Елдес 0марұлы және тіл білімі мәселелері


Елдес Омарұлы тіл білімі хақында



бет7/16
Дата06.02.2022
өлшемі348,43 Kb.
#80887
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
Елдес Омарұлы және тіл білімі мәселелері
V Н с а 30 билет, V Н с а 30 билет
Елдес Омарұлы тіл білімі хақында
Е.Омарұлының орфография саласындағы қарастырған мәселелері
Елдес Омарұлы көңіл бөлген тіл білімінің саласы: орфография яғни жазу ережесі. Дәл осы тақырыпта ғалымның кең көлемдегі кітабы жарық көрмеген, алайда түрлі газеттердегі жарық көрген мақалаларының өзі біраз мәселенің түйінін тапқан. Орфография бойынша жазылған мақаларға мыналарды жатқызуға болады:
1."Қазақша жазу жайы"
2."Жазудың жаңа ережелері"
3."Қазақша жазу жайы"
4."Айнымалы дыбыстардың жазу ережесі"
5."Жазу ережелер"(1924 жылы Орынбор қаласында өткен қазақ білімпаздарының тұңғыш сьезінде жасалған баяндама)
Елдес Омарұлы қарастырған емле мәселесі дәл сол кезеңде шешілуі қиын болып тұрған түйіткілдердің бірі болған.Бір жағынан латынға өту мәселесі,екінші жағынан тілдің орыс әріптерімен араластырылуы.Бұлай деуіміздің себебі сол кезеңдегі орысша оқыған азаматтар қазақ тілінің өзіне орыс сөздері мен орыс әріптерін араластыра айта бастады. Қазақ тілінің айту мен жазу ережесіне жоғарыдан қарап,бағынудан бас тартты. Бұл жөнінде Елдес Омарұлы "орысша оқыған қазақ азаматтары қазақ тілін менсінбейді."(9-48 бет)
Келесі кезекте бірнеше мақаланы талдап өтсек:
"Емле мәселесі". Жарық көрген газеті мен жылы белгісіз мақала. Көлемі жағынан үлкен, қамтыған тақырыптары да өзекті болып табылады. Мақалада ең алдымен қазақ тілінің еуропа не үнді тілдері секілді қопармалы тіл емкс, түркі тілі болғандықтан жалғамалы тіл екендігін көрсетеді. Орыс, ағылшын, үнді тілдерінде түбірдің қосымша жалғанғанда өзгеріске түсуі қалыпты құбылыс деп көрсетеді. Сонымен қоса бұл құбылыс түркі тілдеріне әсіресе қазақ тіліне жат екендігін айтады. Қазақ тілінде қандай қосымша жалғанса да өзгеріске түспейді деп айтады.
Емле сөзіне келесідей анықтама береді:
" емле дегеннің өзі жазудың ережесі деген сөз ғой"(66 бет).
Мақалада қазақ тілінің орфографиясынағы негізгі ережелер деп, бес ережені көрсетеді:
1.Қазақ тіліндегі сингорманизм заңы. Елдес Омарұлы сингорманизм заңын тілімздегі ең күшті және ең қиын ереже деп санайды. Сонымен қоса жазу ережесінде мәселе сингорманизмге тоқталғанда оны ат үсті шешпей, байыппен ойланып отырып қарау керектігін де айтып өтеді. Бұл Елдес Омарұлының сингорманизм мәселесіне сақтықпен қарағандығын көрсетеді.
2.Қазақ тіліндегі жұрнақ пен жалғаудың жалғануы. Ғалым сөз соңында әдетте жіктік жалғау мен септік жалғаулары жалғанады деп көрседі. Шылау я түбір сөз екендігін айыру қиынға соғатын қой, қана, ма, да, ақ, ау сөздерінің жігін ашу үшін оларға жіктік және септік жалғауларын жалғап шығу керек деген пікір айтады. дейдіен қатар Елдес Омаұлы осы мәселе төңірегінде шылауларға тоқтай өтеді. Шылаулардың сөйлемдегі орны, олардың жуан, жіңішке ваианттары да сөз болады. Мысалы, ғалым үшін, сияқты шылаулары қалай естілсе солай жазылады, яғни тек жіңішке я жуан варианты болады деп көрседі. Ал да, де шылаулары алдыңғы сөзге ыңғайластырып түрленеді дейді. Сонымен қатар ғалым омоним болып табылатын мен шылауының да айырмасын көрсеткен.
3.Жазуды түгел дыбыс жүйесінше жаза алмайтын болғандықтан, негізгі ережелерге қоса айрықша ережелерде болу керек. Қазақ тілінің жпзу жүйесі өзге тілдердікінен әлдеқайда өзгеше,соған қарамастан ұқсастықтары да бар екендігі рас. Сол себептен болар,кейбір мәселердің жауабын қарстырғанда ғалым,қазақ тілін орыс тілімен салыстырады. Қазақ тілі фонеттикасының зерттелуінің естілім дәуіріндегі зерттеген Радлов еңбегін мысал етіп отырып қазақ тілінде сөз қалай естілсе солай жазылуы керек деген пікірдің кейбір олқылықтарын айтады.Соның ішінде бұған мысал ретінде егер жазу сол қалпы жазылатын болса сингорманизм заңына нұқсан келеді деп көрсетеді.
4.Түбірі де бір,мәнісі де бір сөздің айтылуы түрліше болып,онығ түр-түрі жалпы елдің бәрінде бірдей айтылатын болса: ондай сөздер сұрыпталмай түр-түрінің бәрі де жазыла беретін болсын. Бұл жерде сөз қазақ тіліндегі сөз варианттылығы болып төр. Ғалым пікірінше егерде бір сөз халық аузында көп қолданылып,сонымен қатар сол сөздің тағы бір нұсқасы болып,ол аз қолданылса,жиі қолданылатын варианты қабылдансын.
5.Әр жерде әр түрлі айтылатын сөздер елдің көшілігінің айтуынша жазылу керек.Дәл сол мәселенің жалғасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет