Пән: Экономика негіздері Күні



Дата31.12.2021
өлшемі18,04 Kb.
#107111
Байланысты:
06.10.2020 Экономика негіздері


Пән: Экономика негіздері

Күні: 06.10.2020 ж.

Тақырыбы: Өндіріс түсінігі Өндіріс шығындары

Мақсаты: фирма шығындарының және табыстарының түрлерін қарастыру, пайданың түрлерін атау, өндіріс шығындарын азайту және пайданы арттыру ережелерін түсіндіру

Оқытушы: Асылғазина Ақерке Мұратқызы

e-mail: erke_m93@mail.ru
 Дәріс сұрақтары:

  1. Өндіріс шығындарының теориясы.

  2. Трансакциондық шығындар;

  3. Шығындардың түрлері.


Өндіріс түсінігі Өндіріс шығындары

Өндіріс шығындарының теориясы. Трансакциондық шығындар

Шығындар және өндіріс шығындары ұғымы экономикалық теория ұғымдарының ішінде ерекше, аса маңызды рөлді атқарады, өйткені олар бәсекелестік ортада фирма қызметінің тағдырына, оның көлеміне, болашақ дамуына, және соңында табысы мен пайда мөлшеріне тікелей әсер етеді.

Шығындар, ең алдымен өндіріс шығындары туралы теориялық көзқарастар классикалық саяси экономияның негізгі өкілдері А. Смит пен Д. Рикардоның зерттеулерінде кездеседі. Смит абсолютті шығындар тұжырымдамасын, Рикардо салыстырмалы шығындар тұжырымдамасын енгізген. Олар өндіріс шығындарын өнімнің жеке бірлігін жасауға кеткен қоғамдық қажетті еңбектің орташа шамасымен байланыстырады.

Марксизм теориясы өндіріс шығындарын кеңінен зерттеді. Бұл теорияның басты өкілі К. Маркс өзінің «Капитал» атты еңбегінде өндіріс шығындарын жан-жақты талдады. Ол тауардың жасалуын және оған жұмсалған шығындарды өндіріс құрал-жабдықтарымен және жұмыс күшімен байланыстырды. Тауардың құнын құрайтын еңбек шығындарын нақты шығындар деп атайды.

Маржинализм теориясы өндіріс шығындарын тауардың ерекше қасиеті болып табылатын пайдалылық ұғымы тұрғысынан зерттейді. Пайдалылық, соның ішінде, тауардың жалпы пайдалылығы және шекті пайдалылығы психологиялық құбылыс ретінде өндіріс факторлары үшін фирмалар төлейтін соңғы соманың шамасы болып табылады. Маржиналистер экономикалық ғылымға шекті шығындар тұжырымдамасын енгізген, ол туралы біз әлі айтатын боламыз.

Институционализм бағытының өкілдері шығындар теориясын әріқарай дамыта түсті. Олар өндіріс шығындарынан басқа жеке шығындардың, қоғамдық шығындардың, абсолюттік шығындардың, қаржылық шығындардың, сонымен қатар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді шығындардың бар екендігін бөліп көрсетті.

Неоклассикалық теория өндіріс факторларына жұмсалатын шығындарды өнім көлеміне тәуелді өзгермелі шығындар және өнім көлеміне тәуелді емес тұрақты шығындар деп ажыратады. Сондай-ақ, өзгермелі шығындардың да, тұрақты шығындардың түрлерін анықтайды.

Соңғы уақыттарда неоинституционализм бағытының басты өкілі Р. Коуз енгізген трансакциондық шығындар теориясы аса маңызды сұрақтардың бірі болып табылады. Трансакциондық шығындарды көбінесе айналым шығындарымен байланыстырады. К. Эрроудың ойынша, экономикадағы трансакциондық шығындардың орын алу заңдылығы физикадағы үйкеліс заңымен ұқсас дейді, олай болса, экономиканы бұл шығындарсыз елестету қиын. Қазіргі уақытта, фирманың нарықтағы негізгі қызметі болып осы трансакциондық шығындарды үнемдеу табылады. Яғни солар арқылы фирманың мүшелері қандай да бір ақпарат алуға жұмсайтын шығындарын төмендете алады. Дуглас Норт трансакциондық шығындардың негізгі түрлерін бөліп көрсетті:

1. Нарық туралы ақпарат іздеумен және сол нарықтағы тауарлар мен қызметтер қозғалысының қалыптасу шарттарымен байланысты шығындар;

2. Келісім-шарттар жасаумен және келіссөздер жүргізумен байланысты шығындар;

3. Тауардың сапасын анықтауға, стандарттар жүйесін жасауға, фирманың маркалық белгісін қорғауға жұмсалатын шығындар;

153


4. Заң жүйесінің көмегімен меншік құқығын және оның тәртібін қорғауға жұмсалған шығындар;

5. Нарықта ойланбай жасалған (оппортунистік мінез-құлық) әрекеттерден болған шығындар.


Шығындардың түрлері.

Өндіріс шығындары – бұл фирманың өндіріс факторларын тартумен және оларды пайдаланумен байланысты әртүрлі жұмсалымдардың ақшалай көрінісі.

Өндіріс шығындарын анықтаудағы экономикалық көзқарас шығындардың құрамын белгілеуге және шығын элементтерінің шығарылым көлемін арттыруға әртүрлі қатысатындығын анықтауға мүмкіндік береді.

Қысқа мерзімді өндіріс үдерісінде өндіріс шығындары үшке бөлінеді:

1. Тұрақты шығындар – өнім көлеміне әсер етпейтін тәуелсіз шығындар. Бұл шығындар өнім өндірудің алдында және өнім өндірісі тоқтағанда орын алады. Тұрақты шығындардың құрамына ғимараттарды, құрылыстарды және құрал-жабдықтарды пайдалану шығындары, әкімшіліктік-басқарушылық шығындар, арендалық төлемдер, несиелік төлемдер жатады.

2. Өзгермелі шығындар – өнім көлемінің өзгеруіне байланысты өзгеріп отыратын тәуелді шығындар. Фирма өнім өндірмегенде немесе оны тоқтатқанда мұндай шығындар орын алмайды. Өзгермелі шығындарға шикізаттарға, отын-материалдарға және жалдамалы жұмысшыларға еңбекақы төлеуге кеткен шығындар жатқызылады.



3. Жалпы шығындар – өндірістің тұрақты және өзгермелі шығындарының қосындысы. Фирма үшін бұл шығындар өнімнің белгілі бір көлемін өндірудің ең минималды ақшалай шығындары болып табылады. Өндірілетін өнімнің саны артқан сайын жиынтық жалпы шығындар өседі.
Тапсырма:

  1. Тақырып бойынша конспект жазу.

  2. 10 сұрақ-жауап.

  3. Тапсырманы 15.10.2020 ж. дейін орындау қажет. Уақытында орындамаған жағдайда баға төмендетіледі.

  4. Тапсырманы CANVBAS платформасына жіберулерің қажет.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет