Егемкулов Н. А. Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру Шымкент, 2020 ж Рецензенттер


Азық қоректілігін оның химиялық құрамы арқылы бағалау. Азықтың химиялық құрамы – азық қоректілігінің алғашқы көрсеткіші



бет5/58
Дата07.09.2020
өлшемі303,91 Kb.
#77651
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
МАЛ АЗЫҚТАНДЫРУ 15 ДӘРІС
Мал асылдандыру, Мал азығының түрлері
Азық қоректілігін оның химиялық құрамы арқылы бағалау. Азықтың химиялық құрамы – азық қоректілігінің алғашқы көрсеткіші.

Организмдегі бүкіл зат алмасуы судың қатысуымен өтеді. Сондықтан да суды да тіршілікте маңызы зор қоректік заттар қатарына жатқызуға болады.



Су. Су немесе ылғал - өсімдік пен жануар тіршілігін сақтап, дүрыс өсіп-жетіліп, өнім өндіруіндегі маңызы зор қосынды. Өсімдік пен мал денесіндегі судың мөлшері жасына, физиологиялық жағдайына және басқа да факторларға байланысты кең ауқымда өзгереді. Мысалы, жаңа көктеген балаусада 80—90% ылғал болатын болса, өсе келе оның ылғалдылығы 50—60%-ға дейін кеміп, өсімдік қатайып, шырынсызданады. Төл денесіндегі су 70—80% болса, сақа мал денесіне 50—60% болады.

Протеин. (сырой протеин определяют путем умножения количества азота в корме на коэфициент 6,25 исходя из этого что в средном в протеине содержится 16% озота) Тіршілікке ең қажетті де маңызды қоректік зат тобы. Оны атауынан да байқауға болады (грекше «pratos»алғашқы, бірінші). Жануар денесі құрғақ затының 45%-ын, ал кейбір мүшелерінің - 85%-ын құрайтын организмдегі негізгі құрылымдық қосынды. Өсімдіктерден бұл деңгейге тек бұршақ тұқымдастар дәніндегі протеин мөлшері жақындайды (соя дәнінде - 35-45%). Өсімдік протеині, негізінен, дәнде, гүлде және жапырақтарда жиналады. Гүлдеген жоңышқа жапырағының құрғақ затында жиналатын протеин 24% дәнде - 35%, ал сабағында 10% шамасында болады.

Протеин мал қорегіне үзіліссіз жеткізіліп, денедегі белок алмасуын қамтамасыз етуі керек. Желінген азықпен жеткізілген протеиннің амин- қышқылдары пептидтік түзуге қатынасып, өсіп келе жатқан төл денесінде үстеме белок түзіп, қамтамасыз етсе, сақа мал денесінің белогын тек жаңалап алмастырады.



Белок. Аминқышқылдарының поли, яғни көп пептидтік қосындылары. Организм жасушасының 13-18%-ын құрайтын белоктың 50,6-54,5%- ы көміртектен, 21,5—23,5%-ы оттектен, 6,5-7,8%-ы сутектен, 15,0-18,4%- ы азоттан, 0,3-2,5%-ы күкірттен түрады. Кейбір белоктар құрамына аз мөлшерде фосфор мен темір кіреді.

Химиялық құрамы бойынша белоктар жай құрамды протеиндер мен күрделі құрамды протеидтер болып бөлінеді7



Күрделі белоктар, ягни протеидтер, қарапайым белоктар, немесе протеиндердің басқа да простетикалық тобын құрайтын қосындыларымен біріккен белоктар. Барлық дерлік жасуша мен тоқымалар құрамына кіріп, зат пен энергия алмасуының көптеген биохимиялық реакцияларына қатысуы арқылы организмде маңызды қызметтер атқарады. Протеидтер жаңа көктеген балаусада көп жиңалады.

Амидтер. Азықтағы белоктан тыс азотты қосындыларының қысқар- тылып айтылғандағы біріктіруші атауы. Амидтер азық үлесіндегі жалпы азотты анықтағанда «шикі» протеин құрамына кіріп, одан белоктық азотты шығару арқылы анықталады. Олар белок түзілуі мен ыдырауы барысында пайда болатындықтан өсіп келе жатқан балауса мен микробиологиялық процесс жүретін ашытқыланған жем, сүрлем мен пішендеме секілді жемшөпте көптеп (протеиннің 30— 40%) жиналады, ал піскен дәндегі мөлшері жалпы протеиннің 3—10%- нан аспайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет