Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы


-тақырып: Мекенжай (Біздің үй. Менің бөлмем)



бет8/48
Дата07.02.2022
өлшемі357,5 Kb.
#87953
түріНұсқаулар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48
2.4-тақырып: Мекенжай (Біздің үй. Менің бөлмем).Сөздік минимум: Біздің үй, менің бөлмем, 1-2-3 бөлмелі, үлкен, екі, үш, бес қабатты, жеке меншік, қазыналы үй, кең, қонақ бөлмесі, ұйықтайтын бөлме, ас бөлмесі, жиһаз, сәнді, қолайлы, жуынатын бөлме.Сөйлесім үлгілері: Сіз қай көшеде тұрасыз?Мен С. Торайғыров көшесінде, 25-үйде, 9-пәтерде тұрамын. Ал сіз ше?Менің мекенжайым: Естай көшесі, 125-үй, 27-пәтер.
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз [1, 134б.] Біздің үйіміз
Біздің үй Алматы каласында, Абай данғылында. Нөмірі алтыншы, тоғыз қабатты уй — біздің үй. Ол жеке меншік үй емес, қазыналық үй. Біздің пәтеріміз төртінші қабатта. Пәтеріміздің үш бөлмесі бар.Kipe берісте кең, үлкен деліз бар. Бipiнші және ең үлкен бөлме — төргі (қонақ) бөлме. Tөpгі бөлменің үлкен 6ip терезесі бар. Терезеде әдемі перде ілулі тұр. Tөpгі бөлменің оң жағында екі кресло, бұрышта теледидар тұр. Қабырғада кілем ілулі тұр. Tөpгі бөлменің сол жағында диван және жорнал үстелі тұр. Қабырға жиһазы да осында. Қабырға жиһазында кітаптар және қымбат ыдыс-аяқтар тұр. Қабырға жиһазының үстінде үстел сағаты тұр. Tөpгі бөлменің едені - паркет. Паркеттің үстінде әдемі кілем жатыр. Ортада үлкен дөңгелек үстел, сегіз орындық тұр.Екінші бөлме - әке-шешемдікі. Ол жататын бөлме. Мұнда екі кереует, тумба, үлкен үш eciктi шифоньер және үлкен айна (трю­мо) тұр.Үшінші бөлме — менікі. Бөлмемде eкi кереует, гарде­роб, жазу устелі, бip орындық бар. Үстелде калькулятор, өшіргіш, калам, қарындаштар, кітап және дәптерлер жатыр. Компьютер, кітап cөpeci де осында. Онда оқулықтар, көркем әдебиеттер тұр.Ас үйде ас үй жиһазы бар. Онда ыдыс-аяқтар тұр. Тоңазытқыш, мұздатқыш та осында.Жуынатын бөлмесі, әжетханасы бөлек. Бөлмелер оңаша, өте колайлы. Телефонымыз да бар.Ағамның үйi - жеке меншік үй. Yйi — eкi қабатты, сегіз бөлмелі. Аулалары кең. Гаражы, моншасы, алма бағы да бар. Жазда өте қолайлы.
Сөздік: даңғыл — проспект,жеке меншік — частны, қазыналық - государственный
пәтер — квартир, kipe берісте — у входа, дәліз — прихожая, төргі (қонақ) бөлме - гостиная, оң жағында — справа, сол жағында – слева, қабырға жиһазы — стенка, қымбат — дорогой,ыдыс-аяқ — посуда, үстінде - на, наверху, дөңгелек – круглый


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет