«Экономика» ұғымы


Аралас экономикадағы мемлекеттік міндеті



бет11/15
Дата19.02.2023
өлшемі47,39 Kb.
#169323
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Экономика және экономикалық жүйелердің типтері

Аралас экономикадағы мемлекеттік міндеті. Аралас экономикада мемлекет бірқатар міндеттерді атқарады. Оның негізгілеріне келесі мәселелер жатады:

  • қаржылық, акциздік және салық саясатын реттеу;

  • монополияға қарсы реттеу;

  • дотациялар мен жәрдемақыларды құру;

  • заңнамалық негізді қалыптастыру;

  • мемлекеттік меншікті пайдалану және ұстап тұру;

  • сыртқы сауда саласын бақылау;

  • кірістерді бөлу.

Мемлекет аралас экономиканың бір бөлігі болып табылатын тұтынушылық, ғылыми-зеттеу, банк, әлеуметтік-қоғамдық, кедендік, еңбек және басқа салаларды реттеуді жүзеге асырады.
Аралас экономикадағы жеке сектор. Аралас экономика жүйесіндегі жеке сектор өкілдері – нарықтың толыққанды қатысушылары. Олар жеке-дара ретінде және мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестік түрінде тауар шығару мен қызмет көрсетуге де қатысады.
Аралас экономика түріне өтудің себептері. Социалистік мемлекеттер экономикасын, оның ішінде Қазақстанды да қамтыған терең дағдарыс, басқа экономикалық жүйе – нарықтық (аралас) экономикаға көшуді талап етті.
1992 жылдан Қазақстанда түбегейлі экономикалық реформалар басталды, бұл мемлекет тарихында жаңа кезеңнің – өтпелі кезеңнің басы болды, осы арқылы әміршіл-әкімшілік жүйеге өзгеріс еніп, нарықтық экономиканың алғышарттары қалыптасты.
Өзгерістің басталуына мемлекеттегі саяси құрылымдардың өзгеруі – коммунистік партияның билікті уысынан шығаруы, бұрынғы заң шығарушы органдар мен атқарушы биліктің қызметтерінің тоқтауы себеп болды. Билікке коммунистік емес саяси күштердің келуіне орай мемлекетте әлеуметтік-экономикалық қайта құрылымдану басталды, оның негізгі мақсаты елдің экономикалық жағдайына мемлекеттік меншікті азайтып, либерализациялау болды.
Осы мақсаттарға жету үшін және жоспарлы экономика орнына тиімді нарықтық экономиканы қалыптастыру үшін мына мәселелерді шешу қажет болды:

  • жекешелендіру, шаруашылық саласындағы мемлекеттік реттеуді қысқарту, шаруашылықтың жоспарлы-бөлу жүйесін тоқтату;

  • либерализацияны жүзеге асыру – өндірістік және коммерциялық қызметтерге қатысты шектеу мен тыйымды алып тастау; кәсіпорындарға өз беттерінше баға қоюға, өздеріне серіктестер іздеуге, нарықтық келісімдерді еркін жасауға, сыртқы сауда айналымын өз беттерінше жүзеге асыруға т.б. нарық түріндегі шаруашылық байланыстарын орнатуға рұқсат беру;

  • нарықтық инфроқұрылымдарды қалыптастыру (банк жүйесі, биржа, көтерме сауда кәспіорындарды, сақтандыру компаниялары, жарнамалық, ақпараттық агенттіктер мен т.б.);

  • макроэкономикалық тұрақтылықты іске асыру (тауар дефицитін алмастыратын бағаларға либерализация жасаған соң ілесе келетін инфляция көлемін азайту, мемлекет шығындарын азайту, бюджет дефицитін төмендету және т.б.);

  • экономикаға демонополизация жүргізу, өндірістің тиімділік шарттарын арттыратын бәкелес орта қалыптастыру;

  • құрылымдық қайта құруды іске асыру;

  • мемлекет тарапынан азаматтарды әлеуметтік кепілдікпен қамтасыз ету және еңбекке қабілетсіздер мен қоғамдағы әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарды қолдау;

  • біртіндеп ұлттық экономиканы микрошаруашылық байланыстар жүйесімен сабастастыру. Әлемдік шаруашылықпен интеграцияланудың қажеттілігі кеңес экономикасының әлемдік нарықтан оқшаулануы, шетелдермен бәсекенің болмауы, отандық өнімнің техникалық тұрғыдан артта қалуына, сапасының түсуіне, көптеген өндіріс орындардың тиімсіздігіне себеп болды.

Бұл міндеттердің шешімі – нарықтық механизмдердің шарттары мен алғышарттарын қалыптастыру, өндіріс тиімділігін арттыру, экономиканың әлеуметтік бейімділігін күшейту.
Алайда жоспарлы экономиканы қайта құрылымдау барысында объективті және субъективті себептерге орай бірқатар жағымсыз құбылыстар пайда болады, олардың қатарындағы ең ауырлары:

  • шаруашылықтың барлық саласын ауыр дағдарысқа ұшырататын инфляция;

  • құрылымдық өзгерістерге байланысты (әскери саладағы, ауыр өнеркәсіптегі өндіріс көлемінің қысқаруы), өндірістің төмендеуі және бағаның көтерілуіне орай сұраныстың шектелуі;

  • жұмыссыздықтың (өндірістің қысқаруына байланысты) пайда болуы;

  • жинақ көлемінің және инвестициялық белсенділіктің төмендеуі;

  • шаруашылықтың өмірін реттеуде мемлекет мүмкіндіктерінің әлсіреуі (ескі механизмдер бұзылған, жаңалары әлі қалыптаспаған немесе толық күшіне енбеген);

  • табыстың дифференциациялану, әлеуметтік жіктеу.

Осылайша өтпелі экономикада шаруашылықты жоспарлы жүргізу салдарынан болған зардаптарға жаңа жағымсыз әсерлер қосылып, экономиканың жағдайын күрделендіріп, өтпелі кезеңдегі қоғамның шешетін міндеттерін ауырлатады.
Өтпелі экномика үшін мына ерекшеліктер тән: трансформациялық құлдырауы; бұл кезеңде бұрынғы институттар мен шаруашылық қызметтер механизмі өз белсенділіктерін тоқтатқан, ал жаңа нарықтық жүйеге лайықтылары енді ғана қалыптаса бастауда. Трансформациялық құлдыраудың өзіндік сипаттары:

  • тауар тапшылығынан ақша тапшылығына өту және сұраныстың азаюы;

  • шаруашылық әрекеттерінің қақтығысы;

  • мемлекеттің инвестициялық қызметінің қысқаруы;

  • меншік құқығының айқындалмауы;

  • кәсіпорындардың жаппай төлем қабілетсіздігі;

  • қаржы институттарының әлсіздігі болып табылады.

Түрлі посткеңестік елдердің өтпелі экономикаға өту тәжірбиелерін сараптай отырып, өтпелі кезеңді: дағдарыстық даму, тұрақтылық және экономикалық өсімнің қалыптасуы деп үшке бөлуге болады.
Бүгінгі таңдағы аралас түрдегі заманауи нарықтық экономика – бұрын-соңды болған жүйелердің ішіндегі ең үздігі болып табылады. Оның негізгі ерекшелігі болып онда түрлі экономикалық жүйелердің сәтті үйлесім табуы саналады: таза капиталистік және әміршіл-әкімшілік экономика, бірақ таза капитализмнің негіздері басымдыққа ие. Ол әлдеқайда өміршең, сыртқы және ішкі жағдайларға бейім, қолайлы болып келеді. Аралас экономиканың жетістігі болып ресурстарды тиімді пайдалану мен өндірушілердің экономикалық еркіндігі саналады. Аралас экономика ресурстарды анағұрлым тиімді пайдалануды талап етіп, заманауи жаңа технологияларды енгізуге ықпал етеді. Аралас экономиканың пайдасына экономикалық емес маңызды аргумент болып оның жеке еркіндігі саналады. Кәсіпкерлер мен жұмысшылар саладан салаға басқарушылардың шешімімен емес, өз еріктерімен ауыса береді. Атап өтерлігі, экономикалық мәселелердің бірауыздан қабылданған ортақ шешімі ешқашан болған емес. Түрлі тарихи және мәдени мұралары мен алуан түрлі салт-дәстүрлері бар қоғам өздерінің жеке ресурстарын пайдалануда өзіндік бағыттары мен жолдарды таңдайды.
Аралас экономиканың көптүрлі нұсқадағы үлгілері жұмыс істеді. Олардың алуантүрлілігі тек әртүрлі концептуалдылық жағынан келуде және олардың әртүрлілігінде (олардың жүйе құрайтын мөлшерінің үйлесімділігі мен жиынтығы) ғана емес, сонымен қатар елдердің ұлттық ерекшеліктерімен және олардың даму аясының уақыттық межесіне де байланысты болды. Сондықтан аралас экономиканы кейде белгілі бір уақытта да бір параметр басым болатын «доминантты құрылым» ретінде анықтайды.
Соғыстан кейінгі жылдары (1950-1980) ең қарапайым түрде аралас экономиканың неотатистік (Франция, Ұлыбритания, Италия, Жапония) нұсқасы, неолибералды (АҚШ, ГФР) нұсқасы және де орталықтандырылған келісім (Швеция, Нидерланды, Австрия, Бельгия) модельдері жасалынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет