"Әйелдер әлемі" клубы туралы ақпарат «Әйелдер әлемі»



Дата20.07.2020
өлшемі30,5 Kb.
#63346

"Әйелдер әлемі" клубы туралы ақпарат

«Әйелдер әлемі» -Жамбыл атындағы кітапхана жанынан құрылған клуб. Ол «Ана мен баланы аялау» орталығының қызметкерлері, аналар мен қыз-келіншектердің отбасылық және жеке өміріндегі кездесетін проблемаларды біріге отырып, тәжірибе алмасу арқылы шешуге көмектесу орны болып табылады.

«Әйелдер әлемі» клубының ұраны:

Әйел біздің әзиз байлық қорымыз,

Әйел біздің тағдырымыз

Тағдырымыз болған соң,

Белгілі ғой бағымыз.

«Әйел әлемі» клубы жайы:

-Жамбыл атындағы кітапхананың әрбір оқырманы клуб мүшесі бола алады;

-клуб мүшесінің таңдауға және таңдалып алынуға құқығы бар;

-клуб мүшесі түрлі іс-шараларға қатысуға құқылы;

-клуб мүшесі өзінің интеллектуалдық деңгейін көтеруге және жаңа түскен әдебиеттермен танысуға міндетті;

-клуб мүшесі клуб өткізетін іс-шараларға қатысуы міндетті;

-клуб мүшелері өз еркімен кітапханашының көмекшісі бола алады.

Клуб жарғысы:

-бастаған ісіңді ертеңге қалдырма;

-ойланбай айтқан сөзден без, кесеріңді жеті рет өлшеп кес;

-ешкім көктен түскен жоқ, әйел оның анасы;

-білімділік өміріңнің сарқылмас байлығы.

«Әйелдер әлемі» клубының мақсаты:

Әрбір әйелді толғандыратын өмір ағымына сай тақырыпты қозғап, сол сияқты шеше алмай жүрген мәселелерді талқылау, оңай шығу жолдарын іздестіру.

Клубтың эмблемасы:

Әйел ананың жұмсақ алақанында тұрған жер планетасы.
Мамандар кеңесі

«Балалар тәрбиесі»

Мақсаты: Оқушыны тұлға ретінде тәрбиелеу. Бала ата-анаға қарап өскендіктен, бірінші отбасылық тәрбиеге көңіл бөлу керек екенін ұғындыру.



Қоғамда бала тәрбиесі жоғары орында тұрғандықтан, бала тәрбиесін ұйымдастыру тәсілдері мен мазмұны әлеуметтік белсенді, білімді, адамгершілігі жоғары және дені сау тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Бала тәрбиесінде ата-аналармен тығыз байланыста болып, баласы туралы пікір алмасып, әңгіме жүргізіп отыру керек. Осы клуб отырысында бала тәрбиесінің маңыздылығы, ұшқан ұядан бастау алып, бас ұстазы әуелі ата-ана екені айтылып өтті.

Әрбір әйел өзіндік тәжірибелерін ортаға салды. Тәрбие ұрпақтан-ұрпаққа таралып, жетіліп отырған мектеп екені айтылды. Қазақ атамыз балаңды 5 жасқа дейін алақаныңа салып аяла, 13-ке дейін құлынша жұмса, 13-тен бастап теңіңше ұста деген орынды сөзі бар. Бала тәрбиесі ата-бабаларымыздың тәрбиеге қатысты ғасырлар қойнауынан сараланып жеткен іс тәжірибесінің жиынтығы. Ең бастысы осының бәрі ұрпақтан-ұрпаққа жазбаша жетіп, жоғалмай, барған сайын байытылып заманнан-заманға, үйлестіріліп келе жатуының өзі халқымыздың өнегедегі ұлағаттылығы мен зерделілігін паш етсе керек. Таңдалып алынған тақырыбымыз отырыстағы адамдардың бәрінің көңілінен шықты.
Каталог: userfiles -> file -> 05 09 2012


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет