«Экономика және бизнес» пәнінен дәріс жинағы


Бизнес-жоспарды жасау мен әзірлеу әдістемесі



бет74/91
Дата05.05.2020
өлшемі465,86 Kb.
#65830
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   91
Байланысты:
экономика бизнес лекция

2. Бизнес-жоспарды жасау мен әзірлеу әдістемесі

Кәсіпорынның табыстылығын жоспарлау маркетингі басқарудағы анықтаушы түсініктердің ең негізгілерінің бірі болып табылады. Кәсіпорын табыстылығын жоспарлау – экономика ғылымында қалыптасқан ұсыныс заңдылығының базалық және фундаментальды негіздемелері, баға мен сұраныс және баға мен ұсыныс арақатынасына негізделген. Мысалы: баға өскенде тауарға деген ұсыныс өседі, баға төмендегенде ұсыныс та төмендейді.

Маркетинг саласында кәсіпорын табыстылығына қол жеткізуді қалыптастыруда бәсекелестер мақсаттарын бақылау қажет. Табысқа қол жеткізудің бірден-бір түрі абсолютті және салыстырмалы ерекшеліктер жағдайларын бағалау болып табылады. Абсолюттік ерекшеліктер жағдайы бәсекелестер өндіретін тауардың бірлігіне шаққандағы шығынының көп болу мүмкіншілігін бағалауға алып келеді. Бірақ та, тауарға деген сұраныс және осы тауар нарығының географиялық орны белгісіз болып қалады.

Маркетологиялық диагностика барысында кәсіпорын жағдайы маркетингтік зерттеулердің егжей-тегжейлілігіне және тереңділігіне тәуелді. Бұл матрицалық (портфельдік) талдау әдістерін, эксперт-диагностика және фирманың қаржылық жағдайының бағалану мақсатында қысқа мерзімді болжамдар үшін қажетті тренинг модельдердің әзірлеуін қажет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   91




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет