Әдістемелік нұсқаулық Астана



бет1/11
Дата31.08.2023
өлшемі186,5 Kb.
#180033
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
konsultatsiyaly-punktti-yzmetin-jymdastyru
МДҰ ҮЗДІК ПЕДАГОГІ ЕРЕЖЕ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТІҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
___________________________________


Әдістемелік нұсқаулық

Астана
2013
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ


АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТІҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


___________________________________


Әдістемелік нұсқаулық

Астана
2013
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында әзірленген


Пікір жазғандар:
А. Ж. Салиева, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
А. И. Омарбекова, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
С. Камелова, Астана қ. №38 «Шаттық» балабақшасының меңгерушісі


Ата-аналарға арналған консультациялық пункттің қызметін ұйымдастыруға қойылатын талаптар: әдістемелік нұсқаулық, – Астана, 2013. – 20 б.
Бұл нұсқаулық мектепке дейінгі ұйым базасында ата-аналар үшін консультациялық пунктті ұйымдастыру бойынша негізгі мәселелерді анықтайды.
Сондай-ақ, нұсқаулықта міндеттер, ұйымдастыру формалары көрсетілген, консультациялық пункттің қызметін анықтайтын нормативті-құқықтық құжаттар, консультациялық пункт туралы үлгі ереже, бір жылға жұмыс жоспары ұсынылған.
Нұсқаулық ата-аналарға арналған консультациялық пункт ұйымдастырылған мектепке дейінгі ұйым жетекшілеріне, аға тәрбиешілерге, педагогтарға арналған.
«Мектепке дейінгі балалық шақ»
республикалық орталығы, 2013


КІРІСПЕ

Адам өмірінде жанұя институтының рөлі ертеден бері зерттеу пәні болып келеді. Жанұяның бірегейлігі - ең басты функциясын орындау үшін, яғни баланың өмірге келуі мен тәрбиесіне қажетті бар мүмкіндіктерімен байланысты.


Жанұяда ғана баланың жеке тұлғасы қалыптасады. Оған әсер ететін басқа қоғам, әлеуметтік институттарды жанұялық тәрбие үйлестіреді. Жанұяда ғана алғаш рет бала алдында таңғажайып әлемнің есігі ашылады. Осы әлемді баланың жағымды, жағымсыз, қызықты, қатігез, т.б. қабылдауы да жанұяға тікелей қатысты.
Жанұяда үлкен тәрбиелік потенциал орнаған. Оны толық қолдана білу баланың толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуы, дамуы мен гармониялық өсуіне жағдайлар жасау болып табылады.
Қазіргі таңда жанұядағы тәрбиелік потенциал өз шамасында тиімді орындалмайды. Себебі, ата-аналарда тәрбиелеу бағдарламасы жетіспейді, олардың педагогикалық білімі аз, баланың жас және психикалық ерекшелігі мен қажеттілігі туралы нақты ұғымдары жоқ, өздерінің тәрбиелеу әдістерін сараптай алмайды. Мұның салдары тәрбиелеу нәтижесінің төмендеуіне әкеледі. Ата-аналардың бала тәрбиесіне бұрыс қарым-қатынасы баланың жеке тұлғалық қалыптасуына кері әсер етіп, әлеуметтік бейімделуінің бұзылуына, жүйкелік ауытқулардың пайда болуына жол береді.
Ата-аналарда кездесетін бұл қателіктер олардың мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу жүйесіндегі құзырлықтың жеткіліксіздігімен байланысты болады. Заманауи ата-аналар бір жағынан, білімді адамдар, ал екіншіден, олардың педагогика, психология, физиология және өзге білім салаларынан хабары аз. Қазіргі таңда кез-келген білімді ата-аналарды бала тәрбиесі туралы көптеген сұрақтар ойландырады. Сондықтан жанұя өзінің тәрбиелік қызметінде көмекті қажет етеді [11].
Бала тәрбиесіне тек ата-анасы ғана емес, көп адамдардың ортасы да ықпал етеді. Балаларды өмірден алшақ ұстап, тәрбиелеуге болмайды. Бала кеңістікті, бостандықты қалайды. Сонда ғана тәрбие тиімді болуы мүмкін [6].
Бүгінгі күні ата-аналар үшін психологиялық - педагогикалық ақпарат ұсынатын әртүрлі арналар: интернет, баспалар, бейне және радио хабарлар, ғылыми-танымал әдебиеттер көп. Бірақ олардың кемшілігі - әрбір ата-ананың бала тәрбиесі туралы сұрағына жеке жауап беру мүмкіндігінің жоқтығы.
Бұл жағдайда мектепке дейінгі ұйым мамандарының рөлі зор. Олар ата-анамен тікелей байланыса алады, бала дамуын бақылап отырады.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі білімнің түрлері қарқынды дамуда, олар: балабақшада жарты күн болатын топтар, ойын-сауық орталығы, баласын үйде тәрбиелейтін жанұя үшін медициналық – психологиялық – педагогикалық орталықтары құрылуда. Олар ата-аналарға бала дамуына байланысты мамандардан дер кезінде кеңес алуына көмектеседі. Сонымен бірге, мектепке дейінгі білімнің жаңа түрлері балабақшаға мүлде бармайтын балалардың ата-аналарына да бағыталған.
Сондай жаңа формалардың бірі мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылмаған 1-ден 6 (7) жасқа дейінгі балалары бар ата-аналар үшін балабақша базасында консультациялық пункттерді ұйымдастыру болып табылады. Консультация балабақшалар үшін жаңалық емес. Балабақша мен ата-ана арасындағы қарым –қатынастың дәстүрлі формаларының бірі - тәрбиеленушілердің ата-аналарына педагогтардың жеке және топтық кеңес беруі. Мектепке дейінгі ұйым қызметінде тәрбиешілердің кеңесі ата-аналар сұранысы немесе баланың даму ерекшеліктеріне байланысты жүргізіледі. Ата-аналарды толғандырған сұрақтар бойынша балабақшаның басқа да мамандары: психолог, аға әдіскер, мектепке дейінгі білім беру мамандары да консультация бере алады. Алайда бұл әдіс балалары балабақшаға баратын ата-аналарға ғана арналған.
Консультациялық пункттер педагогтармен, психологпен және мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі мамандармен жиі хабарласа алмайтын ата-аналарға психологиялық – педагогикалық көмек беруге, сондай-ақ баланың гармониялық дамуына құрылған.
Үй жағдайында тәрбиеленетін балалар мен ата-аналар үшін мұндай пункттердің жұмысы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, әдістемелік орталықтарда жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет