Әдістемелік нұсқау хат: 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты



бет1/4
Дата08.11.2023
өлшемі52,7 Kb.
#190124
  1   2   3   4
Байланысты:
КТЖ 8-сынып әдебиет 3сағ docx




Түсінік хат
Стандарт: Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрлігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Үлгілік оқу жоспары: Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарлары арқылы (өзгерістер мен толықтырулар өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрықпен бекітілген) жүзеге асырылады.
Типтік оқу бағдарламасы:
ҚР БҒМ 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (өзгерістер мен толықтырулар ҚР БҒМ 2019 жы 26 шілдедегі №334 бұйрығымен бекітілген) бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ әдебиеті» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.
Әдістемелік нұсқау хат: 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты.
Негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарын (төмендетілген оқу жүктемесімен) таңдаған білім беру ұйымдарындағы оқу процесі «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 8-9-сыныптарына және жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) негізінде жүзеге асырылады.
«Қазақ әдебиетіні» пәнін оқыту мақсаты – оқушылардың бойында гуманистік, адамгершілік-эстетикалық, ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу; ұлттық әдеби туындылармен қатар әлем әдебиеті туындыларымен таныстыру; көркем шығарманы тануда қажетті біліммен қаруландыра отырып, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде көркемдік тұтастық пен көркемдік бейнені талдау, жинақтай білу, шығарма идеясын, жазушы ұстанымын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
8-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 108 сағат.
«Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасы үш негізгі дағдыны басшылыққа алады:
-түсіну және жауап беру;
-анализ және интерпретация;
-бағалау және салыстыру.
«Түсіну және жауап беру» бөлімі аясындағы бөлімшелер білім алушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:
- көркем шығарманың мазмұны мен пішінін анықтау және талдау;
- әдеби шығарманың тұжырымдамасын айқындай білу;
- көркем шығармадағы образды ашу және сипаттау;
- шығарма үзінділерімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
«Анализ және интерпретация» бойынша:
- әдеби шығарманың композициясын, композициялық амал-тәсілдерді талдау;
- шығармадағы автор бейнесін анықтау, оның рөлін талдау;
- көркем шығарманың тілін, көркемдегіш құралдардың қолданысын талдау;
- көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, шығармашылық жұмыс жазу.
«Бағалау және салыстыру» бойынша:
- шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға беру;
- әдеби шығармаларды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;
- шығарманың құндылығын талдап, әдеби эссе жазу;
- әдеби шығармаларды талдап, салыстыра отырып, сыни шолу және сыни мақала жазу дағдыларын дамыту.
1 )Түсіну және жауап беру
2) Анализ және интерпретация
3) Бағалау және салыстыру




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет