Экономикалық



бет2/3
Дата26.12.2022
өлшемі20,41 Kb.
#164412
1   2   3
Байланысты:
Ресурс 6.3 Географиялық кеңістік
Игровая деятельность детей, Ресурс 7.5 Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің көрсеткіштері., ТӨЖ, ЖОБА такырыптары, Тойганбаева Ж., презентация ИМКО Ибраева А, 12. Тазабекова Айшат Калдарбековна, 2 5253705456479639427, УБТ ДЖТ 2022, 7 lesson, Қатты денелердің жылулық қасиеттері, Сұйық кристалдар, Кристалдар, Қазақ балалар адебиеті, Ж.Ғ.Мусина, Дұрыс көпжақтар
Белгілі бір уақыт аралығында географиялық
кеңістіктің қалыптасуына әсер ететін факторлар

Қазіргі географиялық кеңістіктің қалыптасуының бірінші факторы ретінде Ұлы географиялық ашуларға себеп болған және география, астрономия, навигация саласындағы білімге негізделген теңіз жолының дамуы қарастырылады. Ұлы географиялық ашылулар



әлемдік кеңістіктің "жабылуына" себеп болып, еуроодақ әлемінің қалыптасу тенденциясына жол ашты. Теңіз әлемді біртұтас жүйеге байланыстырды және ірі теңіз державаларына (Ұлыбритания, Испания, Португалия) үстемдік құруға жол берді. Географиялық кеңістіктің қалыптасуына ықпал еткен келесі фактор - бұл бірінші өнеркәсіптік революцияның жетістіктері, яғни алдымен теміржол, содан кейін автомобиль коммуникацияларының дамуы. Құрлықтағы көліктің дамуы теңіз державаларының үстемдігін жойып, континентальді аумақтарды тез игеруге мүмкіндік берді. XIX ғасырдың аяғында мемлекеттер арасындағы трансконтинентальді теміржолдар мен теміржол желілерінің құрылысы Ресей, Германия және АҚШ-тың геосаяси маңыздылығын арта түсті.
Сондай - ақ, мануфактураны ығыстырған зауыттар мен фабрикалардың дамуы да маңызды фактор болып табылады. Зауыттар мен фабрикалар жаңа машина түрлерін, жаңа энергия қуат көздерін (сол уақытқа жаңа болып табылатын) пайдалана бастайды, ал қол еңбегін алмастырған механика өндіріс көлемін де ұлғайта түсті.
XIX ғасыр аяғындағы телефон, электр телеграфы, радио байланысы сияқты өнертабыс туындылары мен ұлы ашулар күллі әлем коммуникацияларын түбегейлі өзгертті. Бұл жағдай географиялық кеңістікке бірден "қысым" жасады, қашықтықты еңсеру уақытын қысқартты және әлемдік коммуникациялардың даму жолын белгіледі. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басы үш фактормен сипатталады. Біріншіден, елдердің түрлі салалардағы өзара тәуелділігімен: сауда, инвестициялар, капитал айналымы, технологиямен алмасу- барлығы өзара тәуелділіктің артуына ықпал етті. Екіншіден, бірқатар елдердің ауыл шаруашылығы, өнеркәсібі, қызмет көрсету, экономика салалары көбінесе халықаралық нарыққа жұмыс жасайды және ішкі ұлттық нарықты да қамтиды. Үшіншіден, біршама елдер өз болашағын халықаралық техникалық және экономикалық бәсекелестікке ілесе алу қабілетімен байланыстырады. Сондай-ақ, экономикалық кеңістік әртектілікпен және фрагментелуімен ерекшеленетінін атап өткен де жөн. Демек мемлекеттердің Біртұтас экономикалық интеграциясы басталды, бірақ олардың арасында даму деңгейінде айтарлықтай айырмашылықтар бар. Мысалы, Батыс индустриалды елдері мен қарқынды дамып келе жатқан үшінші әлем елдері. Сондай-ақ, бұрынғы социалистік лагерьдің бодауында болған кедей елдері мен Африка және Азия елдері күні бүгін экономикалық прогрес көшінің соңында. Бұл әрине болашақта географиялық кеңістіктің өзгеруіне және дамуына әкелетіні сөзсіз.
Аталмыш айырмашылықтар оң және теріс фактор ретінде қатар қарастырылады.
Мәселен,

  • жұмыс күшінің құны мен әлеуметтік қорғау деңгейінің айырмашылығына байланысты бірқатар өндірістерді бір елден екінші елге көшіру. Мысалы, "лас өндірістерді" дамушы елдер аумағына орналастыру. Бір қарағанда, бұл экологияның ластануы деп қабылдасақ, екінші жағынан, бұл елдің өнеркәсібін дамыту, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және т. б.

  • адамдардың кедей елден бай елге қоңыс аударуы. Нәтижесінде әлемдік деңгейде экономикасы дамыған мемлекеттер арзан жұмыс еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілді;

  • әлемдік экономикалық кеңістіктің бірлігінің дәлелі ретінде даму деңгейіндегі айырмашылықтарды мемлекеттер мен кәсіпорындар белсенді қолданады.

Географиялық кеңістіктің дамуына елдің аумағы, белгілі бір табиғи ресурстарға бай немесе табиғи ресурстары жоқ аймақ, географиялық орналасудың артықшылықтары мен кемшіліктері, шекаралас елдер және олардың экономикалық даму деңгейі әсер етеді. Елдің экономикалық даму деңгейі ел ішіндегі коммуникацияның дамуына әсер етеді. Егер елдің аумағы үлкен, табиғи ресурстарға бай және дамушы ел болса, онда мұндай елдерде экономикалық инфрақұрылымды (жолдар, зауыттар, технологиялар және т.б.) дамыту және өз аумағын игеру үшін үлкен инвестициялар қажет. Үлкен аумақтарды алып жатқан және даму деңгейі жоғары елдер шетелдік инвестицияларды тарту, технологияларды дамыту және қолдану есебінен өз аумағын (коммуникацияларын, инфрақұрылымдарын) оңай игереді,
өзінің әлемдегі экономикалық кеңістігі мен жағдайын жақсартады. Әлемдік экономикалық кеңістікке орталық, жартылай периферия және периферия аймақтары енеді. Осылайша, елдер мен аймақтардың дамуындағы географиялық кеңістікті қалыптастыру-бұл қазіргі және болашақ экономикалық даму үшін аумақ пен табиғи ресурстарды, елдің географиялық жағдайын, аймақты басқару мүмкіндігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет