«Экономика және бизнес» пәнінен дәріс жинағы



бет70/91
Дата05.05.2020
өлшемі465,86 Kb.
#65830
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   91
Байланысты:
экономика бизнес лекция

Ашық акционерлік қоғам — қатысушылары осы қоғамның басқа мүшелерінің келісімінсіз өз акцияларын басқа тұлғаларға бере алатын және сата алатын қоғам. Ол ашық түрде шығарылатын акцияларына жазылу өткізуге және оларды еркін түрде сатуға құқылы. Ашық акционерлік қоғам мынадай өте маңызды сипаттамаларға ие: қатысушылардың санына шектеудің қойылмауы, қоғам құрамының өзгеруіне байланысты қоғамның қайта тіркелу қажеттілігінің болмауы және міндетті түрде жүрт алдында есеп беруі.

Келтірілген талдаудан көрініп отырғандай, бизнесті ұйымдастыру түрлерінің шеңбері айтарлықтай кең. Шағын бизнес әдетте жеке кәсіпкерліктен не болмаса серіктестіктен (әріптестіктен) басталады, бұл бизнестің мұндай түрлерінің мейлінше оңай және қол жетерлік болуымен түсіндіріледі. Ұсыныс ретінде біздің республикамызда АҚШ-тағыдай S-Корпорацияларды енгізуді ұсынуға болады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері – заңды тұлға құрмаған жеке тұлғалар және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын қызметкерлерінң орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны алпыс мың есе айлық есептік көрсеткіштен аспайтын серіктестік немесе қөндірістік кооператив түріндегі заңды тұлғалар.

«Жеке кәсіпкерлік туралы» заңға сәйкес шағын кәсіпкерлікке жатпайтын қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер шағын кәсіпкерлік субъектілері бола алмайды.

Жеке тұлға – Қазақстан Республикасы азаматы, басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлға.

Заңды тұлға – меншіктің шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді сатып ала алатын және жүзеге асыра алатын, сотта талап қоюшы және жауап беруші бола алатын ұйым. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуы тиіс.

Шағын бизнес кәсіпорны – заңды тұлға түріндегі шағын кәсіпкерлік субъектісі.

Шағын кәсіпкерліктің жұмыс істейтін кәсіпорны – экономикалық қызметті жүзеге асыратын немесе әлеуетті жүзеге асыра алатын шағын бизнес кәсіпорны.

Шағын кәсіпкерліктің белсенді кәсіпорны – экономикалық қызметті жүзеге асыратын шағын бизнес кәсіпорны.

Шағын бизнес кәсіпорнының – жылына орта есеппен кәсіпорында жұмыспен қамтылғандар санымен байланысты ұғым. Кәсіпорын мөлшерлерінің ведомстволық сыныптауышына (КМС) сәйкес сыныпталады.

Жеке кәсіпкерлер – кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар. Міндетті мемлекеттік тіркелімнен өтуі тиіс:


  • жалдамалы қызметкерлердің еңбегін тұрақты пайдаланатын;

  • кәсіпкерлік қызметтен салық салынбайтын табыс мөлшерлерінен асатын жылдық жиынтық табысы бар жеке кәсіпкерлер.

Жеке кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркелімінін салық органдары жүзеге асырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   91




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет