бастайды. Ерлі-зайыптылар мен олардың балалары, яғни қарттың немерелері есіктен сығалап қарап, қарттың билеп жүргеніне қарап қуанып, әсерленеді. Осыдан кейін «Мықты компания - мықты шай» жарнама мәтіні беріледі де, тауарды жарнамалау осылай аяқталады.

Бұл жарнамада ұлттық мәдениетке сәйкес келмейтін әлемдік мәдениетке тән белгілер басым. Әсер алудан би билеу – әлемдік мәдениеттің компоненті, би билеу прагматикалық функцияны атқару үшін қолданылған вербалды емес құрал, ол тауарды жарнамалау, яғни бәсекелестікті арттыру мақсатында қолданылған. Екінші жағынан қарар болсақ, қазақ ұлттық мәдениетінде бір отбасындағы адамдар, оның үстіне үйіндегі келіні, немерелері бар қарт адам бөлек-бөлек тамақтанбайды, бөлек-бөлек шай ішпейді, қарт адам бір өзі жеке билемейді, сонымен қатар ұлттық мәдени сипатта қарт адамдар немерелерімен әрдайым бірге болады.

Жазбаша түрдегі қазақ жарнамаларының мәтіндік құрылымы мен теледидар арқылы билейтін жарнама сюжетінде шет елдік жарнамалардың көшірілуі мен батыс халықтарының менталитет белгілері байқалады, сондай-ақ ұлттық мәдениет белгілері жасанды өзгертуге ұшыраған. Бұл типтес жарнамалар тек қана ұлт менталитеті мен мәдени белгілерінен көрініс бермей қоймайды, сонымен бірге жалпы жарнаманың ықпал ету қызметінің төмендігі байқалады.

Мемлекеттік тілдегі жарнама – тіл саясаты мен ұлттық мәдениетіміздің көрінісі. Мемлекеттік тілді жарнамада қолдану – бүгінгі күн талабы. Өйткені жарнама тек тауар айналымы үшін ғана емес, тәлім-тәрбие беру қызметі үшін де қажет. Сондықтан бүгінгі таңда тілімізде жарнамажасам саласын дамыту – ел экономикасы мен халық саясатын, ұлт менталитеті мен мәдениетін өркендету. Әдебиеттер:


  1. Салтанбекова Ғ. Қазақ жарнамалары: тілдік сипаты және олардың ықпал ету қызметі. Алматы, 2001.

  2. Гельб И.Е Опыт изучения письма// Введение в языковедения. Хрестоматия. – М. Аспект Пресс, 2000.

  3. Дьяконов И.М. О письменности.//Предисл. в кн. Д.Дирингера. Алфавит. – М.

Едиториал УРСС, 2009.

  1. Истрин В.А. Развитие письма. – М. Изд-во АН СССР,1961.

  2. Қазақ тілі. Энциклопедия. –Алматы: IDK-TIPO, 1998.

  3. Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. – Алматы: Қазақ университеті, 2006.

  4. Есимов М. Ым семантикасы: универсалды және ұлттық табиғаты. Алматы, 2004.

  5. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 2010.

Әдиева Шаһризат магистрант (ХҚТУ)

Мағжан Сәуле Мағжанқызы


Ф.ғ.к.,д.м.а.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,

Түркістан, Қазақстан

ПРОСОДИКАНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ МЕН ҚАСИЕТТЕРІ

Қазіргі таңдағы фонетика саласындағы өзекті бағыттарының бірі сөйлеу мәтінінің просодиясын зерттеу болып табылады. Әрқашан зерттеу жұмысының нысаны ретінде қарастырылатын, әрдайым динамикада болатын «адам» және оның сөйлеу әрекеті мен сол әрекет жасау барысындағы жағдайды нақты және тұрақты дәлелдемелер беруі өте сирек және көптеген қиыншылықтар тудыруы да әбден мүмкін. Заман талабының өзгеруіне де байланысты алдыңғы ғасырларда әлем тірегі мен құпиясын сандар әлемінен іздесе, қазіргі кезде ғылымның көптеген салалары тіл білімі, яғни тіл мен сөйленім әлеміне назарын аударуда. Оған дәлел жаратылыстану ғылымдарының бірнеше салаларының тіл саласымен бірлесе отырып, жаңа салалардың дүниеге келуі. Қарапайым мысал ретінде робот жасау саласы, оны жан-жақты Р.К. Потапова өзінің «Речевое управление роботом» еңбегінде зерттеп көрсеткен. Аталмыш еңбекте нәтижелері сөйлеу хабарламаларын автоматты түрде тану, түсіну және синтездеуді қамтитын робототехникалық жүйелердің вербалды құрамдарымен (сөйлеу мен тыңдау) тікелей байланысты фундаментальды және қолданбалы сөзтаным саласындағы зерттеулердің зор мәні туралы баяндалады. Бұл просодия саласының зерттеу нысаны ретінде қалыптасып, үлкен қызығушылық тудыруының тағы да бір көрінісі болып табылады [1, 30].

Просодия ұғымы әртүрлі сөздіктерде тон, дауыс қаттылығы, темп, сөйлеудің жалпы тембрлік боямы секілді фонетикалық белгілердің жиынтығы немесе сөйлеуде сөйлеу сегменттерінің (буын, сөз, сөз тіркесі, синтагма, фраза, фразадан жоғары бірлік, мәтін) барлық деңгейінде жүзеге асатын және мәнді анықтау қызметі бар фонетикалық бірліктердің жүйесі деген анықтамаға ие. Осы мағынада бұл термин «интонация» ұғымына синоним ретінде қарастырылады. Интонация мен просодия да мелодия, екпін, тон, ырғақ, пауза, темп, тембр секілді компоненттері бар, сондықтан да олар бір-біріне синоним секілді қарастыруға болады. Алайда көптеген зерттеушілердің пікірінше, аталмыш екі ұғым бір-бірімен тығыз байланыста болғанымен, арасында айтарлықтай айырмашылықтар да бар. Интонация компоненттері ретінде Н.С. Трубецкой еңбегінде батыстық зерттеушілер секілді интонацияны мелодия деңгейінде, яғни төмен не жоғары көтерілуі арқылы фраза мағынасын анықтайтын құрал болса, сөз, сөз тіркесі және фраза мағынасын ажырататын просодиялық бірліктер деп бөлінеді. [2, 156].

Бұл жерде просодия және просодика деген ұғымдар ажыратылған, «просодика» тек буынға қатысты болса, «просодия» барлық сегменттік және суперсегменттік бірліктермен (буын, фраза, синтагма) байланысты. Алайда орыс және қазақ тілдерінде просодия және просодика терминдері бір мағына береді. Қазақ тілді еңбектерде просодика – «жалпы фонетикада кіші тіл бірліктерінің басын құрап, көлемді бірліктер құрастыратын лингвистикалық құбылыс» ретінде сипатталады [3, 42].

Просодикаға тембр, дыбыс ырғағы, тон сияқты амалдарды жатқызамыз. Коммуниканттардың дауыс екпінін, тонын, жиілігін, ырғағын байқау олардың ойы мен сезімдерінен хабардар болу үшін маңызды. Мәселен, 1) Ішін тарту – мәз-мейрам болып қатты куану немесе таңырқау, таңдану, шошыну; 2) Таңдайын қағу – біреудің ісін жақтыртпау, кінәлау [4, 120].

Кез келген тілдің интонациялық жүйесін анықтауда оның синтагма арқылы бір байламда тұратын, өзінің просодикалық тәсілдерінің маңызы зор. Ал, әуен, қарқын, ұзақтылық, пауза, үдемелілік, тембр – интонацияның негізгі компоненттері немесе просодикалық тәсілдер деп аталады.

Сөйлеу тілінде интонацияның аталған компоненттері бірімен-бірі тығыз байланысты болатыны сөзсіз. Бірақ олар сөйлемнің барлық түрлерінде әр уақытта бәрі бірдей орын алады және бәрі бірдей тыңдаушыға анық естіледі деп айту қиын. Себебі олар өзара түрлі қарым-қатынасқа түсіп, сөйлемнің әр алуан түрлерін түзуде, оларды бірінен-бірін ажыратуда қызмет атқарады.Интонацияның компоненттері тіл-тілдердің бәрінде қолданылатын әмбебап просодикалық тәсіл болып табылады. Бұл компоненттер негізінен тілдердің қай-қайсысында да сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай ажыратуға қатысады. Барлық тілдердегі синтагмалар арасындағы мағыналық қарым-қатынасты білдірудің әмбебап әдісі интонацияның компоненттері немесе просодикалық тәсілдер яғни әуен (негізгі тонның жиілігі), ұзақтылығы, интенсивтілік болып саналады.

Түрлі халықтардың сөйлеу тілінде интонацияның компоненттері, басқаша айтқанда просодикалық тәсілдері әр түрлі қатынасқа түседі. Ал қандай жағдайда және қайсы тілде болсада аталған просодикалық тәсілдердің қайсысы қалай қолданылуы сол тілдің интонациясының спецификасына байланысты болады.

Бұның себебі қай тілде болса да интенсивтіліктің молаюы да, негізгі тонның жиілігінің көтерілуі де адамның артикуляциялық аппаратындағы дауыс желбезегіне түсетін физиологиялық әсердің механизмімен автоматы түрде (автоматически) байланысты болуы. Сондықтан да интонацияның жоғарыда келтірілген компоненттерінің барлық тілдерде универсалды болуының себебі адамдардың сөйлеу аппаратының жалпы физиологиялық қасиеттері бірдей болуына байланысты болса керек. Алайда барлық тілдердегі синтагмалар арасындағы мағыналық қарым-қатынасты білдірудің универсалды әдісі болып интонацияның, яғни просодикалық тәсілдердің әуені, қарқыны, паузасы саналады. Мысалы, синтагманың соңғы сөзіне түсетін тонның бәсеңдеуі барлық тілдерде аяқталу, яғни тиянақтылық әуені болып табылады, ал фразаның соңындағы тонның көтерілуі аяқталмағандықты, тиянақсыздықты білдіреді деп саналады. Сол сияқты барлық тілдерде де қарқынның баяу, байсалды болуы информацияның маңыздылығынан хабар береді, ал қарқынның жылдам, тез болуы оның маңызының, мәнінің шамалы екенін білдіреді [5, 70].

Тілдердің басым көбіне бірдей интонацияның қарама-қарсылықты

(противоположность), түсіндіру-анықтауды (пояснение), санамалауды (перечисление), логикалық белгілеуді (акценттеуді), қыстырмалықты (вводность) көрсететін просодикалық тәсілдер бар екені белгілі. Оларыдң қолданылуында әр тілдің өзіне тән ерекшеліктері де болуы мүмкін.

Интонацияның эмоциялық түрлерінің әуені де тілдердің көпшілігінде біркелкі не ұқсас болатыны белгілі. Бұған мысал ретінде, жағымдылық пен жағымсыздықты, қуанышпен ренішті білдіретін интонацияның әуенін алып қарауға болады. Тілдердің барлығында деуге боларлық қуанышты, жағымды эмоцияның әуені жоғары регистрлі тонды болады да, ал ренішті, жағымсыз эмоцияның тоны төмен, ызғарлы болып келеді. Мысалы, орыс тілінің интонациясының әуеніне әсер ететін, оның спецификасын түзетін орыс тіліне тән барлық сөздерде орын алатын екпін (словесное ударение) бар екені белгілі. Орыс тілінің бұл «подвижное разноместное ударение» деп аталатын әмбеорынды жылжымалы сөз екпінінің сөздердің морфологиялық формаларын дифференциялауда ғана емес, олардың негізгі мазмұнын (семантика) ажыратудағы, анықтаудағы мәнін айтуға болады.Просодикалық тәсілдер арқылы кез келген сөйлеу үрдісінде, шығарма тілінде, мәтінде, тіл дыбыстарында стилистикалық бояу анықбайқалады[6, 11].

Суперсегменттік просодикалық тәсілдер, яғни интонация компоненттері, сегменттік бөлшектерден, яғни дыбыстардан бұрын пайда болған сияқты. Сөйлеу тілінен бұрын просодикалық тәсілдер тілсіз деп есептелетін дамуы жоғары саналатын үйірлі хайуанаттардың өзара қарым-қатынасында пайдаланылған.

Просодикалық тәсілдер адам көңіл-күйін, яғни эмоциясын білдіреді. Просодикаға күлу, жылау, ыржию, күрсіну, дірілдей сөйлеу сынды элементтерді жатқызамыз. Мысалы, Жігіт дірілдеген үнмен:



  • Ендігері айтпа мұндай сөзді, – деді (С. Мұратбеков).

  • ...Биылша ұл ғана барсын деп едім, әнеу күні өзің сені де жібе-реміз деп қызды дажеліктіріп кетіпсің, – деген әйелі кейіс үнмен (С. Мұратбеков).

  • Біз бір атадан он бес ағайынды едік, – деді бас жоқ, аяқ жоқ. Содан іркіліссізсөйлеп келеді. Дауысы жасып, аянышты шықты. – Не керек, тоз-тоз болдық қой (С. Мұратбеков).

  • Мен сенімен қас емеспін, – деді келіншек жабырқау үнмен. Енді бірдеңе десе жылап жіберетін түрі бар (С. Мұртабеков).

  • Ұзақжан-ау, қайда жүрсің, қарағым, уақытымен тамағыңды ішпей, – деді апасыдағдылы үнмен мүсіркеп (С. Мұратбеков). [7, 232]

Адам эмоциясын жеткізетін просодикалық амалдардың ішіндегі универсалды амалдар қатарына жататын тағы бір түрі – күлу. Қ. Жұбанов бұл жайлы: «Жылау мен күлуді сол тілмен сөйлейтіндер болмай-ақ, кім болса сол түсінуге болады. Жылап отырған не күліп отырған қазақ болса, мұны көріп, естіп тұрған, өзі қазақша білмейтін орыс, неміс, қытай әлгі қазақтың жылап отырғанын не күліп отырғанын біле алады. Олай болса, жылау мен күлу – адам болған жердің бәрінде де түсінікті», - дейді [8, 150].

Қарым-қатынас барысында күлкі, жымиыс маңызды рөл атқарып отырады. Себебі адамның көңіл-күйіне қарай маңызды әңгіме өрбуі мүмкін. Мысалға назар аударатын болсақ:

Т. Сәкен аға / Ақботаның әні / Эльмира ханымның орындауында / қалай шықты?

С. Әрине / бұл ән Ақботаның орындауында жетер жеріне жетіп / жастардың жүрегінен орын алып қойған ән / десек те е-е / Елмұраның бұған дейінгі ы-ы / ән қоржынындағы осы бағдарламадағы енген ән қоржынына қарағанда / бұл әннің орындалуы маған ерекше ұнады // (бес саусағын тізесіне алақанымен тигізіп отырды) Өйткені бұл ән ол кісінің табиғатына жақындау ән.

Т. (жымия) Сіздің айтайын дегеніңіз / Ауырмайды жүректен гөрі мынау (екі қолын кеудесінен жоғары көтере сермей, басын изеп, жымыиды) жақсы дейсіз ғой

С. Иә / (күледі, басын изейді) бұл ән / өте жарасып тұр / менің пікірімше.

М. (күледі)

С. Ы-ы ішкі пульс дейміз / ритмикаға сәл жетіңкіремей тұр / өйткені ы-ы / Елмұраның м-м / ритмикасына қарап <...>

Б. Эльмираның айтқанына қарап / бұл ән / м-м шыбынды зеңбірікпен айтқандай көрінді маған.

- Т. (күлді) [«Кеш жарық» думанды жоба.Тікелей эфир 24.02.2012 жыл].



Әдебиеттер:

  1. Лингвистическая полифония. Сборник в честь юбилея профессора Р.К. Потаповой. –М.: Языки славянских культур, 2007. – С.30.

  2. Людмила Н.Б. Полифункциональность речевой просодии // Вестник ТГУ. – 2010. - № 10 (90), - С. 156-160.

  3. Ибраймов Қ.Ш. Қазіргі қазақ тілтанымдағы тіл, тілдесім, тілдесімдік қызметұғымдарының қалыптасуы. // Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы. Ғылыми-педагогикалық журнал. – 2012. -№11. – Б. 42-45.

  4. Гулевич, О.А. Психология коммуникации Учебное пособие / О.А. Гулевич.- Москва:

Московский психолого-социальный институт, 2008.- 384с.

5Базарбаева З.М. Қазіргі қазақ тілі интонациясының негіздері. Алматы, 2002. – 70 б.



  1. Аманбаева А.Ж. Интонациялық бірліктердің прагмалингвистикалық сипаты:

филол.ғыл. канд. ғыл. Дәрежесін алу үшін даярланған дисс. автореф. Алматы, 2006. 11б.

  1. Иманалиева. Ғ.Қ. Қазақ тіліндегі эмоционалдықұрылымдар. Алматы.2011. – Б. 254

  2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999. – 581 б

Абдулханова Мадина Әбдібайқызы


Аға оқытушы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан

ТӘЖІК ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ СӨЙЛЕНІСІНДЕГІ

ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАРҒА ТӘН ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Тәжікстан қазақтарының тілін фонетикалық тұрғыдан сөз еткенде,онда қазақ әдеби тіліндегі дыбыстық нормадан үлкен ауытқушылықтардың жоқ екенін айтуымыз керек. Дегенмен, бұл аталған өлкенің тұрғындары тілінде фонетикалық ерекшеліктер тіптен кездеспейді деген сөз емес. Республиканың өзге жеріндегі жергілікті халық тілінде кездесетін айырымашылықтар бұл жерде де бар. Мұндай дыбыстық өзгешеліктердің ең бастысы деп дыбыс алмасуларын айтуға болады. Дыбыс алмасуларына байланысты ерекшеліктерді шартты түрде екі жікке бөліп көрсетіп отырамыз. Олар - дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың алмасуы.

Дыбыс алмасуы деген ұғым тек бір ғана қазақ тілінің жергілікті сөйлестеріне тән құбылыс емес екені баршаға аян. Сөйленістерде байқалып жүрген дыбыс алмасуының түп төркіні бүкіл түркі тілдерінің фонетикалық жүйесімен байланысты әрі тамырын кең жайған құбылыс. Өйткені тіліміздегі қай дыбыс алмасуын алсақ та, түркі тектес тілдердің арасындағы дыбыстық алмасулардан айырмашылығы жоқ десек те болады. Бірақ фонетикалық ерекшеліктер мол болғанымен, сөйленістің дыбыстық құрамы әдеби тіліміздің дыбыстық құрамынан өзгеше емес, сөйленістегі дыбыс саны және олардың жасалу жолдары (артикуляциясы) әдеби тіліміздегі дыбыстармен үйлесіп,бірігіп жатады. Әдеби тілде жіңішке айтылатын кейбір сөздердің сөйленісте жуан айтылуы, ал жуан айтылатын кейбір сөздердің жіңішке айтылуы,үнді, ұяң және дауысты дыбыстар аралығында келген кейбір қатаң дауыссыздардың ұяндамауы тәрізді құбылыстардың фонетикалық сипаттағы ерекшеліктері түрінде қараймыз. Сол сияқты дауысты,дауыссыз дыбыстардың белгілі бір сөздерде түсірілуі (афарезис, синкопа), кейбір дыбыстардың қосылуы,орын алмасуы (эпентеза, метатеза) арқылы да көрінеді. Бұл сияқты дыбыстық алмасулар кез келген сөзде кездесетін құбылыс деп қарамай, белгілі бір топтағы ғана дыбыстық алмасулар кез келген сөзде кездесетін құбылыс деп қарамай, белгілі топтағы ғана дыбыстық алмасулар деп қарау керек. С мен ш бір қатар түрлі тілдерін екі салаға бөлетін құбылыс болса, д мен л осы тәрізді. Ал енді қазақ тілінің сөйленістерінде де дәл осы дыбыстардың алмасуы,әрине,кездейсоқтың белгісі емес, мұның өзі бұл құбылыстың ізінің түркі тілдері арасындағы дыбыстық заңдылықтарда жатқанын көрсетеді. Осы себептен дыбыстық алмасулар туралы сөз еткенде, осы жайларды ескере отырған жөн. Бұл барлық жағдайда бірдей жүйелі түрде кездесе бермейді. Жоғарыда айтып өткендей, дыбыс алмасуындағы кездесетін құбылыстарды дауысты және дауыссыз дыбыстарға байланысты фонетикалық құбылыстар деп екіге бөлінеді. Сөйтіп, сөйленістегі фонетикалық ерекшеліктер басқа сөйленістердегі сол тектес ерекшеліктермен слаыстырылып отырылады.

Сонымен, Тәжікстан қазақтары сөйленісінің фонетикалық жүйесінде кездесетін диалектілік ерекшеліктері төмендегідей:



  1. Дауысты дыбыстардың алмасуы;

  2. Дауыссыз дыбыстарға алмасуы; 3. Дауыссыз дыбыстардың түсіп қалуы.

1. Дауысты дыбыстардың алмасуы. Тәжікстан қазақтары тіліндегі дауысты дыбысқа байланысты ерекшеліктер жуан,жіңішке дауыстылардың алмасуымен,езулік пен еріндік және қысаң дауыстылардың бір-бірімен адмасуы және кейбір дакыстылардың жұмсалуында сингармонияның сақталмауы арқылы сипатталады.

Сөйленістегі дауысты дыбыстардың алмасу түрлерінде қазақ тілінің басқа сөйленістермен ортақтық, ұқсастық жақтарын ескере отырып, тәжік қазақтары тіліндегі дауысты дыбыстардың алмасу түрлерін басқа сөйленістердің дерегімен салыстырып беруді жөн көрдік.



а/ә дауыстыларының алмасуы. Қазақ тілі сөйленістерінде жуан а дауысты дыбысының орнына бірінің орнына жіңішке ә дыбысының, сондай-ақ а, ә орнына е дауыстысының бірінің орнына бірінің қолданылуы жергілікті сөйлеу тілінде кең жайылған құбылыс болып саналады. Мұндай дыбыстық алмасулардың жиі байқалатын жері – Қазақстанның оңтүстік өңірі мен оған көршілес тұратын Тәжікстан, Өзбекстан, Қарақалпақстанды қоныстанған қазақ диаспорасының сөйлеу тілі. Енді осы тілдердегі сөздерде кездесетін дауысты дыбыстардың алмасуына назар аударайық.

Кесте –а/ә дауысты дыбыстардың алмасуы.



Бұл кесте арқылы берілген мысалдардан бірінші бағанаға енген сөздердегі жіңішке ә дауыстысының орнына Қазақстанның Орта Азиядан шалғай жерінің бәрінде дерлік жуан а дауысты дыбысының айтылатыны көрініп тұр.

Беріліп отырған кестенің құрамындағы ә дауыстысына тән осы тілдердің дерегімен сәйкес келетіндерінің көбі кірме сөздер. Мәселен, тізімдегі әжел, әтіреп, әсіл, әпте, мәусім, тәрәп тәрізді сөздердің бәрі араб-парсы тілдерінен енген.

Біраз ғалымдардың тұжырымдауына қарағанда дыбысының шығу төркіні күншығыс (араб-иран) тілдеріне барып тіркеледі [1, 235-б]. Осы күнгі лексикамыздың құрамында ә дыбысы қатысатын көп сөздердің сол тілдерге тән екені де сондықтан. Ә дыбысы тілімізге әбден сіңіп алған соң, қазақ тілінің төл сөздерінің құрамында да қолданыла бастайды. Бірақ бұл дыбыс төл сөздермен қатар, кірме сөздердің де екінші буынынан әрі өткен емес.

Өзбектермен аралас отырған Тәжікстан және Ташкент айналасындағы қазақтар тілінде өзбек тілінің әсерімен бұл дыбысты түшпәрә, мүкәмбәре(ысырапшылық), мүбәрәк (құтты), мәмләкәт сөздерінің соңғы буындарында айтуға дағдыланған.

Зерттеліп отырған өңірдегі қазақтар тілінен мысал келтірейік:



Пәре – пара (өзбекше - пора/ паре). Басыңа іс түссе пәре бер, пәре бермесең, жүре бер. Пәте- бата(өзбекше- фотиха, араб тілінде- фотиһе). Құр аяққа пәте жүрмес(Мақал). Әтіреп- атырап (өзб.- атраф; тараф деген сөздің көпшесі). Әулінің (ауланың) әтіребі таза болса, адамның көңілі ашылады. Әбіржу- абыржу. Қауырт болып әбіржіп кеттік.

Әзгәнә- азғана, азғантай(өзбекше-озгина/әзгіне). Әзгәне болса, саз гәнә болсын. Әбиүр// әбүйер- абырой (өзбекше – обрў, тәжікше - обру). Күннен күнге оның әбүйірі көтерілді.

Құрамында ә қолданылатын сөздердің сөйленістеріміздегі көлемі келтірілген мысалдармен ғана шектелмейтінін ескерген жөн. Қазақ сөйленістеріндегі ә-мен айтылатын сөздердің саны,тараған аймағы әлдеқайда мол. Олардың бәрін бірдей өзге тіл ықпалында қарауға болмайды. Мысалы, оңтүстік өңірден тыс қазақтар тілінен жиналған жән (жан), мәусім (маусым), әбіржі (абыржы), жәутеңде (жаутаңда), тәутеке(таутеке), тәйтері(тайтері), әлөкпе(алаөкпе) тәрізді т.б. сөздерді өзге тіл ықпалында алып қарауға сыя бермейді.

Зерттеліп отырған өңірдегі тұрғындар тілінде біраз сөздерде а мен ә дауыстыларының керісінше алмасып, жіңішке ә орнына жуан а айтылатын жәйттері де бар. Мұндай сөздердің таралу шегі шіңішке айтылатын сөздердің таралу шегімен бірдей келіп отырмайды. Дегенмен бұл құбылыс та ортаазиялық аймаққа тән болғандықтан, осы өңірдің деректерімен салыстырып беруді жөн көрдік.

Кесте 2–а/ә дауысты дыбыстардың алмасуы.



Шығу төркіні жағынан алсақ, бұл сөздердің біздің тілде де және салыстырып отырған тілдер де өзге тілден ауысқан сөздер екені байқалады. Олардың дені араб-парсы кірмелері.



ә/а дауыстыларының алмасуы. Әдеби тілдегі жіңішке дауысты ә дыбысының

орнына зеріттеліп отырған сөйлеу тілінде быраз сөздерде а дыбысы қолданылады:



Адат - әдет. Мысалы, Біздің адатымыз біраз өзгешелеу. Адайы - әдейі. Мысалы, Домбырашыны адайы шақырттық. Айтауыр - әйтеуір. Мысалы, Айтауыр қолынан келген жардамын аямады. Акім - әкім. Мысалы, Жолаушы жүріп кеткен акім де келіп улгерді. Акем - әкем. Азыл - әзіл.Мысалы, Онымен алысуға алым жетпейді. Бары - бәрі. Дары -дәрі. Даліз - дәліз. Сал - пал—сәл - пәл. Мысалы, Сал-пал ілгері жылжып отырыңыз. Тажік -тәжік, Мысалы, Тажік тілінде оқыған. Тарбиа - тәрбие. Бұлар тәрбиа көрген балалар.

Тәжік қазақтары тілінен жоғарыда келтірілген сөздерде жіңішке ә орнына жуан аның қолданылуы негізінен араб-иран тілдерінен енген сөздерде кездеседі. Олар: адат(әдет), аял(әйел), аке(әке), алам(әлем), аулие(әулие), бикар(бекер), гүнаһар(күнәхар), қада(кәде), салде(сәлде) және басқа кісі аттарына байланысты сөздер [2, 12 б].

Қазақ тілінің басқа сөйленістерінде бұл құбылыс едәуір сөздерді қамтиды. Мәселен, бұл дыбыстық алмасу Семей облысының Көкпекті, Ақсуат аудандарында жардам(жәрдем), аял(әйел), тарбиа(тәрбие) [3, 76 б], Қарақалпақстанның оңтүстігінде аура (әуре), маз(мәз), ары(әрі) [4, 76 б.] тәрізді сөздер құрамында қолданылады.

е/ә дауыстыларының алмасуы. Тәжік қазақтары тіліндегі көзге көрінерлік елеулі құбылыстың бірі-езулік е-ә дауыстыларының алмасуы. Сан жағынан бұл ерекшелік біраз сөздерді қамтиды. Мысалы: кәм-кем. Біраз адамдардың саны кәм. Кәсал- кесел.

Арасында кәсәлге шалдыққандар да бар. Ләген - леген, кәсә - кесе, кәлте - келте. Кетменнің сабы кәлте. Мәктәп - мектеп (өзб. -мактаб), әсәл-әсел (бал), дәреу-дереу, кәу кәулеп- кеу-кеулеп, мәмләкәт - мемлекет(өзб.-мамлакат), кәрәмәт - керемет, кәптәр кептер, кәсал -кесел т.б.

Қазақ тілінің дыбыс жүйесіне келсек, түркі тілдерінің іщінде ә дыбысын ең сирек қолданатын тілдердің бірі біздің тіліміз екені мәлім. Қазақ тілінде өзге түркі тілдерінде ә қолданылатын жерде үнемі е дыбысы қолданылады. Ұйғыр,әзірбайжан,башқұрт,татар тілдерінде ә дыбысы өте жүйелі қолданылатын дыбыстардың бірі. Тарихи тұрғыдан алғанда, ә—ескідегі жазбалардан бастап, қазіргі көп түркі тілдерінде жие қолданылатын дауыстылардың бірі. Бірақ қазақ тіліндегі ә-нің қолданылу жәйі басқаша. Қазақ тілінде ә көп кездесетін сөздер-кірме сөздер. Анығын айтсақ, араб,парсы сөздері. Дегенмен тілімізде кірме сөздерден тыс та ә-нің қолданылатын жері жоқ емес. Мәселен, шәш, жәй(сөйле), жәйә. Бұдан өзге жағдайда басқа түркі тілдеріндегі ә келетін жерде қазақ тілінде е қолданылады. Айталық, татар тілінде килә, курә болып айтылатын етістік формаларының қазақ тілінде келе, көре болып айтылатынын білеміз.

Езулік е-ә дыбыстарының алмасуы Қазақстанның бардық жерлерінде кездеседі. Кейде бес-алты сөз көлемінде, ал енді бір жерде бұл дыбыстар өте мол сөздерді қамтиды.

Диалектолог Ж.Болатовтың зерттеуінше, мұндай фонетикалық құбылыс Семей, Шығыс Қазақстан, Ресейдің Таулы Алтай өлкесіндегі тұрғындар тілінен де кездестіруге болады [3]. Ал еліміздің кейбір аудандарында бұл дауыстылардың алмасуы аз көлемде кездесіп отырады. Мәселен, қазақ тілінің Шу сөйленісінде кәрәмәт(керемет), діңкә(діңке), шәк(шек), мәкән(мекен) тәрізді сөздердің құрамында е-ә дыбыстарының алмасуы кездеседі[5, 30-б.].

Алайда Тәжікстан, Қарақалпақстан, Ауған-Иран қазақтары тіліндегі е-ә дауыстыларды қамтитын сөздерінің саны әлдеқайда басым. Ауған-Иран қазақтары тіліндегі әгәр(егер), бәкәр(бекер), бәрәкәт(берекет), дәрт(дерт), зәргәр(зергер), мәкән(мекен), уәдә(уәде) т.б. сөздердің құрамында е-ә дыбыстары алмасады. Осы пікірді зерттеп еңбек жасаған ғалым Б.Өтебеков е-ә дыбыстарының алмасуы көп сөздерді қамтитынын айта отыра, бұл құбылыстың болуы тікелей өзбек тілінің әсері деп қарайды [2, 13-б.]. Қарақалпақ тілін зерттеуші Б.Бекетов е-ә дыбыстарының алмасуын Өарақалпақстанның оңтүстік аудандарында тұратын қазақтар тіліндегі басты ерекшеліктердің бірі деп санайды. Олай дейтін себебі, оның сөйленістегі өрісінің кеңдігі соншалық ол құбылыс сөздердің бірінші, екінші, үшінші буындарында да, тіпті сөздерге жалғанатын қосымшалар құрамында да жиі кездеседі. Мысалы, ләгән(леген), нәсибі(несібе), дәрәу(дереу), кәмпір(кемпір), дүкән(дүкен), көрмәдік(көрмедік),мәмләкәт(мемлекет), кәрәмәт(керемет), кәсә(кесе), нәтижә(нәтиже) т.б. [4, 17-б.].

е/а дауыстыларының алмасуы. Зерттеліп отырған өңірдегі тұрғындар тілінде жиірек кездесетін ерекшеліктің бірі – езулік е-нің ашық а-дауысты дыбысымен алмасуы. Сан жағынан олар жиырмаға жуық сөзді қамтиды. Сөйленістегі е дыбысының тіл арты а дыбысына алмасуы көбінесе екінші, үшінші буындарда кездеседі. Олар: керак-керек; пешана-пешене,маңдай; парзант-перзент; ертаң-ертең; жей берады-жей береді; камдакам-кемде-кем; кетады-кетеді; бірга-бірге; дүниа-дүние; тарбиа-тәрбие; түсінамынтүсінемін; мачыт-мешіт; ажел-ажал; агер-егер.

Осы сөздермен қатар мыны төмендегі кісі аттарындағы соңғы а дауысты дыбысының орнына жіңішке езулік е дыбысы қолданылады. Олар: Әлиме-Әлима, СәлимеСәлима, Кәмиле-Кәмила, Хадише-Хадиша. Бұл құбылыс Қазақстан территориясында Семей облысының Көкпекті, Ақсуат аудандарында керемат(керемет) [3, 77-б.], Шу өңірінде бекарға(бекерге), дәража(дәреже), абдан(әбден), әура(әуре), мекан(мекен) [4, 17б.] тәрізді бірін-бірі қайталамайтын сөздердің құрамында кездеседі. Бұл құбылыс аралас отырған өзбек, тәжік халықтары тілінің әсерінен туған ерекшелік. Демек, тәжік қазақтары тіліндегі бұл құбылыс сол жерді мекен етіп отырған өзбек, тәжік халықтарымен жиі қарым-қатынас жасауынан туған тілдік ерекшелік екендіктері айқын байқалады. Пайдаланылған әдебиеттер



  1. І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы,1995.

  2. Б. Өтебеков. Қазақ диаспорасының тілі. – Алматы:Білім, 2000.- 181 б.

  3. Ж.Болатов. Семей облысының Көкпекті, Ақсуат аудандарында тұратын қазақтардың тіліндегі кейбір диалектілік ерекшеліктер туралы// ҚТТ мен ДМ. 3-шығуы. – Алматы,1960

  4. Б.Бекетов Қарақалпақ қазақтарының тілі (Қарақалпақстан Республикасының оңтүстік аудандарындағы қазақ тілі говоры).- Алматы: Рауан,1992.-128 б.

  5. О.Нақысбеков. Қазақ тілінің ауыспалы говоры (Шу бойындағы қазақтар тілінен жиналған материалдар бойынша). Алматы, 1972. 176 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет