Әдістемелік нұсқау н 2-1-31-2021


ЗЕРТТЕЛЕТІН МӘСЕЛЕНІ ШЕШУГЕ АРНАЛҒАН КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР



бет5/12
Дата02.11.2022
өлшемі362,04 Kb.
#156184
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ТРП курс.жум каз 2021
КЛИНИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР сұрақ, БЖБ№3 Қаз тарихы 7 сынып, 3-сынып ста д кені, СРО, ет өндіру кәсіпорны
2 ЗЕРТТЕЛЕТІН МӘСЕЛЕНІ ШЕШУГЕ АРНАЛҒАН КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР

2.1 Мәселе туралы мәлімдеме

2.2 Зерттелетін мәселені шешу алгоритмі

2.3 ДК-де есептеулер жүргізу, нәтижелерді түсіндіру және ұсыныстар әзірлеу

5.13 Курстық жұмыстың беттері және қосымшасы, курстық жұмысының құрамына кіретін барлық беттерінде нөмірлері болуы қажет.


5.14 Иллюстрациялар (графиктер, диаграммалар, сұлбалар) курстық жұмыстың бірінші аталған немесе келесі беттегі тікелей мәтіннен кейін орналастырылады. Иллюстрациялар «Сурет» сөзімен белгіленеді және бөлім шеңберінде араб цифрларымен белгіленеді. Олар компьютерде орындалған және түрлі-түсті болуы мүмкін. Барлық иллюстрацияларға курстық жұмысында сілтеме болуы қажет. Барлық суреттер астында тиісті атауы болу керек.
Мысалы:
Сурет 1.2. Бірінші бөлімнің екінші суреті. (жолдың ортасында)
5.15 Иллюстрацияға сілтеме жасау барысында нөмірлеуде «2 суретке сәйкес» деп жазу қажет, басынан аяғына дейін ал бөлім бойынша нөмірлеуде «1.2 суретіне сәйкес» болуы тиіс.
5.16 Кестелер көрнекілік ретінде және көрсеткіштерді салыстыру мақсатында қолданылады. Кестелердің атаулары оның мазмұнын ашу керек. Дәл, қысқаша болуы тиіс. Кестелердің атауын кестеден жоғары, жолдың енінен абзацтан кейінгі «кесте 1» сөзінен соң келесі жолға орналастыру керек. Кестені өзі ескертілген мәтіннен кейін орналастыру қарастырылады. Барлық кестелерге сілтемелер болуы тиіс. Сілтеме қоюда «кесте» деп нөмірлері көрсетіліп жазылуы қажет.
5.17 Көп жол мөлшердегі кестені келесі параққа (бетке) көшіруге болады. Кесте бөлігін келесі параққа (бетке) көшіру барысында «Кесте» сөзі және нөмірі бір рет кестенің бірінші бөлігінің сол жағына, ал келесі бөлігінде «Жалғасы» сөзі жазылады, және кесте нөмірі көрсетіледі, мысалы: «1 кестенің жалғасы». Кестелерді келесі параққа (бетке) көшіру барысында тақырыбы тек қана бірінші бөлігінің үстіне орналастырады. Көп мөлшерлі графалы кесте қосымшаға енгізіледі.
5.18 Кестелердің сол жағынан, оң және төменгі жағынан сызықпен шектелуі тиіс. Кесте шрифт мөлшерін, мәтіндегіден кем алуға рұқсат беріледі.
5.19 Формулалар және теңдеулер мәтіннен басқа жеке жолға бөліп көрсетіледі. Әрбір формуланың жоғары және төменгі жағынан бос, бір жолдан кем емес орын қалдыру қажет. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдеу теңдік таңбаларынан кейін (=) немесе математикалық белгілерден кейін көшірілуі тиіс және келесі жолдардың басында таңба тағы қайталанады. Символдар мен сандық коэффиценттердің мағыналарын түсіндіру формулаға сәйкес келтіріліп, формулада берілген бірізділікпен жүргізілу керек. Курстық жұмысындағы формулаларды реттік нөмірлермен нөмірлеу барлық жұмыс шегінде дөңес жақшаға алынып, арап сандарымен оң жақ шетте бір жолда қарастырылады.
5.20 Мәтіндегі формулалардың реттік нөміріне сілтеме жақшаға алынып жасалады. Бөлімше шегінде (ішіндегі) формулаларды нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда формула нөмірлері нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірлері мен формулалардың реттік нөмірінен тұрады, мысалы (3.1). Пайдаланған дерек көздеріне сілтемелер квадратты (шаршылы) жақшаға алынады. Дерек көздері туралы мәлімет курстық жұмысының мәтініндегі дерек көздерінің сілтемелерінің жасалу реті бойынша орналасу керек және абзацтан кейін араб сандарымен нүктесіз нөмірленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет