Elc5431 электротехниканың теориялық негіздері 2 ПӘні бойынша дәрістер жинағЫ


Сызықты емес кедергілердің бірізді жалғануы



бет38/40
Дата13.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#168565
түріҚұрамы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
ELC5431 Теоретические основы электротехники II

Сызықты емес кедергілердің бірізді жалғануы. Суретте в.а.с.-ы белгілі СЕК мен сызықты кедергінің R бірізді жалғанған сұлбасы көрсетілген (55а-сурет). Сұлбада э.қ.к. көзі Е бар. Тізбектегі токты табу керек. Суретте СЕК-нің в.а.с.-ы I=f(Uсек) ретінде белгіленген, ал сызықты кедергінің R в.а.с.-ы - түзу сызық. Тізбектің в.а.с.-ы, яғни тізбектегі токтың СЕК пен R элементтерінде кернеудің түсулерінің қосындысына тәуелділігі I=f(Uсек+UR ) арқылы белгіленген.

Есептеу Кирхгоф заңдарына негізделеді. Есептеудің екі жолын қарастырамыз. Бірінші жолды 55б-сурет арқылы, ал екінші жолды 55в-сурет арқылы түсіндіруге болады.
Бірінші жолмен есептеген кезде сұлбаның пассивті бөлігінің қортынды в.а.с.-ын тұрғызады. Бұл кезде СЕК пен арқылы бір ток жүретіндігін ескереміз. Қортынды в.а.с. тұрғызу үшін токтың кез-келген мәнін, айталық, т нүктесіне сәйкес келетін мәнін аламыз. Бұл нүкте арқылы горизонталь жүргіземіз. Онан кейін СЕК-тегі кернеуге тп кесіндісін R кедергісіндегі кернеуге сәйкес келетін тр кесіндісіне қосамыз: тп + тр=тq.
Нүкте q қортынды в.а.с.-ның нүктесі болады. Осылайша қортынды в.а.с.-ның басқа нүктелері де анықталады. Тізбектегі э.қ.к. Е берілген жағдайда токты қортынды в.а.с. арқылы табуға болады. Ол үшін абцисса өсіне Е –нің берілген мәнін салады, табылған нүкте арқылы қортынды в.а.с-мен қиылысқанша вертикаль жүргізеді. Қиылысу нүктесінің q ординатасы ізделінген токқа тең.
Тізбекті екінші жолмен есептегенде қортынды в.а.с. тұрғызу қажет емес. Бұл жағдайда (I=0, U=Е) нүктесінен (I=E/R, U=0) нүктесіне дейін в-суреттегідей түзу I=UR/R =f(UR) жүргізу керек.Бұл түзудің вертикальға көлбеу бұрышының α тангенсының сандық мәні өстердің масштабы бойынша алынған R тең. Түзудің СЕК-тің в.а.с-ымен қиылысу нүктесі тізбектің жұмыс режимін анықтайды. Шын мәнінде, бұл нүкте үшін СЕК және R арқылы жүретін ток бірдей, ал Uсек+UR=Е. Э.қ.к.-нің мәні Е-ден Е1-ге дейін өзгерсе, онда I=UR/R =f(UR) түзуін I=0, U=Е1 нүктесінен шығатындай етіп , параллель жылжытамыз ( пунктирлік сызық).
Екі немесе одан да көп СЕК-лер бірізді жалғанған кезде де есептеу осылайша жүргізіледі.
Сызықты емес тізбекті есептеудің екінші жолының әр түрлі в.а.с.-лары бар СЕК1 және СЕК2 бірізді жалғанған кезде қолдануын қарастырайық ( 56-сурет). I= f(UR) түзуін орнына енді сызықты емес тәуелділіктің қисығын I=f(U2) саламыз. Оның басы I=0,
U1нүктесіне орналасады. U2 оң мәндері бұл нүктенің сол жағына салынады( 56в-сурет) . Бұл жағдайда I= f(U2) қисығы 56б-суреттегі I=f(U2) қисығына U1 нүктесі арқылы жүргізілген вертикаль бойынша айналық бейне болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет