Екінші бөлім Ғазали ғибыраттары



бет14/28
Дата25.12.2016
өлшемі16,14 Mb.
#5087
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28

Көне Станбол көріністері


Қос құрылықты жалғастыратын көпір аспанға тартылған сымдай боп сол қапталды ала төбемізде тұр. Онымен жүрсек Малтөбеге үш сағатта жетеді екенбіз. Көпір жақын. Жақын да болса жолы «кептеліс». Сондықтан да алыс. Аспанда ұшқан ұшақ түгілі әуелеп ұшқан құс та қонбай ұшпайды, он алты жарым миллион халық бар, яғни, мұқым Қазақстан жұрты еуразиянның осынау бір бұғазды, теңізді қолқасына ұйлыға орналасқан. Қаптаған төбелердің арасын бір-біріне тастан қиылып жалғастырған ғимараттардың қиыннан қиысқаны сондай, кейде бір қабатты жатаған үйдің іргетасын бойлап, қырық қабатты үйдің шекесінен шертіп өтесің. Сәулет өнерінің мың жылдық үлгілері үйлескен мұндай шаһар әлемде жоқ шығар. Демек, Станболға тән күрделі мәселелер де өзге қалаларға ұқсамайды. Бұл – Шанхай, Чикаго, Токио, Санкт-Петербург сияқты бірбеткей қала емес, күрделі шаһар. Сырттай түрік ұлты тұтас көрінгенімен, олардың өз ішіндегі сана, таным, тектік түйткілдерді ғимараттар мен үйлер, орамдар, маһаллалар үнсіз айтып тұрғандай. Солардың ішінде ең қауіптілері Нобель силығының лауреаты, жазушы Орхан Памук сияқты дөлмалар (қырықбуындылар) көрінеді. Ғалия апайдың түрік күйеу баласы Махмұдпен болған әдебиет туралы түнгі қысқа әңгімеде сол байқалып қалды. Памуктің мүслими түрік дүниесінде туған рухани яһудилік тамплиер екенін сезгендей оның «Менің атым – Қырмызы» романын оқығанда-ақ ішім мұздап кетіп еді. Әлемді мойындатқан тұлғаның өз еліне сүйкімі жоқ екен. Бізден де сондайлар шыға бастағаны өкінішті. Түркі дүниесінің түпкі күбірткісі осылар. Ескішаһарға арқамызды сүйеп, Мәрмәрдің толқынына қарап тұрып осындай мазалы ойға қалдым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет