Елдес 0марұлы және тіл білімі мәселелері



бет15/16
Дата06.02.2022
өлшемі348,43 Kb.
#80887
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Елдес Омарұлы және тіл білімі мәселелері
V Н с а 30 билет, V Н с а 30 билет
Қорытынды
Елдес Омарұлы-қазақ топырағынан шыққан біртуар азамат. Қазақ халқы тарихындағы алпауыт зұлматтың куәгері болған, тағдырдың әлегіне мойынұсынбаған ұлы тұлға. Оның қазақ тілі білімінде ғана емес, геометрия,физика,акустика, математика ғылымдарында алатын орны ерекше.
Ғалымның тілі біліміне қосқан үлесі зор. Елдес Омарұлы тілі білімінің фонетика, емле,синтаксис салаларына үлкен үлес қосқан. Қазақ тіл білімі ғылымының негізін салушылардың бірі десек қателеспеген болар едік. Ғалымның синтаксис саласына қосқан үлесі өлшеусіз.
Елдес Омаұлы халыққа ұсынған «Физике», «Пішіндеме» еңбектерң де қазақ ғылымындағы орны бөлек туындылар. Алайда кеңестік салқын саясат әсерінен асыл ағаның құнды мұралары ұзақ жылдар бойы халқынан жырақта келді. «Халық жауы» атанған ардақты ұлдың да туындылары ұзақ уақыт бойы мұрағаттарда шаң басып жатты.Асыл ағаға «жаптым жала, жақтым күйеден» құтылу үшін алпыс жыл, бір адамның тұтас ғұмыры қажет болған.
Елдес ағаның ел деп соққан жүрегі тоқтаған жоқ, 1992 жылы Елдес Омарұлының тұғанына 100 жыл толуын туып-өскен жері – Таран ауданының жұртшылығы атап өтті. Оның атымен мектеп аталып, есімі көшелерге берілді. Асыл ағаны еске алу күнінде Ақылбек Шаяхметтің оқыған мына өлеңін ұсынғым келіп отыр:
Жаншылған халқым жинаған кезде енді есін,
Тілегім жалғыз – жаманат енді көрмесін!
Кеудемнен шыққан өлеңнің сөзін дұға қып,
Оқимын жырды бағыштап саған, Елдесім!
Еңіреп туған есіл ер едің ел үшін,
Ездермен, аға, жасаған жоқсың келісім,
Балаңның атын Кенехан қойған кезде де,
Тойлар деп сендің қазағың ұлы Жеңісін.
Жандайшаптармен шыққан сәтте де жекпе-жек,
Ажалмен арсыз келген сәтте де бетпе-бет,
Бетіңнен қайтып, өтірік айтып көрмедің,
Өйткені, сенде болса да жүрек, өкпе жоқ.
Алашың үшін тағдырдың тартып ауырын,
Көргенде қысым езілді талай бауырың,
Көзіңе жас кеп, тамаққа өксік тіреліп,
Сағындың шаңды шаятын өмір жауынын.
Есіміңді ерен қайталап айтып ұлы елің,
Өшкенің жанып, болғандай қабыл тілегің,
Атажұртыңда халқым деп жүрсең елжіреп,
Еліңмен бірге соғып тұр, аға, жүрегің!
Ия, қатарластары қазақтың Ломоносовы деп атаған Елдес ағаның екінші ғұмыры енді басталды. Оны соңғы тұтқындағанда жендеттер Елдес ағаның үйінен 72 кітап пен қолжазба алған. Сәкен Сейфуллин көзі тірісінде Елдес Омарұлына үлкен баға берген. Ол өзінің естелігінде: «Бұл туралы маған, қысты күні Ахмет Байтұрсыновтан қай жағынан болса да кем емес деп жүрген Елдес Омарұлы келіп, біраз сөз айтты. Оған да мен мәселені газет бетіне, көптің талқысына сал деген едім. Ол ауырып қалды...» – деп жазған. Елдес Омарұлының орыс тілінде жазған негізгі мақалаларының бірі. Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерін талдауға арналған. Мұнда ол Ахметтің қазақ әліппесін жасаудағы, қазақ жазуын жаңғыртудағы төл еңбегіне жан-жақты тоқтала келіп, ақын, аудармашы, көркем сөз бен көсем сөз шебері, педагог және қоғам қайраткері есебіндегі талантына шынайы баға береді. «Ақаңды барлық қазақ даласы біледі, оны сыйлайды, сүйеді, бірақ, ол әлі өз бағасын алып біткен жоқ», – деп жазады Елдес аға. Осы сөздерді Елдес Омарұлының өзіне байланысты айтуға да болар еді. Қас талант жылдар өткен сайын саф алтындай жарқырай бермек. Қостанай қалсында Елдес аға оқыған орыс-қазақ училищесі қабырғасына ардақты ағаға арналып ескерткіш тақта орнатылған. Таран ауданындағы Белинский елді мекеніндегі орта мектепке оның есімі берілген.
Тауқіметті тағдыр жолын Елдестің
Көрмесінші деп тілеймін енді ешкім.
Ақ жаныммен мақтан етер хақым бар,
Бейімбет, Елдес, Әлжанменен жерлеспін.
Есін жиса азып-тозған ел бүгін,
Өлгендер де бас көтерер келді күн.
Келер ұрпақ есіне алмас бізді де,
Біз ұмытсақ Елдестердің ерлігін.
Қырқа-белде құлпырса гүл қырмызы,
Ертең үшін еңбек етсе ұл-қызы.
Туған жердің шайдай ашық көгінде Тұрар жанып Елдес аға жұлдызы. Ия, Алаш ардақтысы Елдес Омарұлының жұлдызы биікте жарқырап тұр. Ол өзін туған елі үшін құрбан қылған біртуар тұлға.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет