Елдес 0марұлы және тіл білімі мәселелері


Е.Омарұлы аударған терминдер мен қазіргі таңдағы терминдердің айырмашылығы



бет14/16
Дата06.02.2022
өлшемі348,43 Kb.
#80887
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Елдес Омарұлы және тіл білімі мәселелері
V Н с а 30 билет, V Н с а 30 билет
Е.Омарұлы аударған терминдер мен қазіргі таңдағы терминдердің айырмашылығы
Елдес Омарұлы-тек қазақ тілі білімі саласында ғана емес, геометрия,физика саласына да үлкен үлес қосқан ғалым. Ғалым қолданған терминдердің көпшілік бөлігі әлі күнге дейін қолданыста жүр. Оған мына терминдерді мысалға келтіруге болады:
Аудандық пішінде,жазық, төбе, жазықтық, түзу кесінді, бұрыш, бұрыштың төбесі, тік бұрыштар, сыбайлас бұрыштар, қосынды, қосылғыш, кесінді, нүкте,т абан, бүйір, екі қабырға.
Ғалымның ғұмыр жолындағы дүниеге әкелген терминдері сансыз. Сол терминдердің арасында әлі күнге дейін қолданыста жүргендері бар, халық снасынан ұмытылып, тарих қатпарында қалып қойғандары да бар. Соған қарамастан ғалым қаламынан шыққан әрбір терминнің тіл білімі саласында да, техника білімдері саласында алатын орны ерекше.
«Қазақша пән сөздері» мақаласында Елдес Омарұлы жат сөз қазақ сөзіне ұқсап,қазақ тіліне сіңіп кетуі үшін бірнеше заңдарды көрсеткен болатын:
1.Қазақ тілінде үндестік заңы бары рас болса: қазақ тіліне кірген жат сөздердің бәрін де сол заңға келтіріп алу керек.
2.Бас буыннан басқа буындарында жұмсақ «ә» сі бар жат сөздерді қазақ тіліне кіргізгенде, «ә»-ні өзгертіп, не «е» не «а» қылып алу керек.
3.Бас буыннан басқа буындарында жұмсақ «о», «ұ»-сы бар жат сөздерді қазақ тіліне кіргізгенде, «о», «ұ»-ны өзгертіп, басқа дыбысқа айналдырып алу керек.
4.Сөз аяғында «г», «ғ» және «д» дыбыстары болмау керек.
5.Үздіксіздік заңына келмейтін жат сөздерді қазақ тіліне кіргігенде өзгертіп,үздіксіз қылып алу керек.
6.Екпін соңғы буынға түсу керек.
7.Бірдей екі дыбыс қосарланып келмеу керек.
8.Тілінде жат дыбыстары бар пән сөздерді пән сөз қылып алғанда,оның жат дыбыстарын шығарып тастап,орнына қазақша дыбыс кіргізіп алу керек.
9.Қазақ тіліне кірген жат сөздер түбңр сөз ретінде алынып,қазақ тілінің заңдарынша өзгеретін болуға тиіс.
Айта кетерлік жайт,Елдес Омарұлы жасаған аудармалардың барлығы осы атап өткен заңдарша толықтай келеді. Ғалым жасаған аудармалардың сәтті болуының да негізгі сры осы болуы мүмкін. Терминдердің халық снасына ұғынықты болуы-ғалымның ең бірінші мақсаты болды және ол соны орындады деп толықтай айта аламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет