Элективті пәндер каталогы мамандық 5В091200 Мейрамхана іс және қонақ үй бизнесі


Постреквизиттері: Экономикалық математикалық әдістер, Басқару есебі, Экономикалық талдау



бет2/2
Дата25.02.2018
өлшемі0,81 Mb.
#38277
1   2
Постреквизиттері: Экономикалық математикалық әдістер, Басқару есебі, Экономикалық талдау.

Мақсаты: Экономикалық статистиканың негізгі есептерінің бірі болыпкөрнекті түрде экономикалық берілгендерді жинау, қайта өңдеу және көрсету болып табылады: кесте, графиктер, диаграммалар түрінде

Курстың қысқаша сипаттамасы: Эконометрика негіздері. Бас жиынтық және тандама. Таңдамалық сипаттамалары. Статистикалық гипотезаларды тексеру. Жиынтық сызықтық регрессия моделі. Мультиколлинеарлылық. Жалған айнымалылар. Сызықтық емес эконометрикалық модельдер. Экономикалық талдаудағы икемділік. Регрессия және корреляция параметрлерінің маңыздылық бағасы. Гетероскедастикалылық. Гетероскедастикалықты анықтау тесттері. Гетероскедастикалылықты түзету тәсілдері. Кездейсоқ жасаушылардың автокорреляциясы. Автокорреляцияны жою. Бір уақытты теңдеулер жүйесі.

Күтілетін нәтижелер:

- Экономикалық модельдерді құру, яғни эмпирикалық талдауды жүргізу үшін қолайлы экономикалық модельдерді математикалық түрде беру.

-Таңдап алынған модельді нақты берілгендерге аса адекватты ететін модельдің параметрлердің бағасын табу

- Модельдің табылған параметрлерінің және модельдің сапалығын тексеру;

- Зерттелінді экономикалық көрсеткіштердің іс-әрекетін тексеру үшін, талдау және болжау үшін және де экономикалық саясатты жүргізу үшін құрылған модельдерді қолдану.

- Қажет болатын статистикалық ақпаратты өз бетінше жинақтай алу және болашақ кезенде объект дамуын божамдау.



Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Шахшина С.А.
Тиімді шешімдер қабылдау әдістері

Пререквизиттері: Экономикадағы математика, Информатика, Макроэкономика, Микроэкономика, Экономикалық теория, Менеджмент.

Постреквизиттері: Экономиканы мемлекеттік реттеу, экономикалық талдау, Инвестициялық үдерістермен мемлекеттік басқару, Әлеуметті-экономикалық жоспарлау.

Мақсаты: Әртүрлі модельдерді салыстыру талдаумен және математикалық модельдерге жақындау толық таңдау жолымен студенттердің ойлануын дамыту. Талдау және кең экономикалық есептерін шешуде пайдаланылатын тиімділеу әдістерімен және модельдердің математикалық қасиеттерімен таныстыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Экономикадағы тиімділеу және математикалық модельдері. Сызықтық бағдарламалау есебі. Сызықтық бағдарламалау есебін шешудін графикалық әдісі. Сызықтық бағдарламалау есебін шешудін симплекстік әдісі. Жасанды базис әдісі. Сызықтық бағдарлама-лаудағы қосалқылық. Сызықтық тиімділеу модельдері. Сызықтық бағдарламаудың тасымалдау есебі. Бүтінсанды бағдарламалау. Анықталмағандық шартындағы тиімділік. Динамикалық жүйелерді тиімділеу. Сызықтық емес бағдарламаудын есебі. Тұтынушы таңдауның тиімділеу есебі. Өндірісті тиімділеу есептері. Көпбелгілі тиімділеу есептері.

Күтілетін нәтижелер:

Шешімдерінің талдау математикалық әдістері мен негізгі ұстанымдарды білу;

Экономико-математикалық модельдерін пайдаланып тәжирібелік шешімдер қабылдау есептерінде рационалдық әрекет нұсқаларды таңдау білу;

Жаңа ақпараттық технологияны енгізуімен және маңызды бір бағыттағы шешім қабылдау теориясын даму келешегі түралы түсінігіне ие болу.

Болашақта жүйе жағдайын болжау және болжамдау нәтижелері мен статистикалық ақпарат өнделуін ұсыну.

Қажет болатын статистикалық ақпаратты өз бетінше жинақтай алу және болашақ кезеңде объект дамуын болжамдау.



Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Шахшина С.А.
Таңдау бойынша курс 3
Туристтік қызмет психологиясы

Пререквизиттер: «Мәдениеттану», «Мамандыққа кіріспе».

Мақсаты: Туристтік өндірістің тиімді жұмысы үшін тұлға қажеттіліктері, менеджмент негіздері, туризмдегі маркетингтің психологиялық білімі болуы қажет, студенттердің туризм менеджеріне қажетті психологиялық білімді игеруі.

Күтілетін нәтижелер:

- Туризм бойынша менеджердің кәсіби қызмет психология рөлін түсіну және даму перспективасын білу;

- Адамдардың ерекшеліктерін кәсіби зерттеу әдістерін әртүрлі жағдайларда қолдана білу және клиентке психологиялық әсер етуді қолдану;

- Жарнамалық бизнесте психологиялық амалдарды қолдануды бағалауды жүзеге асыру, ұйымды басқару және осының негізінде талдаушы- синтетикалық қызметті қалыптастыру;

- Психологиялық зерттеудің нәтижесін талдау және әртүрлі хабарламалар мотивтері мен қажеттіліктерін көрсету;

- Өзін өзі кәсіби қалыптастыру және тұлғалық қажеттілік.



Курстың қысқаша сипаттамасы: Психология ғылым ретінде. Тұлға психологиясы. Тұлға теориялары. Темперамент және мінез түсініктері. Туризмдағы мотивация психологиясы. Туризмдағы мотивация психологиясы. Жарнамадағы психология рөлі. Жарнамалық амалдар психотехнологиясы. Жарнаманың психологиялық тиімділігі. Басқару психологиясының мақсаты, міндеті, мазмұны. Ұйым теориясы: түсінігі, мәні, функциясы. Ұйым басқаруындағы лидерлік. Туристтік топ кіші топ ретінде. Туристтік топтағы қарым-қатынас психологиясы. Туристтік топтардағы қақтығыс. Топқа әсер етудің әмбебап механизмдері.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Исина С.С.
Психология негіздері

Пререквизиттер Әлеуметтану, Философия

Постреквизиттер: Тауарлап мен қызметтер жарнамасы, Қызметтер саласындағы жарнама, Маркетингтік коммуникациялар, Бизнес этикасы.

Мақсаты: психологиялық мәдениетке ие болу арқылы яғни психология негіздерін біліп, тұлғааралық және кәсіби аймақтарда қолданатын дағды және психологиялық білімді дамыту.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Психология пәні. Қазіргі психология ғылымы және оның құрылысы мен зерттеу әдістері. Мінез. Кабілет. Зейін. Түйсік. Қабылдау. Ес. Ойлау. Сөйлеу. Қиял. Сезім. Ерік. Қарым-қатынас және коммуникация. Коммуникация теориясының пәні. Коммуникацияны үрдіс және құрылым ретінде түсіну. Мамандандырылған коммуникация. Жазбаша тіл. Коммуникацияның вербальді емес құралдары.

Күтілетін нәтижелер: Пәнді оқыту барысында студенттер негізгі түсініктер, принциптер, психологиялық ғылым әдістері және тәжірибені игеру, тұлғааралық қатынастар және кәсіби аймақтағы психологиялық білімнің рөлі, іскерлік қатынастар этикасы және психологиясын игеру тиіс.

Акмеология

Пререквизиттер Әлеуметтану, Философия

Постреквизиттер: Тауарлап мен қызметтер жарнамасы, Қызметтер саласындағы жарнама, Маркетингтік коммуникациялар, Бизнес этикасы.

Мақсаты: мәдени даярлау, білім беру, ғылыми-зерттеу, кәсіби және инновациялық мәдениеттілікті этикалық қатысудың негізінде білім беру психологиясының негіздерін оқыту процесінде оқушылардың болашақ кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: кәсіптік білім беру үшін студентті оқыту мақсаттарының қабілеті бар кәсіби жұмысының кешенді әдісін және мазмұнын үйрету жүйесін енгізу, даму психологиясы, бөлім, жоғары деңгей (акме) жеке дамуға қол жеткізу үшін мүмкіндік беретін үлгілерін және тетіктерін зерделеу оқыту әдістері арқылы бағдарланған дағдыларын арнайы білім, дағды, топтық жобалар әдісі, салыстырмалы талдау әдісі, кейс әдісін қолдану.

Күтілетін нәтижелер:

- Педагогикалық акмеология қазіргі қоғамның және қайта құру тұрғысында құрылымдардың дамуының негізгі бағыттарын білу;

- Мұғалімдердің кәсіби тәжірибесі мен білімі педагогикалық қызметінің сипаттамаларын;

- Әлеуметтік талаптарын құнының білім және білім психологиясы;

- Әлеуметтік құндылықтарға негізделген қоғамдық ережелер, салт, дәстүр;

- Әдістемелік және педагогикалық қызметі.



Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Исина С.С.
Таңдау бойынша курс 4
Қонақ үй және мейрамхана бизнесі

Пререквизиттер: Қызмет көрсету және сервис технологиясы Мейрамхана ісіндегі техникасының негіздері

Постреквизиттер: дипломдық жұмыс (жоба)

Мақсаты: Студенттерге қонақ үй кәсібі жайлы жалпы мағлұмат беру. Туристік индустрия дамуындағы қонақ үй және мейрамхана қызметтерінің әлемдік дамуындағы ықпалы.

Курстың қысқаша сипаттамасы: кіріспе. Қонақжайлық индустрия. Мемлекеттік жүйедегі қонақүйдің жіктелуі. Қонақүй кәсібіндегі халықаралық стандарттар. қонақжайлық саласындағы қызмет көрсету стандарты. Қонақүй кәсібіндегі кадрларды қалыптарстыру. Қонақүй табысын басқару. Ақпараттық жүйе технологиясы. Менеджменттік ақпарат жүйесі.

Күтілетін нәтижесі: Мейрамхана және қонақүй кәсібін ұйымдастырутеориясын білу, Мейрамхана кәсіпорындарының дамуы және ондағы түскен табыстарды басқара білу.

Оқытушының аты-жөні: Аешева Н.Т.
Бизнесті ұйымдастыру

Пререквизиттер: Экономикалық теория, Экономиканы мемлекеттік реттеу, Басқару теориясы, Әлемдік экономика

Мақсаты: әлеуметтік және экономикалық қатынастардың өзара байланыс және өзара әсер ету тетіктері экономикалық жүйенің элементі ретіндегі қоғам нормасы және жеке нормалардың ролі туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру.

Күтілетін нәтижесі: - Өндірісті ұйымдастыру әдістемесі және мәні мен оның ұлттық экономика жүйесіндегі орны мен рөлін игеру, шаруашылық объектісі ретінде танысу.

- Өндірісті ұйымдастыруның қалыптастыру және олардың түрлерін зерттеуде алған білімдерін тәжірибеде қолдану.

- Өндірісті ұйымдастыру кешендік жүйе ретінде зерттеуді жүзеге асыру облысында аргументті және қисынды түрде дәлелдеу.

- Өндірісті ұйымдастыруның зерттеу және қалыптастыру үрдісін әлеуметтік және этикалық аспектілерін ескере отырып әр түрлі формадағы ақпарат және хабарламаларды дайындау, өз позицияларын ұстану.

- Қазіргі заманғы экономикалық жағдайындағы өндірісті ұйымдастыруның даму үрдісін зерттеу, талдау және білімдері мен дағдыларын қолдану мүмкіндіктеріне ие болу.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Курстың пәні мен міндеті. Кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы. Өндірістік үрдіс және уақыт бойынша оны ұйымдастыру. Өндірісті ұйымдастыру түрлері мен нысандары. Өндірісті ғылыми-техникалық тұрғыдан дайындауды ұйымдастыруды жетілдіру. Кәсіпорынның инновациялық қызметін ұйымдастыру негіздері. Өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру. Қоршаған ортаны қорғайды ұйымдастыру және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану. Өндірістік инфрақұрылымның мазмұны мен міндеттері. Кәсіпорынның құрал-сайман шаруашылығын ұйымдастыру. Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру. Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығын ұйымдастыру. Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру. Қойма шаруашылығын ұйымдастыру. Жаңа техниканы игеру жұмыстарын ұйымдастыру.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Сальжанова З.К
Таңдау бойынша курс 5
Санаторлы-курортты бизнетің негіздері

Пререквизит: Мейрамхана және қонақжай мәдениетә

Постреквизиттер: Әлемдік қонақжай индустриясы

Мақсаты: Соңғы жылдары халықтың емделу және сауығу қажеттіліктерінің арта бастауына байланысты санаторлы-курортты қызметтердің қайта жандану жағдайлары байқалуда. Туристік қызмет аясының құрамдас бөлігі болып келетін осы саланың даму болашағын ескере, студенттердің санаторлы-курортты қызметті ұйымдастыру және көрсету дағдысын кәсіби игеру қажеттілігі туындап отыр дей аламыз.

.

Курстың қысқаша сипаттамасы: «Санаторлы-курортты туризм негіздері» оқытылу ерекшеліктері және мақсаттарымен анықталады. Осы мақсатта арнайы тәжірибелік білімді қалыптастыратын әдістерді қолданған жөн.



Күтілетін нәтижесі: Пәнді игеру барысында студенттер келесідей білімдер мен дағдыларға ие болулары қажет: Санаторлы-курортты қызметтер негіздерін білу және маңызын түсіну; Санаторлы-курортты туризмді ұйымдастыру бойынша алған теориялық білімін практикада қолдана алу үшін негіз салу және қалыптасқан мәселелерді шешудегі ойларын көрсете алу. Санаторлы-курортты туризмдегі қызметтер туралы ақпараттарды жинау және ақпаратты-іздеу қызметінің нәтижесінде талдау жасай алу.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.:Матаева Б.Т. Шабанова Е.И.
Эстетика және стандарт

Пререквизиттер: философия, стандарттау, квалиметрия, сертификаттау

Постреквизиттер: Экономика және өндірісті басқару

Мақсаты: адамзатты қоршаған кез келген затты күнделікті өмірде қолдану барысында, оның пайдалылығы, ыңғайлылығымен қатар көз қуантар әдемі болуы да қажет. Сондықтан әр адамға қажеттілік пен әдемілік қатар қажет. Әр затта негізінде техникалық және эстетикалық бастамасы қатар жүреді.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Эстетика негіздері. Стандарт және эстетика. Эстетика категориялары. Тауарлар сапасының эстетикалық көрсеткіштері. Өнер түрлері. Қолданбалы безендіруші өнері. Қазақстанның қолданбалы безендіруші өнері. Әлемдік мәдениеттің көркемдік стильдері. Техникалық эстетика және дизайн. Көркемдік құрастыру. Жобалау сатылары. Тауарлар композициясы. Тауарлардың эстетикалық қасиеттері. Тауарлардың эргономикалық қасиеттері. Тауарлардың эстетикалық қасиеттерін бағалау.

Күтілетін нәтижесі: Тауарлардың эстетикалық құндылығын бағалаудағы эстетикалық категориялар, өнердің түрлері, заттарды көркемдік құрастыру жүйесі.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.:Джазыкбаева Б.К.

Таңдау бойынша курс 6
Бағалар және баға белгілеу

Пререквизиттері: Экономикалық теория, Микроэкономика, Бухгалтерлік есеп негіздері.

Постреквизиттері: Саудадағы бухгалтерлік есеп, Аудит, Сыртқы экономикалық қызметтегі бухгалтерлік есеп.

Мақсаты: Нарықтық экономика жағдайында баға белгілеудің негіздерін меңгеру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Бағалар жіктеуі және олардың жүйесі. Бағалар құрамы мен құрылымы. Бағаны құраушы факторлар. Нарық құрылымы және баға белгілеу. Баға белгілеу үдерісінің кезеңдері. Фирманың баға саясаты. Шығындар және баға қалыптастырудағы олардың рөлі. Баға белгілеу әдістері. Баға белгілеудегі тәуекел және бағаларды сақтандыру. Экономиканың кейбір салалары мен аяларындағы баға белгілеудің ерекшеліктері. Баға белгілеу тәжірибесі және өнеркәсібі дамыған елдерде бағаларды реттеу.



Күтілетін нәтижелер: студент: баға белгілеудің теориялық негіздері; бағаның құрамы мен құрылымын; бағалар орындайтын функцияларды; бағаларға әсер ететін факторларды; бағалар белгілеу үшін кәсіпорындар пайдаланатын әдістерді; баға белгілеу мәселелеріндегі мемлекеттің рөлін білуі тиіс.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж: Даулетова А.М.
Бизнесті бағалау

Пререквизиттері: Экономикалық теория, Микроэкономика, Бухгалтерлік есеп негіздері.

Постреквизиттері: Кәсіпорын экономикасы, Саудадағы бухгалтерлік есеп, Сыртқы

экономикалық қызметтегі бухгалтерлік есеп.



Мақсаты: Бизнес құндылығының бағалау негізін ұйрету.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Бизнес құндылығының бағалау негізі. Бизнесті бағалаудағы құндылықтар түрлері мен қағидалары.Кәсіпорын бағалау құндылығындағы процес. Бизнесті бағалаудағы әдістер мен тәсілдер.Бизнесті бағалау құндылығын анықтаудағы ақпараттық базаның құрылымы. Бизнесті бағалаудағы есептіліктің даярлығы мен қаржылық талдауы (анализі). Бизнесті бағалаудағы табыстық тәсіл. Бизнесті бағалаудағы салыстырмалы тәсіл.Бизнесті бағалаудағы шығындық тәсіл. Әр түрлі кәсіпорын мүлігінің бағалау құндылығы. Бақылаулы және бақылаулы емес акция пакеті жайлы бағалау құндылығы.Бағалау жұмысына есеп (отчет) құрастыру.

Күтілетін нәтижелер: Бизнесті бағалаудағы әдістер мен тәсілдерді, бизнесті бағалау құндылығын анықтаудағы ақпараттық базаның құрылымын, бизнесті бағалаудағы есептіліктің даярлығы мен қаржылық талдауын оқып ұйрену.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Мажитова С.К.
Таңдау бойынша курс 7
Салық және салық салу

Пререквизиттер: Экономикалық теория, Макроэкономика, Қаржы, Корпоративтік қаржы

Постреквизиттер: өндірістік және дипломалды практика

Мақсаты: салықтың түрлері және оның теориялық маңызы. ҚР салықтық жүйесі.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Салықтың қажеттілігі және экономикалық мәні. Салықтың даму кезеңі. ҚР салықтық жүйесі: пайда болуы және дамуы. Ұғым алық-салықтың, жиындардың, баждардың және алымның түсінігі;алымның жүйесі және оның институттары; мемлекеттің алымның құрылымы; алымның жоспарлары; құқықтық реттеудегі салықтың, жиындардың, баждардың - жергілікті бюджеттің түсімінің бастаулары.

Күтетін нәтижелер: студенттің салық саласындағы қажетті білімді игеру. Нақта салықтарды алу және төлеук туралы практикалық негізі.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Улаков С.Н.
Шаруашылық субъектілерге салық салу

Пререквизиттер: Экономикалық теория, Макроэкономика, Микроэкономика, Қаржы

Постреквизиттер: Бюджеттендіру, Қаржылық менеджмент, Кәсіпорын қызметін жоспарлау, Бизнес жоспарлау

Мақсаты: салық салу теориясы мен тәжірибесін оқып үрену, студенттердің бойында шаруашылық субъектілері мен халықтың салықтарын есептеу негіздері бойынша теориялық және тәжірибелік білімдер кешенін қалыптастыру

Курстың қысқаша сипаттамасы: Салықтардың және салық салу жүйелерінің жұмыс істеу теорялық негіздерін оқып үйрену атап айтқанда салықтардың экономикалық мазмұны, функциялары мен принциптерін, ҚР-дағы салықтар мен салықтар жүйесінің қалыптасу даму тарихи кезеңдерін, елдегі салық реформаларының негізгі тұжырымдамаларын ашып көрсету. Қазақстан Республикасындағы резидент еместерге салық салу. Салықтық бақылаудың қажеттілігі және экономикалық мазмұны. Салықтық тексеру нәтижелеріне және салық органдарының лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану.

Күтілетін нәтижелер: студент: салықтардың жұмыс істеуі мен дамуын; Қазақстан Республикасы салық жүйелерінің қалыптасуы мен дамуын; салықтар мен алымдардың жекелеген топтарының жұмыс істеуі, оларды есептеу мен төлеудің тетігін; салықтар төлеуден жалтарғаны үшін жауапкершілікті, салық заңдарын бұзғаны үшін санкциялар қолдануды білуі тиіс

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Маркатаева Г.М.
Таңдау бойынша курс 8
Мейрамхана және қонақ үй мәдениеті

Пререквизиттері: «Ресторан және қонақ үй бизнесі» курсын меңгеру үшін студенттердің «Экономикалық теория», «Конфликтология» курстары бойынша білімдерінің болуы шарт.

Постреквизиттері: «Ресторан және мейрамхана бизнесін жоспарлау мен ұйымдастыру».

Мақсаты: Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалар қызметтер нарығының, соның ішінде туристік және қонақ үй қызметтері аясының дамуына түрткі болды. Бұрынғылары жөндеуден өткізіліп, қазіргі талаптарға сай жоғары сапалы және жекелеген қызметтерді ұсынатын жаңа қонақ үй кешені пайда болды.

Курстың қысқаша сипаттамасы: «Ресторан және қонақ үй мәдениеті» пәнінің оқытылу ерекшеліктері және мақсаттарымен анықталады. Осы мақсатта арнайы тәжірибелік білімді қалыптастыратын әдістерді қолданған жөн.

Күтілетін нәтижелер: Пәнді игеру барысында студенттер келесідей білімдер мен дағдыларға ие болулары қажет: мәдениет пен қызмет көрсету тарихын меңгеру; саяхаттың қонақ үй мәдениетіндегі маңызын зерттеу; қонақ үй және мейрамхана қызмет көрсетуіәнің психологиялық мәдениетің меңгеру; психология жайлы негізгі мәліметтер және оның мейрамхана-қонақ үй саласындағы қызмет көрсету процесіне әсерін қарастыру; клиенттермен жұмыс істеуде жанжал туғызбауды болдырмауды үйрену.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Аешова Н.Т
Туризм менеджменті

Пререквизиттер: «Экономикалық теория негіздері», «Туризм тарихы», «Туризмология негіздері», «Туризмдегі кәсіпкерлік қызмет негіздері» және т.б.

Постреквизиттер:«Әлеуметтік сала мен туризмдегі микроэкономика», «Туристік қызмет психологиясы», «Туристік бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру» және т.б.

Мақсаты: басқарудың заманауи әдістері,атқарымдары мен принциптеріннегізге ала отырып дәріс алушылардың туризм индустриясы ұйымдарын басқарудағыжүйелі, кәсіби білімдері мен, біліктілік дағдыларын қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: «Менеджмент туризмі» оның ерекшеліктерімен және оқу мақсаттарымен анықталады. Осыған байланысты оқу процессінде экономикалық эссе, кейс-әдіс, іскерлік ойындар, тестілерге жататын арнайы тәжірибе, білім қалыптастыруға бағытталған оқу әдісін пайдалану қажет.

Күтілетін нәтижелер Жоғары кәсиби білім алуға мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына сәйкес пәннің мазмұнын негіздейтін білім, шеберлік, дағдыларға жататындары: а) менеджменттің ғылым ретінде даму тарихы туралы білім; б) туристік фирмалардың өндірістік қызметі менеджментінің негіздері және басқару қызметі мәні туралы білім; в) кадрлық менеджмент негіздері туралы білім; г) туристік бизнестегі өндірісті басқарудың операциялық жүйесін, ұйымдық құрылымын құру қабілетін игеру.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Маймурунова А.А.
Таңдау бойынша курс 9
Мейрамхана ісі техникасының негіздері

Пререквизиттер: Физика, Химия, Теориялық механика, Электротехника негіздері

Постреквизиттер: Азық-түлік өнімдері өндірісін басқару және экономика

Мақсаты: Азық-түлік өнімдерінің ерекшеліктері мен қасиетін өзгеруін ескере отырып, тоңазытып өңдеудің әсері мен өнімнің сақталуынатехнологиялық процестердің оңтайлы жағдайын анықтап, зерттеуді үйрету.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Кіріспе. жабдықтардың жіктелуі. Машиналардың бөлшектері . Электр қондырғылар. Азық-түлік қнімдерінің механикалық өңдеуге арналған жабдықтары. Көкөністерді өңдеуге арналған машиналар. Етті және балықты өңдеуге арналған машиналар мен иеханизмдер. Ұнды өңдеу, қамыр және иіс майларды даярлауға арналған машиналар мен механизмдер. Жуушы жабдықтар. Салмақ өлшеу жаБПығы. Көтергіш көлік жаБПық. Бақылау-кассалық машиналар. Теплотехниканың негіздері. Азық-түлік өнімдерінің жылумен өңдеуге арналған жабдықтар. Пісіретін жабдықтар. Қуыратын-наубайхана жабдықтар. Пісіретін-қуыратын жабдықтар. Су қайнататын жабдықтар. Тағамды таратуға арналған жабдықтар. Тоңазытқыш техниканың негіздері. тоңазытқыш машиналары. Сауда технологиялық тоңазытқыш жабдықтар.

Күтілетін нәтижесі: Пайдалану, және мантаждың ерекшеліктерінің зерттеуінің есепке алуы бар қатынастарының әр түрлі формаларындағы мәліметін және тоңазытқыш жаБПық жуушы жылулық, механикасын ұсынуды білу.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Малдыбаева М.Н.
Өнімді сынау, бақылау және қауіпсіздігі

Пререквизиттер: математика, физика, химия

Постреквизиттер: азық-түлік өнімдері және шикізаттың сапасын бақылау және бағалау.

Мақсаты: сынау мен бақылауды жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу әдістерінің негізгі ережелері туралы, әртүрлі салалар үшін бұйымдарға зерттеп, анықтап және бақылап сынау жүргізудің ұйымдастырушылық, әдістемелік және техникалық мәселелерін шешу кезінде білімді пайдалану үшін сынау нәтижелерін өңдеу туралы білімді калыптастыру

Курстың қысқаша сипаттамасы: : Сынау мен бақылаудың міндеттері және түрлері. Сынау технологиялық процесс ретінде. Сынауды дайындау және жургізу. Сынау бірлігін камтамасыз етудің жалпы ережелері және оларға қойылатын талаптар. Сынауды сертификаттау және сынау сапасының жүйелері. Механикалық әсерлерге сынау. Механикалық әсерлерге сынау. Механикалық әсерлерге сынау. Климаттык әсерлерге сынау. Климаттык әсерлерге сынау. Сынауды техникалық қамтамасыз ету. Сенімділікке сынау. Сынауды автоматтандыру. Сынау нәтижелерін өндеу және талдау. Климаттык әсерлерге сынау.

Күтілетін нәтижесі: Алдағы өмірде өз бетімен жұмыс істеу дағдысын жоғарылатып, жеке тұлғалық және өзiндiк жұмысқа дағдылану, сертификаттау және сынаулардың сапа жүйелерi төңiрегiдегi кәсiби бiлiмдерiн тұрақты жаңарту қажеттiлiгін түсiніп білу.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Далибаева Л.Ж.
Таңдау бойынша курс 10
Шикізат, материалдар мен тұтыну тауарлардың тауартануы

Пререквизиттер: Химия, Физика, Тіршілік қауіпсіздігінің негізі

Постреквизиттер: Азық-түлік өнімдері және шикізаттың сапасын бақылау және бағалау

Мақсаты: «Шикізат, материалдар мен тұтыну тауарлардың тауартануы» пәні азық-түліктік тауарлардың құрамын, қасиетін, жасалу реті мен тәртібін, оларды өндіру мен өңдеуді, негізгі қойылатын талаптар және тауарлардың қолданылуын, адам тұрмысындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым саласы.

Курстың қысқаша сипаттамасы Жеміс – көкөніс тауарлардың тауартануы. Бидай-ұн тауарлары. Балық пен балық тауарлары. Ет пен ет өнімдері. Сүт. сүт өнімдері. Тәтті тағамдар. Дәмдік тауарлар (шай, кофе, дәмдеуіштер. Алкогольдық және алкогольсіз сусындар. Металдар. Түсті металдар және олардың қорытпалары. Шыны өнімдері. Керамикалық өнімдері. Қағаз. Картон. Технологиялық жабдықтар. Химиялық материалдар.

Күтілетін нәтижесі: Азық-түліктік тауарлардың құрамын, қасиетін, өндіру ретін және ассортиментінің тауартану сипаттамасын өзіндік жұмыстарда қолдана білу.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Джазыкбаева Б.К.
Азық-түлік өнімдерін өндіру жабдықтары

Пререквизиттер: Теориялық және қолданбалы механика, Инженерлік графика

Постреквизиттер: Азық-түлік өнімдері және шикізаттың сапасын бақылау және бағалау

Мақсаты: тамақ өнеркәсібінің және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық жабдықтарын пайдалануға байланысты студенттерді өндірістік-техникалык, жобалық және зерттеу қызметтеріне дайындау; технологиялық жабдықтарға байланысты инженерлік есептерді шешу үшін жалпы техникалық, жалпы ғылыми пәндерден тиянақты дайындық нәтижелерін пайдалануды үйрету.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Тамақ өнімдерінің машиналық технологияларын ұйымдастыру. Ауыл шаруашылық шикізаттарын компоненттерге іріктеу арқылы тамақ өнімдерін өндіруге арналған технологиялық тізбектер. Ауыл шаруашылық шикізаттары құрамаларынан жинақтау арқылы тамақ өнімдерін өндіруге арналған технологиялық тізбектер. Ауыл шаруашылық шикізаттарын құрамалап өңдеу арқылы тамақ өнімдерін өндіруге арналған технологиялық тізбектер. Ауыл шаруашылық шикізаттарын жууға арналған жабдықтар. Сусымалы ауыл шаруашылық шикізаттарын тазалау және іріктеу жабдықтары. Дара ауыл шаруашылық шикізаттарын сорттау, тексеру, іріктеу жабдықтары. Өсімдік және жануар өнімдерінің сыртқы қабаттарын тазалау, аршу жабдықтары. Тағамдық ортаны майдалау жабдықтары. Майдаланған тағамдық ортаны сорттау және байыту жабдықтары Сұйық тектес және біртекті емес тағамдық ортаны бөлу жабдықтары Тағамдық ортаны араластыру жабдықтары. Тағамдық ортаны пішіндеу жабдықтары. Тамақ өнімдері мен бұйымдарын мөлшерлеу және дара өнімдерді орамалау жабдықтары. Сусымалы және дара өнімдерді, сұйық және паста тәріздес өнімдерді өлшемдеу машиналары.

Күтілетін нәтижесі: Машиналар мен аппараттардың негізгі жұмыс атқару теорияларын және олардың негізгі технологиялық параметрлерін есептеу әдістемелерін оқып үйрену; тамақ өнеркәсібі мен қоғамдық тамақтандыру жабдықтарының негізгі типтерінің принципті схемаларын білу және оларды жіктей алу.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Малдыбаева М.Н.
Таңдау бойынша курс 11
Ұлттық және шетелдік тағамдар технологиясының ерекшелігі

Пререквизиттер: Азық - түлік өнімдері технологиясының негіздері

Постреквизиттер: дипломдық жұмыс (жоба)

Мақсаты: тағам дайындау теориялық және тәжірибелік негіздеріне, гострономиялық дәстүрдің қалыптасуына, әр халықтың ұлттық аспазшылық ерекшеліктеріне байланысты сұрақтарды игеру

Курстың қысқаша сипаттамасы: Халық мәдениетінің дамуындағы ұлттық және шетелдік дәстүрлі тағамдардың ролі.Қазақ ұлттық тағамдары. Жақын ел халықтарының ұлттық тағамдары. Еуропа халықтарының тағамдық ерекшеліктері мен аспазшылықтары. Англия елінің аспазшылығы. Неміс ұлттық тағамдары. Француздардың ұлттық тағамдары. Итальяндық ұлттық тағамдар. Болгар халқының ұлтттық тағамдары. Грек елінің ұлттық тағамдары Азия халықтарының ұлттық тағамдар ерекшеліктері. Үнді елінің ұлттық тағамдары. Қытай халқының тағамдары. Жапон елінің тағамдары. Шығыс елдік тағамдар ерешеліктері. Түрік тағамдары. Америка контингентнің тағамдық ерекшеліктері. Америка халқының тағамдарыМексика елінің тағамдары.

Күтілетін нәтижесі: Ұлттық және шетелдік тағамдар ерекшелігі бойынша білімді үнемі жаңарту керектігін түсіну, өз бетінше жұмыс жасауды игере білу және ары қарай жетілуге деген сұраныста болу.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.:Исабаева Г.М.
Тамақтанудың емдік технологиясы

Пререквизиттері: Әлеуметтік медицина негіздері.

Постреквизиттері: Санитария және гигиена, Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс

Мақсаты:Адамдардың мезгілсіз тамақтануы патологиялық ауытқуларға акеп соғатынын жеткізу, адамның денсаулығын қуаттандыру туралы мәлімет беру

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Алынған білім өзіндік кәсіби тұрғыда қолдана білу: асқынған ауруларда диета сақтай білу. кәсіби тұрғыда технологиялық емделудің астарын дайындай білу:



Күтілетін нәтижелер:Негізгі диетотерапиямен және оның аурудағы рөлі мен нақты емделуінің және басқа аурулардан емделу әдісінен қандай орын алады.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.:Жар Ж.Ж.
Таңдау бойынша курс 12
Санитария және гигена

Пререквизиттері: Әлеуметтік медицина негіздері, Адам өмірінің қауіпсіздігі

Постреквизиттері: Өндірістік тәжірибе, Диплом алды тәжірибе, Диплом жұмысын жазу.

Мақсаты: адам организміне және қоғамдьқ денсаулыққа факторлар мен жағдайлардың (табиғи және әлеуметтік) әсер етуінің теориялық білімін беру. Санитария және гигиена курсы гигиенамен негізделген еңбек, тұрмыс, демалыс жағдайларын жақсартуға бағытталған нормативтерді, санитарлық ережелерді және ұсыныстарды практикалық колдануды оқытады.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Кіріспе. Азық-түлік тауарларыньң гигиенасы мен санитариясы. Микроорганизмдердің морфологиясы, физиологиясының және систематикасыньң теориялық негіздері. Тамақ өндірісінің микробиологиясы. Азық-түлік тауарларыньң шикізатына қойылатын санитарлы-гигиеналық талаптар. Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы гигиена мен санитария. Қоғамдық тамақ орын дарындағы санитария мен гигиена. Тамақ өндірісіндегі саудасындағы санитария мен гигиена. Азық-түлік тауарларының сертификаттау схемаларындағы санитарлы-гигиеналық ережелер мен нормативтер. Азық-түлік тауарларының шикізатында санитария мен гигиенаньқ ережелері мен нормалары. Тамақтан уланудың пайда болу себептері және профилактикасы. Тамақ токсикоинфекциялары. Тамақ өнімдерінің санитарлы-гигиеналық сараптамасы. Гельминтозды аурулар. Жәндіктер мен кемірушілерге қарсы іс-шаралар, дезинфекция. Санитарлы-гигиеналық ережелерді сақтау бойынша міндеттер мен жауапкершілік. Еңбек жағдайлары мен тәртібне қойылатын санитарлы-гигиеналық талаптар.



Күтілетін нәтижелер: -Студент қоғамдық тамақтану кәсіпорындарына, тамақ өнеркәсіптеріне, сауда орындарына жалпы талап етілетін санитарлық-гигиеналық ережелерді, нормаларды білуі қажет.

-Студент теория жүзінде алынған білімін бекіте білу керек. Олар қоғамдық тамақтану кәсіпорындарына, тамақ өнеркәсіптеріне, сауда орталықтарына қойылатын жалпы санитарлық - гигиеналық ережелерді, нормаларды біле отырып алған білімін қолдана білу қажет.

-Қоғамның түрлі өндірістік салаларында, соның ішінде тамақ салаларда санитарлық - гигиеналық ережелерді, нормаларды, азық-түлік тауарларының сертификаттау схемаларында әрекет ететін санитарлық-гигиеналық ережелерді, нормаларды қажетті құжаттармен дәлелдей білу керек.

-Болашақ маман тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындарында талап етілетін санитарлық-гигиеналық ережелерді, нормаларды, тамақ өнімдерінің, сауда саласында әрекет ететін санитарлы - гигиеналық схемаларында әрекет ететін санитарлық - гигиеналық ережелерді, нормаларды білу, азық-түлік тауарларының санитарлы-гигиеналық сараптамасын дұрыс өткізілуін білу арқылы кез келген аудиторияға зерттеулер нәтижесімен талдай отырып тұжырымды жеткізе білу керек.



-Студент экономиканың дамуына байланысты санитарлық-гигиеналық ережелерге, нормаларға енгізілген өзгертулерді уақыттылы меңгеріп, маман ретінде өз білімін жоғары деңгейге көтеріп отыру қажет. Азық-түлік тауарларының санитарлы - гигиеналық сараптамасын дұрыс өткізу үшін қажет.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.:Далибаева Л.Ж.
Қонақжай индустриясы кәсіпорындарында қызметті ұйымдастыру

Пререквизиттер: Мейрамхана және қонақ үй шаруашылығы.

Постреквизиттер: Қонақ үй бизнесінің техникасы мен технологиясы, Туризм және қонақжай индустриясыедағы жарнама-ақпараттық қызмет.

Мақсаты: Қонақ жай индустриясындағы қызмет көрсетуді ұйымдастыруды теориялық және тәжрибелік тұрғыдан ашу.

Курстың қысқаша сипаттамасы: қонақжай индустриясы құрамындағы өзекті мәселелерді айқындау және қызметтерін ұйымдастыру негіздерін білу болашақ мейрамхана мен қонақүй, туризм менеджерлерін дайындаудың ажыратылмас бөлігі.

Күтілетін нәтижелер: Пәнді толық игеру. Қонақ жай индустриясындағы қызмет көрсетуді ұйымдастыруды теориялық және тәжрибелік негіздерін игеру.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.:Аешева Н.Т.
Курс по выбору13
Туризм және қонақжайлылық индустриясында қызмет көрсету стандарттары және қызмет сапасын басқару

Пререквизиттері: «Әлемдік қонақжай индустриясы» курсын меңгеру үшін студенттердің «Мейрамхана және қонақ үй шаруашылығы» курсы бойынша білімдерінің болуы шарт.

Постреквизиттері: «Қонақ үй бизнесін жоспарлау мен ұйымдастыру».

Мақсаты. Бүгінде қонақжай индустриясы прогресс және уақыттың көмегімен алып салаға айналып отыр. Мұнда қызметтердің тұтынушыларына ең жақсысын ұсынатын миллиондаған кәсіпқой қызметкерлер жұмылдырылған.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Олар туризм, демалыс, көңіл көтеру, қонақ үй және мейрамханалық бизнес, қоғамдық тамақтандыру, көлік салаларындағы бәсекелік ортада жұмыс істейді. Бұл енді бой көтеріп келе жатқан қазақстандық қонақжай индустриясы салалары үшін алғықатарлы әлемдік тәжірибені зерттеу қажеттілігін тудырды. Сондықтан, қонақжай индустриясы құрамындағы өзекті мәселелерді айқындау және қызметтерін ұйымдастыру негіздерін білу болашақ мейрамхана мен қонақүй, туризм менеджерлерін дайындаудың ажыратылмас бөлігі.

Күтілетін нәтижелер: Пәнді игеру барысында студенттер келесідей білімдер мен дағдыларға ие болулары қажет: Әлемдік қонақжай индустриясының негіздерін білу және маңызын түсіну. Әлемдік қонақжай индустриясының қызмет бағыттары бойынша алған теориялық білімін практикада қолдана алу үшін негіз салу және қалыптасқан мәселелерді шешудегі ойларын көрсете алу.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Аешова Н.Т.
Сапа менеджментінің жүйесі

Пререквизиттер: экономиялық теорияның негіздері, құқық негіздері

Постреквизиттер: дипломдық жұмыс (жоба)

Мақсаты: Студенттерге клесі пәндердің құрылысты - кисынды схемаларын толық игере алатындай білім беру; жоғарға математика, информатика, өнім сапасымен басқару, пән аралық байланысты: квалиметрия, сапамен басқару.

Курстың қысқаша сипаттамасы: СМЖ- нің мақсаттары мен міндеттері. Менжмент сапасының эволюциялық формасы. ТQМ- ның концепциясы және үлгілері. Сапа менеджмент жүйесінің ISO 9001:2000 бойынша негізгі жағдайы. СМЖ – енгізуде, өңдеуде сабақ жасау реті. Сапа облысында ұйым саясаты. Сапамен басшылық. Сапамен басшылық ету элементтерінің мазмұны. СМЖ құжаттамасы. Процестік және жүйелік қарастыру. CALS,APIS –технологияларын сапа жүйелерімен ақпараттық қамтамасыз ету. Сапа жүйесінің сертификациясы. Сапамен қамтамасыз етуі. Сапа жүйесіндегі сыртқы және ішкі тексеру. Интеграцияланған менеджмент ұйым жүйесіндегі сапа жүйесінің әдістері мен рөлі. Сапамен қамтамасыз етуі. Сапа жүйесінің сертификациясы. Сапа жүйесіндегі сыртқы және ішкі тексеру

Күтілетін нәтижесі: қызметті бағдарламалау және хабармен қамтамасыз ету жұмыстарында құзеретті болу.

Оқытушының аты-жөні: Закирова Н.А.

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР
3 курс

Пәндер циклы

Пәндер коды

Пәндер атауы

Кредиттер саны.

Семестр

3 курс

Таңдау бойынша курс 1

БД

OPK 3401

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес негіздері

2

5


TPRK 3401

ҚР Еңбек құқығы

Таңдау бойынша курс 2

ПД

ORDSTG 4304

Туризм және қонақжай аясында көңіл көтеру уақытын ұйымдастыру

2

5


KDDIG 4304

Қонақжай индустриясында мәдени-көңіл қөтеру ісі

Таңдау бойынша курс 3

ПД

KOKSPP 3225

Азық-түлік өнімдері мен шикізаттардың сапасын бақылау және бағалау

3

5


EKTU 3225

Тауар және қызмет көрсетудің сапасын сараптауы

Таңдау бойынша курс 4

БД

RIDTIG 3308

Туризм және қонақжай индустриясындағы жарнама-ақпараттық қызмет

3

5


MK 3308

Маркетингтік коммуникациялар

Таңдау бойынша курс 5

ПД

MRDGB 3309

Мейрамхана ісі және қонақ үй қызметінің маркетингісі

3

5


MT 3309

Туризмдегі маркетинг

Таңдау бойынша курс 6

ПД

TTRD 4310

Мейрамхана ісінің техникасы мен технологиясы

3

5

TTGB 4310



Қонақ үй бизнесінің техникасы мен технологиясы

Таңдау бойынша курс 7

ПД

BA 3210

Бизнес ағылшын тілі

2

5


BN 3210

Бизнес неміс тілі

Таңдау бойынша курс 1
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес негіздері

Пререквизиттері: Саясаттану, Казакстан тарихы

Постреквизиттері: Cаяси және құқықтық ілімдер тарихы, Әлеуметтік жұмысты құқықтық қамсыздандыру, Әлеуметтік мәдени қызмет көрсету саласындағы құқықтық реттеу

Мақсаты: Студенттер қазіргі замандағы сыбайлас жемқорлықтың дамуы мен таралу жайында хабардар ету, сондай-ақ бұл қарқын қоғамның барлық қатынастарына әсерін тигізуі мен жағымсыз тұстарын көрсету.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Сыбайлас жемқорлықтың түсінігі мен мінездемесі. Сыбайлас жемқорлықтың этикалық және типтік сипаттамалары және оның таралу орталары. Сыбайлас жемқорлық адам құқығын бұзушы фактор ретінде. Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздігінің қатері. Сыбайлас жемқорлықты жоюдағы сот жүйесінің маңыздылығы. Сыбайлас жемқорлық және кедейшілік. Сыбайлас жемқорлықтың тікелей шетел инвестициясына әсері. Сыбайлас жемқорлықпен күресудегі заматтық қоғамның ролі. Жергілікті басқару органдарының қызметінің шынайылығы. Саяси партиялардың шынайы қызметін қамтамасыз ету. ҚР корпоротивтік басқарудың даму қағидалары. БАҚ-дың сыбайлас жемқорлықпен күресудегі ролі.

Күтілетін нәтижелер: студент меңгеруі қажет:

- жемқорлықпен күреске бағытталған іс-әрекеттердің мақсаттары мен міндеттерін құра алуы;

- жемқорлыққа негізделген құқық бұзушылықтарға назар аудару;

- жемқорлық қылмыстарға қарсылықта азаматтық позицияны ұстану;

- жемқорлыққа қарсы заңдылыққа негізделу;

- жемқорлықпен күрес жүргізетін құқық қорғау органдарының ортасына негізделу;

- жемқорлық іс-әрекетке барудың жағдайлары мен нәтижелерін бағалау;

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Қаржасова Г.Б.

ҚР Еңбек құқығы

Пререквезиттер: «Мемлекет және құқық тоериясы», «Конституциялық құқық», «Әкімшілік құқық»

Постреквизиттер: «ҚР Кәсіпкерлік құқығы», «Мемлекеттік қызмет және басқару», «ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы»

Мақсаты: студенттердің негізгі теориялық мәселелер жөнінде білім алу, еңбекті реттеу және халықты әлеуметтік қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңдылығын реттеу.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдісі. Еңбек құқығының қағидалары. Еңбек құқығының қайнар көздері.Еңбек құқығындағы құқықтық қатынастар. Еңбек құқығының субьектілері. Еңбекпен қамтуды құқықтық реттеу және жұмысқа орналасу. Әлеуметтік әріптестік. Ұжымдық шарт.Еңбек шарты.Еңбекақы. Қызметкерлерге кепілдіктер беру мен өтемақы төлеу.Еңбек уақыты және демалыс уақыты.Жұмыскерлердің жеке санатындағы еңбек құқық қатынастарын құқықтық реттеу. Еңбекті қорғау. Еңбек шарты тараптарының материалдық және тәртіптік жауапкершілігі.Еңбек даулары.Халықаралық еңбек құқығы.Әлеуметтік қамтамасыздандыру құқығы құқық саласы ретінде, оның басқа құқық салаларынанайырмашылығы. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы бойынша шараларды қаржыландыру. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы еңбек стажы, оның түрлері, есептеу, бекіту тәртібі. Шетелдердің әлеуметтік қамсыздандыру құқығы.Әлеуметтік қамсыздандырудың халақаралық – құқықтық реттеу.Еңбекке жарамсыз тұлғаларды зейнетақы қорларынан қамтамасыз ету. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек. Жәрдемақы еңбекке қабілетсіз азаматтарды материалдық қамтамасыз етудің бір түрі ретінде. Еңбекке жарамсыз тұлғаларды орталықтан зейнетақымен қамтамасыз ету

Күтілетін нәтижелер: - құқықтық қатынастарда туындайтын нормаларды қолдану тәртібін оқу керек, құқықтың қайнар көздерімен жұмыс істеудің астарлы білімін меңгеру қажет;

- еңбек құқығы пәнін оқу барысында игерген білімді тәжірибеде қолдану. Еңбек заңдылығын талқылау және оларды еңбек келіспеушіліктерін шешу барысында қолдану;

- еңбек қатынастарын реттейтін нормативтік актілерге қатысты ақпараттық-іздену қызметін жүзеге асыру;

- ҚР еңбек құқығын оқудың тек теориялық ғана емес, сонымен қатар дағдылық маңызы бар. Осыған байланысты оқытудың маңызды нысаны интерактивті оқу әдістеріне көңіл бөлу. Еңбек шартының, ұжымдық шартының жобаларын, жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару бойынша бұйрық жобаларын құрастыру;

- азаматтарға еңбек және зейнетақы заңдылығы аясында білікті кеңестер беру.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Саулебек Н.А.
Таңдау бойынша курс 2
Туризм және қонақжай аясындакөңіл көтеру уақытын ұйымдастыру

пререквизиттері: «Туризмде көңіл көтеру уақытын ұйымдастыру» курсын меңгеру үшін студенттерге «Мамандыққа кіріспе», «Туризмология негіздері», «Қонақ үй шаруашылығы» курстарын міндетті түрде білулері қажет.

Постреквизиттері: «Санитарлы-курортты туризм негіздері».

Мақсаты. Курстың мақсаты туризмнің бос уақыттағы қызметтің ерекше түрі ретіндегі теориялық негіздерін игеру, туризм индустриясының қалыптасуындағы бос уақытты ұйымдастырудың рөлі мен маңызын қарастыруда байқалады. Көңіл көтеру уақытын ұйымдастыру туристердің қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру бағдарламасының маңызды бөлігі болып табылады. Сондықтан, туристердің бос уақытта көңіл көтеру негіздерін білу болашақ туризм менеджерлерін дайындаудың ажыратылмас бөлігі.

Курстың қысқаша сипаттамасы: «Туризмде көңіл көтеру уақытын ұйымдастыру» оқытылу ерекшеліктері және мақсаттарымен анықталады. Осы мақсатта арнайы тәжірибелік білімді қалыптастыратын әдістерді қолданған жөн. Олар: ситуациялық есептер, қателерді анықтау әдісі, проектілеу әдісі, кейс-әдіс, ашық және жабық тестілер.

Күтілетін нәтижелер: Пәнді игеру барысында студенттер келесідей білімдер мен дағдыларға ие болулары қажет:

- туризмде көңіл көтеруге арналған бос уақыт туралы, оны ұйымдастыру негіздерін білу және маңызын түсіну;

- туризмде көңіл көтеру уақытын ұйымдастыру бойынша алған теориялық білімін практикада қолдана алу үшін негіз салу және қалыптасқан мәселелерді шешудегі ойларын көрсете алу;

- көңіл көтеру индустриясының қызметі туралы ақпараттарды жинау және ақпаратты-іздеу қызметінің нәтижесінде талдау жасай алу;

- көңіл көтеру уақытын ұйымдастыру төңірегіндегі ақпараттарды, идеяларды, мәселені шешу жолдарын әртүрлі мәліметтер түрінде көрнекі ұсына алу;

- көңіл көтеру уақытын ұйымдастыру қызметі төңірегінде өзіндік жұмыс істеу дағдысын арттыру және оны жетілдіру.



Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Аешова Н.Т.
Қонақжай индустриясында мәдени-көңіл қөтеру ісі

Пререквезиттер: Санаторлы-курортты туризм негіздері, Мейрамхана ісі және қоанқ үй бизнесіндегі кәсіпкерлік қызмет негіздері.

Постреквизиттер: Дипломалды тәжрибе, дипломдық жұмысты жазу және қорғау.

Мақсаты: қонақжай индустриясында мәдени-көңіл қөтеру ісін меңгеру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Бос уақытты толық ұйымдастыру. Көңіл көтеру құралдары. Қонақжай индустриясында мәдени-көңіл қөтерудің түрлері. Кейтеринг. Заманауи қонақжай аясының даму тенденциялары.

Күтілетін нәтижелер: қонақжай индустриясында мәдени-көңіл қөтеру ісінің дамтудағы потенциалды білімді алу.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Аешова Н.Т.
Таңдау бойынша курс 3
Азық-түлік өнімдері мен шикізаттардың сапасын бақылау және бағалау

Пререквизиттер: математика, метрология, стандарттау, сертификаттау

Постреквизиттер: дипломдық жұмыс

Мақсаты: кәсіби қызметте жүзеге асыруға қажетті теориялық және практикалық білімді, біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру, студенттерді шикізаттың сапасын, сонымен қатар НТҚ талаптарына, рецептураға және өндірістік технология режиміне сәйкестігімен таныстыру және үйрету.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Кіріспе. Тексеру әдістері. Құрғақ заттарды және ылғалдылықты анықтау. Ақуызды анықтау. Къельдаль әдісі. Майларды анықтау. Көмірсулар мен спиртті анықтау. Күлді, минералдық қоспаларды және хлоридтерді анықтау. Қышқылдылықты анықтау. С дәруменнің құрамын анықтау. Бірінші, екінші тағамдардың және сусындардың сапасын анықтау. Қамыр бұйымдарының сапасын анықтау. Тағамның химиялық құрамы мен энергетикалық құндылығын анықтау. Азоттық заттарды анықтау. Тағамдық өнімдердегі бөгде заттарды: консерванттарды, улы химикаттарды, ауыр металдарды анықтау. Шикізат, дайын өнім сапасын бағалау, дегустация жүргізу ережесі. Дайындалатын сүтке бақылау. Пастерленген және стерилденген сүт өндірісіне. Кілегей және қаймақ өндірісіне бақылау. Сүзбе және сүзбе өнімдері өндірісіне бақылау. Мәйекті сырлар өндірісіне бақылау. Балмұздақ және сары май өндірісіне бақылау. Қоюландырылған сүт консервілері өндірісіне бақылау. Консервілер сапасын анықтау. Ет және жартылай өнімдер сапасын зерттеу. Шұжық және сүрленген өнімдер сапасы мен өндіріске бақылау. Тағамдық майларды зерттеу. Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерін зерттеу.

Күтілетін нәтижесі: Технологиялық процестерге өзгеріс енгізу жағдайларын, өнім өткізу-сату (реализация) жағдайларын шешу мен іске асыру мүмкіндігін білу.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Ерубаева Д.Ш.


Тауар және қызмет көрсетудің сапасын сараптау

Пререквизиттер: аналитикалық химия, биохимия

Постреквизиттер: азық-түлік өнімдері және шикізаттың сапасын бақылау және бағалау.

Мақсаты: тауар сапасын анықтау үшін сараптау әдістері мен ережелерін оқыту

Курстың қысқаша сипаттамасы: Сараптаманың теориялық негіздері. Азық-түлік тауарларының сараптамасы. Азық-түлік емес тауарлардың сараптамасы. Тауарларды идентификациялау және фальсификациялау. Сыртқы экономикалық іс-әрекет тауарларын сараптау.

Күтілетін нәтижесі: студент қазіргі таңдағы тауар және қызмет көрсетуді сараптау түрлерін білу керек.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Джазыкбаева Б.К.
Таңдау бойынша курс 4
Туризм және қонақжай индустриясындағы жарнама-ақпараттық қызмет Пререквизиттер: «Туризмдегі маркетинг», «Туризмдегі маркетингтік зерттеулер», «Туристік қызмет нарығындағы тұтынушылардың тәртіптері», «Маркетингтік қызмет».

Постреквизиттер: «Туризмдегі кеден құқығының негіздері».

«Туризмдегі жарнамалық-ақпараттық қызмет» пәнінің методологиясы оның ерекшеліктерімен және зерделеу мақсатымен айқындалады.



Мақсаты. Туристік қызмет көрсететін фирмалардың қазіргі жағдайында жарнаманың мәні күн сайын арта түсуде. Туристік фирмалардың нарықтағы жағдайы көп жағдайда тұтынушыларды туристік қызмет жайлы ақпараттандыратын, өтімді ынталандыру мен қызметті алға жылжытуда, бәсекенің негізгі құралы жарнаманы тиімді түрде ұйымдастыруға байланысты.

Курстың қысқаша сипаттамасы: жарнаманы зерттеу әдістемелерін білу, олар: әдістері, тәсілдері, ақпаратты жинау, талдау құралдары, зерттеу ерекшеліктерін білуі тиіс; жарнамалық шараларды ұйымдастыру мен өткізудің теориялық негіздерін білуі тиіс. жарнамалық практикада негізгі ұғымдарды қолдана алу қажет; жарнама кампанияларын өңдеп, өткізуді меңгеруі қажет; компанияның жарнамалық шараларын өткізуде медиажоспарлар құру білуі керек; жарнамалық шаралардың тиімділігін бағалау әдістерін меңгеру.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Аешова Н.Т.
Маркетингтік коммуникациялар

Пререквизиттер: психология негіздері, Акмеология

Постреквизиттер: Паблик рилейшнз және брендинг теориясы, Тұтынушылар тәртібі

Мақсаты: ғылыми-теориялық коммуникация негіздерін оқу, сондай-ақ тауар мен қызметті жылжытудың практикалық дағдыларын меңгеру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Пайда болудың әңгiмесi және жарнаманың дамуы. Жарнамалық құрал-жабдықтарды жiктеу. Қызмет көрсету жарнама. Жарнамалық зерттеулер және жарнаманың мақсаттарын анықтама. Жарнаманың таралуының құрал-жабдықтарын таңдау. Ұйым және қызмет саласында жарнамалау науқанының жоспарлауы. Көрме және қызмет саласында жәрмеңке. Жарнамалық үндеу негiздері. Қызмет саласында Паблик рилейшнз ұйымы. Жарнамалық бюджеттi әзiрлеу. Жарнамалық қызметтiң тиiмдiлiгiн бағалау. Жарнамалық қызметтiң тиiмдiлiгiн бағалау. Негiзгi заң және қызмет саласында жарнамалық қызмет реттейтiн заңнамалық актiлері. Халықаралық жарнама.

Күтілетін нәтижелер:

- Өзiндiк жұмыс дағдыларын жоғарылату және қажеттiлiктiң дамуы жеке және өмiр бойы үйретудi мақсатындалардың кәсiби әБПен жетiлдiру;

- Бағалы, сауда, коммуникациялық саясаттың талдауының дағдыларымен ие болу

- фирманың маркетингтік қызметi процесiнде маркетингтік коммуникациялардың теориялық бiлiмдерін қолдану.



Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Майкенова А.Е.
Таңдау бойынша курс 5
Мейрамхана ісі және қонақ үй қызметінің маркетингісі

Пререквизиттер: «Макроэкономика», «Экономикалық теория», «Статистика»

Мақсаты: Мейрамхана және қонақ үйдегі менеджменттің құрылымын және механизмін меңгеру, мейрамхана және қонақ үйдегі маркетинг пен менеджментке ықпал ететін гендерлік, этникалық, жас және мінез-құлықтық сипаттамаларды зерделеу.

Күтілетін нәтижелер: пәнді оқу процесінде, студенттер мейрамхана мен қонақ үйдегі менеджменттік және маркетингтік факторлдарды және олардың көмегімен экономикадағы нақты жағдайларды талдауды білу.мейрамхана және қонақүйдегі маркетингтік талдауларды игеруі тиіс;мейрамхана және қонақүйдегі менеждменттің әдістерін меңгеру;мейрамхана және қонақүйдегі маркетинг және менеджменттің экономикадағы ықпал ету құралдарын ұйымдастыру;менеджерлердің басқару қызметіндегі басқарудың орны мен рөлін анықтау.студенттер пәнді зерделеу процесінде мейрамхана бизнесі және оның даму динамикасы, қазіргі заманғы мейрамхана бизнес шаруашылығындағы мәселелер, шетел мейрамханаларының типологиясы,мейрамхана қызметкерлерінің басқарудың негізгі принциптері, қызметкерлер тізімі мен сандарын басқаруын игеруі тиіс.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Мейрамхана бизнесінің жалпы сипаттамасы, Технология процесін басқару, Тұтынушыларға қызмет көрсету процесін басқару, Қызметкерлерді басқару, Мейрамхана бизнесінің менеджменті және маркетинг экономикалық негіздері, , Нарықты сегменттеу, Мейрамхана бизнес кешенінің құрылымы, Мейрамхана бизнесін бақылау және баға белгіленуі, Мейрамхана бизнесінің жағдайы және даму болашағы, Жарнама қызметін ұйымдастыру, Маркетингті жоспарлау және бақылау, Маркетинг және менеджменттегі коммуникациялық саясат.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.:Даулетова А.М.
Туризмдегі маркетинг

Пререквизиттер: «Макроэкономика», «Экономикалық теория», «Статистика»

Мақсаты: Мейрамхана және қонақ үйдегі маркетинг құрылымын және механизмін меңгеру, мейрамхана және қонақ үйдегі маркетинг пен менеджментке ықпал ететін гендерлік, этникалық, жас және мінез-құлықтық сипаттамаларды зерделеу.

Күтілетін нәтижелер: пәнді оқу процесінде, студенттер мейрамхана мен қонақ үйдегі менеджменттік және маркетингтік факторлдарды және олардың көмегімен экономикадағы нақты жағдайларды талдауды білу.мейрамхана және қонақүйдегі маркетингтік талдауларды игеруі тиіс;мейрамхана және қонақүйдегі менеждменттің әдістерін меңгеру;мейрамхана және қонақүйдегі маркетинг және менеджменттің экономикадағы ықпал ету құралдарын ұйымдастыру;менеджерлердің басқару қызметіндегі басқарудың орны мен рөлін анықтау.студенттер пәнді зерделеу процесінде мейрамхана бизнесі және оның даму динамикасы, қазіргі заманғы мейрамхана бизнес шаруашылығындағы мәселелер, шетел мейрамханаларының типологиясы,мейрамхана қызметкерлерінің басқарудың негізгі принциптері, қызметкерлер тізімі мен сандарын басқаруын игеруі тиіс.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Мейрамхана бизнесінің жалпы сипаттамасы, Технология процесін басқару, Тұтынушыларға қызмет көрсету процесін басқару, Қызметкерлерді басқару, Мейрамхана бизнесінің менеджменті және маркетинг экономикалық негіздері, , Нарықты сегменттеу, Мейрамхана бизнес кешенінің құрылымы, Мейрамхана бизнесін бақылау және баға белгіленуі, Мейрамхана бизнесінің жағдайы және даму болашағы, Жарнама қызметін ұйымдастыру, Маркетингті жоспарлау және бақылау, Маркетинг және менеджменттегі коммуникациялық саясат.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Мухамеджанова З.Б.
Таңдау бойынша курс 6
Мейрамхана ісінің техникасы мен технологиясы

Пререквизиттер: Мейрамхана және қонақ үй шаруашылығы, Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесін ұйымдастыру және жоспарлау.

Постреквизиттер: Дипломалды тәжрибе, дипломдық жұмысты жазу және қорғау.

Мақсаты: Қазақстан Республикасында мейрамхана бизнесін ұйымдастырудағы технологиялық және нормативтік компоненттерді игеру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Мейрамхана жобалау. Мейрамхананы ұйымдастырудың функционалыдқ ерекшеліктері. Мейрамхананың имидж саясаты. Мейрамхана ісіндегі ақпараттық технологиялар. Қазақстанда мейрамхана ісін дамыту алғышарттары. Мейрамхана бизнесінің шетелдерде даму жағдайы және бағыттары.

Күтілетін нәтижесі: мейрамхана ісін ұйымдастырудың ерекшеліктерін игеру, мейрамханада тұтынушыларға қызмет көрстеу әдістерін үйрену, мейрамхана ісінің тиімді жұмысын талдау, тұтынушыларға макстмалды сыпайлылық көрсту ережелерін үйрену.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Замбинова Г.К.

Қонақ үй бизнесінің техникасы мен технологиясы

Пререквизиттер Мейрамхана және қонақ үй шаруашылығы, Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесін ұйымдастыру және жоспарлау.

Постреквизиттер: Дипломалды тәжрибе, дипломдық жұмысты жазу және қорғау.

Мақсаты: Қазақстан Республикасында қонақ үй бизнесін ұйымдастырудағы технологиялық және нормативтік компоненттерді игеру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Қонақ үйді жобалау. Қонақ үйді ұйымдастырудың функционалыдқ ерекшеліктері. Қонақ үйдің имидж саясаты. Қонақ үйдідегі ақпараттық технологиялар. Қазақстанда мейрамхана ісін дамыту алғышарттары. Қонақ үйді бизнесінің шетелдерде даму жағдайы және бағыттары. Қонақ үй персоналына қойылатын талаптар , ережелер, заңдар.

Күтілетін нәтижесі: Қонақ үй қызметіндегі заманауи технологиялар негізінде туристіік тауарды жасауға дайындау. Әртүрлі орналастыру оырндарында қызмет көрсету ерекшеліктерін меңгеру. Қонақ үй кадрлық саясатынының негізгі элементтерін қалыптастыру.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Аешова Н.Т.

Таңдау бойынша курс 7
Бизнес ағылшы тілі

Пререквизитер: Шет тілі, Кәсіби шет тілі, Жетік меңгерген ағылшын тілі

Постреквизитер: Халықаралық сауда және әлемдік сауда нарықтары, дипломдық жұмыстың жазылуы және қорғалуы

Мақсаты: ағылшын тілін практика жүзінде меңгеру, оқылатын тілдің мемлекет мәдениесіне қатыстыру, ағылшын тілінде кәсіби тілді әдеттену және мамандық бойынша мәтіндерді аудару ептерін дамыту.

Курстың қысқаша сипаттамасы:Greeting visitors: A. Greeting visitors to your country. B. Greeting visitors to your office. Present Simple. Past Simple. Present Perfect. Companies: A. Describing companies. B. Company profile. Occupations:A. Describing your job. B. Talking about your abilities. Present Perfect + for/since. Products. A. Talking about office equipment. B. Talking about features and benefits. Comparing services. A. Business services. B. Expressing your opinions. Comparatives and superlatives. Modifying adverbs. Office systems: A) Everyday office technology. B) Company procedures. Conditionals. Time expressions. Phone messages: Taking and leaving phone messages. Leaving voicemail messages. Appointments: Making an appointment. Changing an appointment. Present Continuous for future plans. Meetings: Organizing meetings. Taking part in meetings. Negotiating: Negotiating with colleagues. Business negotiations. First Conditional. Money: Exchanging money. Payment methods. Numbers. Marketing: Ways of marketing. Talking about websites. Verb+-ing or to + infinitive. Networking: Meeting people. Following up. Trends: Recent trends. Predictions. Describing past performance. Presenting information: Progress reports. Presentations. Already, still, yet.

Күтілетін нәтижелер: Ағылшын тілін оқыту нәтижесінде студенттер келесі дағдылар мен қабілеттерді икемдену тиіс:

-ағылшын тілінде диалог және монолог тілдері,

- күнделікті, кәсіби және іскерлік әңгімелер жүргізу

- ағылшын тілін естіп қабылдау қабілеті

- мамандықтар бойынша мәтіндерді оқу және аудару,

- оқығанның мазмұнын түсіну,



- көмекші әдебиеттерді қолдану (түсіндірме және басқа сөздіктер, анықтамалар, энциклопедия).

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Махаева А.К., Штриккер А.В., Лапина И.В., Жунусова А.К.
Бизнес-неміс тілі

Пререквизиттері: Шет тілі, Кәсіби-бағдарланған шетел тілі

Постреквизиттері: Диплом алды тәжірбие, Диплом жұмысын жазу

Мақсаты: Ұлттық мәдениетімен елдің және халықтарының тілі оқылатын.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Лексикалық материал: Face to face; letters, faxes and memos; on the phone; summaries, notes, reports; working together; international trade; money matters; dealing with problems; visitors and travelers; marketing; meetings; processes and operations; jobs and careers; sales and negotiation. Грамматикалық материал.

Күтілетін нәтижелер: Жүгіртіп сөйлесуге арналған түрлі тақырыптар: жалпы, оқу-кәсіби, қабылдау түсіну және хабарлама, іскерлік сипаттағы, тілдік тақырып, іскерлік жазбаша қарым-қатынас.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Корабаева А.А.


Каталог: attachments -> article -> 4070
article -> Програма за развитие на читалищната дейност в община пещера за 2016 година
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> «мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Абыз тұЛҒА, АҢыз тұЛҒа кетбұҚа жауапты редакторы
article -> «Мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Элективті пәндердің каталогы Мамандық 5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» (оқу мерзімі – 4 жыл, оқу тілі – қазақ) Қарағанды – 2014-2015
4070 -> Элективті пәндер каталогы 5В030400 "Кеден ісі"
4070 -> Элективті пәндер каталогы 5В060800
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В091200 Мейрамхана іс және қонақ үй бизнесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет