Елбасы – ел тірегі Ашық тәрбие сағаты: «Елбасы ел тірегі» Мақсаты



бет3/3
Дата26.06.2018
өлшемі1,36 Mb.
#45092
1   2   3

2- оқушы.( Айгерім)
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында,
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады
Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.
3- оқушы.(Балауса )
Естімейік енді елдің жылағанын,
Қайта құлап, бостандық сұрағанын.
Абылайдың жолымен алға басқан,
Құт болсын «нұрлы жолы » Нұр ағаның.
Биіктей бер, Нұр аға,
Қыран қанат талмасын.
Қадірлемей тұра ма,
Халық сіздей тұлғасын.
4- оқушы. (Нұршат)
Гүлдене бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр ағам!
Көбейткен достың қатарын,
Нұр аға – біздің ұлы адам.

Би: «Алаш ұлы» 

1 жүргізуші Елбасымыздың  өмірбаянына тоқталсақ. 
Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын  терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен  атқаратын  адам.Ол әр  қадамын шын  мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу, бойға  біткен дарынмен  қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс  және өмір дағдысы.
2 жүргізуші 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  6-шілде 1940 жылы Алматы  облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде  айта беретініміздей  таршылық  жағдайда өтті.Үлкендердің  мал  бағуына, бау-бақша  өсіруне көмек көрсету керек болды, шөпшек  теріп, отын  жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті  заттар алу үшін есек  жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол  стансасына бару  дегенің  керемет мереке  саналған.Мектепті  жақсы оқып, жақсы білім  алды. Ата-анасын қатты құрмет  тұтты.
1 жүргізуші 
Ол ерте есейді, орта мектепті  бітіре  салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды  металлургия комбинатының көлемді құрылысына  аттаннды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск  қаласына  барып металлург –жұмысшы  мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна  пешінің  көмекшісі жұмыстарын  атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
2  жүргізуші 
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап  көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық  көлемде басшы органдарда жауапты  қызметтер  атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалықпартия ұйымдарында  экономикалық салаға жауап  беретін хатшы  болды.
1 жүргізуші: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста  болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

Көрініс қойылымы: «Балалық шағымның аспаны»
2-жүргізуші:  
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым,елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.                                 
1 -жүргізуші:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
2-жүргізуші:  

Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.


Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
1 -жүргізуші: «Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

 Тәрбиешінің сөзі:

Міне, көзді ашып жұмғанша 26 жылды арттқа салып , көптеген белестерге Нұр ағамен көтерілдік. Қазақтың маңдайына берген Нұрсұлтандай елбасының кемел ақыл-ойы, керемет күш жігер арқасында егеменді қазақ елі қайта түлеп, қарыштап өркендеді. Елбасымыз Қазақ елін білім мен тәжірибесіне, ақыл мен парасатына, ар-ожданына сүене отырып, өрге сүйреді, әлем таныған елдер қатарына қосты. Қазақстан қысқа мерзімі ішінде дамыған нарықтық экономикасы және азаматтық қоғамы бар өркендеген мемлекетке, халықаралық сахынада өз орны бар мемлекетке айналды.

Елімізді жарқын болашаққа жетелейтін, халық мүддесін өз мүддесінен артық қоятын Елбасы арқасында, біз, Қазақ елі мәңгілік ел болып қала береміз!



1-жүргізуші:

Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!
Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет