Елдес 0марұлы және тіл білімі мәселелері


Елдес Омарұлының латын қарпыне көшу жөніндегі пікірге қарсы шығуның негізгі себептері



бет4/16
Дата06.02.2022
өлшемі348,43 Kb.
#80887
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Елдес Омарұлы және тіл білімі мәселелері
V Н с а 30 билет, V Н с а 30 билет
Елдес Омарұлының латын қарпыне көшу жөніндегі пікірге қарсы шығуның негізгі себептері
Елдес Омарұлы мәселе қазақ әліпбіне келіп тоқтаған кезде әрдайым Ахмет Байтұрсынұлы құрастырған төте жазуды қолдаған. Ғалымдар арасындағы жазу жөніндегі талас-тартыс жөнінде «Латын әрпін аламыз деу тек сыртына қызыққандық. Біз латынның әрпін аламыз дегенше Еуропаның мәдениетін қалай аламыз деп кеңесуіміз керек. Мәдениетсіз біреудің іші қыус тонын киюден пайда шамалы. Біз не нәрсенің де сәніне қызықпай,дәніне қызығуымыз керек. Латын әрпіне ентелегенше,біз қазіргі қолданып жатқан әріптерімізді түзетіп,баспаха қызметкерлеріміз-әріп түзеушілерді даярлап,баспа істерімізді жөндеуге кірісуіміз қажет»(1-25 б.)
XX ғасырдың басы Кеңес үкіметі орнаған сәттен бастап,сол уақытқа дейін бодандықта келген барлық халықтар өз ноқтасына өзіне тиген соң өнер-білім,ғылым жолына кең түрде мән берді. Осы жерде барлық мәселе тікелей әліппеге барып тіреліп тұрды. Қазақ халқы ғана емес,бүкіл түркі халқы жазу әрпіне қатты зер қойды. Қазақ халқы арасында бұл мәселе,негізінен,Ахмет Байтұрсынов құрастырған төте жазу арқылы шешілген болатын. Өз заманында «Байтұрсынов» жазуы атанған әліппе жоғары бағаға ие болған болатын. Соған қарамастан білімпаздар арасында латын әліпбиіне деген ықылас болды. Елдес Омарұлы осы мәселелерге байланысты мынадай мақалалар жариялаған болатын:

  1. «Қазақша жазу жайы»

  2. «Қазақша әліпби мен латынша әліпби»

  3. «Латынның еліктен басқа түгі жоқ»(айтыс ретінде)

  4. «Араб таңбасы»

  5. «Әлем тілдерінің алдыңғы легіндеміз»(Бірінші Бүкілкеңестік сьезд,Стенографиялық есеп-1926,Баку-173-174 беттер)

  6. Баку сьезіндегі латын әрпі туралы қаулысы

«Латын әрпі қазақ әрпінен артық емес. Сондықан қазақ еліне оның керегі жоқ» (2-27 б.)-дәл осы үзіндіні Елдес Омарұлының. Латын әрпіне қарсы пікірінің түп қазығы ретінде қарастырған қателеспейміз. Келесі кезекте ғалымның латын әрпіне көшудегі қарсы болуының себептерін атап өтсек:
1.Білімпаздар арасында латын әрпіне көшу туралы мәселе көтерілгенде халық арасына сіңіп келе жатқан,үйренуі де оқуы да жеңіл төте жазу ойлап шығарылған еді.
Ахмет Байтұрсынов араб әліпбиіне негіздеп жасаған төте жазудың жеңілдігі-үйренуге
Келесі кезекте ғалымның латын әрпіне көшудегі қарсы болуының себептерін атап өтсек:
1.Білімпаздар арасында латын әрпіне көшу туралы мәселе көтерілгенде халық арасына сіңіп келе жатқан,үйренуі де оқуы да жеңіл төте жазу ойлап шығарылған еді. Ахмет Байтұрсынов араб әліпбиіне негіздеп жасаған төте жазудың жеңілдігі-үйренуге төрт-бес айдан артық уақыт кетпейтін еді делінеді. Ал нықтап кіріскен адам үш айдың
1-«Араб таңбасы» 1926 «Первый Всесоюзный тюркологический сьезд» Стенографический отчет.Баку,үзінді 2018 ж.Шығармалар жинағынан алдынды-29 бет
2-«Араб таңбасы» 1926 «Первый Всесоюзный тюркологический сьезд» Стенографический отчет.Баку,үзінді 2018 ж.Шығармалар жинағынан алдынды-27 бет
ішінде жетік меңгеріп алған деседі.Бұл төте жазудың жеңілдігі мен халыққа ұғынықтылығын білдіреді. Бұл жөнінде Елдес Омарұлы да айтқан болатын. Пайда болғанына көп уақыт болмаса да халық арасынан ықыласқа бөленген әліпби жөнінде ғалым: «балаларға латын әрпімен де қазіргі қазақ әрпімен оқытыпв көрсең де, екеуін қатар оқыған хат танымайтын бала қазақ әрпімен хатты бұрын таниды. Нанбаса латын әрпімен Әбдірахман да,қазақ әрпімен мен де оқытып көрейік. Қайсы бірініші хат таныр екен?»(3-24 б.).
Осы пікірге сүйене отырып Елдес Омарұлының Ахмет Байтұрсынов жасаған әліппеге деген ықыласы мен оның ғұмырының ұзақ болуына деген талпынысын көруге болады.
2.Латын әрпінің қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен емлесіне сәйкес келемейтін болды да,барлығын түбегейлі бастан қарау қажет болды. Сол кездегі ұсынылған латын әліпбиі тіл заңдарын өрескел бұзып енетін болды. Ал дәл осы кезеңде қазақ тілінің өзіне тін заңдары болған болатын. Дайын ереженеі қайта жасауға қарсы болған ғалым бұл жөнінде мынадай пікір айтады:
«Қазақ тілі-ермек емес,ғылым жөнімен тексеруге жарайтын тіл. Қазақ тілінің өзіне ғана меншікті қасиеттері бар,заңдары бар,өзгеше дыбыстары бар»(4-70 б.)
Жоғарыдағы атап өтілген мәселелер жөнінде ғалым тіл дыбыстарына арналған мақаларында кеңінен қарастырған болатын. Алайда бұл мәселені тіл біліміне арналған тарауда қарастыратын боламыз.
3.Латын әрпін ұсынуды ұсынған ғалымдардың(Телжан Шонанұлы бастаған) негізгі ұстанымы мынадай болды: «латын әрпін қабылдау арқылы,еуропа халықтарыжеткен жетістікті бойымызға сіңіру. Әлемдік ақпарат жинақталған жазуды қолдана отырып ғылым кеңістігіне ену»
Осы жөнінде Елдес Омарұлы «латынның еліктен басқа түгі жоқ» деген ұстанымды ұстанады. Латын әрпіне көшу туралы пікірді нық ұстанғандарға мынадай анықтама береді: «Аурыпаның жылтыраған моншағына құмартып асық болғандардың елігінен
Осы жөнінде Елдес Омарұлы «латынның еліктен басқа түгі жоқ» деген ұстанымды ұстанады. Латын әрпіне көшу туралы пікірді нық ұстанғандарға мынадай анықтама береді: «Аурыпаның жылтыраған моншағына құмартып асық болғандардың елігінен шыққан әңгіме»(5).
Сонымен қатар осы тақырыптағы ғалымның мына пікірін ескере кеткен жөн:«Латыншылдардың қазақ әліпбиін жоғалтып,оның орнына латын әліпбиін алу керек дегенде, айтатын күшті дәлелдерінің бірі-елдің мәдениеті өсіп алға басу үшін әліпби латынша болу керек; өнер-білімнің,мәдениеттің тетігі сонда. Онсыз надандықтан құтылуға болмайды деген дәлел.
Өнер-білімнің,мәдениеттің тетігі-жазу екені рас; әріп танымайтын кісі мәдениеттің маңайына да жуый алмайды,ілім-білім жағынан су қараңғы болады. Надандықтан құтылу үшін ең алдымен әліпби керек екендігі даусыз,бірақ ол әліпби латын әліпбиі болу шарт емес,әр тілдің өзіне лайық әліпбиі болса болады.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------
3- «Араб таңбасы» 1926 «Первый Всесоюзный тюркологический сьезд» Стенографический отчет.Баку,үзінді 2018 ж.Шығармалар жинағынан алдынды-24 бет.
4-«Қазақша жазу жайы»-Шығармалар жинағы,2018 жыл-50 бет.
Дұрысында да мәдениеттің ең мықты тетігі-әліпбиден де артық тетігі-тіл;бірақ ол тілдің латынша я орысша я арапша болуы шарт емес,әр тілдің өз тілі жарайды. Әліпбидің,жазудың керегі тіл үшін,жазумен әруэкім өзінің ауызекі айтатын сөзін қағаз бетіне таңбалайды,жазу-сөздің ісі емес,тек қана таңбасы»(6-76 б.).

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------


5-«Латынның еліктен басқа түгі жоқ»-Шығармалар жинағы,2018 жыл-80 бет.
6-«Қазақша әліпби мен латынша әліпби»-Шығармалар жинағы,2018 жыл-76 бет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет